Слайд 1
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы
Темірастау орта мектебі
Мұхтарова Гүлшат
Жарасқызы
5-класс жетекшісі
2013-2014 оқу жылы
Слайд 2
Пәні: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: ЭКСПО -2017
Класы: 5-класс
Мұғалім туралы мәлімет:
Мұхтарова
Гүлшат Жарасқызы
Туған жылы,айы,күні:12 маусым 1991 жыл
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары
Қашан,қандай оқу орнын бітірді: Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті ,
2014 жылы. 5В011100-Информатика мамандығы бойынша
Диплом номері: ЖБ №0556116
Жалпы өтілі: 5 жыл
Жетістіктері:
Слайд 4
Мақсаты:
“ЭКСПО” ҰҒЫМЫМЕН , ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК КӨРМЕЛЕРДІҢ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫРУ. ҚАЗАҚСТАНДА ӨТЕТІН
ЭКСПО КӨРМЕСІ ТУРАЛЫ КЕҢІНЕН МӘЛІМЕТ БЕРУ.
ЭКСПО КӨРМЕЛЕРІНІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ ШЕКАРАСЫН КЕҢЕЙТУ, ОЙ –ӨРІСІН ДАМЫТУ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ.
ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ, ТАЛҒАМПАЗДЫҚҚА, ІЗДЕНІМПАЗДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Слайд 5ЭКСПО деген қандай көрме?
ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған,"экспонат" деген сөзден
шыққан,қазақшасы-жәдігер. Бүгінде бұл көрмеге дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып отыр.Оның жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы Халықаралық Көрмелер Бюросы (ХКБ) құрылған.Штаб пәтері Парижде орналасқан.Қазақстан ХКБ- ға 1997 жылы мүше болып кірді.
Слайд 6Халықаралық көрмелердің тарихы
Қазірге дейін 63 көрме өткізілді.
1851 — Лондон, Англия
1855 —
Париж, Франция
1862 — Лондон, Англия
1867 — Париж, Франция
1873 — Вена, Австрия
1876 — Филадельфия, Пенсильвания
1878 — Париж, Франция
1886 — Мельбурн, Австралия
1888 — Барселона, Испания
1889 — Париж, Франция
1893 — Чикаго, Иллинойс, АҚШ
1894 — Сан-Франциско, Калифорния, АҚШ
1895 — Атланта, Джорджия, АҚШ
1897 — Брюссел, Бельгия
1900 — Париж, Франция
1901 — Буффало, Нью-Йорк (штат), АҚШ
1904 — Сент-Луис, Миссури, АҚШ
Слайд 71905 — Льеж, Бельгия
1906 — Милан, Италия
1907 — Дублин, Ирландия
1907 —
Хэмптон-Роудс, Виргиния, АҚШ
1908 — Париж, Франция
1909 — Сиэтл, Вашингтон, АҚШ
1910 — Брюссел, Бельгия
1911 — Турин, Италия
1913 — Гент, Бельгия
1915 — Сан-Франциско, Калифорния, АҚШ
1915 — Сан-Диего, Калифорния, АҚШ
1922 — Рио-де-Жанейро, Бразилия
1924 — Уэмбли, Англия
1925 — Париж, Франция
1926 — Филадельфия, Пенсильвания, АҚШ
1929 — БарселонаИспания және Севилья, Испания
1930 — Антверпен, Бельгия
Халықаралық көрмелердің тарихы
Слайд 81930 — Льеж, Бельгия
1931 — Париж, Франция
1933 — Чикаго, Иллинойс, АҚШ
1935
— Брюссель, Бельгия
1937 — Париж, Франция
1939 — Нью-Йорк, АҚШ
1939 — Сан-Франциско, Калифорния, АҚШ
1958 — Брюссел, Бельгия
1962 — Сиэтл, Вашингтон, АҚШ
1964 — Нью-Йорк, АҚШ
1967 — Монреаль, Канада
1968 — Сан-Антонио, Техас, АҚШ
1970 — Осака, Жапония
1974 — Спокан, Вашингтон, АҚШ
1975 — Окинава, Жапония
1982 — Ноксвиль, Теннесси, АҚШ
1984 — Новый Орлеан, Луизиана, АҚШ
1985 — Цукуба, Жапония
1986 — Ванкувер, Канада
Халықаралық көрмелердің тарихы
Слайд 91988 — Брисбен, Австралия
1992 — Севилья, Испания
1992 — Генуя, Италия
1993 —
Тэджон, Оңтүстік Корея
1998 — Лиссабон, Португалия
2000 — Ганновер, Германия
2004 — Сена-Сен-Дени, Франция
2005 — Нагоя, Жапония
2008 — Сарагоса, Испания
2010 — Шанхай, ҚХР
2012 — Йосу, Оңтүстік Корея
2015 — Милан, Италия
2017 — Астана, Қазақстан
2020 — Көрмені өткізу үшін Аюттхая (Таиланд), Дубай (БАӘ), Измир (Түркия), Сан-Паулу (Бразилия), және Екатеринбург (Ресей) қалалары бақ сынасады.
Халықаралық көрмелердің тарихы
Слайд 10ЭКСПО-ның негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбританияның ханзадасы Альберт есептеледі.
Алғашқы көрме 163 жыл бұрын Лондонда, 1851 жылдың 1 мамырында ашылған және Гайд-саябағында орналасқан. 20 аптаның ішінде оған 6 млн. адам келген. Көрме ғимаратынаның ең үздік сәулет өнері жобасы байқауында әйнектен жасалатын ғимарат - Хрустальді сарай салуды ұсынған Джозеф Пакстон жеңіске жеткен.Викториандық дәуірді дүр сілкіндірген сарай қазіргі күнге дейін сақталмаған.1936 ол өртеніп кеткен.Ұлыбританияның екінші көрмесі 1867 жылы,ал үшінші көрмесі 1924 жылы өткен. Ал, 1876 жылы ЭКСПО көрмелеріне ақыры Америка қосылды. Филадельфияда алғашқы рет Александр Грэм Беллдің телефоны, Томас Альва Эдисонның телеграфы, Ремингтонның жазу машинасы және «Хайнц» қызанақ кетчупы көрермендер назарына ұсынылды!
Слайд 111889 жылғы өткізілген ЭКСПО кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына
ұсынған. «Темір ханым» деп атап кеткен мұнараға көрме күндерінің өзінде 2 миллион адам көтеріліпті. Бүгінде бұл мұнара Париждің символы..Ал,1893 жылы Чикаго қаласында, Америка құрлығында екінші рет Бүкіләлемдік әмбебап көрме ашылды.Ал 1893 жылғы Чикаго көрмесі Христофор Колумбтың Американы ашқанына 400 жыл толу құрметіне арналды.Христофор Колумбтың құрметіне бұл әлемдік көрме «Колумбтық» деп аталды. 1893 жылғы Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің жалауы Чикаго қаласында жарты жыл бойы – 1 мамырдан 30 қазанға дейін желбіреді. Осы уақыт аралығында бұл көрмені дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген 21 миллионнан астам адам тамашалады.
Слайд 121904 жылғы Сент-Луис көрмесінің атағын шығарған вафель стаканшаларға салынған балмұздақтар болыпты.
Бір ғасырдан бұрынғы сол жаңалық әлі күнге ескірмей келе жатыр.Чикаго қаласы ЭКСПО-ны 1933-1934 жж. қабылдады.Көрме сондай сәтті өтті – оған 39 миллион адам келді – бұл шығындалған қаражатты қайтарып қоймай, сонымен бірге табыс табуға да мүмкіндік туғызды.Ал, Парижде 1925 жылы Дүниежүзілік көрмеде қазақтың дарынды әншісі Ә.Қашаубаев қатысқан.Ол этнографиялық концертке қатысып, байқаудан екінші орынды иеленіп, күміс медаль алған еді. Әміре аты әлемге танылған әйгілі Энрико Карузо және Марио Ланца сынды әншілерді басып озды деуге болады. Қазақ әншісінің ән орындауының арқасында бүкіл әлем біздің елді, қазақ музыка өнері туралы, қазақ елінің ұлттық киімі жайлы білді.
Слайд 13Еуропаның көрмелер бағытындағы және бір белсенді елі Бельгия болып табылады.1958 жылғы
көрменің басты тақырыбы: "Прогресс пен адамзат". Брюссельде адамдар алғашқы рет жер серігі, атомдық электростацияның үлгісін, жаңа қозғалтқыштар мен болашақ компьютерлердің ізашарларын көрді.Брюссельге 41 миллионнан аса адам келді.Қазақтың ұлы суретшісі Орал Таңсықбаевтың «Қарақұм ГЭС-нің таңы» картинасының 1958 жылғы Брюссель көрмесінде күміс медаль иеленуі оны әлемдік деңгейдегі пейзаж шебері ретінде даусыз мойындатқан болатын.
Слайд 141970 жылғы Осакадағы ЭКСПО -да көрме символы – Күн мұнарасы орнылған
Фестивальдер алаңы.АҚШ павильонында көрермен назарына «Аполлон-12» ғарыш кемесінің астронавтары әкелген ай тасы ұсынылды.Сол жерде ғалымдар 500 000 есе күшейтілетін электрондық микроскобын және 500 км/сағ. дейінгі жылдамдықпен жүре алатын электромагниттік таянышы бар пойыздардың үлгілерін, толық масштабы ядролық реакторлық макетін, АҚШ пен КСРО-ның сансыз ғарыш кемелері мен алып роботтардың макеттерін ұсынды.
Слайд 15ЭКСПО -1985 Бүкіләлемдік көрмесі 1985 жылғы 17 наурыздан 16 қыркүйекке дейін
жапондық Цукуба қаласында өтті. Көрменің тақырыбы - «Адам тұрмысын жақсарту үшін ғылым мен технологияларды дамыту».Көрмеге жалпы 20 млн адам келді және 111 мемлекет қатысты.Дүниежүзілік EXPO-2005 көрмесі Жапон қаласы Нагояда өтті.Ал,ЭКСПО-1986 Ванкувер қаласының жүз жылдығына орай 1986 жылғы 2 мамыр мен 13 қазан аралығында өткізілген II санатты дүниежүзілік көрме.Көрменің тақырыбы: «Көлік және байланыс: қозғалыстағы және байланыстағы әлем». Қатысаушы елдер саны жүзе жуық, ал келушілер қатары 6,5 млн адамды құрады.
Слайд 16Австралия, 1988 жыл. Жасыл құрлықта өткен бүкіләлемдік алғашқы көрме Австралиядағы Брисбен
қаласында 1985 жылғы 30 сәуір-30 қазан аралығында ұйымдастырылды. Көрме тақырыбы - «Техника ғасырындағы бос уақыт».Жәрмеңке 18 млн астам келушіні тартты.ЭКСПО-1988 көрмесі Квинсленд қаласын Австралияның дамыған қаласына айналдырды.
Слайд 17ЭКСПО-1993 бүкіләлемдік көрмесі Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында 1993 жылғы 7 тамыздан
7 қарашаға дейін жалғасты. Көрменің тақырыбы - дамудың жаңа жолын таңдау.Осы жылы өткен ЕХРО-ның басты символы - ғарыштан келген Кумдори сәбиі. Көрменің орталығы - биіктігі 93 метрлік Үлкен Жарық Мұнарасы. ЭКСПО-2012: 2012 жылғы 12-мамырдан 12-тамызға дейінгі аралықта Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласы «Жанды мұхит және жағалау» тақырыбындағы Халықаралық мамандандырылған көрмені қабылдады.Көрме аумағы Халюсидо Ұлттық Паркімен және Одонг аралымен шектесіп, табиғи жағдайы EXPO тақырыбын жандандыра түсетін 317 шағын аралдармен қоршалған.
Слайд 18ЭКСПО-1992 Испанияның Севильес қаласында 20 сәуірден 12 қазанға дейін өтті. Көрменің
басты тақырыбы – «Жаңалықтар ғасыры». ЭКСПО -1992 Христофор Колумбтың (1492-1992) Американы ашқандығына 500 жыл толуына орай ұйымдастырылды.215 га аумақта 100-ден астам ел қатысты. Халықаралық көрме бюросыың мәліметтері бойынша, келушілердің саны 41 814 571 адамды құрады.
Слайд 192008 жылғы 14-маусынан 14-қыркүйекке дейін Испанияның маңызды қалаларының бірі Сарагоса "Су
және тұрақты даму" тақырыбындағы Бүкіләлемдік көрмені қабылдады. Үш ай бойы барлық назар су тақырыбына аударылды.Сарагосадағы 2008 жылғы ЭКСПO-да, Қазақстан 104 қатысушы елдер арасында "С" санатындағы павильондар арасында павильон рәсімдеудің ішкі және сыртқы критерийлері бойынша қола марапатқа ие болды.Осы Бүкіләлемдік көрмеге қатысқан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай көрмені Астанада өткізудің мүмкіндігі туралы айтты. Ал, ЭКСПО-2010 — 2010 жылдың 1 мамыры мен 31 қазаны аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өткен дүниежүзілік көрме. 2010-жылғы көрме тақырыбы: "Жақсы қала - жақсы өмір". Ұйымдастырушыларға шара 12 млрд. доллар пайда әкелді. Қазақстана павильоны "Азия" аймағында Жапониия мен Оңтүстік Кореямен көршілес орналасқан. Шанхай ЭКСПО-2010-дағы Қазақстан павильонының басты мақсаты – Астананы халықаралық деңгейде әлемдегі ең жас және қарқынды дамып келе жатқан елдің астанасы ретінде таныстыру. Қазақстан ұлттық экспозициясының тақырыбы "Астана – Еуразия жүрегі". Павильонға 1млн.жуық адам келді.
Слайд 20Халықаралық көрмелердің тақырыбы
Слайд 21"ЭКСПО - 2017": Қазақстанның болашағы"
2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер
бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасының ресми өтінімі тапсырылды. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейне үндеуі жолданды.Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтыңэнергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-гемүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізужөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.
Слайд 22ЭКСПО - ның пайдасы қандай?
ЭКСПО нысандары үшін жол салу,қоғамдық көлік,коммунальдық шаруашылық,
әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді.Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орындары.
Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек
Елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі.Көрмеге үш айда 100 елден 5 млн. адам (күн сайын 50 мыңдай) келеді деп күтілуде
ЭКСПО болашақта Қазақстанды ірі несиелер құюға болатын халықаралық ақпараттық- экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді.
Слайд 26Оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан...