Слайд 2Мектеп бітірушілерді
Қорытынды аттестаттау
Мақсаты:
Қорытынды аттестаттаудың
жаңа үлгісімен таныстыру.
Мектеп бітірушілердің мемлекеттік бітіру емтиханына дайындық
жоспарын құру
Слайд 4Күн тәртібінде:
1.Қорытынды аттестаттаудың жаңа үлгісі.
2.Мектеп бітірушілердің бітіру емтиханына дайындық жұмысы
3.Мамандық және
пән таңдау. Психологпен жұмыс.
4.Сынама тест қорытындысы.
5.Әртүрлі мәселелер.
Слайд 5
Қорытынды аттестаттаудың жаңа үлгісі
Слайд 61) Ана тілі және әдебиеті
Эссе нысанында жазбаша емтихан.
Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет.Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек.
Қазақ тілінен эссенің үлгілік тақырыптары
1. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме?
2. Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба?
Слайд 72)Алгебра және анализ бастамалары
Жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан
5 тапсырмадан тұрады.
Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.
Слайд 83) Қазақстан тарихы
Ауызша емтихан (билет бойынша);
Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі
сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).
Слайд 94) Орыс тілі
Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын
таңдау арқылы;
«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы
(2 мәтін, 200-250 сөз);
«Оқылым» блогы – 10 тест тапсырмасы (2 мәтін, 200-250 сөз).
Слайд 105) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі
тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды) тестілеу.
Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).
Слайд 11
ұ
б
т
2
0
1
7
ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ (20+20+20+30+30=120 тапсырма)
5 пән бойынша
Тестілеу уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Шекті балл 50 өзгеріссіз қалады.
Слайд 12ЖОО-ның барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер шегінде бөлінді
Слайд 13
Мектеп бітірушілердің бітіру емтиханына дайындық жұмысы
1-апта - қазақ тілі
мен әдебиеті,
эссе жазу /3 сағат/
2- апта – орыс тілі / 80 минут/, тест
Таңдау пәні/география,биология/ 80 минут,тест
3- апта - алгебра /5 сағат/, бақылау жұмысы
4- апта - Қазақстан тарихы ,билет
Слайд 14Мамандық және пән таңдау
Біздің қоғамда бала үшін ата-ананың шешім қабылдау дәстүрі
кең етек алған. Ата-анаға баланың қабілеті емес, кез келген жолмен ақшаны көп табуы, ел-жұртқа мақтана алатындай кәсіп иесінің қожайыны атануы маңыздырақ болғалы қай заман? Нәтижесінде, өз ісін сүйіп жасайтын, үлкен жетістікке жететін, сол саланың нағыз мамандарының қатары азаюда... Ата-ана, ұмытпаңыз! Мамандық таңдау: "қалаймын – жасай аламын – маған керек" деген формула бойынша таңдалу керек. Сонда ғана балаңыздың болашағын нық сеніммен құра аласыз. Сондай-ақ, баланың қабілеті, қызығушылығы, жоспарлары, армандары, мақсаттары, әлеуметтік сұраныс (жұмыс оңай табылатын, жақсы төленетін) ескерілуі қажет. Заңгер немесе қаржыгер болып, көптің бірі болып жүргенше, электрик, сантехник мамандығын жақсы меңгеріп, кез келген жерге жақсы төленетін жалақымен орналасқан артық емес пе? Пікір мен ұсыныс айтыңыз. Оған сіздің ата-ана ретінде қақыңыз бар. Бірақ 16 жасқа келген бала таңдауды өз еркімен жасауы керек.
Слайд 16 1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.
2. Мұғалімнің
қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.
3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.
4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.
5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.
Ата – аналарға арналған
этикалық кодекс
Слайд 176. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.
7. Өз балаңыздың
мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.
8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.
9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.
10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.
11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.
Слайд 18 12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, ауыл көлемінде өтілетін
мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.
13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.
14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:
1. Сынып жетекшісі;
2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда);
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4. Мектеп басшысы
Слайд 19
Үндеу.
Құрметті мектеп оқушылары!
Біз 7 – сынып оқушылары, барлық мектеп
оқушыларын салауатты, яғни нашақорсыз, ішімдіксіз, шылым шекпей өмір сүруге шақырамыз.
Бұл індеттер – денсаулықтың жауы, қоғамға жат әдеттер екенін естеріңізге саламыз!
Үндеу.
Құрметті ата –аналар!
Біз сіздерді мектептегі оқушы өміріне қатысты өтетін іс – шараларға және мектептегі жиналыстарға белсенді түрде қатысуларыңызды шақырамыз!