Слайд 1Ашу- дұшпан, ақыл -дос
«Өзін-өзі тану» пәні
4 - сынып
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі:
Жумагалиева
Акмарал Амангалиевна
Слайд 2
Құндылық:
ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ
Қасиеттері: сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында
отырып үйрену, шыдамдылық.
Слайд 3Оқушыларға сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық туралы түсінігін кеңейте
отырып, ішкі тыныштық құндылығын ояту.
Мақсаты:
Слайд 45Т ережесін
еске түсіру
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Слайд 6.
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену . Жағымды жағдай туғызу
Ыңғайланып отырыңыздар , денелеріңізді түзу ұстаңыздар .Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз . Қолыңызды тізеңізге немесе үстелдің үстіне қоюға болады .Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін .Елестетіп көріңіз : Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан . Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді . Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды , әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып , жүрегіңіздің қауызын ашты . Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде . Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз . Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп , сәуле шашуда . Қолымыз тек жақсы , ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі .Нұр аяқтарыңызға тарады . Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда . Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды .Одан әрі нұр сіздің аузыңызға , тіліңізге тарады .Тіліңіз тек шындықты және жақсы , ізгі сөздер ғана айтады . Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді .Нұр көздерімізге де жетті , көзіміз тек жақсыға қарап , бәрінен жақсылықты ғана көреді .Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп , басыңызға тек ізгі , сәулелі ой келеді .Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды , сіздің денеңізден шығып жан-жағыңызға сәуле шашады .Осы нұрды туысқандарыңызға , мұғалімдеріңізге , достарыңызға , таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей , ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттыңыз , олардың да жүрегі нұрға толсын . Осы нұр бүкіл әлемге : барлық адамдарға , жан-жануарларға ,өсімдіктерге , барлық тірі жанға таралсын ....Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз .Ойша айтыңыз : «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын». Осындай Нұр , Махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз ....Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз .Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде . Оны осындай қалыпта сақтаңыз . Жаймен көзіңізді ашуға болады «Рахмет ! Ал балалар кім не сезінді , ойларыңды ортаға салайық» .
.
Слайд 7Үй тапсырмасын тексеру :
Оқулықтағы 11 сабақ. 58 бет Ж.Дәуренбековтың «Сурет»
әңгімесін оқып, талдау.
1. Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар ?
2. Азаматтың ашуының басылуына не себеп болы?
3. Мұғалім неліктен Азаматтың суретін мақтады? Сабақ барысын талдау:
Слайд 8Дәйексөзбен жұмыс.
«Ақыл - адам көрігі, ақылдың сабыр серігі» М. Әуезов
Слайд 9«Шыдамдылық пен сабырсыздық» (аңыз әңгіме)
Бірде шыдамдылық пен сабырсыздық дос болыпты. Шыдамдылық
ісіне өте байыпты болса керек. Сабырсыздықтың ісі шала, ұқыпсыз, ылғи да Шыдамдылыққа «Тасбақа сияқты жорғаламай, тез жүрсеңші, сенің жаныңда жүрсем, ішім пысады, одан да ашумен жүргенім жақсы» десе, Шыдамдылық: «Өзің біл, мен ақылмен дос боламын» дейді. Содан күндер өтеді. Ақыл мен шыдамдылық ешбір кедергісіз қыс қаһарына сүрінбей күн кешсе, сабырсыздық пен ашу үнемі ұрыс - керіс, болмашы нәрсеге Ашу қаһарланып, Сабырсыздық кері бұрылып отырады. .........../ Ары қарай не болды?
/Өз ойларымызбен жалғастырайық/
Сұрақтар:
- Бұл мәтіннен қандай ой түйдік?
- Сабырсыздық деген қандай қасиет?
- Қандай қасиет бізді ақылға жүгіндіреді?
- Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма?
Слайд 10
Шығармашылық:
1-топ: Данышпан атаның кеңестерін қалай қолданатының туралы жазу:
- Ашу қысқан кезде
өзіңді - өзің ұстай біл.
- Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
- Жақсы нәрсе туралы ойла.
- Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
- Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
- Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
- Ашуды ақылды жеңдір.
2 - топ: «Қайтып кірер есікті, қатты жаппа» мақалының мәнін ашу
Слайд 12Топпен ән айту
«Мейірімді болайықшы бауырлар»
Сөзі: Серік Қалиев
Әні: Құрмаш Маханов
Көктем етіп көркейтсе
де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!
Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!
Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса деп.
Слайд 13«Балалардың көз қуанышы»
В. А. Сухомлинский мәтінін оқу