Ежелгі Грециядағы тәрбие жүйесі (Спартандық және Афиналық тәрбие жүйесі)
Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. педагогикалық ойлары
Тарихи формациялардағы тәрбие мақсаты
Марк Фабий Квинтилиан (римдік) алғашқы кәсіптенген педагог болып табылады. Ол гармонияға дұрыс ұйымдастырылған оқыту арқылы жетуге болады деген. Мұнда ол балалардың жалпыгуманитарлық дамуына басты назар аударған. Белгілі «Наставление в ораторском искусстве» атты еңбектің авторы. Шешендік өнерге арналған қоғамдық қызметке даярланушы жастар білім алған алғашқы қоғамдық мектеп ашқан.
Квинтилиан алғаш рет мұғалімнің тұлғасына талап қойған:
Білімді жетілдіру;
Балаларға деген сүйіспеншілік;
Олардың жеке тұлғасына деген құрмет;
Әрбір оқушыда мұғалімге деген сүйіспеншілік пен сенім қалыптасатындай етіп іс-әрекетті ұйымдастырудың қажеттігі.
Тәрбие туралы теорияның қарқынды дамуына қарамай педагогика көп жылдар бойы философия ілімінің қарапайым бір тармағы ретінде дамып келді. Тек XVII ғасырдың басында ғана философиялық білім жүйесінен дербес ғылым ретінде танылды. Педагогиканың жеке ғылым ретінде бөлініп шығуын көптеген ғалымдар ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) есімімен байланыстырады. Оның қалыптастырған принциптері, әдістері, балалармен оқу процесін ұйымдастыру формалары, адамгершілік тәрбиесі ғылыми-педагогикалық ғылымның бөлінбейтін бөлшегіне айналған.
Қайта өрлеу дәуірінде (XIV-XVI ғғ.) педагогикалық ойлар одан ары өрбіді. Осы дәуірдің ерекше өкілдері итальяндық гуманист Витторио да Фельтре (1378-1446), испандық философ және педагог Хуан Вивес (1442-1540), нидерландық ойшыл Эразм Роттердамскийлер (1465-1536). Олар жаттанды оқуды сынады, балаларға гуманды қарым-қатынас жасау керектігін және оларды басып-жаншудан құтқару қажеттігін атап өтті.
Ежелгі Грециядағы тәрбиенің екі жүйесі:
Спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесінің мақсаты – спартиат балаларын әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды, болашақ құл иеленушілер етіп тәрбиелеу.
Ежелгі Грециядағы тәрбиенің екі жүйесі:
Афиналық тәрбие жүйесінің (б.з.д. V-VI ғ.) мақсаты – әскери жауынгерлер дайындау ғана емес, білімді, қабілетті, жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу.
Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. Грецияда педагогикалық ойлардың пайда болуында және қалыптасуында ерекше орын алады.
Сократ (б.з.д. 469-399ж.) – философ-идеалист:
Тәрбиенің мақсаты – заттардың табиғатын зерттеу емес, ол өзін-өзі танып білуі, адамгершілікті жетілдіруі болу керек.
Платон (б.э.д. 427-347ж.) – философ-идеалист, Сократтың оқушысы, Аристотельдің ұстазы. Сабақты Афинаға жақын, өзінің Академа деген меншік жерінде (имение) өткізеді, міне осыдан академия деп аталатын жоғары оқу орнының аталуы шыққан. Педагогикалық көзқарастарын білдірген еңбектері: «Мемлекет», «Заңдар»
Платон балаларға жас кезінен бастап қоғамдық тәрбие беру идеясын және оны ұйымдастырудың жүйесін ұсынды:
Аристотель (б.з.д 384-322ж.) – гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының негізін салушы белгілі философ, ғалым. Ликейдегі (білім беру мекемесі – лицей осыдан пайда болған) мектептің негізін қалаушы. А.Македонскийдің тәрбиешісі, Платонның шәкірті.
Туғаннан 7 жасқа дейінгі кезең.
7 жастан 14 жасқа дейін.
14 жастан 21 жасқа дейін.
Отбасы тәрбиесіне, дене тәрбиесіне ерекше мән берген.
Саз өнерін адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде бағалаған.
Чехтың ұлы ағартушысы, сыныптық-сабақтық жүйенің, дидактикалық принциптердің, пансофияның (табиғат пен қоғам туралы энциклопедия), «дидактиканың алтын ережелерінің» авторы Ян Амос Коменский (1592-1670).
Я.А.Коменскийдің педагогикалық идеяларының мәні мынада:
«Ұлы дидактикадағы» оқыту мен тәрбие мазмұндалған бөлімдер:
Джон Локк (1632-1704) - ағылшын философы, әрі ағартушысы
Жан Жак Руссо (1712-1776жж.) – Швейцар педагогы.
Г.И. Песталоцци (1746-1827) – Швейцарияның даңқты педагогы (ХІХғасыр). Негізгі еңбегі: «Лингард және Гертруда»
Кез келген оқыту бақылау мен тәжірибеге негізделуі кажет және содан
кейін ғана ол қорытындылау мен жалпылауға қарай көтеріле алады;
Оқыту процесі жүйелі түрде жекеден тұтастыққа қарай құрылуы қажет;
Оқытудың негізі – көрнекілік. Оны қолданбай дұрыс елестетуді, ойлау
мен сөйлеуді дамытуға болмайды;
«Сөзшеңдерді ғана қалыптастыруға қабілетті» вербализммен күресу
қажет.
И.Ф. Гербарт (1776-1841) – «Педагогикадан лекция очеркі» және т.б.:
Ф.А.В.Дистервег (1790-1866) – «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық»:
К.Д.Ушинский (1824-1870) - Ресейдегі ғылыми педагогиканың негізін салушы.
Еңбектері:
«Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы»,
«Қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы» (мақала, 1857),
«Мектепті құрайтын үш нәрсе» (мақала, 1857)
Педагогикалық әдебиеттің маңызы (мақала, 1857),
«Ана тілі» (1864),
«Балалар әлемі» (1861),
«Педагогикалық антропология» (1867) және т.б.
К.Д.Ушинский идеялары (жалғасы)
Негізгі идеялары:
тәрбие және жалпыадами тәрбие, жалпы адамзаттық білім алу арқылы өзін-өзі тану идеясы;
жалпыадамзаттық тәрбие ұлттық тәрбие идеясымен үйлестірілген болуы қажет;
көрнекілік пен сөздің оқу-тәрбие процесіндегі бір-бірімен байланыстылығы.
Л.Н. Толстой (1828-1910жж.)
Еңбектері:
“Азбука” (1872ж.),
“Жаңа азбука” (1875ж.),
«Оқу кітаптары».
Н.К.Крупская (1869 – 1939жж.)
Негізгі идеялары:
Коллективизм сезімі – адамгершілік тәрбиесінің негізі;
Коллектившілдік сезімі отбасынан басталады, сондықтан коллективизмге тәрбиелеуде ата-аналардың ролі ерекше;
Ұжымдағы балалардың қоғамдық пайдалы еңбегі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда тәрбиенің тиімді құралы болуы қажет, жұмыстың балалардың білімі мен іскерліктеріне сәйкестігі;
Қарапайымдылық пен кішіпейілдік қасиеттерінің жоғары бағалануы.
«Халық ағарту ісі және демократия” атты кітапта алдыңғы қатарлы озат педагогикалық ой-пікірдің дамуына зерделі марксистік талдау берілумен қатар, ол кездегі қоғам мен мектеп бір-бірін жатырқай жатсыну, ал мұғалімдердің «кәсіби меңіреулік» (Маркс айтқандай) күйге түсу себептерін тексере зерттеп, одан құтқару жолын қарастырған;
Еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдаған;
Оқыту теориясы;
Отбасы тәрбиесі;
Балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі мен міндеттері.
Н.К.Крупскаяның педагогикалық нақыл сөздері:
С.Т. Шацкий:
Тәрбие әлеуметтік тапсырмаға сәйкес болуы қажет және онымен бірге жеке тұлғаның дербес ерекшеліктерін ескеру қажет;
ортақ мақсатқа жету үшін балалардың бойындағы іскерліктерді біріктіруге тырысуды қалыптастыру (мысалы, өзін-өзі басқару);
Оқыту іскерлігін меңгерген, балаға әлеуметтік жағымды әсерді қолдайтын оқытушыны даярлау;
Баланы қоршаған макро- және микроәлеуметтік ортаны ескеру.
А.С. Макаренко (1888-1939жж.)
Негізгі еңбектері:
«Ұстаздық дастан» немесе Педагогикалық поэма,
«Мұнара үстіндегі тулар»,
«Ата-аналар кітабы»,
«Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар»
«Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі»
«Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері» және т.б.
Негізгі көзқарастары:
«Барлығы да балалық шақтан басталады, жасөспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты» - деп есептейді.
Балалар ұжымы – идеялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және ұйымдастырушылық қауым, балалар бірлестігі: «ұжымдық рухани өмір», «кластың интеллектуалдық фоны».
Дәстүр, фольклор, табиғаттың балаға тәрбиелік әсері маңызды.
Балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жетістігі, әрбір баланың рухани өмірі мен дамуының ерекшеліктері туралы білімі терең болғанда ғана мүмкін.
Л.В. Занков: оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінің приоритетіне негізделген кіші мектеп оқушыларын оқыту жүйесі.
Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі: мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы;
дидактикалық жүйесінің кредосы – «сабақтағы тіршілік». Сабақ «Бала – ол да адам, бірақ кішкентай» түсінігі бойынша құрылады.
Оқыту процесі өз бетімен біліммен қаруланатын баладан туындайды.
Л.В.Занковтың оқыту жүйесіндегі мұғалім: кәсіби компетентті мұғалім; гуманист; оқушылармен тең құқылы серіктес; білім беру кеңістігінде оқу әрекетін ұйымдастырушы; ұжымдық таным процесінің мүшесі.
Л.В.Занковтың оқыту жүйесіндегі оқушы: толысқан, тұтастай (целостная) жеке тұлға; оқыту субъектісі; оқыту ынтымақтастығының мүшесі; сыни ойлай алатын адам; оқушы емес, оқушылар, яғни мұғалімнің жетекшілігімен өзін-өзі оқытушылар.
Л.В.Занковтың оқыту жүйесіндегі мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастындағы принциптер:
ынтымақтастық;
сотворчества (бірлескен шығармашылық);
сопереживания;
бірлесе атқарылатын әрекет;
диалог.
М.А. Мельников: дифференциалды оқыту жүйесі: таңдалған пәндер негізінде сабақтың бағдарламасы бойынша факультативті сабақтар жүргізу, класстар және мектептер ашу.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть