Слайд 1
Сабақ тақырыбы:
“Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары”
Слайд 2Сабақтың алғы сөзі:
“Табиғат дүниесіндегі сұлулықтың ғажабы аспан шырақтарында, ал жердегі дыбыс
сұлулығы- ән, күй, аспаптар сазында”
Әл-Фараби
Слайд 3Сабақтың мақсаты:
Ұлттық аспаптар туралы білімдерін нақтылай о отырып, оқушылардың сөздік қорларын
молайту,ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Слайд 5Асатаяқ
Асатаяқ- ежелден келе жатқан сілкімелі аспап. Бұрында
бақсылар қолданған. Асатаяқ тек ән, күй әуеніне қосылып қоймай, би ырғағын да сүйемелдейді.
Слайд 6Домбыра
Қазақтың өте ежелгі және кең
тараған қос ішекті аспабы. Мойнына тоғыздан жиырма екіге дейін перне байланады. Домбыра негізінен екі ішекті, үш ішекті түрі де бар. Оның негізгі мынадай бөліктері: басы, құлағы, шанағы, бетқақпағы, ілгегі, тиегі, пернелері ішегі бар.
Слайд 7 Сыбызғы-бұрынғы кезде қамыс, қурайдан жасалған. Қазір ағаш немесе басқа
қатты материалдан жасалады.
Сыбызғы:
Слайд 8Қоңырау
Қоңырау қазақ халқының көнеден келе жатқан сылдырмақты музыка
аспабы. Дыбысы сыңғырлап шығатын мыс, жез металдарынан құйылып жасалады. Аспаптың жеті музыкалық дыбыс қатары бар.Қоңырауды кішкентай ағаш балғамен ұрып ойнайды.
Слайд 9Жетіген
Жетіген қазақ халқының өте ертеден келе
жатқан жеті ішекті шертпелі музыкалық аспабы. Аспап ағаштан құралып жасалады. Оған он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аңыз бойынша “ЖЕТІГЕН” аспабы бір қарияның жеті баласынан айырылғандағы қасіретінен туған деседі.
Слайд 10Желбуаз
Желбуаз- үрлемелі аспаптар тобына жататын,
ел көзіне еленбеген көне аспап. Сырты меске ұқсайды. Аузын бекітетін тығыны болады. Әуен шығаратын екі сырнай түтікшесі бар. Мойынға асатын бау тағылады.
Слайд 11Дауылпаз
Дауылпаз- ұрып ойналатын музыкалық көне
аспаптың бірі. Халық тұрмысында кең қолданылады. Жаугершілік кезінде дабыл қағып, белгі беру үшін кеңінен олданылған Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен қапталады. Иыққа асу үшін қайыстан арнайы бау тағылады.
Слайд 12Қыл қобыз
Қыл қобыз- қазақ халқының ежелден
келе жатқан екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыздың үш, төрт ішекті “нар қобыз”, “Жез қобыз” аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Халық аңызында қобыздың шығуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты.
Слайд 13Саз сырнай
Сазсырнай- қазақтың үрлемелі музыкалық аспабы.Жұмыртқа
пішіндес, саздан жасалып, іші қуыс болады. Үн арнайы жасалған тесіктер арқылы шығады.
Слайд 14Қазақ халқының ұлттық аспаптар оркестрі
Слайд 15"Ойналық та, ойлайық"
до
ре
ми
фа
соль
ля
си
Слайд 17Ре нотасы сұрағы
Бұл аспапты қалай
жасайды?
Слайд 18“Ми” нотасының сұрағы
Мүйіз сырнайды
неден
жасайды?
Слайд 19“Фа” нотасының сұрағы
Аспапты сипаттап
айтып бер.
Слайд 20“Соль” нотасының сұрағы
Бұл аспапты неліктен жетіген деп атаған?
Слайд 21“Ля” нотасының сұрағы
Бұл аспаптар қалай аталады?
Слайд 22“Си” нотасының сұрағы
Бұл қандай аспаптар?
Слайд 23Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары дыбыс ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлінеді
1. Үрмелі
аспап- духовой инструмент
2. Ұрмалы аспап-ударный инструмент
3. Ыспалы аспап- смычковый инструмент
4.Ішекті аспап-струнный инструмент.
.
Слайд 24Сөздік
Ыспалы аспап-смычковый инструмент
Үрмелі аспап-духовой инструмент
Ұрмалы аспап- ударный инструмент
Ішекті аспап- струнный инструмент
Ұлттық
болмыс- национальное естество
Тылсым сыр-волшебный, таинственный
ҰРМАЛЫ:
сырнай домбыра даңғыра
сыбызғы жетіген дауылпаз
қамыс сырнай шертер асатаяқ
Үскірік қобыз
Слайд 26
Домбыраның шығу тарихы
Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді.
Ежелгі Хорезм қаласының қазбаларынан археологтар екі шекті құралдарда ойнап тұрған музыкантардың терракотты бейнелерін тапқан. Ғалымдар бұның Хорезмдік аспаптардың бұдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген көшпелі сақ тайпаларының музыкалық аспабы екенін белгіленген. Бұл ежелгі екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығы көп және оның прототипі болып табылады.
Осылайша, археология арқылы домбыраның ерте кезде пайда болғандығы анықталды. Домбыраның екі түрі бар - батыстық және шығыстық. Бұл орындалу дәстүрінің екі түрлілігімен ерекшеленеді. Орындалуы тез, виртуозды төкпе күйлерді орындау үшін сол қол домбыра жалымен еркін жылжуы керек. Сондықтан, батыстық домбыра жалы жіңішке және ұзынша болып келеді. Шығыстық жуан және қысқа жалды домбыраларда мұндай техникалық әдіс қолданылмайды.
Слайд 27
Представители казахского народного профессионального музыкального искусства.
Слайд 28Коркут-ата –
первый музыкант казахов.
Создатель кобыза.
Слайд 29Асан Кайгы
(XIV – XV вв)
Каз. жырау. Философ жил в годы распада
золотой Орды.был влиятельным советником у ханов.
Слайд 30Кетбуга
(1150-1225)
Легендарный музыкант, жырау. Певец и кюйши. Автор кюя «Ақсак кулан».
Слайд 31Аль-Фараби
(870-950)
Ученый – энциклопедист Востока, автор «Большого трактата о музыке»
Слайд 34Шығармашылық жұмыс:
.
1.Топ. Жетіген аспабы туралы шығармашылық жұмыс.
2.Топ. Сыбызғы аспабы
туралы шығармашылық жұмыс.
3.Топ . Домбыра аспабы туралы шығармашылық жұмыс.
Слайд 35Тақырыпқа байланысты «Блиц турнир» жүргізу:
1.Саған музыка ұнай ма?
2. Қандай музыкалық аспаптарды білесің?
3. Қандай
үйірмеге барасың?
4.Домбыра қандай аспап?
.
5. Ұрмалы аспап қалай аталады?
ҮРМЕЛІ
ІШЕКТІ
ҰРМАЛЫ
Аспаптардың түрлері:
Слайд 38Үй жұмысы:
Музыкалық аспаптар туралы мәтін жазу. Жаңа сөздерді жаттап алу.