Презентация, доклад Күй атасы Құрманғазы

Құрманғазы 1823 жылы Бекетай құмында дүниеге келген. Оның қырық шәкірті болған деседі. Құрекеңнің руы Әлке (Қызылқұрт). Әлке Сұлтансиықтың бесінші баласы. Сұлтансиықтың балалары: 1. Алаша. 2. Байбақты. 3. Масқар.

Слайд 1 Күй атасы Құрманғазы

Күй атасы  Құрманғазы

Слайд 2

Құрманғазы 1823 жылы

Бекетай құмында дүниеге келген. Оның қырық шәкірті болған деседі. Құрекеңнің руы Әлке (Қызылқұрт). Әлке Сұлтансиықтың бесінші баласы. Сұлтансиықтың балалары: 1. Алаша. 2. Байбақты. 3. Масқар. 4. Тана. 5.Қызылқұрт. Қызылқұрттың ұраны Жиембай, таңбасы көсеу. Әлкенің ұранына айналған Жиембай батыр Тобаның ұрпағы Олжашы Елбай баласы. Жауынгершілік аласапыранда жорықта жүрген қолбасшы жігіттің қоржынында әр уақытта да қой сүтінен жасалған қызыл құрт болады екен. Біреудің қоржынындағы құртқа көзіңді сүзбе деп әзілдеседі екен сапарға шыққандар. Әлке қолбасшы осылайша Қызылқұрт атанып кетіпті.

Құрманғазы жастайынан халық әндері мен күйлерін тыңдап өсті. Оның әкесі Сағырбайға баласының музыкаға деген қабілеті оншалық әсер етпейді. Бірақ шешесі Алқа Құрманғазының бұл талабына Сағырбайдан гөрі өзгеше көңіл қояды. Жасы оннан асқанда Шағбаланың ауылына әйгілі домбырашы Ұзақ келеді. Жас Құрманғазының домбырада күй тартуын ұнатқан Ұзақ қарт, оған домбыра тарту өнерінен біршама сабақ береді. Бұл кездесу Құрманғазы үшін өмір жолын анықтаудағы маңызы зор оқиға болады. Ол он алты жасынан бастап туған аулынан кетіп, күй тартып, ел аралай бастайды. Үнемі ат үстінде жүріп, әйгілі күйшілермен кездесіп, өз өнерін одан әрі жетілдіре түседі.Құрманғазы өзіне бата берген Ұзақ қартпен тағы кездеседі. Онымен бірге ауылдарды аралап, көптеген күй тартыстарға қатыса жүріп, елге атағы шығады. Бұл уақытта оның орындаушылық қорында Соқыр Есжан, Жаппас, Байжұма және басқа да белгілі күйшілердің шығармалары болғанын көреміз. 

Құрманғазы 1823 жылы Бекетай құмында дүниеге келген. Оның қырық

Слайд 3 Құрманғазы атамыздан жүздеген жыл бұрын күйші Қорқыттың болғаны немесе

Шыңғысханға баласы Жошының қазаға ұшырағанын домбыраның үнімен естірткен батыл Кет-Бұғаның, онымен замандас өзге күйшілердің де болғаны бәрімізге мәлім. Қазақ даласында XIX ғасырда өткен рухани жаңғырудың алдыңғы легінде күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының тұрғаны анық. Құрманғазы күйлері өз ортасының, өз заманының нақтылы көріністерін өзек етіп, сол күйлердің өн бойындағы өршіл рух заманалық құбылыстарды меңзеп, дәуірлік өзгерістерді толғап, ақиқаттың өз үніндей болып естіледі. Құрманғазының ғұмыр кешкен кезі Ресей патшалығы жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алып, шектен шыға бастаған кезіне дөп келді. Мұндай озбырлыққа жан-жүрегімен қарсыласу Құрманғазының өмірбаянына айналып, күй тілінде көрініс тауып отырды. Ол өзі беттескен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына күйші-философ ретінде ден қояды. Ұрпақ тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау – Құрманғазының күйшілік табиғатына тән. Оның күйлері «Адай» (үш нұсқасы бар), «Ақсақ киік» (екі нұсқасы бар), «Балқаймақ» (екі нұсқасы бар), «Кісен ашқан» (екі нұсқасы бар), «Ақбай», «Серпер» (төрт нұсқасы бар), «Теріс қақпай» (екі нұсқасы бар), «Сарыарқа» болып жалғаса береді. Құрманғазы – күйдің пірі, домбыра шанағына ұлтымыздың тұтас болмысын сыйдырған ұлы өнердің атасы десек қателеспеспіз.
Құрманғазы атамыздан жүздеген жыл бұрын күйші Қорқыттың болғаны немесе Шыңғысханға баласы Жошының қазаға ұшырағанын домбыраның

Слайд 4Ұлы күйші, композитор, халық арасына кең тараған “Балбырауын”, “Сарыарқа”, “Кішкентай”, “Көбік

шашқан”,“Серпер”,“Алатау” және тағы басқа күйлердің авторы Құрманғазы Сағырбаев қазақтың аспаптық музыкасының басты бір саласының негізін қалаушысы. Басқа да халық мәдениеті саласының көрнекті өкілдері сияқты, Құрманғазының шығармашылығы да, өмірі де сол өзі өмір сүрген заманның тарихи –көркемдік шежіресі болды.  Құрманғазы тек қана қазақ аспаптық музыкасының батыс қазақстандық дәстүрінің негізін қалаушысы ғана емес, сонымен қатар оның Дина, Мәмен, Көкбала, Ерғали Есжанов және басқа көптеген дарынды күйшілердің шығармашылық жолдарының қалыптасуына тигізген ықпалы да мол болды. 



1888 жылы Құрманғазыны Астрахан облысының Володар жеріндегі Сахмаға мал-мүлік, жаңа киіз үй беріп жүкті кемемен, көмекші жігіттерімен аттандырады. Ол күнде қатынас қиын, су көп. Малый-арал – Бәйбек аралығынан малдарын Қиғаш өзенінен өткізіп аман-есен Сахмаға жеткіздіріп береді.

Ұлы күйші, композитор, халық арасына кең тараған “Балбырауын”, “Сарыарқа”, “Кішкентай”, “Көбік шашқан”,“Серпер”,“Алатау” және тағы басқа күйлердің авторы

Слайд 5

1993 жылдың 7қыркүйегінде «Атырау» газеті

Берік Қорқытовтың «Нарын еді жайлауым...» деген мақаласын жариялады. Онда Құрманғазы Сағырбаевтың өлеңдері басылып, оның қай жерде, қашан айтылғанына түсінік берілген. Сол газетте 2007 жылдың 28 шілдесінде журналист Р. Иманғалиевтің «Құрманғазының шөбересі Аққыстауда тұрады» деген мақаласы жарияланды. Құрманғазы қайтыс болған соң оның ұлы Қази мен келіні Әуес және екі қызы Көктерекке көшіп кетеді. Әуес сол жерде дүниеден өтеді





ХІХ ғасырдың асаи көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы Сағырбайұлы – теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол – заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Ол 71 жасында қайтыс болады.

1993 жылдың 7қыркүйегінде «Атырау» газеті Берік Қорқытовтың

Слайд 6



Дина Нұрпейісова (1861-1955) ұстазы Құрманғазыға арнап «Жігер» күйін шығарған. Тоқсан төрт жасында күй анасы Дина әжеміз өлерінде әлсіз саусақтарымен Құрманғазының «Қайран шешем» күйін бастап, саусақтары икемге келмей көз жұмады. Динаның сүйегі Алматының орталық зиратында, М. Әуезов пен Қ. Қуанышбаевтың артында, тасада жатыр. Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) Қосайдың Бәлиі, Маңғыстаудың «Қырықкез» деген жерінде жерленгені мәлім. Оның да кесенесін Мақсұт Нұрқабаев тұрғызған. Осы Қашаған Құрманғазымен көп жолдас болған.

Құрманғазының інісі Байғазы ұрпағы Самара облысына көшкен. Құрманғазының Қази, Құбаш деген екі ұлы болған. Қазидың ұрпағы әзірге белгісіз. Ал Құбаштан үш бала: Төлеу, Төлеген, Кәрім туған. Төлеуден Тәнзила (балалары Салахиден, Саламат, Салауат, қыздары – Бақытжамал, Зоя Атырау өңірінде тұрады). Төлегеннен өрбіген Кәкім Аққыстауда, қыздары Дариға, Әлима, Әсималар Атырау қаласында тұрады. Құбаштың үшінші ұлы Кәрім ұрпағы Володарда. Құбаштан туған Жұманың Зияда деген қызынан Рашид, Дамир, Мұрат және үш қыздың Алтыны мен Сәниясы Ақтау қаласында, Әния Алматыда. Олар Құсайыновтар әулетінен тарайды.


Слайд 8Құрманғазы атындағы оркестр

Құрманғазы атындағы оркестр

Слайд 9

Ресей жерінде Астрахан облысы, Володар ауданы Алтынжар аулында

жатыр. Кесенесін Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен жерлесіміз, қосай Мақсұт Нұрқабаев салып, екі жылда аяқтады.  1996 жылы күйшінің басына үлкен мавзолей орнатылды. ҚР Президенті Н. Назарбаев, Ресейдің Премьер-министрі В. Черномырдин кесененің ашылуына қатысты. 2005 жылы Құрманғазының атымен мәдени орталық ашылды. 2008 жылдың желтоқсан айында Астрахан қаласының 450 жылдығына, Құрманғазының 185 жылдығына қазақ елі биіктігі алты метр (үш метрі гранит) тұғырға, аттың үстіне домбырасын көтере ұстаған Құрманғазыны қондырды.
Ресей жерінде Астрахан облысы, Володар ауданы Алтынжар аулында жатыр. Кесенесін Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен жерлесіміз,

Слайд 13Бұл портретті президентіміз Н.А.Назарбаев мавзолей ашылғанда Астрахан обласының губернаторы А.П.Гужвинге табыс

етті.
Бұл портретті президентіміз Н.А.Назарбаев мавзолей ашылғанда Астрахан обласының губернаторы А.П.Гужвинге табыс етті.

Слайд 15Ұлттық киімдер

Ұлттық киімдер

Слайд 16Тұрмыстық бұйымдар

Тұрмыстық бұйымдар

Слайд 17Мавзолейдегі ұлттық аспаптар

Мавзолейдегі ұлттық аспаптар

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть