Слайд 21Мәңгілік елдің- Мәңгілік тілі
Тіл –ең басты байлығымыз. Қазақ
тілі – ең ұлы және тамаша тіл.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Бұл – ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.
Өткен ғасырда қазақтың бас бостандығы үшін күресіп, құрбандығы болған қайраткеріміз Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына» – деген екен.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бүгінде елімізде ұлтты ұйыстыру мен халықты біріктірудің басты факторына айналып отырған – мемлекеттік тіл екендігі баршамызға белгілі.Осыған орай облыс әкімі аппаратының 2017 жылғы 20 ақпандағы №08/1233 және облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №05/768 санды хаттарына сәйкес, мемлекеттік тілді меңгеру арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы тұрақты, жыл сайын ұйымдастырылып, «Мың бала» мәдени ағартушылық жобасының мақсаттары мен міндеттерін басшылыққа ала отырып, мектепішілік жоспар құрып, біршама іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтар болсақ: мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пән маманы Мирзараимова С «Тіл мектебі» авторлық курстар, Сарсенбаев А «Күш атасын танымас» ұлттық және спорттық ойындар, Олжатаева Ж «Кемел елдің-кемеңгер қаламгерлері» эссе байқауы, Ибрагимова Д «Асыл сөз» шешендік өнер сайысы, Ергешова С «Қазақ тілінің-білгірі» сайысы, «Кемел елдің-кемеңгер қаламгері» жас ақындар сайысы, Ирисбекова Д «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы, Убайдуллаева М «Тапқыр болсаң-талас жоқ» викториналық сайысы, «Өнер алды- қызыл тіл» ұстазы мен оқушылар сайысы, Юлдашева Д «Қазақшаңыз қалай?» ата-ана мен оқушылар байқауы, «Күш білімде» байқауы, Ибрагимова Д «Жұлдызды сәт» сайыс сабақтарын өткізді. Осы аталған іс-шаралар қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, мектепішілік мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды.
Қорыта айтқанда елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі - Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.
«Шыпан» жом қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік жетекшісі С. Ергешова