Слайд 1Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
«Өрлеу» БАҰО «АҚФ» Алматы облысы бойынша
педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Орындағандар: Т.Рықұлов атындағы №16 орта мектеп
Математика пәні мұғалімі: Айтугулова А.С.
Талғар 2015
Ғылыми жобаның тақырыбы::
Мүмкіндігі шектеулі балалардың өзін – өзі бағалау ерекшеліктері
Слайд 2Ғылыми жобаның
өзектілігі
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Слайд 3Қ.Р Президентінің 07.12.2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасы инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді қарастырады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау»туралы заңы қабылдады.Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру ,әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған.
Слайд 4
Инклюзивті білім беру –
мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы
білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Мәселен арбамен қозғалатын балалар үшін мектептерде арнайы панустар өзге де мүмкіндіктер қарастырылуы керек. Бұл индикаторлар 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген.
Слайд 5
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі балалардың тұлғасының ерекшеліктері, яғни
өзін-өзі бағалауы, қарым – қатынас, мінез-құлық туралы мәселелер зерттеушілердің назарын аудартуда.
Сондықтан да, бiздiң ғылыми зерттеуiмiзде болашақ ұрпақтың, әсiресе мүмкіндігі шектеулі балалардың адемгершiлiктiк-өнегелi қасиеттерiнiң жоғары және iзгi ниеттi азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өзiн-өзi бағалауы маңызды болып табылады.
Слайд 6 Адам тұлға ретiнде өзiн-өзi
бағалаушы тiрi ағза. Өзiн-өзi бағалаусыз өмiрде өз тағдырын шешу қиын, тiптi мүмкiн емес. Өзiн-өзi бағалау өзiнiң бойында белгiлi қасиеттердiң барлығының деңгейi жөнiндегi адамның пiкiрi. Бұл адамның өзiне бағалаушылық қатынастарының пайда болуы. Өзiн-өзi бағалау, ең алдымен талдау, теңестiру, iрiктеу, ойлау операциясының нәитижесi.
Кеңес психологиясының ғылымында өзiн-өзi бағалау мәселесi тұлға дамуының контекстiнде не сана–сезiм мәселесiнде анықталады. Өзiн-өзi бағалауда iшкi үлгiге танылатын қасиеттердiң алға басуы, бағалы шкалалармен өзiнiң сипаттамаларын салыстыруы, өзiне деген қатынасының бейнелену формасы, тұлғаның белсендiлiгiнiң, бағыттылығының бейнеленуi өзiн-өзi реттеудiң құралы ретiнде көрiнедi. Б.Г.Ананьевтiң, С.Л. Рубинштейннiң еңбектерiнде өзiн-өзi бағалау сана-сезiм үрдiсiнiң өзегi,оның бөлетiн бастамасы ретiнде түсiндiрiледi
Слайд 7
Ғылыми жобаның
мақсаты:
Қазіргі кезеңдегі мүмкіндігі шектеулі балалардың өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерiн жан-жақты қалыптастыру.
Слайд 8Ғылыми жобаның міндеттері
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша теориялық
материалдарды талдау
мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлеріне талдау жасау, сараптау, бақылау
орталықта, арнайы мектепте, жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету жүйесін орнату, құру.
Слайд 9 Ғылыми болжам
Егер, мүмкіндігі шектеулі балалардың тұлға ретінде
қалыптасуына әрекет етсек, онда олардың өзін-өзі бағалау деңгейі жоғарлайды, өйткені балалардың жақсы жетістікке жетуіне септігін тигізеді.
Слайд 11
Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру
үшін қажетті арнайы жағдайлар
Слайд 13 “Өзіңді бағалау”
Неғұрлым
бағалаушы болудан гөрі, бағаланушы болған жөн. “Көңіл - күйге ортақтасу” жеке тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалармен әңімелесе отырып, олардың жан дүниесімен танысуға болады. Егер бала көңіл сырын сеніп ашса, мұқият тыңдап, қолдау көрсету керек.
Слайд 16қоғам
Қоршаған орта
Әлеуметтік
тұқымқуалаушылық
Өзін – өзі бағалауы
“МЕН”
тұлға
Слайд 17 “ Мен – ғажаппын!” әр адам өзіне қаншалықты баға
берсе, соған соншалықты лайық болады.Тұлға ретінде қалыптастыру үшін өзіндік өмірлік іс – әрекетін лайықты бағалай білуін қалыптастыру керек. Өзіне арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айтқызу . Өзін – өзі дұрыс бағалай білуін түсіндіру . Әр баланың өзіне арнаған жақсы, жағымды, мадақтау, мақтау сөздері болуы керек. Мысалы,
- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.
- Мен ғажаппын, мен кереметпін.
- Мен тамаша жанмын.
- Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.
- Мен сабырлымын,салмақтымын.
- Мен әділетті, адал жанмын.
- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.
- Мені ешкім жолымнан тайдыра алмайды.
- Менің қолымнан бәрі келеді.
- Мен үшін өмірдің қызығы мол.
- Мен бәріне ризамын.
- Мен бақытты адаммын.
Слайд 18
Қиял процесін дамытуға арналған жаттығулар
«Жүгіру ассоциациясы» ойыны.
Мақсаты: Балада белсенді
қиялды дамыту.
Бірінші қатысушы кез-келген сөзді айтады. Екіншісі оған өзінің сөзін қосады үшінші адам осы екі сөзді қосып, бір сөйлем құрайды. Сөйлемнің мағынасы болу керек. Содан кейін ол жаңа сөз ойлап шығарады, ал келесі қатысушы екінші және сөйлемнің үшінші сөзін байланыстырады. Тапсырманың мәні жаттығудың біртіндеп жылдамдығын қосу болып табылады.
Мысалы: жарық, тал: «Мен талға мініп алып, алыста жанып тұрған, терезедегі жарықты көрдім».
Слайд 19
“Анам мені не үшін жақсы көреді?” ойыны.
Мақсаты: Құрбылар алдында әр баланың
маңыздылығын жоғарылату.
Мазмұны: Барлық балалар шеңбер бойынша отырады. Әр балаға анасы оны не үшін жақсы көретінін айтып өтуді ұсынады. Топтың ішінен бір баладан қатысушы бала-анасы оны не үшін жақсы көретінін қайталауы қажет.
Ескерту: Балалар өзгелер үшін маңызды екендіктерін көрсеткісі келіп: анасы баланы ыдыс жуғандығы үшін, кітап жазуға кедергі келтірмегені үшін, кішкентай қарындасын ренжітпегені үшін жақсы көретінін айтады.
Слайд 20Тренинг өткізуде орын-далатын жаттығулар.
Слайд 21Қорытынды:
Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамда өрескел көзқарас қалыптасқан. Балалардың
құқықтары мен мүдделерін сақтау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі мүмкіндігі шектеулі балалардың тіршілігін оңалту болып табылады, сапалы білім алуға, қашықтықтан оқытуға мүмкіндік алу үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өзін – өзі бағалау ерекшеліктерін зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірбиелерге сүйене отырып, балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасау болып табылады.
Слайд 22 Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі баланың
өз-өзіне сенімін артады,ол маңайындағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл баланың өзін-өзіне бағалай білуіне,қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына,өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады
Слайд 23«Бәріміз
бірдейміз –
кемсітуді білмейміз»