Жас зерттеуші Сейтжан Г. өзінің тырнақалды «Зер қадірін зергер білер» атты туындысын мұражайларға ұсынуды парыз санады.
Жас зерттеуші Сейтжан Гүлсезім Сейтжанқызы жақсы отбасында тәрбиеленіп, өсіп келеді. Әкесі Ахмет Сейтжан Атығайұлы қарапайым, еңбекқор жан, анасы Балова Бақыт Өмірбекқызы Арқалық қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның І санатты ізденімпаз ұстазы, ал ағасы Сейітхан Аманкелді Алматы қаласында ҚазҰУ журналистика мамандығының студенті. «Жастар жырлайды» телевизиялық айтысының белсенді қатынасушысы. Тәтесі Атығай Жансая Сейітханқызы Алматы қаласы «Бөбек» колледжі, «Өзін-өзі тану» мамандығында оқиды.