Слайд 1Ерлік елге мұра - ұрпаққа ұран
Сол күндердің
ұмытылмас даңқы
Слайд 2Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
Ұлы Отан соғысындағы жеңіске биыл 70 жыл.Бұл
жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ.1418 күнге созылған қанды шайқас 27 млн. адамның өмірін қиылды.Талайларды әкеден, анадан, баладан, ағадан, бауырдан айырды, талайлардың үмітін үзді. Елін шексіз сүйген халқымыз өз Отанын қорғап қалды. 2 млн-нан астам қазақ өз еркімен елін, жерін қорғау үшін майданға аттанды.Оның көбі майданда ерлікпен қаза тапты. Тірі қалғандары елімен қауышты. Ойыл жерінен 2600-ден астам адам Отан қорғау үшін, қолдарына қару алап, жан аямай күресті. 974 елге оралмай, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан. Оның 432 адамы іс түссіз жоғалып кеткен. Қазірде олардың қай жерде жерленгені де белгісіз.
Ойылдық жауынгерлер неміс фашистеріне қарсы күресте майданның барлық жерлерінде ерлікпен шайқасты. Мұхат Құбаев,Құлымжан Мамедов,Қанатбай Сәрсенғалиев, Хамит Сисенғалиев, Тоқтар Мұсабеков,Найзабай Жолдасбаев,Қарақұл Елеусінов фашизмнің ордасы Берлинді алуға қатынасса, Орынбасар Асанов, Бахыт Наурызов, Бернияз Аманғосов, Жоныс Бақтыгереев революция бесігі болған Ленинградты, Шам Пангереев, Әдиет Нұрқасов, Аққыстау Тілепов, Мұса Құрманов Сталинградты қорғауға қатынасты
Соғыс халқымызға орны толмас қасірет алып келді. Бірақ әр майдангер ұрпағының жүрегінде аталардың ерлікке толы істері көңілге мақтанышпен қуаныш ұялатады.
«Ешкімде, ешқашанда ұмытылмайды!». Өткенсіз бүгін, бүгінсіз болашақ жоқ. Кешегі өткен күндер тарих болып хатталады. Ұлт тарихындағы елеулі оқиға – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Ол–тарих. Ешқашан өшпек емес. Кешегі Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен соғыс және тыл жауынгерлерінің, қала берді сол уақытқа тұспа-тұс келген ұрпақтың өмірі оңай болмады. Бүгінгі бейбіт күнге тәу ете отырып, өткенді еске аламыз.Ұлтымен ұлысына қарамай қан кешкен ата-бабамыздың ерлігін әспеттеп, тағзым ету біздің парызымыз. Бүгінгі бейбіт күнге тәу ете отырып, өткенді еске аламыз.
Слайд 3Ойылдық батыр Н.Н. Оноприенко
Николай Николаевич Оноприенко(19.12.1911, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылы
- 12.11.1979, Ресей, Орынбор қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, әскери қайраткер, дивизия командирінің орынбасары, гвардия полковнигі. Кеңес әскері қатарына 1930 жылы шақырылған. Термез қаласындағы (Өзбекстан) полк мектебін, жаяу әскер училищесі мен командалық құрамның білім жетілдіру курсын тәмамдаған. 1941 жылдың күзінде Батыс майданға қарасты 16-армияның атқыштар батальоны командирлігіне тағайындалды. Гвардия полковнигі Оноприенко 2-Беларусь майданы 65-армия 37-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында 1945 жылдың 19-21 сәуірінде Одер өзенінен (Польша, Щецин қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан Колбасково елді мекені) 45-мм зеңбіректердің өтуін ұйымдастырды. Оноприенконың дивизиясы плацдармды басып алып, жаудың 12 қарсы шабуылын тойтарды. Одер-Висла операциясы кезінде көрсеткен ерлігі үшін Оноприенкоға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (29.6.1945). Соғыстан кейін Оноприенко әскери қызметін жалғастырды. 1954 жылы запасқа шығып, Орынбор қаласында жұмыс істеді. Ленин, 3 рет Қызыл Ту, 3-дәрежелі Суворов, 3-дәрежелі Кутузов, Александр Невский, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.[1]
Слайд 4ӘКЕМ ЖЕҢІСТІ БЕРЛИНДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ
Ойыл ауданынан майданға 2600-ден астам
адам аттанған екен.Оның 674-і елге оралмапты. Қан майданнан аман –есен елге оралгандардың бірі – әкем Хамит СисенғалиевОл 1926 жылы Ойыл ауданы Талтоғай елді мекенінде дүниеге келген.
1932 жылы анасы ,1939 жылы әкесі кайтыс болып , жетімдіктің тауқыметін тартып.
Менің әкем 1944жылы майданға аттанып,1945 жылы жеңісті Берлинде қарсы алды.Ұлы Отан соғысында «Ерлігі үшін», « Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен , « Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды.Анамыз Қанзиямен бірге отау құрып, 7 баланы тәрбиелеп , өсірді.Оралдағы ауыл шаруашылық техникумында білім алды .Әр жылдары колхоз басқармасының орынбасары ,агроном, ферма басқарушысы болып еңбек етті. 1981 жылдың карашасынан бастап зейнеткерлік демалысына шықты.Анамыз Қанзия екеуі шаңырақ қөтергендеріне 50 жыл толған алтын тойларын тойлады.Ұлы Жеңістің 60 жылдығында Астанада өткен Жеңіс шеруіне қатысып,құрметке бөленді.Әкеміз Жеңістің 63 жылдығын қарсы алмас бұрын бұл өмірден озды.Әркашан ұрпағыңның жадындасын әкешім...
Ұрпақ үшін ұмытылмастай мәңгі есім
Слайд 5Ол күндердің белгісі өшпейді
« ...Соғыс туралы айту ауыр тиеді
маған.одан бері күн мен жылдың арасы алыстағанымен, сұм соғыстың жарасы жазылмақ емес. Соғыс деген біздің жоғалтқан жастығымыз , бал дәурен жастық шағымыздың соғыстан басталарын білмедік, бірауық бала болып ойнамадық. Соғыс деген арманда кеткен боздактардың «тағдыры» деп қинала әңгімесін бастады әкем. Ағам Қаби, соңынан ілескен мен.Тағдыр бізді маңдайымыздан сипамады.1939 жылы шешем дүниеден озса ,1939 жылы әкем қайтыс болды.
Жетімдіктің ауыр жүгін көтеріп өстім.Сондай қиын күндердің бірінде ағам майданға аттанды.1942 жылы қолынан жараланып келіп,1943 жылы майданға қайтадан аттанды ,сол кеткеннен оралмады.Хабарсыз кеткендер қатарына қосушы едім.1990 жылы іздеу хатыма «Сіздің ағаңыз Қаби Сисенғалиев 1943 жылың желтоксан айында Суходелъск селосында бұрынғы Батуман селосы, Долинск ауданында жерленген»- деген хат алдым.Соғыста жалғыз бауырын жоғалткан мен емес, менің ағам сияқты каншама боздактар орындалмаған армандарын арқалап құрбан болды.Тек қуанатынымыз құрбандықтың өтелгені. Балаларым, Отан үшін от кешкен, кеудесін отқа төсеген жауынгерлердің өшпес ерлігі мен жасын ғұмыры мына жарқын да, бейбіт өмірдің өтеуіне келген қымбат нәрсе. Ал өзім 1944жылы майданға аттандым.1945 жылы 2 мамырда Берлин түбінде жараланып,1946 жылы елге оралдым.Сол кезден бастап,еңбек майданында қызмет еттім.Тәңірдің бұйырған несібесіне шүкіршілік етіп өмір сүріп келеміз. Бірақ та күн өткен сайын соғыстың салған сол бір жарасы бауырым ойыма орала береді.Егер тірі болса 80-ге толады екен» - деп үнсіз отырып қалды.
... 1990 жылы іздеу хатыма «Сіздің ағаңыз Қаби Сисенғалиев 1943 жылың желтоксан айында Суходелъск селосында бұрынғы Батуман селосы ,Долинск ауданында жерленген»- деген хат алдым...
Слайд 6
... Қуанатыным – бауырымның есімі Ойылдың орталығындағы соғыстан оралмағандардың
тізімі көрсетілген ескерткіш тақтаға жазылды...
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ардагерлерге.
Жиналған мынау жамағат, Ойылдың ардагерлері, Бүгінгі жиын салтанат, Еске алу кешегі ерлерді.
Сарғая күткен сағынып,
Сарқыла күткен армандар.
Бас иіп тұр табынып.
Сағына күткен тарландар.
Отаны үшін жан қиған,
Жалынды ерлер жастарым,
Ағайын- туыс, барлық жан,
Қастерлеп иген бастарын.
Арманда кеткен арыстар,
Халқы үшін жанын пидп етіп,
Заманың бәлкім алыстар,
Ұрпағы келеді ер жетіп
Баласын күткен аналар,
Боздағын күткен көре алмай.
Бауырын күткен ағалар,
Күнбатыстан көз алмай.
Шарасы толып көз жасы,
Елу жыл күткен бауырын.
Жазылған атың көк тасқа,
Ардақтап оқыр аруың.
Қешіргің бізді ,аруақтар,
Кешігіп жазылды аттарың.
Ескерткіш мәңгі орнаткан Өзіңнің бауырластарың.
Аққулар ұшып төбеңнен,
Қиқулап сәнді ұраны.
Немерең менен шөберең,
Гүл қойып жылда тұрады.
Тебіреніп тұр жырауың,
Бүгінгі ғұрып-салтыңа,
Арналды осы жыр әнім,
Отанын сүйген халқыма.
(Жалғасбай Есенғалиев)
Слайд 7БІЗ ДЕ ӨРТ СӨНДІРГЕНБІЗ
Біздің Ойыл ауданы отызыншы жылы құрылғанмен арасында жабылып
қалып,соңында 1965 жылы қайта ашылды.Сол жылдың караша айынан бастап, ауданда өрт сөндіру командасы құрылып ,соған мен бастық болдым.Менің қарамағымда он адам жұмыс жасады.Арнайы орнымыз жоқ.Ішкі істер бөлімінің кезекшісінің қасында ,солармен бірге аядай бір бөлмеде отыратын едік.Көршілес Қобда ауданынан екі өрт сөндіретін автомашина алдық.Ол техникалар далада тұрады,арнайы гаражымыз жоқ.Өрт шыққан уақытта өте қиын ,әсіресе қыстың күндері.Су сору үшін Ойыл өзенінің мұзын оятын едік.Жаз айларында ауданның Берсиев,Кұрманов ,тағы басқа жақын шаруашылықтарында шыққын өрттерді сөндіруге де барып жүрдік.Сондай шалғай жерлерде жүргенде аудан орталығынан өрт шықты деген хабар жетіп, жедел кейін кайтатын уақыттарда кездесті.Сондай киын жағдайларда да өрт сөндірушілер құрамы қабақ шытпай жұмыс жасады.Мен бұл салада 1968 жылдың ортасына дейін қызметте болдым.Ішкі істер бөлімі ,прокуратура ,сот мекемесінің бастауыш партия ұйымының хатшысы болдым .Содан кейін кейін шаруашылыққа жұмысқа ауыстырды.Қандайма жұмыс болмасын өз қиыншылығы болады ғой .Алайда сол кездегі өрт сөндірушілер уақытпен санаспайтын . Бөшкемен , шелекпен білекті түріп жіберіп тілсіз жаумен арпалысатын едік. Біз де осылай өрт сөндіргенбіз.Қазір шүкір ,каншама заман қиын дегенмен тап сол кездегідей емес.Өз жұмысыңды сүйе білу кажет.Бұны айтып отырған себебім,қазір аудандық өрт сөндірушілер жағдайлары жақсы ғой.Өз алдарына жылы гараждары , отыратын ,жататын орындары бар.Кезекшілердің бөлмелері жарықта та жылы ,ішінде отырып тамақтарын ішеді, теледидар көріп тамашалайды .Төтенше жағдай болған уақытта өрт сөндіретін екі машинасы суымен дайын тұрады.Телефон байланысы бар .Бұл облыстан алыс біздің аудан үшін жұмыс жасауға үлкен жетістік деп есептейміз.Ең бірінші ауданда өрт сөндіру командасы сондай қиындықпен құрылды,бірақ арты қайыр болып,жақсы жолға қойылды.Ауданымыздың өрт сөндірушілер құрамы жақсы жұмыс жасап келеді.Биылғы өрттен қорғау ұйымының құрылғанына 80 жыл толуына біздің ауданның өрт сөндірушілерінің де қосқан сүбелі үлесі бар екені анық. Өрт сөндірушілерді мекекелерімен құттықтап , отбастарына аманшылық,жұмыстарына жеміс тілеймін.Жұмыстарың абыройлы болсын.
Суретте : Х.Сисенғалиевтің 1967 жылы өрт сөндірушілердің командасында жұмыс жасап жүрген кезі.
Слайд 8Астана. Салтанат сарайы
Хамит атаның тек қана аудан ішінде ғана емес, Республика
көлемінде танымал, сөзі өтімді кісі екенін осыдан да байқауымызға болады. «Салтанат сарайында» Ұлы жеңістің 60 жыл мерекесіне орай болатын Астанадағы Шеруге қатысатын республика бойынша 20 ардагер баратын болса, соның ішінде біздің өлкеміздің ардагері Сисенғалиев Хамит ата да елбасымыздан арнайы шақыру билетін алған болатын.
Слайд 9ЖОЛЫҢЫЗ БОЛСЫН !
Жеңіс мерекесіне орай Астанада өтетін салтанатты шеруге облысымыздың әр
ауданынан 20 ардагер шақырылып отыр.Олардың ішінде Ойылдық ардагер Хамит Сисенғалиев те бар.
Слайд 10Қоштасу
О, өңшең қыран алыптар,
Түс ауып бесін болғанда
Амандасып қол алып,
Ағайын,
ата-анамен,
Апа, іні, қарындас,
Жасы үлкен ағамен,
Ұлы Ойылдан біз шықтық,
Лау шегіп шанамен,
Шыққаным жегіп ен малдан,
Кеспейтін шабан ежелден
Қара бура еді колходан,
Шыбын құрлы көрмейді,
Таяқпен қанша ұрғанын,
Көп ұрсаң жүрмей шегеді,
Қасына барсаң жақындап
Үстіне жынын төгеді.
Қасыма еріп шыққанын,
Құрымбай, Хамит ер еді,
Көлік жүрмей екеуі.
Қарекей, Шыңғыс төртеуі.
Күнде бір суық жел алдан,
Жаяулап еріп келеді,
Қалу жоқ қой далада,
Жегіліп жүріп біз келдік,
Ақтөбе атты қалаға.
(Ойылдық ардагер ақын Жалғасбай Есенғалиевпен соғысқа бірге аттанып бара жатқандағы қоштасуы)
Слайд 11Ата дәстүрін ұлықтар ұлдар барда, ерлердің даңқты істерін жалғастырар сергек көңіл
ұрпақ барда ерлік ұмытылмайды, мәңгі жасай бермек
Жеңіс шеруіне барып еді…
Осыдан бес жыл бұрын менің атам Хамит Сисенғалиев Астанаға жиырма ардагердің қатарында Ойыл ауданынан Жеңіс шеруіне барып қайтты. Сол кезде ол өзін өте бақытты сезінді. «Осындай мерекені тойлау көптеген адамдарға бұйырмады ғой» деп соғыстың қасіретті күндерін налып еске алатын.
«Соғыс туралы айту маған ауыр, соғыс деген біздің жоғалған жастығымыз, арманда кеткен боздақтардың тағдыры» деп әңгімесін қинала бастайтын еді.
Атамның ағасы Қаби соғыс басталғанда майданға аттанады. Содан 1942 жылы қолынан жараланып келіп, 1943 жылы қайтадан жау ордасын талқандауға сапар шегеді. Сол кеткеннен оралмайды.
Ал Хамит атам әскер қатарына 1944 жылы алынып, 1945 жылы 2 мамырда Берлин түбінде жараланады. Елге 1946 жылы ғана келеді.
Сол атамның дүниеден өткеніне де екі жылдан асты. 2005 жылы оның бір топ майдангерлер қатарында Елбасымен бірге тұрған бейнесі теледидар арқылы беріліп еді, сол сәт көз алдымда әлі күнге дейін сақтаулы…
Есет ХАМИТОВ
студент
Слайд 12Ата дәстүрін ұлықтар ұлдар барда ерлердің даңқты істерін жалғастырар сергек
көңіл ұрпақ барда ерлік ұмытылмайды, мәңгі жасай бермек
Слайд 13Аудандық музейдегі Хамит атаның суреттері
Ойыл энциклопедиясы
кітабындағы суреті
Слайд 14...Солай ботам, жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ,
Елін сүйген ер жүректер ел
намысын берген жоқ
Сол мекенді таптамасын енді қайтіп жауымыз
Өлгендердің рухы бізбен жасайды, олар әлі өлген жоқ.
Азамат боп, ақта ботам, атаңның ақ сенімін,
Адалдық пен батылдық, ар болсын дәйім серігің
Бабаң қанын төгілгенін, көмілгенін ұмытпа.
Өзің өскен топырағыңда, тыныш тербет бесігін.
Тыныштықтың тал бесігін тербетейік мәңгіге
«Оттан да ыстық болсын – Отан», -тілегім сол бәріңе
Көненің көзі- тарихтың өзі дегендей, бұл кісілер қазір жанымызда болмаса да, олардың бізге сыйлаған бейбіт күні мен түні үшін, жарқын болашақ үшін біз аталарымызға мәңгі қарыздармыз. Олар біздің жадымызда, келешек ұрпақ жадында мәңгі сақталады...
Аспанымызда жеңіс туы желбірегенінен 70 жыл. Отанды қорғау отанға деген патриоттық сезімнің шынайы үлгісін көрсеткен ерлеріміз жеңіс шежіресіне алтын әріппен жазылып, жас ұрпаққа қазақстандық патриотизмнің үлгісі болып қала береді. Қазақ халқының бұл ерлігі ұрпаққа ұран, елге мұра болмақ. «Тарих тек ғылым үшін зерттелмейді, ол ең алдымен тарихтан сабақ алу үшін зерттеледі деген» елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөзімен тұжырымдаймын.
Слайд 15Дайындаған : Сисенгалиева Сағыныш
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы
Ойыл қазақ орта
мектебінің 7-класс оқушысы
Жетекшісі:Ақтөбе облысы Ойыл ауданы
Ойыл қазақ орта мектебінің жоғары санатты
Тарих пәні мұғалім:Сисенғалиева Люба Хамитовна