Слайд 1
№10 С. Мұқанов атындағы орта мектептің химия, биология пәндерінің мұғалімі
Есқалиева
А.К.
Атырау 2015
Слайд 2
Тақырыбы: Жай және күрделі заттар. Салыстырмалы атомдық
масса. Салыстырмалы молекулалық масса
Сыныбы: 8 «А»
Слайд 3
Сабақтың тақырыбы: Жай және күрделі заттар. Салыстырмалы атомдық масса. Салыстырмалы молекулалық
масса.
Сабақтың мақсаты: Жай және күрделі заттарды ажырата білуге, заттың сандық және сапалық құрамын, салыстырмалы молекулалық массасын есептеуге үйрету. Химиялық қосылыс, химиялық қоспа ұғымдарын мысалдар арқылы айыра білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Бағдарлама мен оқулық бойынша білім негізін меңгеру, химиялық білімін жоғарылату, тапсырмаларды орындау барысында логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге үйрену, білім бағытын және мазмұнын жетілдіру арқылы қорытындысын көру.
Қолданылатын модульдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, диалогтік оқыту
Стратегиялық іс-әрекет: «Топтық жұмыс», «Венн диаграммасы», «семантикалық карта», «графикалық диктант», «синквейн», «еркін жазу», пән аралық байланыс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа тақырып
IV. Бекіту
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау
Слайд 5 Өзі физик, геолог жер зерттеген,
Географ та одан асып өтпеген.
Қазанда алғаш шыныны да қайнатып,
Қандай ғалым туған елін етті өлең?
(М.В.Ломоносов)
Элементтерді жүйелеуге әркімдер-ақ еңбек еткен,
Ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен.
Заманында 63 элементті топқа бөліп,
Заңдылықты ашуға кімнің қолы жеткен?
(Д.И.Менделеев)
Ғалымның әр жұмысы бір-бір дастан,
Химияның дамуына үлес қосқан.
Латынша таңбаларды ойлап тауып,
Кім еді символдардың сырын ашқан?
(Я.Берцелиуc)
Слайд 6 Заттың физикалық қасиеттері
Агрегаттық күйі: Қ - қатты, С - сұйық,
Г - газ тәріздес
Түсі: Т(жасыл), Т - түссіз
Иісі: И(өткір), И - иіссіз
Суда ерігіштігі: Е - жақсы ериді, АЕ - аз ериді, ЕМ - ерімейді
Температура: tқайн. - қайнау температурасы, tбал. - балқу температурасы,
tкр. - кристалдану температурасы (анықтамалық бойынша).
Слайд 131-топ: Салыстырмалы молекулалық массасын есепте
Топ жауабының жиынтығы:
Слайд 142-топ: Салыстырмалы молекулалық массасын есепте
Топ жауабының жиынтығы:
Слайд 153-топ: Салыстырмалы молекулалық массасын есепте
Топ жауабының жиынтығы:
Салыстыр
Мr (H2SO4) Mr (H3PO4)
Mr (N2O5) Mr (P2O5)
Mr (PH3) Mr (NH3)
Mr (SO3) Mr (SO2)
Mr (O2) Mr (O3)
Mr (C6H12O6) Mr (C12H22O11)
Мәтінмен жұмыс
Жай және күрделі заттарды теріп жазып, жікте
Жазира үй жинап, тазалағанды ұнатады. Бүгін де анасынан үйренгені бойынша алдымен ізбес суын әзірлеп бөлме қабырғасының ластанған жерлерін әктеді. Еденді хлор қосылған сумен жуып алды. Онан соң тамақ қамына кірісті. Алма қосылған тәтті бәліш дайындауды ойлады да қамырдың құрамына ас содасын, тұз, қант, май қосты. Ендігі кезекте салат дайындауды ойға алды. Қараса, үйде сірке қышқылы жоқ екен, жүгіріп дүкенге барды. Күн жаңбыр еді. Абайсызда сүрініп кетіп, темірге аяғын соғып, жарақаттап алды. Үйге келген соң алдымен қолын жылы сумен, артынан спиртпен жуды да, жараға иод жағып таңып тастады. Аяғының ауырғанына қарамастан айна алдына келіп күміс сырға, сақинасын тағып үсті-басын ретке келтірді. Туыстарын тәтті бәлішпен қарсы алатыны есіне түсіп жүзіне күлкі үйірілді.
Жай заттар:
Күрделі заттар:
Слайд 18Ол не?
1. Реттік нөмірі, салыстырмалы атомдық массасы, өзіндік химиялық таңбасы
бар, ол не?
2. Табиғатта үш түрлі күйде болатын еріткіш зат, ол не?
3. Жылуды және электр тогын жақсы өткізетін, майысатын, тапталатын, созылатын, металдық жылтыры бар, қызғылт-сары түсті зат, ол не?
4. Тіршілік үшін маңызы бар заттар, ол не?
5. Ауа құрамында 78% болады, ол не?
6. Химия өнеркәсібінде шикізат болатын, тұрмыста тамаққа дәм беретін зат, ол не?
7. Қазақстанның байлығы, «қара алтыны», ол не?
8. Адам организмінде, сүйек пен тіс эмалінде болады, ол не?
9. Қара металлургияның «наны», ол не?
10. Құрамына 12 көміртек, 22 сутек, 11 оттек атомдары кіретін зат, ол не?
тапсырма:
§ 6,8
Эссе жазу: “Мен мыспын”
Реферат: “Адам ағзасындағы химиялық элементтер және олардың қызметі”