Слайд 1ТАҚЫРЫБЫ: Таңғажайып құрылымды ауыз суы және ауыз су проблемасы
Дайындаған: Абызбекова Г.М.
Химия
және экология кафедрасы
Слайд 2Су дегеніміз не?
Ғалымдар судың физикалық және химиялық қасиеттерін көптен бері
зерттеп келеді. Оның біздің планетамыздағы басқа сұйықтықтардан ерекшелігі - біруақытта үш агрегаттық күйде (сұйық, газ, қатты) бола алатын жалғыз зат. Ал тығыздығы минустық температурада ұлғайып, нөлден жоғары кезде азаюын осы күнге дейін ешбір ғалым түсіндіріп бере алған жоқ. Кез келген зат қатқанда сығылады, ал су, керісінше, ісінеді. Судың химиялық құрамы - H2O.
Су - жер бетіндегі тіршіліктің негізі
Слайд 3Суды зерттеу
Қарапайым адам түгілі, бүкіл саналы ғұмырын суды зерттеуге арнаған ғалымдардың
өзі су туралы әлі ештеңе білмейтіндерін мойындаған. Қаншама ғасырлар бойы судың физика-химиялық қасиеттерімен бас қатырып жүрген оқымыстылар бар гәптің судың қасиеттерінде емес, құрылымда екеніне көз жеткізіп отыр
Слайд 4Суды зерттеу тарихы
1976 жылы бір топ ғалым таңғаларлық гипотеза жасады. Олардың
ойынша, судың жады (память) бар! Кәдімгі сіз бен біздің немесе компьютердің жады сияқты. Мейлі қалай елестетсеңіз де, бірақ әлемнің түкпір-түкпірінде жасалған эксперименттердің дәлелдеуінше, кез келген мөлшердегі су сол жердегі барлық ақпараттарды өз жадына сақтап отырады. Бұл процеске судың химиялық құрамы мүлде қатыспайды. Ең негізгі жұмысты судың молекулалық құрылымы атқарады.
Слайд 5Судың құрылымы
Судың кішкентай ғана молекулаларынан құралған топ кластер деп
аталады. Дәл осы кластерлер, яғни су жадының ұяшықтары, барлық «көрген», «естіген», «сезген» ақпараттарын үнтаспаға жазып алғандай сақтап қалады. Молекулалар өзара байланысып келіп құрайтын әр ұяшықта 440 мыңға жуық ақпараттық тақташалар болады екен. Өз кезегінде осы тақташалар сыртқы ортамен жеке-жеке байланысқа түсіп, онда болып жатқан әрбір өзгерісті қалт жібермей «тіркеп» отырады.
Слайд 7Пенсильвания университетнің профессоры Рустум Ройдың айтуынша, кластердегі молекулалар өзара орын ауыстырып
немесе біреуінің орнына жаңадан біреуі келіп, кластерді үздіксіз жаңартып отыра алады. Соның нәтижесінде судың жадындағы ақпараттар миллиондаған жылдар бойы сақталып тұрады.
Молекулалар құрылымын судың әліпбиі деп қарастырса, сол әріптерді құрастыра отырып, онда жазылған ақпаратты оқуға болар еді.
Слайд 8Профессор Константин Коротковтың зертханасында жасалған тәжірибеде шыны ыдысқа құйылған суды қоршай
тұрған бір топ адам сол суға тек мейірім мен махаббатын, алғыс пен шапағатын сыйлаған. Ал екінші ыдыстағы суға дәл сол адамдар қарғысын жаудырып, өшпенділік пен кекшілдік танытқан. Нәтижесінде бірінші ыдыстағы судың энергетикалық құндылығы артып, табиғи тұрақтылығы күшейе түссе, екінші ыдыстағы су керісінше күйге душар болған.
Слайд 9Тұрғындар мыңдаған жерден құбырлардан аяусыз айдалып, небір қуатты сүзгілерден өткізіліп, жол
ортада қаншама пәтерлерден жаман сөздер мен қатерлі ақпараттар жинап, молекулалық құрылымы шегіне дейін бұзылып, әбден «өлуге» таяп жеткен суды пайдалануға мәжбүр.
Осының өзі адамның денсаулығына кері әсер етіп, ағзаларын бүлдіреді. Сонымен қатар, олардың мінез-құлқына да белгілі дәрежеде зиянын тигізеді.
Слайд 10Әр адамның жас мөлшеріне қарай денесіндегі су қатынасы 70-90%-ды құрайды. Күн
сайын әр адам 2,5 литр су ішеді, тағы 1,5 литрін душ немесе ваннаға шомылу кезінде терісі арқылы қабылдайды. Енді өзіңіз ойлаңыз, жер шары су құйылған ең үлкен ыдыс, ал әртүрлі тіршілік иелері мөлшеріне қарай су толтырылған үлкенді-кішілі тостағандар. Сол судың құрылымы қандай болса, тостағанның, яғни, адамның болашағы да сондай болмақ. Өйткені ағзадағы су сырттан келген әрбір ақпаратты еріксіз түрде өз бойына қабылдап, сақтап отырады.
Слайд 111995 жылы Жапония ғалымы Эмото Масару жеке-жеке ыдыстағы суларға әртүрлі музыка
тыңдатқан. Іле-шала сол тостақтардағы суды қатырып, олардың әрқайсысының молекулалық құрылымдарын микроскоп арқылы көрген. Сол кезде Бах, Моцарт, Бетховен сынды классиктерді тыңдаған судың молекулалары симметриялық кристалл күйде қатқан, ал қазіргі жастардың өліп-өшіп тыңдайтын поп, рок сияқты музыкаларын естіген су молекулаларының кристалды құрылымы адам танымастай болып өзгеріп, қорқынышты форма қабылдаған.
Слайд 121-сурет. Ешқандай әсер берілмеген су кристалдары;
2-сурет. Бұлақ суы;
3-сурет. Антарктикалық мұз кристалдары;
4-сурет.
Бетховен музыкасын тыңдаған су кристалдары;
Слайд 135-сурет. Ауыр металл рок музыканы тыңдаған су кристалдары;
6-сурет. «Сен жынды» деген
сөзбен әсер еткен су кристалдары;
7-сурет. «Сен періштесің» сөзі айтылған су кристалдары;
8-сурет. «Сен перісің» сөзі айтылған су кристалдары;
Слайд 149-сурет. «Мынаны жаса» деген өтініш сөзі айтылған су кристалдары;
10-сурет. «Мынаны жаса»
деген бұйрық сөзі айтылған су кристалдары;
11-сурет. «Сен мені жалықтырдың, мен сені өлтірем!» деген сөз айтылған су кристалдары;
12-сурет. «Махаббат пен алғыс» сөзімен электромагниттік сәуле алған су;
13-сурет. Токиодағы Шинагавадағы су құбырының суының кристалдары;
14-сурет. Дәл сол су, жақсы сөздер айтылған су;
15-сурет. Өзен су кристалдары;
16-сурет. Дұға оқылған су кристалдары;
9-сурет. «Мынаны жаса» деген өтініш сөзі айтылған су кристалдары;
10-сурет. «Мынаны жаса» деген бұйрық сөзі айтылған су кристалдары;
11-сурет. «Сен мені жалықтырдың, мен сені өлтірем!» деген сөз айтылған су кристалдары;
12-сурет. «Махаббат пен алғыс» сөзімен электромагниттік сәуле алған су;
13-сурет. Токиодағы Шинагавадағы су құбырының суының кристалдары;
14-сурет. Дәл сол су, жақсы сөздер айтылған су;
15-сурет. Өзен су кристалдары;
16-сурет. Дұға оқылған су кристалдары;
Слайд 1517-сурет. «Махаббат пен алғыс» сөзі ағылшын тілінде айтылған су кристалдары;
18-сурет. «Махаббат
пен алғыс» сөзі жапон тілінде айтылған су кристалдары;
19-сурет. «Махаббат пен алғыс» сөзі неміс тілінде айтылған су кристалдары;
Слайд 1620-сурет. Сол жағында- түймедақ өсімдігі, оң жағында- сәйкес кристалдық су;
21-сурет. Сол
жағында- укроп өсімдігі, оң жағында- сәйкес кристалдық су;
Слайд 17Бұл эксперимент шынайы өмірде де кезігеді. Мысалы, классикалық немесе ұлттық нақыштағы
концертті тамашалап шыққан адамдар неге кеудеге толы әдемі әсермен үйлеріне тыныш оралады да,
жын-жыпырдың шайтани музыкасын тыңдап шыққандар қызыл кеңірдек болып төбелеспей тарқамайды. Әрине бұны жастықтың әсері деп жылы жауып қоя салуға болады, бірақ, түптеп келгенде, мұның ағзадағы су құрылымының бұзылуы екенін ғылым дәлелдеп отыр.
Слайд 18Жылдан-жылға табиғат апаттарының көбейе түсуі, сонымен қатар, жаппай қирату күшінің де
ұлғая беруі бүкіл жер бетіндегі су қорының құрылымы бұзыла бастағанын білдіретіндей. Соңғы жылдарда Гольфстрим тереңіндегі суық ағыстың температурасы бір градусқа төмендеген. 9 жылдан бері Гренландия мұздықтарының еруі үш есеге артты. Соңғы 30 жылда дауылдардың күші екі есеге ұлғайды. 1973 пен 1982 жылдар аралығында әлем бойынша мың жарым рет табиғи апат болса, 1983-1992 жылдарда бұл көрсеткіш 3500-ге жеткен. Ал 1993 жылдан 2002 жылға дейін 6 мыңнан асып түскен!
Слайд 19Дәл қазір бір миллиардтан астам адам таза ауыз суға зар болып
отыр. Жыл сайын ауыз судың сапасыздығы салдарынан 5 млн. адам ауырып қаза табады, ал оның жартысынан көбі бейкүнә сәбилер.
Саясаткерлердің пайымдауынша, ХХІ ғасырдың ең ірі қақтығысы мұнай үшін емес, дәл осы су мәселесі салдарынан болуы әбден мүмкін.
Слайд 20Адам өміріндегі су
Адам өз тіршілігінде сумен үнемі байланыста болады.
Суды екі үлкен топқа бөлуге болады:
ішетін ауыз суы (тағамдық);
техникалық су (шаруашылық-тұрмыстық).
Слайд 21Біздің қандай сападағы суды ішіп отырғандығымыз маңызды.
Судың сапасына оның минералдық
құрамы, ластануы, құрылымы жатады
Үнемі пайдалану және тамақ дайындау кезінде жалпы минералдығы 0,5-1 г/литр дейінгі су қажет. Бірақ емдік мақсаттармен жоғары тұзды минералды суларды шекті мөлшерде пайдаланған пайдалы.
Слайд 22Таза ауыз су проблемасы
Арал өңірінде ауыз-су проблемасы, халықты таза ауыз
сумен қамтамасыз ету күрделі де қиын мәселелердің бipi болып табылады. Үкімет, облыс тарапынан осы мәселені шешу жолында көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Дегенмен облыс тұрғындарының тұрмыс, өмір сүру жағдайлары, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы осы проблемаға тікелей байланысты болып отыр.
Слайд 23Ауыз су проблемасы
Бәрімізге белгілі лас ауыз-су инфекциялық аурулардың нeгізгі көзі екендігі.
Бүгінгі күні облыста, сары ауру (гепатит), қан қысымы ауруларының кебеюі байқалады, осының бәpi су құрамының тұздануының қалыпты шектеулі жағдайдан көбейіп кетуінен туындаған жағдай.
Жүргізілген зерттеулер бойынша ауыз-су құрамында шектеулі мөлшерден темір 1,8 есе, сульфат 3 есе, фенол, гексохлоран, метанол, жер асты суы кермектігі 2-2,5 есе көп екендігі анықталған, рН=11-12-ге жетеді.
Слайд 24
Kөп жағдайда ауыз-су тұтынушыларға құбырлар арқылы жеткізіледі, олардың ұзындығы мыңдаған шақырымды
құрайды. Бұл құбырлардағы судың жылдамдығы 3-4 км/сағаттан аспайды. Нәтижесінде су көп уақыт үлкен қысымда, оттегі жеткіліксіз жағдайда металл құбырдың ішінде болады. Мұндай жағдайда судағы биоценоз - организмге кажетті микроорганизмдер өліп қалады, керісінше денсаулыққа зиянды қосындылар пайда болады, су жағымсыз иіске ие болып, ішугe жарамсызданады. Сондықтан да ұзын құбырлармен су жеткізу тиімсіз, денсаулыққа зиянды. Екінші жағынан, металл құбырларды, полиэтилен құбырлармен алмастыру қажет. Ендігі мәселе өндірісте пайдаланылған суларды сыртқа шығармай қайта пайдалану мәселесін шешу
Слайд 25Құрылымды су және оның қасиеттері
Біздің организміміздегі су сапасы бойынша кәдімгі ішетін
ауыз судан ерекшеленеді.
Адам денесіндегі су қатаң құрылымдалған (структураланған).
Оның қорын толтыру үшін организм ішіндегі сұйықтықтармен құрылымы жақын ұқсас су келіп түседі.
Оның құрамында зиянды қоспалар: ауыр металдар тұздары, радионуклидтер, патогенді бактериялар болмауы, минералды тұздары да көп болмауы тиіс.
Тек осындай суды ғана адам организмі энергияны қосымша шығындамай ақ сіңіреді. Мұндай судың адамға пайдасы көп.
Слайд 26Құрылымды су дегеніміз не?
Құрылымды су дегеніміз қайнамаған, мұзға қатырылған және ерітілген
су болып табылады. Мұндай судан барлық еритін және ерімейтін қоспаларды тазарту керек.
Судың құрылымдалу дәрежесінің негізгі критериінің бірі – оның адам организмімен сіңіру дәрежесі болып табылады.
Мұздың еруі нәтижесінде алынған судың пайдалы қасиеттері көп. Мұндай суды құрылымды (структураланған) су деп атаймыз. Бұлай деп аталу себебі, мұндай судың молекулалары бір-бірімен тізбектелген, хаосты орналаспаған.
Мұндай судың молекулалары мұздың молекулаларына ұқсайды. Құрылымы бойынша мұндай су өсімдіктер мен тірі организмдердің клеткасындағы сұйықтыққа ұқсайды.
Слайд 27Пайдалы су көзі ретінде жаңа дайындалған жемістер мен көкөністер шырындары болып
табылады. Сол себептен де жемістер және көкөністер пайдалы болып саналады. Адам олардан биологиялық активті суды алады.
Будан конденсацияланған жаңбыр суының да құрылымы су құбырынан келетін ауыз судың құрылымынан жақсы.
Құрылымды судың ең кең тараған варианты еріген тау сулары болып табылады. Адамдар ерте кезден мұндай судың ерекше қасиеттері бар екендігін білген. Еріген бұлақ суларының қасындағы өсімдіктер де керемет болып өсіп тұратындығын білеміз.
Арктикалық теңіздерде еріген мұздардың айналасындағы флора мен фаунаның көптүрлілігі байқалады.
Слайд 28Егер құрылымды сумен ауыл шаруашылық дақылдарын суарса, онда олардың өсуі жеделдейді,
артады.
Көктемде жануарлар еріген суларды жақсы ішеді.
Ал құстар мұндай суда шомылғанды ұнатады.
Ғылым дәлелдегендей, еріген су зат алмасу мен қан айналымды жақсартады, қандағы зиянды холестериннің мөлшерін азайтады.
Мұндай су жүректің ауруын жазады, организмді нығайтады, оның стрестерге төзімділігін арттырып, иммунитетті күшейтіп, өмірді ұзартады.
Құрылымды судың сергіткіштік әсері бар. Кейбір адамдар тұрақты құрылымды суды ішіп тұрады. Олар салқын тию, тұмау ауруларымен сирек ауырады.
Күнделікті мұндай судан 30 минут асқа дейін бір стакан ішу қажет екен. Күндізгі доза үш стакан. Алғашқы оң нәтижелер бір аптадан соң біліне бастайды. Адам өзін жақсы сезіне бастайды.
Құрылымды су адамның сыртқы келбетіне де оң әсер етеді. Құрылымды сумен жуыну теріні жасартады. Терідегі ісіктер кетіп, тері бір тегіс, серпімді болады.
Бірақ білу қажет нәрсе, құрылымды су қасиетін 12 сағатқа дейін ғана сақтайды. Бұдан кейін ол өз пайдалы қасиеттерін жоғалтады.
суды
үй жағдайында
дайындау
құрылымды суды сүзгі арқылы тазартылған құбыр суын мұздатқыш камерада мұздату арқылы алуға болады.
Мұндай суды дайындауға көп уақыт кетпейді.
Сізге кез келген формадағы пластикалық ыдыс қажет, тағамдық контейнерлерді алуға болады. Оның көлемін өзіңіздің мұздатқыш камераңыздың көлеміне және қанша адамға қажеттілігіне байланысты болады.
Есептеу былай: бір адамға күніне үш стакан құрылымды су қажет. Сондықтан, екі есе көп - алты стакан мұздатуыңыз керек. Мұны семьядағы адам санына көбейтеміз.
Слайд 30Дайындау реті
Су құбырынан алған суды қарапайым көмірлі сүзгімен сүзіп, тазартамыз;
Оны контейнерлерге
(1-сурет) құйып, мұздатқышта -18 градуста мұздатамыз. Шамамен 8-10 сағаттан кейін мұздатқыштан контейнерді аламыз;
Слайд 31Контейнерден мұзды алу үшін контейнер түбін ыстық сумен шаямыз (2-сурет);
Қатқан судың
ішінде сұйықтық жұқа мұз қабатының астында болуы тиіс. Бұл қабатты бұзып, ішіндегі суды – бұл суда еріген зиянды қоспаларды төгіп тастаймыз
(3-сурет);
Қалған мұз мөлдір таза болады. Бұдан таза құрылымды су H2O аламыз. Мұзды керамикалық, шыны немесе эмалдалған ыдысқа саласыз да, оны бөлме температурасында еруге қоямыз.
Еріген соң, құрылымды су дайын. Егер контейнерде су толық қатып қалса, онда мұз ыдыстың шет жақтарында ғана мөлдір болып, ортасында лайлы, кейде сарғыш болады. Бұл лайды ыстық судың ағынымен жуып кетіру қажет (4-сурет). Тек осыдан кейін ғана мұзды ерітіп, құрылымды су алуға болады.
Слайд 33Құрылымды және құбыр
суымен суарған кездегі бөлме өсімдігі...
Слайд 34Су үлгілеріне жүргізілген тәжірибе
Судың сапасы оның физикалық және химиялық сипаттамаларының жиынтығымен
анықталады. Оларға: түсi, мөлдiрлiгi, иiсi, жалпы тұздылығы, кермектiгi, тотыққыштығы, реакция ортасы (рН) жатады, олар судағы түрлi қоспалардың мөлшерiне тәуелдi болады. Ауыз сулары үшiн бұл сипаттамалардың iшiнен ең маңыздысы-судың кермектiлiгi болып табылады.
Слайд 35Судың кермектілігін анықтау
Кермектiлiк-судағы ерiген кальций мен магний тұздарының мөлшерiне байланысты болатын
судың қасиетi. Бұл тұздардың жиынтық мөлшерi судың жалпы кермектiгiн құрайды да, ол:
-уақытша немесе карбонаттық (Ку),
-тұрақты немесе карбонаттық емес (Кт) кермектiлiк болып бөлiнедi.
Слайд 36 Анализ нәтижелерін талдау
Кестеден көретініміздей алынған су үлгілерінің ішінен су
құбырынан алынған ауыз суы мен құдықтан алынған ауыз суының кермектілігі нормадан жоғары, өте кермек суға жатады. 1л мұндай суда 9-12 мг-экв дейін Са және Mg иондары бар деген сөз. Ал біз дайындап алған құрылымды судың кермектілігі төмен 1,5 мг-экв/л тең, бұл шама өте жұмсақ суға сәйкес келеді.
Судың жалпы кермектiлiгi комплексонометриялық
титрлеу әдiсi бойынша анықталды
Слайд 37Қорытынды
Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Оған судың құрылымы мен қасиеттерін
зерттеген әлемдік тәжірибелер дәлел бола алады;
Бүгінгі күнгі ауыз-су проблемасы - халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету күрделі де қиын мәселелердің бipi. Үкімет, облыс тарапынан осы мәселені шешу жолында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, мәселенің толық шешімі әлі табылған жоқ.
Ішіп отырған ауыз суымыздың сапасын жақсарту бағытындағы және судың таңғажайып біз біле бермейтін мањызды да, пайдалы қасиеттері жөніндегі білімдерімізді кеңейту – біздің өз денсаулығымыз бен өміріміздің жақсаруының кепілі деп білемін;
Құпиясы мол таңғажайып құрылымды ауыз суы және оның қандай пайдалы қасиеттері бар екендігінің бүгінгі таңдағы ғылымда зерттелген жайттар жұмыста келтірілді;
Слайд 38
Құрылымды су дегеніміз қайнамаған мұзға қатырылған және ерітілген су болып табылады.
Судың құрылымдалу дәрежесінің негізгі критериінің бірі – оның адам организмімен сіңіру дәрежесі болып табылады. Құрылымы бойынша мұндай су өсімдіктер мен тірі организмдердің клеткасындағы сұйықтыққа ұқсайды.
Адам баласының өзінің өмірі мен денсаулығы үшін пайдалы болатын құрылымды ауыз суын үй жағдайында дайындап жєне оны тиімді пайдалануды ұсынамыз.
Пайдалы су көзі ретінде жаңа дайындалған жемістер мен көкөністер шырындары. Сол себептен де пайдалы жемістер жєне көкөністер шырындарын ішу қажет. Адам олардан биологиялық активті суды алады.