Көмірсулар молекуласындағы көміртегі атомының санына байланысты былай бөлінеді:
3 көміртегі атомы болса – триоза – глицеральдегид және диоксиацетон;
4 көміртегі атомы болса – тетроза – эритроза және эритрулоза;
5 көміртегі атомы болса – пентоза – рибоза және рибулоза;
6 көміртегі атомы болса – гексоза – глюкоза және фруктоза.
Бұлардың ішінде ең көп тарағандары пентозалар мен гексозалар.
Биологиялық маңызы зор гексозаларға: глюкоза (жүзім қанты) – альдоза (альдоспирт), фруктоза (жеміс қанты) – кетоза (кетоспирт) жатады.
Қосып алу реакциясы. Гексоза – альдозалар қосып алу реакциясына бейімді. Олар сутегіні қосып алып, көп атомды спирттер түзеді. Глюкоза – 5 атомды спирт, ол сутегіні қосып алып 6 атомды спиртке – сорбитке –айналады:
Гликозидтер түзілуі. Реакция кезінде жай эфирлер сияқты заттар түзіледі, оларды гликозидтер дейді.
Сілтілердің әсерінен өзгеруі. Моносахаридтер сілтілік ортада оңай енольдық түріне өтеді. Глюкоза, манноза және фруктоза енольдық түріне өткенде олардың бірінші және екінші көміртегі атомдарындағы бір-бірінен айырмашылықтары жоғалады. Сондықтан енольдық түрінен барлық үш моносахаридтер түзіледі.
Физикалық қасиеттері
Моносахаридтер - қатты заттар, суда жақсы ериді, дәмі тәтті, реакция ортасы бейтарап. Монозалардың ациклді түрімен қатар циклді түрлері бар. Моносахаридтердің циклді түрлерін жарты ацетальді дейді. Сулы ерітінділерде екі циклді формалар – пираноза және фураноза болады.
Алты мүшелі цикл альдегид тобы ОН тобымен әрекеттескенде түзіледі, егер С5 болса, альдогексоза, С6 болса, кетогексоза түзіледі. Осындай циклдер пираноздар деп аталады.Бес мүшелі альдогексоз циклі түзілу үшін С4, ал С5 болса, кетогексоздар – фураноздар түзіледі.
1. Глюкоза бифункциональды қосылыс, яғни ол – альдегидоспирт.
2. Глюкоза сонымен бірге циклді (тұйықталған) формада да кездеседі.
3. Өнеркәсіпте глюкозаны, негізінен, полисахаридтерді (крахмалды немесе целлюлозаны) гидролиздеп алады
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть