Слайд 2
Хром атом құрылысына сипаттама бер
Хромның физикалық және химиялық қасиеттеріне сипаттама беріп,
рекция теңдеулерін жаз.
Хромның маңызды қосылыстарын атап формулаларын жаз
Тотығу-тотықсыздандыру процесіндегі хромның ролін анықта
Слайд 3Оларды білмей іздегенмен табылмас... Білім – ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі
білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек.
Білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі-мулахаза (ойласу, пікір алысу). Екіншісі – мухафаза (сақтау, қорғау). Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болмақ керек. Бұл зораймай ғылым зораймайды.
Абайдың 32 қарасөзі
“Талап қыл, артық білуге”
Слайд 4Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Кіріктіру нысаны: Химия ғылымы
Кіріктірілген пәндер: тарих,
география, биология, физика, әдебиет, дін, астрономия, халықтық педагогика, медицина
Слайд 5Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты: Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру,
пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Сабаққа дайындалуда оқушы мен оқытушы іс-әрекеті: Оқытушы мен оқушы алдын ала дайындалуы, оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік қабылетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік:Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары,қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), электронды оқулық
(9 сынып химия ), металдар коллекциясы, табиғи минералдар коллекциясы, периодтық кесте, суреттер, реактивтер, қосымша әдебиеттер, химия энциклопедиясы, интерактивті тақта..
Слайд 6Кесілген алма неліктен қызарады?
Проблемалық сұрақ
Слайд 8
Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:
1. Темірдің периодтық жүйедегі орыны; (химик)
2. Атом құрлысы(электрон,
протон, нейтрон саны, салыстырмалы атомдық масса) (химик)
3. Табиғатта таралуы және маңызы; (геолог, географ, астроном)
4. Темірдің ашылу тарихы; (тарихшы)
5. Физикалық қасиеттері; (физик)
6. Темірдің геохимиялық қасиеттері; (геолог, минералог)
7. Темірдің биологиялық маңызы; (биолог)
8. Құранда темір туралы; (дін)
9. Абайдың жұмбағы; (әдебиетші)
10. Темір туралы мақал – мәтелдер; (әдебиетші)
11.Темірдің қолданылуы.(химик)
12.Бекіту (Деңгейлік тапсырмалар,бекіту сұрақтары,тәжірибе,тест)
Слайд 9
Темір.
Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде
темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс, темір жол да,поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған ,өсімдіктер семіп ,өле бастаған.Адам денесіндегі 3г темір жойылса , тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді.» ,бұл көріністі суреттеген , темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог , академик А.Е.Ферсман.
Слайд 10
Химик: Темір периодтық жүйеде:
4-период, 4 - қатар, 8 -
топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.
26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.
4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2
Тотығу дәрежесі 0,+2,+3, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.
Слайд 11Физик
Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар,
электр тогы мен жылуды жақсы
өткізетін,
магнитке тартылатын,
жұмсақ, созылғыш металл.
Тығыздығы 7,864 г/см3 , балқу t ═1539 С.
Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген.Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас жасалады. Радиотехникада, электротехникада қолданылады.
Темірдің 769 С градусқа дейін магниттік қасиеті
сақталады.
Слайд 13
Тарихшы:
Темірдің ашылу тарихы:
Месопотамия өркениеті метеориттік темірді білген, олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта
темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.
Слайд 17Балта.
Ұзындығы – 16 см. ХІ ғасыр.
Next
Слайд 18Темірден жасалған құлып.
Ұзындығы – 8,5 см.
ХІІ ғасыр.
Next
Слайд 20Темірден жасалған әр түрлі қару-жарақтар.
Х – ХІІ ғасырлар.
Next
Слайд 22Ат әбзелдері. Құрамы: темір, күміс және т.б. Ұзындығы 24 см. ХІ
Слайд 23 Ерте кездегі темірден жасалған қайшы. Ұзындығы – 15,5 см. XIV ғасырдың
Слайд 24ХҮІ-ХҮІІ ғ темірден жасалған бұйымдар(шкатулка,есік өрнегі)музей,Санкт-Петербург.
Слайд 25Делидегі темір
бағана (б.э.д. ІҮ-Ү ғасыр)
(Дели) Индияда б.э.д. ІҮ-Ү ғасырда 415
жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы 6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады, осынша уақыт таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр.
Эйфель мұнарасы
1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель
алып мұнара құрылысын аяқтады. Париж эмблемасына
айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады.
Слайд 27Астроном
Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит
бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған,салмағы 60т .1895 жылыГренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған ,қазір Нью-Иоркте сақталуда.Темір күн жүйесінде ең көп тараған элемент.Жер ядросының 90%темір құрайды.Жер мантиясында 12%,жер қыртысында 5%темір бар.Жер қыртысында таралуы бойынша -6 орында
Слайд 32Геолог
Темірдің табиғи минералдары:
Fe 3O4магнитті темір немесе магнетит (72% Fe)
Fe 2O
3 қызыл теміртас немесе гематит (70% Fe)
Fe 2O3 · 3H2O лимонит (50% Fe)
FeS2 пирит немесе күкірт колчеданы (52% Fe)
FeSO4· 7H2O темір купоросы
Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай).
Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады,
оның орташа құрамы 0,01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.
Слайд 34Биолог:
Темірдің биологиялық маңызы
Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ткань, қан,
ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды.
Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.
Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады.
Слайд 35Адамда ,өсімдіктерде, сүтте нанда темір кездеседі.
Слайд 36Темірдің ең көп мөлшері мына өсімдіктер, тағамдар құрамында:
қарақұмық
күнбағыс
петрушка
бұршақ
жүзім
қалақай
малдың бауыры
сары май
қара өрік
Слайд 37МЕДИЦИНА
Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен –қан аздық(анемия ауруы пайда болады. Ол
дұрыс тамақтанбаудан,экологиялық себептерден,әлсіреу ,көп қан кету т.б. пайда болады.
Слайд 38Медицинада қаназдық ауруын емдеуде ферумлек,ранферон дәрілері пайдаланылады.
Медицина
Слайд 39
«Біз темірді жараттық. Темірде күш-қуат және адамзат үшін көп пайда бар..”
(Хадид
сүресі, -аят)
Слайд 40Меккедегі қара тас - таза темірден тұрады.Оның ауада тіреусіз қалқып тұруы
темірдің магниттік қасиетіне негізделген.
Слайд 41
Әдебиетші:
Бұл жерде біз данышпан Абайдан бір үзік жұмбақ келтірелік:
Қара жер адамзатқа
болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен?
Шешуі: темір.
Слайд 42Батырлар жырында темір қосылыстары қылыш ,найза
мылтық жебе туралы айтылады.
Слайд 43Темір жөнінде мақал-мәтелдер:
«Темірші – көміршіге үйір»
«Темірді қызған кезде соқ»
«Болат қайнауда шынығады
Батыр
майданда шынығады»
«Алмас пышақ қап түбінде жатпас»
«Темірдің бір басы-ыстық, бір басы-суық»
«Көптің аузы-темір талқы»
«Темір кессең қысқа кес,
Ұзартуың оңай.
Ағаш кессең ұзын кес,
Қысқартуың оңай».
«Болат бүгілмес-морт сынар».
«Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме».
«Болған іске болаттай берік бол»Төзімі темірдей- қайратты деген мағынада.
Слайд 46Темірдің химиялық қасиеттері
Жай заттармен:
Ғе + O2 =
Ғе
+ S =
Ғе + Cl2 =
Күрделі заттармен:
Ғе + H2O =
Ғе + HCl =
Ғе + CuSO4 =
Fe+HNO3=Fe(NO3)3+3NO2+3H2O
Концентрлі азот қышқылымен әрекеттескенде темір енжарланады.
Слайд 47Fe 3+ ионын анықтау
FeCL3+3KSCN=Fe(SCN)3+3KCL қан қызыл түсті
Слайд 48
“Кім білімпаз?”
Қанға қызыл
түс
беретін ион?
Темірдің
периодтық
Жүйедегі орны
Темірдің
Тотығу
Дәрежесі
Темір
жетіспеуінен
болатын ауру
Шойын
қандай
пеште
алынады?
темірдің
қанша
электрондық
қабаты
бар?
Слайд 49Мына айналымдарды жүзеге асыр
Ғе
FeCl2
Fe(OH)2
FeO
FeCl3
Fe(OH)3
Fe2O3
Слайд 50Fe+Cl2=FeCl2 FeCl2+2NaOH=Fe(OH)2+2NaCl Fe(OH)2=FeO+H2O
2Fe+3Cl2=2FeCl3 FeCl3+3NaOH=Fe(OH)3+3NaCl 2Fe(OH)3=Fe2O3+3H2O
Дұрыс жауабы:
Слайд 51Сіз білесіз бе ?
Адам ағзасы құрамында 3-7 г темір бар.
-Хемосинтездеуші бактериялар
темір,марганец қосылыстарын тотықтырып,осы металдар рудаларын түзеді.
-Темір латын тіліне аударғанда ферро-қылыш деген сөз.
-100 мл адам қанында 13-16г гемоглобин болады.
-Гемоглобин молекуласын жинақтау үшін адам ағзасына 90с уақыт керек.
-Көптеген тірі ағзаларға биомагнит тән.
-Адам ағзасында темір көбейіп кететін болса ,онда ерте жастан атеросклероз ауруы,ишемиялық ауру білінеді.
-Темір ионы ғана қанға қызыл түс береді.
Слайд 52Толғаныс.
1.Сәйкестендіру кестесі.
N формулалар
аттары
CuSO4 а)темір (III)гидроксиді
FeO ә) темір сульфаты
FeSO4 б) темір оксиді
4. Fe(OH) 3 в) мыс сульфаты
Слайд 532. Толықтыру тестісі.
Темір ------- түстес ------- металл.
Темір иілімді,------- қасиеті бар,тығыздығы-------,балқу
температурасы--------.
Темір қосылыстарында -------тотығу дәрежелерін көрсетеді.
Темір құймалары -------және-----түрінде қолданылады.
Слайд 54
Өнеркәсіпте темірді оның оксидтерінен қай заттармен тотықсыздандырып алады ? А)H2
, AL Ә)H2, О2 Б)H2 ,S В)C ,O3 Г) H2 Si
Сұйытылған күкірт қышқылымен әрекеттесіп сутегін ығыстыратын металдар. А)Cu, Fe Ә)Fe, Са Б)Fe, Hg B)Au, Cu Г)Sn, Cu
Қай қышқылдармен әрекеттескенде темір енжарланады?А)Н2SO4 (конц) Ә)HCL
Б)H NO3(сұйық) В)H3PO4 Г)H2 SO4(сұйық)
4. Дұрыс жауабын тап.
Слайд 55
Темірдің күкіртпен қосылыстарын тап,ата темір сульфиді,темір сульфаты,пирит темір сульфиті
Слайд 56
VI. Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма:
Темір,қосылыстары №7 есеп
Слайд 58Зейін қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!