Слайд 1Металдардың құймалары
Дайындаған: №2 «Мұрагер» мектебінің химия пәні мұғалімі Аплатинова Күнзияш
Шәкімқызы
Қызылорда қаласы, 2014 жыл.
Слайд 2Құймалар жайлы тарихи дерек
Ерте кезден-ақ адамдар таза металға қарағанда олардың құймаларының
қасиеттері пайдалы екенін байқаған.
Алғаш алынған мыстың құймасы – қола болатын.
Оның атымен бүтіндей тарихи кезең – қола ғасыры аталды.
Слайд 3Құймалардың құрамы мен қасиеттері
Құймалар – қажетті қасиеттері бар, екі немесе одан
да көп компоненттерден түзілген, оның біреуі міндетті түрде металл болатын қосылыстар.
Құйманың компоненті қасиеттері металға ұқсас бейметалл болуы да мүмкін (бор, көміртек, мышьяк, кремний, т.б.).
Көптеген құймалар таза металдарға қарағанда берік, жемірілуге тұрақты, қатты болып келеді.
Металдың жиі қажет болатын қасиеттеріне: қаттылығы, беріктігі, жемірілуге тұрақтылығы, қалыпқа жақсы құйылғыштығы жатады.
Слайд 4ТЕМІРДІҢ ҚҰЙМАСЫ: БОЛАТ
Шойынның негізгі бөлігі болатқа айналдырылады. Болат алу үшін
шойынның құрамындағы элементтерден : C, Si, P, S тазарту керек. Болатта w(Fe) = 96%. Болаттың қасиетін асылдандыру (легирлеу) үшін әр түрлі металдар қосылады: Cr, V, W, Mo, т.б. Олар болаттың қаттылығын, деформацияға беріктігін, қыздыруға және жемірілуге төзімділігін арттырады.
Слайд 5ТЕМІР ҚҰЙМАСЫ: ШОЙЫН
Шойында (93% Fe) еріген күйде көміртек (w(C)= 4%) болады,
ол таза күйінде немесе қосылыс күйінде Fe2C (цементит) жүруі мүмкін. Одан басқа шойында Si, Mn, P және S элементтері бар.
Слайд 6МЫСТЫҢ ҚҰЙМАЛАРЫ: ҚОЛА
Қоланың құрамында w(Cu) = 80-90%, w(Sn) = 10-20% болады.
Қола жақсы құйылады, әрі машина жасау, көркемдеп құю үшін қолданылады.
Слайд 7МЫСТЫҢ ҚҰЙМАСЫ: МЕЛЬХИОР
Мельхиордың құрамында w(Cu) = 70-80%, w(Ni) = 20-30% болады.
Мельхиор жемірілуге тұрақты, әсе болады. Оны ыдыс-аяқ, машина бөлшектерін, көркемөнер туындыларын, дәл өлшегіш аспаптар жасауда пайдаланады.
Слайд 8МЫСТЫҢ ҚҰЙМАСЫ: НЕЙЗИЛЬБЕР
Нейзильбердің құрамында w(Cu) = 65%, w(Zn) = 20%, w(Ni)
= 15% болады. Нейзильбер (немістің neusіlber – жаңа күміс) жемірілуге төзімділігімен, формасы өзгергеннен кейін жоғары беріктігімен және серпімділігімен, салқын және ыстық күйлерінде иілгіштік қасиетімен сипатталады. Элекротехникада, ыдыс-аяқяқ пен көркем бұйымдар, механикалық дәл приборлар, медицина аспаптарын, т.б. жасауда пайдаланылады.
Слайд 9МЫСТЫҢ ҚҰЙМАСЫ: ЖЕЗ
Жездің құрамынжағы мыстың мөлшері w(Cu) = 60-90% болса, ал
мырыштың мөлшері w(Zn) = 10-40% болады. Жез қатты, оны машина жасауда, тұрмыстық техника бұйымдарын жасауда пайдаланады.
Слайд 10МЫСТЫҢ ҚҰЙМАСЫ: КОНСТАНТИН
Мыстың құймасы константиннің құрамында w(Cu) = 58,5%, w(Ni) =
40%, w(Mn) = 1,5% болады. Оны көбіне электрлік кедергінің төменгі температуралық қасиеті тән болғандықтан өлшеуіш аспаптардың бөлшектерін жасауды қолданады.
Слайд 11АЛЮМИНИЙ ҚҰЙМАСЫ: ДЮРАЛЮМИН
Дюралюминнің құрамында w(Al) = 95-97%, w(Cu) = 1,4%, w(Mg)
= 0,4-2,8%, w(Mn) = 0,2-1% болады. Ол жеңіл, берік әрі қатты, жемірілуге төзімді болғандықтан авиа-, машина-, кеме жасау өнеркәсіптерінің негізгі материалы.
Слайд 12АЛЮМИНИЙ ҚҰЙМАСЫ: СИЛУМИН
Силуминнің құрамында w(Al) = 86-89%, w(Si) = 11-14% болады.
Оны жеңіл, беріктігіне байланысты оны авто-, тұрмыстық заттар бөлшектерін құюда қолданады.
Слайд 13МАГНИЙ ҚҰЙМАСЫ: ЭЛЕКТРУМ
Электрон немесе электрум 20 ғасырда алынған. Ол өте берік
әрі тығыздығы төмен болғандықтан авиа-және автокөлік өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Ол 600 градуста ғана от алады. Құрамында w(Al) = 10%, w(Zn) = 3%, w(Mn) = 2,5% және магнийден тұратын құйма.