Слайд 18 сынып
Ахметова Эльвира Мухамбетжановна – химия пәнінің мұғалімі
С.Есетов атындағы орта жалпы
білім беретін мектебі
Слайд 2
Реакция нәтижесінде
А) 16 г магний оксиді
Ә) 5,1 г алюминий
оксиді
Б) 8,8 г көміртек (IV) оксиді
Түзілу үшін әр жағдайда оттектің қандай массасы реакцияға түсу керек екенін есептеңдер
"Есептей білсең, есің түгелденеді"
Слайд 3
Сабақтың бөлімдері
Мектеп – білім ордасы
Білім алу бекеті
Пысықтау бекеті
Ойлан, тап!
Жалғасын
тап!
Слайд 4
“Мектеп – білім ордасы”бекеті
Оттектің жалпы
сипаттамасы
Бертолле тұзының
формуласы
Оттекті қалай
алады?
Оттектің
Атмосферадағы
мөлшері?
Жану
реакциялары
деген не?
Оксидтер
деген не?
Мына оксидті
СиО атаңыз?
Өршіткі
деген не?
Оттек неше
валентті?
Слайд 519.01.2015ж
Сабақтың тақырыбы:
Озон. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі.
Слайд 6
Мақсаты: Оттектің қасиеттерін, қолданылуын еске түсіре отырып, оттектің аллотропиясы жайлы мағлумат
беру
Слайд 8 Оттегі табиғатта екі түрлі жай зат күйінде кездеседі. Бір элементтің бірнеше
жай зат күйінде болу құбылысы аллотропия деп аталады.
Оның бірі O2, екіншісі O3, ол озон деп аталады. Озон(грек. ozon – аңқығыш) .Енді озонмен жете таныссақ, озон найзағай ойнағанда ауада пайда болады. Салыстырмалы молекулалық массасы 48,
Озон – үш атомды оттек, газ, көк түсті. Төменгі температурада (- 1120С) қанық көк түсті сұйыққа айналады, осы жағдайда төменірек салқындатса қанық сия түстес кристалл алынады. Атмосфераның көгілдір түске боялуы озонға байланысты. Озон жер бетінен 50 шқ биіктікте. Озон қабатының қалыңдығы бар болғаны бес шақырым (20-25 шқ), оны озондық қабат деп атайды.
Слайд 9Озонның химиялық қасиеттері
Озон оттегіне қарағанда химиялық белсенді зат.
Ол тіпті алтын,
күміс, платина сияқты асыл металдарды да тотықтыра алады.
6Ag + O3 = 3Ag2O
Нөсер жаңбырдан кейін орманға барсақ, онда ауа тазарып дем алу жеңілдейді, себебі
ауада пайда болған озон айырылып, ауаны тазартады. Озонның атмосферадағы мөлшері өте аз - 0,004%.
О3 → O2 + "О"
Слайд 10Озон қорғанышымыз ба?
Озон күн көзінен тарайтын ультракүлгін сәулелердің бір бөлігін бойына
сіңіреді: О3= О2+ О0
Озон жердің тіршілігін сақтайды. Стратосферадағы озон концентрациясының бар болғаны 1 пайызға төмендеуінен ауыр жағдайға соқтырады.
- Адамдар мен жануарлар арасында терінің онкологиялық ауруының саны артады.
- Иммундық жүйе қысымының арту саны көбейеді.
- Жер бетіндегі өсімдіктердің өсу қарқыны бәсеңдейді.
- Фитопланктонның өсу жылдамдығы кемиді.
- Өсімдік тағамдарының санының кемуінен теңіз, мұхит су асты жануарларының өлімі басталады.
Күн сәулесінің жұтылуынан ең бастысы біздің ғаламшарда жылудың тепе- теңдігі сақталады. (қамтамасыз етіледі). Озонның ыдырауы кезінде (бұзылуы) жылу бөлінеді, ол стратосферадағы температураны көтеріп жер бетінің көрпесі ретінде қызмет атқарады.
Озон қабатының тесілуі ультракүлгін сәулелерді жұту кезінде, сол сияқты кейбір рекцияның өтілу кезеңінде байқалады, мысалы: О3+О=2О2
О3+ NО= NО2+О
Слайд 11 Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына,
жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.
Озон қабатын қорғауға қандай шаралар жүріп жатыр? әлемнің әртүрлі елдерінің өкілдері жиналып Венада (1985ж) озон қабатын қорғау жөніндегі Веналық конвенцияға қол қойды.
Монералдық протокол 1987 жылы қабылданды, онда қауіпті көміртек, хлор, фторлардың қатары анықталды және оларды өндіретін өлкелерде олардың шығарлуын азайтуды міндеттелді. Лондонда 1990 жылдың маусым айында монералдық хаттама нақтыланды: "1995 жылы фреон өндіру екі есе төмендетілсін, ал 2000 жылда оны өндіру мүлдем тоқтатылсын" делінді.
Озон қабатын қалай қалпына келтіруге болады?Озон қабатын қалпына келтіру үшін оны қоректендіріп отыру керек. Жер шарын «емдеудегі» бірінші жоба- озон фабрикасын ашып, оны ұшақ арқылы жеткізу болды, ол өзін ақтамайтын болып табылды. Осы жолда Ресей консорциумы «Интер Озонды» ұсынды, атмосфера озонды үздіксіз өндіру.
Слайд 15Аллотропия дегеніміз не?
Озонның массасы нешеге тең?
О2→О3→О2 айналымды жүзеге асыр
Оттек сияқты озон
метанмен СН4 әрекеттескенде СО2 және Н2О түзеді. Метанның озонмен реакцияласу теңдеуін құрыңдар.
0,5 моль озонның массасын есептеңдер.
2 моль оттектің массасын есептеңдер.
96г озонның зат мөлшерін есептеңдер.
Слайд 16“Жұлдызды сәт” ойыны.
1772 жылы швед химигі Карл Шееле ашқан
элемент.
Қай зат жоқ болса, екі күн өмір сүре алмаймыз?
Түссіз, иіссіз сұйықтық.
Жер қыртысында 49,13% кездесетін зат.
Күн күркіруінен түзілетін газ
Оттектің неше аллотропиялық түр өзгерісі бар, қандай.
Найзағайлы жаңбыр жауғанда ауада көп кездесетін газ.
150 атм қысымда көк түсті болат баллондарда сақталады.
9. Алтын, күміс, платина сияқты асыл металдарды да тотықтыра алады.
10. Салыстырмалы атомдық массасы 28ге тең элемент.
Слайд 17Жауаптарын тексерейік
1772 жылы швед химигі Карл Шееле ашқан элемент. O2
Қай
зат жоқ болса, екі күн өмір сүре алмаймыз? H2O
Түссіз, иіссіз сұйықтық. O2
Жер қыртысында 49,13% кездесетін зат. O2
Күн күркіруінен түзілетін газ O3
Оттектің неше аллотропиялық түр өзгерісі бар, қандай. O2 O3
Найзағайлы жаңбыр жауғанда ауада көп кездесетін газ. O3
150 атм қысымда көк түсті болат баллондарда сақталады. O2
9. Алтын, күміс, платина сияқты асыл металдарды да тотықтыра алады. O3
10. Салыстырмалы атомдық массасы 28ге тең элемент. Si
Слайд 19Жалғасын тап!
1. Na + O2 =
2. Mg + O2 =
3. Al
+ O2 =
4. C2H6 + O2 =
5. O3 =
Слайд 20Үйге тапсырма:
«Озон қабатын мен қалай қорғар едім?» эссе жазу