Презентация, доклад химия пәнінен Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар

Білу және түсінуБерілген мәтіндерді балалар оқып алады «Жариялау» әдісі

Слайд 1Мектеп: Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы
Мұғалім: Сейтқұлова Сандуғаш Құлжабайқызы



Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты лексика мен терминология: экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер, меншікті жану жылуы , калориметр

Құндылықтарға баулу
Зайырлы қоғам және жоғары руханият
Өмір бойы
білім алу, ынтымақтастық, құрмет, азаматтық, жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыс Жаратылыстану-
табиғи құбылыстар
Физика – энергияның бөлінуі және сіңірілуі

Алдыңғы білім
7.1.1.3 Химиялық құбылыс – химиялық реакциялар. Химиялық реакциялардың белгілері
8.2. 1.2 Отынның жануы және энергияның бөлінуі

Оқу мақсаты
8.3.1.4 Жылу эффектісі бойынша химиялық реакциялардың жіктелуін түсіну


Сабақтың тақырыбы
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар


Сабақтың мақсаты
1.Табиғи отындардың жануы экзотермиялық процесс, кері процесс – эндотермиялық екенін түсінеді.
2. Экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды ажарата алады.

Бағалау критерийі
1.Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, термохимиялық теңдеулер ұғымына түсінік бере алады
2.Жылу эффектісі бойынша химиялық реакцияларды жіктей алады.
3.Экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды ажарата алады.
4.Термохимиялық теңдеу бойынша есеп шығара алады.

Мектеп: Керімбай атындағы  №12 мектеп-гимназиясыМұғалім:  Сейтқұлова Сандуғаш Құлжабайқызы     Тілдік мақсаттар Пәнге

Слайд 2

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген мәтін бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (3 мин ) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
Саралау тәсілі: дереккөздер
– Баспадан шыққан немесе электронды дерекөздер де пайдалануы мүмкін
І топ ІІ топ ІІІ топ
Экзотермиялық р-р Эндотермиялық р-р Термохимиялық т
Дескриптор:
І . Экзотермиялық реакцияларға түсінік беріп, мысалдар келтіріп сипаттай алады
ІІ . Эндотермиялық реакцияларға түсінік беріп, мысалдар келтіріп сипаттай алады
ІІІ. Термохимиялық теңдеулерге түсінік беріп, мысалдар келтіріп сипаттай алады
Қалаптастырушы бағалау: Топтық бағалау
Топтар бір-бірін «Бағдаршам әдісі» арқылы бағалайды
Жасыл түс – жақсы түсіндік
Сары түс – орта түсіндік
Қызыл түс – түсінген жоқпыз

Қолдану
Деңгейлік тапсырмалар
Саралау тәсілі: тапсырма
Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді
І деңгей. Химиялық диктант (әр дұрыс жауап 1 балл)
Жарық пен жылу бөле жүретін реакциялар - .... реакциясы деп аталады. Жылу бөле жүретін реакция - ... . реакция деп аталады. Эндо гректің - ... деген сөзі.
Жылу мөлшері .... немесе ... арқылы белгіленеді.
Дескриптор:
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, термохимиялық теңдеулер ұғымына түсінік бере алады
ІІ деңгей. (әр дұрыс жауап 2 балл)
Берілген реакциялардағы термохимиялық теңдеулерден қайсысы экзотермиялық екенін анықтап, реакция теңдеуін теңестіріңдер
А) НСІ+ NaOH= NaCI +H2O +Q
B) H2O=H2+O2 -Q
C) N2+H2=NH3 +Q
D) CaCO3=CaO +CO2-Q
Дескриптор:
Экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды ажарата алады.
ІІІ деңгей. (дұрыс жауап 3 балл)
Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша 2Н2+ О2=2H2O +570 кДж, 80 г оттек сутекпен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшерін табыңдар
Дескриптор:
Термохимиялық теңдеу бойынша есеп шығара алады.
Қалыптастырушы бағалау: Балл қою
Дұрыс жауап беріледі, оқушылар бірін-бірі бағалайды

Білу және түсінуБерілген мәтіндерді

Слайд 3 Талдау
«Тәжірибелер сыр

шертеді»
№4 зертханалық тәжірибе
«Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар»
Саралау тәсілі: қорытынды
Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек
Дескриптор:
Экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды анықтайды
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар кезіндегі температура, энергия өзгерісін жазады
Қалыптастырушы бағалау:
Мұғалім оқушылардың жұмысын тексеріп коментарий жазады (жақсы тұстарын мадақтап, қате тұстарын көрсетеді).

Жинақтау
«Бір минут» әдісі
Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтауысыз, қайталаусыз және қатесіз сөйлейді
Дескриптор:
- Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, термохимиялық теңдеулер ұғымына түсінік бере алады
- Экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды ажарата алады.
Қалыптастырушы бағалау: мұғалімнің мадақтауы

Кері байланыс

Талдау«Тәжірибелер сыр шертеді» №4 зертханалық тәжірибе «Энергияның өзгеруімен

Слайд 4Саралау тәсілдері

Саралау тәсілдері

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть