Презентация, доклад на тему Тақырыбы: Қазақстанның ғарыш технологиясын игерудегі жетістіктер 10 смынып

Содержание

Қазақстанның ғарыш технологиясын игерудегі жетістіктері

Слайд 1«М.Б.Ықсанов атындағы № 36 ЖОББМ» КММ
Тақырыбы: Қазақстанның ғарыш технологиясын игерудегі жетістіктер



Жетекшісі: физика пәні мұғалімі Купжасарова А.К.
Орындаған: 10 сынып оқушысы Кереш Арман

Орал қаласы, 2018 жыл

«М.Б.Ықсанов атындағы № 36 ЖОББМ» КММТақырыбы: Қазақстанның ғарыш технологиясын игерудегі жетістіктер Жетекшісі: физика пәні мұғалімі Купжасарова А.К.Орындаған:

Слайд 2Қазақстанның ғарыш технологиясын игерудегі жетістіктері

Қазақстанның ғарыш технологиясын игерудегі жетістіктері

Слайд 4Биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев: «Біз Тәуелсіздіктің

жиырмасыншы жылына аяқ бастық. 1991 жылдың желтоқсанында, өзіміздің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таңдап ала отырып, біз әр жаңа кезеңнің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық. Біз келелі міндеттерге ұмтылып, оларға қол жеткіздік» - деп атап өтті.
Иә, шыны керек 20 жылда Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында мемлекетті қалыптастыруда қыруар істер жүзеге асырылды. Соның ішінде, ғарыш қызметі де елеулі нәтижелерге қол жеткізді.
Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерекше. Елімізде әлемдегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан, әлем біздің ғарыш айлағымызды «Жердің бірінші ғарыштық айлағы» деп мойындайды.
Ғарышқа адамзат алғаш рет 50 жыл бұрын біздің байтақ жерімізден аттанды. Егер еліміз өз тәуелсіздігін алмағанда, бұл саланың да Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқанына қарамастан, дами қоюы екіталай болар ма еді... «Елдің дұрыс дамуы үшін, ең алдымен, оның басына азаттық керек» деп кезінде Шоқан Уәлиханов қандай орынды айтқан.

Кіріспе

Биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев: «Біз Тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылына аяқ бастық. 1991 жылдың

Слайд 5Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ғарыш қызметін іске асыруға қолдау көрсетіп, оған ерекше

назар аударып жүргені баршамызға мәлім. Тәуелсіз еліміздің қысқа тарихындағы жетістіктеріміз сол нақты тапсырмалардың нәтижелері екенін атап өткен жөн.
Мемлекет басшысының қолдауымен біздің ірі жобаларымыз Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Олар: «Ангара А-5» зымыран-тасығыш негізіндегі зымыран-ғарыштық «Бәйтерек» кешені; «Қазсат» байланыс және хабар тарату спутниктік жүйесі; ғарыштық аппараттарды құрастыру-сынау кешені; жерді қашықтықтан зондтау жүйесі.
Өздеріңізге белгілі, шілденің 16-сы күні Байқоңыр ғарыш айлағынан «ҚазСат-2» спутнигі ойдағыдай ұшырылды. «ҚазСат-2» спутниктелевизиялық ақпарат таратуға және байланысқа арналған, яғни біз ақпарат таратып, байланыс орнату үшін басқа елдердің спутнигін жалдап, қаржыны басқа елдерге аудармаймыз деген сөз. «ҚазСат-2» арқылы еліміздің әр түкпіріне кедергісіз ақпарат пен байланыс жеткізіп, қиындықсыз хабар беруге бо­лады. Өзіміздің жер серігі іске қосылғаннан кейін, байланыс саласы, интернетте арзандай бастайды. Дегенмен, осының бәріне қол жеткізу үшін белгілі бір уақыт керек. Ал, «ҚазСат-3» спутнигінің ұшырылуын 2013 жылдың соңы мен 2014 жылдың басына жоспарлап отырмыз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ғарыш қызметін іске асыруға қолдау көрсетіп, оған ерекше назар аударып жүргені баршамызға мәлім. Тәуелсіз

Слайд 6ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ САЛАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ (Видео)

ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ САЛАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ (Видео)

Слайд 7"KazEOSat-1" (ағылш. Kazakhstan Earth Observation Satellite) — бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан

зондтау спутнигі, спутниг Орталық Азия аумағындағы жер бетін түсіру үшін арналған. Спутник Куру "ғарыш айлағынан". 30 сәуір 2014 ж іске қосылды. Қазақстан тарихындағы алғашқы ЖҚЗ спутнигі болып табылады, ол Қазғарыш және француз "Airbus Defence and Space" копаниясымен жасалған келісім-шарт бойынша құрылды. Спутник Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырысы бойынша "Leostar-500-XO " платформасының базасында құрылды.

KazEOSat-1


Слайд 8"KazEOSat-2" (Kazakhstan Earth Observation Satellite - қазақстандық Жерді бақылау спутнигі) екінші

қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау спутнигі. Спутник Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырысы бойынша британдық SSTL компаниясының көмегімен, "SSTL-150+ " платформасының базасында құрылды. Спутник 20 маусым 2014 жылы
ресейлік "Ясный " ұшыру базасынан іске қосылды. Спутниктін бортында пайдалы құрылғы KEIS (Kazakh Earth Imaging System) орнатылды.

KazEOSat-2


Слайд 9Қазсат-2 (KazSat-2) —Қазақстан Республикасының байланыс спутнигі. КазСат-2 ғарыш спутнигі 16 шілде

2011 жылғы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жасалды. Республикалық ғарыштық байланыс орталығының айтуы бойынша Қазсат-2 спутнигі ГСО 86,5° нүктесінде орналасқан. Қазсат-2 спутнигі Қазақстан Республикасының барлық аумағын, Орталық Азия елдерінің және Ресейдің орталық бөлігін қамтиды.

KazSat-2

Қазсат-2 (KazSat-2) —Қазақстан Республикасының байланыс спутнигі. КазСат-2 ғарыш спутнигі 16 шілде 2011 жылғы

Слайд 10"KazSat-3" – коммерциялық геостационарлық спутник, "Республикалық ғарыштық байланыс орталығының " тапсыры

бойынша Ф.Решетнев атындағы "Ақпараттық спутниктік жүйелер " ААҚ-тың көмегімен жасалды. Ғарыш аппараты Қазақстан аумағында байланыстың түрлі кызметтерін ұсыну үшін 58,5°-та орналасқан.

KazSat-3


Слайд 11Адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге

қол жеткізді. Ғарыш технологияларының ғылымға, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отырғаны сөзсіз. Осы уақытта орбитада мыңдаған жерсеріктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары Айға және Венераға, Марсқа ұшып, түрлі зерттеулер жүргізуде. Қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты. Осы орайда ғарыш саласында өзіндік үлесі бар ел ретінде Қазақстанның да өзіндік мақсаттары болуы шарт. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің ғарыш саласын игерудегі көздеген мақсаты әртүрлі болып отыр. Мәселен, Иран Ислам Республикасының ғарыш саласы негізінен мемлекеттің әскери қорғаныс саласын, әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген. Ал Ресей, АҚШ, Қытай сынды бір­қатар елдер бірнеше бағытта қатар жұмыс жасай береді: байланыс саласы, әскери қорғаныстық, ғылыми-академиялық зерттеулер мақсатында. Ал көптен бері ғарыштық держава атануды өзіне мақсат етіп қойған еліміз Қазақстан ғарыш саласындағы барлық бағыттары бойынша бірдей күш жұмсай алмайды. Біріншіден, бұған өте ауқымды қаржылық ресурстар қажет болар еді. Жалпы, капиталистік заманда кез келген тақырыпқа романтикалық қарым-қатынаста болу мүмкін емес. Яғни кез келген ел «ғарыштық держава» деген жалаң атақ үшін ғана бекер шығындала алмайды. Сондай-ақ еліміз дәл қазіргі жағдайда ғылым-білімнің ғарыш әлемін танып-білуге деген құштарлығы үшін салық төлеушілердің қалтасынан жиналған қаржыдан миллиардтар бөле алмайды. Әзірге ғарыштық ғылыми жобалар үшін қомақты қаражат құю төрт құбыласы түгенделген, дамыған мемлекеттердің қолынан келеді. Онда да әрбірінің емес. Ендеше, Қазақстанның ғарыш саласы үшін Марс пен Венерада не болып жатқаны, «Күн системасында қандай ауытқулар бар», «өзге ғаламшарлар мен жатпланеталықтар бар ма» деген секілді сұрақтар уақытша қызықтырмауы керек. Демек, Қа­зақ­стан ғарыш саласын дамыту барысында негізінен өз жерімізді зерттеу мәселесіне көп икемделгені дұрыс.

Қазақстанның ғарыш саласындағы мақсаттары

Адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ғарыш технологияларының ғылымға, техниканың

Слайд 12Атом өндірісін әскери мақсатта пайдaлануға болмайтыны секілді, ғарышты да әскери қақтығыс

алаңына айналдыруға болмайды. Әрине, бұл БҰҰ деңгейінде қойылатын талап болу қажет. Себебі бұл саланың да теріс мақсатта пайдаланылуы атомдық қарулардан кем зиян әкелмейді. Қазір ғарыш саласын әскери мақсатта дамытуға күш салып жатқан елдер де бар. Әскери қорғаныс саласын жетілдіру жoлында АҚШ пен Иран секілді  зымырандарға қарсы қорғаныс орнату үшін миллиардтар құю еліміз үшін тиімсіз болар еді. Оның үстіне, еліміз өзінің соңғы 20 жылдық тарихында ешбір әскери амбиция танытқан емес, бейбіт имидж қалыптастыруда.
Ғарышты игеру саласын прагматикалық көз­қарасқа салатын болсақ, нақты мемлекет қазынасына пайда түсіріп, ел азаматтарына игілік әкелетін жобалардың ғана маңыздылығы үстем. Мәселен, өткен жылы ресейліктердің қазақстандық қос ғарышкерді ұшырудан бас тартуын кейбір отандық баспасөз құралдары ұлттық трагедия етіп суреттеді. Әсілінде, бұл үшін сезімге беріліп, аталған салада көрші елмен «ат құйрығын кесісудің» тіпті де қажеттілігі жоқ. Себебі дәл қазір Қазақстанның ғарыш саласының дамуы дәл сол екі ғарышкеріміздің көкке көтерілуіне қарап қалған жоқ. Мұны Ұлттық ғарыштық агенттігі де жақсы түсінетіндей.

Қазақстан ғарыш саласын бейбіт мақсатта дамытады

Атом өндірісін әскери мақсатта пайдaлануға болмайтыны секілді, ғарышты да әскери қақтығыс алаңына айналдыруға болмайды. Әрине, бұл БҰҰ

Слайд 13Әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, барлық дерлік ғарыш державалары «жұлдызды» жобаларды қаржыландыруды

азайтудың орнына, ұлғайтып жатты. Космостық бағдарламалар бюджеті осыдан бір жыл бұрын АҚШ-та – 16,8 млрд, Жапонияда – 5 млрд, Қытайда – 1,5 млрд, Ресейде – 1,2 млрд долларды құрағандығы өзін-өзі байқатып тұр. Осылай NASA америкалық агенттігі ғарыш саласына салған әрбір доллардың 5-6 доллар болып қайтатындығын хабарлаған. Мамандардың бағалауынша, соңғы жылдары Ресейдің ғарыштық зымыран сала­сындағы пайдасы – үш есеге, ал оның қайтымы екі есеге өскен.
Ендеше, біз де елдің индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асуына, ғарыш индустриясы кластерінің құрылуы мен дамуына, халықаралық маңызды серпінді жобалардың іске асуына, әлемдік ғылыми және ғылыми-техникалық кеңістікте кірігуіне ықпал ететін отандық ғарыш саласын жасауға міндеттіміз.

Ғарышқа қанша ақша бөлінеді?

Әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, барлық дерлік ғарыш державалары «жұлдызды» жобаларды қаржыландыруды азайтудың орнына, ұлғайтып жатты. Космостық бағдарламалар

Слайд 14Ресей де ғарыш саласында кенже қалып қоюымыз мүмкін деген қаупін жасырмайды.

Соңғы жылдары еліміз Қазақстан да бұл бағытта тартынып жатқан жоқ. Сөйте тұра, ғарыштық жобалардың барлық салалары бойынша далақтай бермей, негізгі бағыттар бойынша ғана жұмыс жасау қажеттігін түсінеді. ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.Мұсабаев Қазақстандағы ғарыштық саланы қалыптастыру стратегиясы мен еліміздегі ғарыш саласын дамытудың мемлекеттік басқару реформасы бойынша ғарыш саласына 2020 жылға дейін жыл сайын 316 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы қажет болатынын айтады. Ғарыштық жүйені дамытуға бағытталған стратегияны жүзеге асыру барысында 2020 жылға дейін орбиталық топталған 12 ғарыштық аппарат құрылатындығын, сонымен қатар еліміздің спутниктік байланыс каналдарына сұраныс қанағаттандырылып және өңірлер көп бағдарламалық телехабарлармен қамтамасыз ету жоспарланған. Яғни ғарыш саласын дамытуда еліміз ең алдымен байланыс мәселесіне көп көңіл бөледі. Еліміздің азаматтары «Қаз­сат» ұлттық жүйесін пайдалану – еліміздегі байланыс саласын бірнеше есеге арзандатады» деп үміттенеді. «Қазсаттарымыздың» жоғалып кетуіне қарамастан, Қазақстанның төл жерсеріктерін ұшырудан тайынбауы – осының бір дәлелі. Ғарыш саласының тағы бір мүмкіндігі – табиғи катаклизмдерді алдын ала болжау мүмкіндігі. Дегенмен бұл саланы айтулы ғарыштық державалардың өзі толық игеріп болған жоқ. Әлемде болып жатқан түрлі стихиялы апаттар адам шығынын болдырмау мақсатында табиғи болжамдарға қаржы құюдың зая еместігін көрсетіп жатыр. Ғарыштағы жалпы саны 23 жерсерігін, әлемдегі ғарыштық ұшулардың 40 пайызын қамтамасыз етіп отырған

Ғарыш пен байланыс

Ресей де ғарыш саласында кенже қалып қоюымыз мүмкін деген қаупін жасырмайды. Соңғы жылдары еліміз Қазақстан да бұл

Слайд 15Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть