Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.
Физикалық эксперимент. Физикалық теория. 7-класс
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.
Физикалық эксперимент. Физикалық теория. 7-класс
Бақылау, эксперимент және теориялық зерделеу
Бақылау негізінен ғылыми деректер жинау үшін қолданылады.
Табиғатты танып зерделеудегі ең жауапты кезең -болжам
Батпырауыққа байланған ұзын жібек баудың Жер бетіндегі ұшына темірден жасалған салмақты кілт ілінді
Аспанды калың бұлт қаптаған күні ол кілтке саусағын жакындатып, күшті электр ұшқынынан есеңгіреп калады. Сөйтіп ол: «найзағай - электр ұшқыны» деген өзінің болжамын тәжірибе жасап дәлелдеді.
Найзағайдың пайда болу сырын ұққан В. Франклин одан қорғану жолын да іздестірді. Ол найзағайдан сақтандыратын жайқайтарғышты ойлап тапты
Архимед жәнө басқа заңдарды тексеруде кең қолданылатын серіппелі таразының сұлбасын салудағы оқушылардың жіберетін қателеріне көңіл аударайық. 17-суретте серіппелі таразының әр түрлі сұлбасы көрсетілген. 17-суреттегі а нұсқасының салдыр-салақ салынғаны айдан анық. Ал нұскасын салуда ұқыптылық, нақтылық, дәлдік және жауапкершілік сезіледі.
Сондай-ак экспериментте алынған нәтижелерді ала-құла етіп жазбай, белгілі ретпен, әрі кесте түрінде көрсете білуге дағдылану керек. Эксперимент барысын жұмыс дәптерлеріне қалай жазудың үлгісін Гук заңын тағайындайтын тәжірибе мысалы оқулықта көрсетілген.
Физиканың 4 іргелі теориялары:
Классикалық механика теориясы;
Термодинамика және молекулалық физика теориясы;
Электродинамика теориясы;
Кванттық механика теориясы.
Физикалық теорияның тарихи дамуына мысал ретінде заттың құрылысы туралы молекулалы-кинетикалық теорияның қалыптасуын алуға болады.
Алғаш рет денелердің барлығы да өте кішкентай бөлшектерден тұрады деген идея ертедегі Эллада елінде қалыптасты. Оның негізін салушы - грек ғұламасы Демокрит(б.з.б. 460- 370). Ол кез келген денені ұсақтап бөле отырып, ең соңында бөлінбейтін бөлшек - атомды (көне грекше: ἄτομος - бөлінбейтін) алуға болады деді. Атомдар үздіксіз козғалады, әр түрлі денелердің атомдарының пішіні мен көлемдері де әр түрлі болады деп пайымдады.
1) Барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден - молекулалар мен атомдардан (Ломоносовша «корпускулалардан») тұрады;
2) Молекулалар мен атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады;
3) Молекулалар мен атомдар өзара әрекеттеседі.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть