Слайд 1Планеталардың қозғалысы
Физика пән мұғалімі: Казиханов К
Слайд 2
Сабақтың тақырыбы:
Планеталардың қозғалысы.
Күннің жылдық қозғалысы.
Күн жүйесінің құрылысы туралы
ежелгі ғалымдардың көзқарастары тақырыптарын қайталау
Сабақтың мақсаты:
-Планеталардың ерекшеліктерін , серіктерін қозғалыс бағытын үйрету.
-Күн жүйесінің қозғалысы, Күннің эклиптика бойымен қозғалысын, геоцентрлік жүйе және гелиоцентрлік жүйе туралы мағұлымат беру;
-Оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Слайд 3Сабақтың барысы
1. Үйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын қайталау (сәйкестендіру тесті арқылы)
3. Жаңа
сабақты түсіндіру
4. Сергіту сәті (кім шапшаң ойыны арқылы)
5. Жаңа сабақты бекіту сұрақтар тарату арқылы
6. Жаңа сабақты қортындылау қосымша мәліметтер арқылы
7. Сабақты бағалау (ойындар ойнату)
8. Кері байланыс
9. Үйге тапсырма беру
10. Табыс критериін жүргізу
Слайд 7Ғ а л а м ш а р л а р:
Меркурий
Шолпан
Жер
Марс
Юпитер
Сатурн
Уран
Нептун
Плутон
Слайд 8Меркурий
Қазақша аты – Болпан немесе Кіші Шолпан.
Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар.
Диаметрі
Жерден 2,5 есе кіші.
Диаметрі – 4878 км.
Күнді 88 тәулікте айналып өтеді.
Күнге қараған жағының температурасы өте
жоғары+3000С, қарама-қарсы жағы өте суық
2000С.
Массасы 3,28*1023 кг.
Слайд 9Меркурийдің орбита осімен
Күнді айналу жүйесі
Меркурийдің жасанды
серіктері
Слайд 10Шолпан
Күннен қашықтығы 108 млн. шақырым.
Жерден сәл кіші.
Күнді 225 тәулікте айналып өтеді.
Беткі
температурасы 5000С.
Массасы 4,87*1024 кг.
Диаметрі – 12102 км.
Слайд 12Жер
Диаметрі – 12756 км.
Массасы 5,98*1024 кг.
Күнді айналу уақыты – 365,26 тәулік.
Тығыздығы
– 5510 кг м3.
Слайд 14
Ерте замандағы адамдардың Жер туралы көзқарасы
Слайд 15Марс
Диаметрі Жерден екі есе кіші.
Диаметрі – 6794 км.
Күнді 687 тәулікте айналып
өтеді.
Екі серігі бар: Фобос және Деймос.
Жазда температурасы күндіз+200С. Қыста түнде -1250С.
Массасы – 6,42*1023 кг.
Слайд 18Юпитер
Диаметрі жағынан Жерден 11,5 есе үлкен.
Диаметрі – 142800 км.
Күнді 11,9
жылда айналып өтеді.
16 серігі бар.
Өте тез айналады.
Массасы – 1,9*1027 кг.
Слайд 20Сатурн
Диаметрі Жерден 9,5 есе үлкен.
Күнді 29,5 жылда айналады.
17 серігі бар.
Массасы
– 5,7*1026 кг.
Диаметрі – 120600 км.
Слайд 22Уран
1781 жылы неміс астрономы Гершель ашқан.
Күннен шыққан жылуды Жерге қарағанда
400 есе кем алады.
15 серігі бар.
Күнді 84 жылда айналып өтеді.
Массасы: 8,7*1025 кг.
Диаметрі – 57800 км.
Слайд 24Нептун
Массасы – 1,03*1026 кг.
Диаметрі – 48600 км.
Күнді айналу уақыты –
164,79 жыл.
Слайд 26Плутон
Күннен 6 млрд. шақырым қашықтықта орналасқан.
Күнді 247,7 жылда айналып өтеді.
Серігі
– Харон.
Массасы – 1,3*1022 кг.
Диаметрі – 2290 км.
Слайд 28Эклиптика. Зодиак жұлдыздары.
Суқұйғыш
Тоқты
Шаян
Тауешкі
Егіздер
Арыстан
Таразы
Балықтар
Мерген
Сарышаян
Торпақ
Бикеш
Слайд 29Орбита дегеніміз – Күнді айнала қозғалатын ғаламшарлардың жолы.
Жерге ұқсас ғаламшарлар: Меркурий,
Шолпан, Жер, Марс.
Алып ғаламшарлар: Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.
21 наурыз – көктемгі күн мен түн теңелуі.
23 қыркүйек – күзгі күн мен түн теңелуі.
22 шілде ең ұзақ күн-жазғы Күн тоқырау күні.
22 желтоқсан ең қысқа күн -қысқы күн тоқырау күні
Слайд 36«Кім шапшаң» ойыны
Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар жасырылады.
1. Күндіз бар да, түнде
жоқ,
Қиналмай тауларды, орманды,
Онсыз өмір мүлде жоқ.
2. Аты да көк, заты да көк,
Ойлап тап, көтерген алыпты.
3. Бір кісінің он екі баласы бар,
Іштерінде ақ, сары, қарасы бар.
Әр баласы сапарға шыққан сайын,
Отыз шақты серігін ала шығар.
4. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.
5. Бір емен, жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым - дайым,
Ішінде шынар терек, үш қарағай,
Өңгесін айта беріп не қылайын.
6. Дарияның ортасында екі жайын
Бірі кетсе бірі дайын.
Слайд 37Сұрақтар: I топқа
1.Барлық 8-планета Күнді айнала қандай орбитамен қозғалатындығын
байқадыңдар?
2.Көршілес орбиталардың арақашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түст і ме?
3.Ең ұзақ жол жүретін қай планета?
4.Өз осінен айналу бағыты Күнді айналу бағыты мен сәйкес келетін қанша планета бар?
5.Күнге ең жақын планета
6.Өз осьтерінен барлық басқа планеталар айналатын бағытқа қарсы айналатын планеталар
7.Болпан атанған планета
II топқа
1.Диаметрі Жерден 2 есе кіш планета
2.Марс планетасын қазақ халқы қалай атаған
3.Қазақша аталуы Есекқырған деп аталған планета
4. Күн мен түннің көктемгі теңелу нүктесі қай шоқжұлдызына сәйкес келеді
5.Күнді 1рет айналуы Жердегі 12жылға тең планета
6.Жерде 30жыл болғанда онда 1жыл болып жататын планета
7. Алып плпнеталар атап беріңіз?
III топқа
1.Санақ жүйесі дегеніміз не?
2.Сақиналы планета
3.Жерде 84жыл болғанда онда 1жыл болып жататын планета
4.Сатурнның қазақша аталуы
5.Күнді 248жылда 1рет айналып шығатын планета
6. Күн мен түннің күзгі теңелу нүктесі қай шоқжұлдызына сәйкес келеді.
7. механикалық қозғалыс дегеніміз не?
Слайд 38Киіз үй күнтізбесі
1. Киіз үйдің 1 қанат керегесі – 12 қанатты
киіз үйде жылдың бір айын, 6 қанатты киіз үйде жылдың екі айын білдіреді. Яғни, киіз үйдің жарты шеңбері 6 ай жазды, екінші жарты шеңбері 6 ай қысты бейнелеп тұр.
2. 12 айды керегенің 30 тор көзіне көбейтсек (оны 30 күн санап), 360 күн шығады.
3. Шеңбер түріндегі шаңырақтың қақ ортасы қосу белгісі (+) тәрізді бір-бірімен айқасып тұр. Ол төрткүл дүниені 4 бөлікке теңдей бөлген көне түркі ұғымын білдіреді. Түнде шаңырақтың түндігін ашсаң, Темірқазықты айналып қозғалған жұлдыздар көрінеді. Сол арқылы түнгі уақытты анықтауға болады. Күндіз шаңырақтан ішке икс (х) белгісі тәрізді түскен көлеңкесі бойынша күндізгі уақытты ажырата аласың. Яғни, шаңырақ күн сағаты тәрізді.
4. Алты қанат керегеге әрқайсысы он-оннан барлығы 60 уық байланады. Қай жағынан алып қарағанда да 60 саны 6 ай жаз немесе 6 ай қысқа, 1 сағаттың ішіндегі 60 минутке, 360 күндік жылға, немесе 360 градустық шеңберге өте ыңғайлы, ол қалдықсыз бөлінеді.
5. Киіз үйдің сыртқы пішімі – жарты шарға ұқсас. Жер шарының қай нүктесінде де адамдардың тас төбесінен тұтас шар емес, соның тең жартысы болып саналатын жарты шар төніп тұрады, дей-ді зерттеушілер. Қазақтардың ежелден-ақ соны біліп, оны киіз үй пішімінде бейнелеуі өте таң қаларлық іс.
6. Түркілердің «Мүшел есебі» Мүшел – 12 жылдық айналым. Жыл басы қазақша көктемде күн мен түннің теңелуінен (22 наурыз) бастап есептеледі. Халықтық осынау жыл санау есебінде 12 жыл аты бар. Олардың бәрі де жан-жануарлардың атауы. Айналым Тышқан жылынан басталып, доңызбен аяқталады да қайта жалғасады.
Слайд 39Уақыты өлшеудің жалпы бірліктері
Слайд 40Ойындар
1. Альфавит ойыны (бұл ойынға әр топтың басшысы шығып, әріптердің
реті бойынша тақырыпқа сай сөз құрайды ) 5 мин
2. Жасырылған сөзді қимыл қозғалыспен көрсету. 6 мин
3. Қораптағы создерді таңдап, тақырыпқа сай әңгіме құрау. 5 мин
4. Акварюм ойыны. (әр оқушы балықтарды таңдап, берілген сұрақтарға жауап беру керек) 10 мин
Слайд 41Тақырыбы:________________________________
Мен нені білемін?
(кіріспе тапсырма)
Мен нені білгім келеді?
(кіріспе тапсырма)
Мен нені білдім?
(талқылау)
Слайд 42§11.12,13,14 оқу, мазмұндау. Планеталар туралы деректер
жинақтау. 10-тапсырманы орындау
Үйге берілетін тапсырма
Слайд 43Табыс критериі
1. Қозғалыс жайлы түсінік қалыптастырады
2. Планеталадың санын атауларын үйренеді
3. Зодиак
жұлдыздары жайында ұғым қалыптастырады
4. Гелиоцентрлік жүйесіне түсінік қалыптастырады
Слайд 44Зейін қойып
тыңдағандарыңызға рахмет !