Презентация, доклад Әлемдегі өмір мен сана 11 сынып

Әлем жөніндегі біздің біліміміздің шектелгенін еске ала отырып белгілі астроном X. Шепли (1885—1972) адамзаттың алдағы уақытта жауап беруте тиісті негізгі үш мәселесі бар деді. Олар: Әлем деген не? Оның құрылымы қалай? Ол неге өмір сүреді?Бұл сұрақтарды

Слайд 1Әлемнің модельдері. Әлемдегі өмір мен сана

Әлемнің модельдері. Әлемдегі өмір мен сана

Слайд 2Әлем жөніндегі біздің біліміміздің шектелгенін еске ала отырып белгілі астроном X.

Шепли (1885—1972) адамзаттың алдағы уақытта жауап беруте тиісті негізгі үш мәселесі бар деді. Олар: Әлем деген не? Оның құрылымы қалай? Ол неге өмір сүреді?

Бұл сұрақтарды осы өмірге қатысты қойсақ, олардың біреуіне де толық жауап бере алмаймыз. Өмір деген не? Ол қалай құрылған? Ол неге өмір сүреді (Ол қалай пайда болды)? Жалпы алғанда, өмірдің проблемаларына қызығушылық дүниедегі ең әйгілі ойшылдарды өзіне тартқан және тарта береді. Атап айтқанда, Аристотель, Платон, Эйнштейн, Бор, Крик жәнө Бернал, т.б.
Әлем жөніндегі біздің біліміміздің шектелгенін еске ала отырып белгілі астроном X. Шепли (1885—1972) адамзаттың алдағы уақытта жауап

Слайд 5Жерден тыс саналы өмірі бар аспан денелерінің болуы және ол көп

пе, аз ба деген сұраққа жауап беру үшін бақылау құралдарын жетілдіру керек немесе алдымен төмендегі сұрақтарға жауап берген жөн: Әлемде тіршілік түрлерінің пайда болуына қолайлы жағдайлар жиі кездесе ме және осы жағдайлардың бәрінде де тіршілік пайда бола ала ма? Оған қанша уақыт керек? Жердегі тіршіліктен басқа тіршілік түрінің болуы мүмкін бе? Өмір эволюциясының болуы әр уақытта да саналы тіршілікке әкелуі мүмкін бе? Және саналы тіршіліктің пайда болуына қажетті уақыттың ұзақтығы қандай?

Қойылған сұрақтарға жауап беретін әр түрлі теориялар бар. X. Шепли теориясы бойынша:

өмір тек планеталарда дами алады;
қос, еселік жұлдыздар жүйесі емес тек дара жұлдыздар ғана тұрақты планеталарға ие болуы мүмкін;
дара жұлдыздардың тек азғана үлесі планеталар жүйесін түзетін эволюцияны бастарынан өткізе алады;
тіршілік тек орбиталары дөңгелек немесе оған жақын болып келетін планеталарда ғана дами алады. Өйткені планеталар бетінде тіршілік болуы үшін қандай да бір тұрақты температура қажет;
тіршілік тек жұлдыздан тиісті қашықтықта жатқан планеталарда ғана дами алады. Өйткені оның бетіндегі температура рауалы (қолайлы) болуы керек;
тіршілік үшін су қажет, сондықтан тіршілік дамитын планета ұзақ уақыт бойы өзіндегі атмосфера мен гидросфераны ұстап тұруы үшін жеткілікті үлкен болуы қажет;
атмосфера мен гидросферада тіршілікке зиянды улы заттар болмауы керек.


Жерден тыс саналы өмірі бар аспан денелерінің болуы және ол көп пе, аз ба деген сұраққа жауап

Слайд 6Астрономдардың зерттеулері бойынша Күнге ұқсас жұлдыздардың шамамен үштен бірі дара жұлдыздар.

Олардың барлығы немесе тіпті болмағанда көбісінің планеталық жүйелері бар. Тіршілік жоқ табиғатта қызықты оқиғалардың кездеспейтіні ғылым тәжірибелерінен белгілі. Галактикадағы дара жұлдыздар маңындағы тіршілік пайда болуы үшін қолайлы жағдайлары бар планеталардың саны көп болуы қажет. Күн мен Жердің қалыптасуын саналы тіршіліктің қалыптасуының біздің кезімізге дейінгі уақытымен салыстырғанда, қолайлы жағдайдың нәтижесінде, Жердегі тіршілік әлде қайда аз уақыт ішінде пайда болды. Табиғат заңдары әмбебап, жан-жақты болғандықтан қай жерде қолайлы жағдай туса, сол жерде тіршілік пайда болуы керек.

Егер күрделі молекулалардан тірі организмнің қалыптасу ықтималдығы жоғары болса және тіршілікке икемі бар ең болмағанда бір организмнің ең қолайлы жағдайда пайда болуына кететін уақыт орташа есеппен тек қана миллион жыл болса, онда барлық галактикадағы тіршіліктің пайда болу құбылысы, салыстырмалы түрде алып қарасак, көп таралған болуы керек. Бірақ барлық уақытта тіршіліктің пайда болуынан саналы қоғам құрыла ма? Бұған біржақты жауап беруге болмайды. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, саналы қоғамның құрылуына дәлел болғанымен өмірдегі эволюция нәтижесінде барлық жерде саналы тіршіліктің пайда болатынына дәлел бола алмайды. Мұңда ең бастысы — тіршілік пайда болғаннан бастап саналы организмдердің пайда болуына қажетті орташа уақыт. Ол уақыт планетадағы физикалық жағдайларға тәуелді.

Біздің планета шамамен 4—5 млрд жыл бұрын қалыптасты. Тірі организмдердің өмір сүргенін көрсететін алғашқы белгілер шамамен 1,2 —1,3 млрд жыл бұрын жоғарғы Архей периодына сәйкес келеді. Демек, тіршілік пайда болуы үшін 3—4 млрд жыл керек. Ал өмірдің эволюциясы нәтижесіндегі саналы тіршілік Кайнозой дәуірінің төртінші периодының басында тек миллион жыл ғана бұрын пайда болды. Олай болса, бірінші тірі организмнен саналы организм пайда болғанға дейін миллиард жылдан астам уақыт қажет болған. Бұл уақыт ғарышнама өлшемдеріне сәйкес өлшеген кезде де жеткілікті үлкен период.
Астрономдардың зерттеулері бойынша Күнге ұқсас жұлдыздардың шамамен үштен бірі дара жұлдыздар. Олардың барлығы немесе тіпті болмағанда көбісінің

Слайд 8Сана дегеніміз не? Кейбір ғалымдардың болжамдары бойынша адамның санасы адам тілінің

синонимі. Екіншілердің пікірінше, сана адамдардың танымдық қасиеттерінің бірі болғандықтан, сананың дамуы әр түрлі дәрежеге жете алуы мүмкін және оның кемшілігі мен жетістігі бар. Ал үшінші пікірге сүйенсек, сана адамзат дамуының тұйық тармағы.

Сана материядан тыс жоғарғы бір белгісіз күш арқылы пайда болады деген болжамдар да бар. Бұл адам санасының табиғатына белгісіз бір құдіретті күштің тікелей әрекетін таңатын, ертеден келе жаткан ілім. Бірақ бұл пікір ғылымға онша жанаспайды. Біз танып-білуге болатын нақты бар, шын өмір сүріп тұрған материялық дүниенің бір бөлігіміз.

Егер Әлемнің бір жерінен тіршілік иелері табылса, барлық айтылған болжамдарымыз не расталып немесе жоққа шығар еді.
Сана дегеніміз не? Кейбір ғалымдардың болжамдары бойынша адамның санасы адам тілінің синонимі. Екіншілердің пікірінше, сана адамдардың танымдық

Слайд 9Сөйтіп, жоғарыда келтірілген пікірталастардан кейін мынадай қорытынды жасауға болады.

Күрделі молекулалардың табылуынан

саналы тіршіліктің өмір сүруіне қолайлы біздің планетамыз сияқты серігі бар жұлдыздар табылуы мүмкін. Ол планеталарға ғарыштық саяхат жасауға әбден болады. Бірақ уақыт пен алыс қашықтық кедергі келтіреді.

Саналы өмір іздеудің тиімді жолы радиосигналдарды зерттеу. Оларды басқа планеталарда тұратын саналы тіршілік иелері жіберуі ғажап емес. Бір күні Жерде немесе Айға орнатылған радиотелескоптар келген радиосигналдарды қатесіз ұстауы, ғарыштық радиобайланысты ашуы мүмкін. Осы сәтте біз өзіміз кездесе алмайтын тіршілік иелерінің бар екенін білетін боламыз.

Бірақ адамның өзі көзбен көріп, қолмен істеген нәрсеге ештеңе де тең келмейді. Жақын оншақты жылдар ішінде адам баласы басқа планеталардың бетіне не оның серіктеріне өзі баруы және оны зерттеп тіпті игеруі мүмкін. Адамзаттың ғарышқа ұшу дәуірі XX ғасырда басталды, атап айтсақ, жерді бірінші ғарышкер айналып ұшып өтті, бірінші ғарышкер әйел ғарышқа ұшты. Ай бетінде бірінші адамдар аяқ басты.
Сөйтіп, жоғарыда келтірілген пікірталастардан кейін мынадай қорытынды жасауға болады.Күрделі молекулалардың табылуынан саналы тіршіліктің өмір сүруіне қолайлы біздің

Слайд 10«Вояджер» — ғарыштық зонд.

«Вояджер» — ғарыштық зонд.

Слайд 11Кассини-Гюйгенс

Кассини-Гюйгенс

Слайд 12Шамамен жүз жыл бұрын біздің галактика әлемдегі жалғыз дене деп есептелді

және барлық көрінетін тұмандықтар біздің галактикаға жатады деп саналады. Бұл оларға дейінгі қашықтықтарды анықтаудың қиындықтарына байланысты болды. Қазір ғарыштағы 20 галактиканың жергілікті шоғырын және басқа 10 млрд-қа жуық галактиканы білеміз. Олар топтасып орналасқан және ең сезімтал құралдардың көмегімен анықтайтын қашыктықта жан-жаққа таралып, бір-бірінен алшақтап барады.

Басқа галактикаларды ашу

Шамамен жүз жыл бұрын біздің галактика әлемдегі жалғыз дене деп есептелді және барлық көрінетін тұмандықтар біздің галактикаға

Слайд 13Галактикалар пішінімен, салмағымен және өлшемдерімен ерекшеленеді. Галактикалардың эволюциясы жайында жұлдыздардың эволюциясына

қарағанда олде кайда аз білеміз. Галактика ядролары, олардың галактиканың эволюциясына және құрылымына әсері жөнінде мәліметтер өте аз. Кейбір ғаламдардың газ бен зат бөліп жарылатыны, ал кейбірінің бірімен-бірі өзара әсерлесетінін білгеннен кейін шешілетін проблемалар қатары көбейе түсті.

Біздің галактика тәрізді миллиондаған галактикалар бар.
Мұндай галактикалардың тармақтарында жаңа жұлдыздардың пайда болуына негіз болатын газдар мен тозаңдар бар. Бірақ спиральдар барлық уақытта да центрге өте жақын келмейді. Кейде спираль центрден қашық жатқандай, Галактиканың ядросы мен спиральдар арасында оларды жалғайтын бар (жалғастырғыш) тұрған тәрізді көрінеді. Спиральді галактикалар да ядроларының өлшемдерімен ерекшеленеді.
Дүниедегі ең ірі галактикаларға эллипетік галактикалар жатады. Олардың кейбіреуі шар тәрізді, ал кейбіреуі созылыңқы болып келеді. Олар өздеріне өте жақын келген әлдеқайда кіші галактикаларды қармап алу арқылы кеңейеді.
Сыртқы пішініне қарай астрономдар галактикаларды бірнеше түрге топтайды. Эллипстік галактикаларды 10 түрге бөліп, мынадай белгілеулер енгізді: Е0 (сфералық), E10 (қатты майысып, екі бүйірінен жаншылған, пішіні, құймақ нанға ұқсайды). Спиральді галактикаларды сыртқы түріне қарай екі түрге бөлді: жалғастырғышы бар (белгіленуі Sb), жоқ (белгіленуі S) және ядроларының өлшеміне қарай үш түрге
'Sa (ең ірі ядро),
Sb (орташа ядро),
Sc (кіші ядро), сол сияқты Sba, Sbb, Sbc деп бөлінеді. Барлык бұрыс галактикалар бір белгімен 'ir деп белгіленді.

Галактикалар пішінімен, салмағымен және өлшемдерімен ерекшеленеді. Галактикалардың эволюциясы жайында жұлдыздардың эволюциясына қарағанда олде кайда аз білеміз. Галактика

Слайд 14Антенна Галактикасы

Антенна Галактикасы

Слайд 21
Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть