Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, түрлерін және
оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін ғылыми ой қорытындыларын жетілдіру, өз ойларын сөзбен жеткізуге дамыту.
Тәрбиелілік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: Аралас
Әдіс-тәсілдері: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Табиғаттану, техника
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, электрондық оқулық,динамометр,білеуше, гірлер жиынтығы
Слайд 2 Сабақ жоспары:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІV. Оқулықпен жұмыс
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Сабақты қорытындылау (бағалау)
VIІ. Үйге тапсырма
Слайд 3
« Ауырлық күші » тобына
1. Дененің
салмағы дегеніміз не?
2. Деформация түрлері
3. Дененің салмағын қандай әріппен белгілейді және оның өлшем бірлігін ата?
4. Салмағы 500 Н бала салмағы 50 Н қандай да бір денені ұстап тұр. Ол жерді қандай күшпен қысады?
Слайд 41. Ауырлық күші дегеніміз не?
2. Ауырлық күшінің белгіленуі және оның өлшем
бірлігі қандай?
3. Деформация дегеніміз не?
4. Массасы 1 кг денеге Айда 1,6 Н ауырлық күші әрекет етеді. Массасы 50 кг адамның Ай бетіндегі салмағы қандай?
« Серпімділік күші » тобына
Слайд 5
«Үйкеліс күші » тобына
1. Күш
дегеніміз не?
2. Тіректің реакция күшінің белгіленуі және өлшем бірлігі қандай?
3. Дененің салмағы мен денеге әрекет ететін ауырлық күшінің арасындағы айырмашылық неде?
4. Массасы 40 кг баланың Айдағы салмағын анықтаңдар. Айдағы gАй= 1,6 Н/кг
Слайд 6
VІ.Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
VІI. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Слайд 8
Құрал-жабдықтар сайысы /10 ұпай/
Құрал-жабдықтар сайысы /10 ұпай/
Әрбір топқа
құрал-жабдықтар таратылды./Ток көзі, амперметр, электр шамы, резистор, реостат,вольтметр, өткізгіш сымдар кілт, т.б/
Электрондық оқулық бойынша электр тізбегін құрастыру
Слайд 11Үйкелістің пайда болу себептері:
Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы
Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы.
Үйкеліс
:
Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,
Олардың өңделу сапасына;
Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.
Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.
N –нормаль қысым күші.
N=mg
Fүйк=µN
µ - үйкеліс коэффициенті
Үйкеліс күші қысым күшіне тура пропорционал:
Слайд 12Әр түрлі материалдар жұбы үшін сырғанау үйкеліс коэффициентінің мәндері
Техникада үйкеліс әрекетін ескеру
Үйкеліс коэффициенті Үйкелетін денелер
0,0035 Ағаш мұз бетімен
0,015 Болат мұз бетімен
0,07-0,50 Ағаш ағаш бетімен
0,1 Металл ағаш бетімен
0,15-0,20 Металл металл бетімен
0,6 Құрғақ асфальтта
0,4 Ылғал асфальтта
0,95 Құрғақ бетонда
0,85 Ылғал бетонда
0,5 (0,3) Қара жолда
0,7 (0,5) Құм төсеніште
0,15 Мұздақ жолда
Слайд 14 IV. Оқулықпен жұмыс
14-жаттығу
1. Массасы 50 кг
дене 200 Н күштің әсерінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?
2 . Жалпы массасы 1т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?
3. Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.
Слайд 15 Эксперименттік тапсырма
1. Кітапты қолмен басып,үстел бетімен
сырғанат.
Қандай күштің әсерінен кітап қозғалды?
Қорытынды:
2. Білеушені көлбеу жазықтықтың үстіне қойыңдар. Аз бұрышта білеуше орнында қалды. Неге?
Қорытынды:
Слайд 16
Білеушенің үстіне бір,екі, үш жүк қойып,үйкеліс күшін өлшеңдер.
Керекті құрал-жабдықтар: білеуше, динамометр,
гірлер жиынтығы
Слайд 17Бағалау - сабақ үрдісінің маңызды кезеңі.
Топтық жұмыс атқару барысындағы әр
оқушының дербес әрекетін бағалау
критерийлері:
белсенділігі
нақты үлесі
білім дәрежесі
логикалық ойлауы
шығармашылық жұмыс нәтижесі
зертханалық-практикалық жұмыс нәтижесі
Өзара белсенді әрекет көрсеткіштері бағаланады.