Презентация, доклад на тему Оптикалық талшықтар презентация (8-сынып)

Қазіргі кезде оптикалық талшықтар мәліметтерді жеткізіп беретін еӊ жетіскен орта есептеледі, сонымен қатар үлкен көлемдегі мәліметтерді үлкен қашықтықтарға жеткізіп беретін еӊ бір болашағы зор (перспективалы) орта болып табылады. 

Слайд 1Оптикалық талшықтар
Оптикалық талшық - жарықтық сигналдарды жеткізуге пайдаланылатын мөлдір материалдан жасалған жіп.
Радиотолқындар сияқты жарық та ақпараттар

жеткізуге пайдаланылады.
Оптикалық талшықты байланыс- мәліметтер оптикалық диэлектрикті кабельдер (оптикалық талшық) арқылы жеткізіп берілетін байланыстыӊ бір түрі. Оптикалық талшықтар арқылы мәліметтер жеткізіп беру жарықтыӊ толық ішкі шағылу құбылысына негізделген.

Оптикалық талшықтарОптикалық талшық - жарықтық сигналдарды жеткізуге пайдаланылатын мөлдір материалдан жасалған жіп. Радиотолқындар сияқты жарық та ақпараттар жеткізуге пайдаланылады. Оптикалық талшықты байланыс- мәліметтер

Слайд 2Қазіргі кезде оптикалық талшықтар мәліметтерді жеткізіп беретін еӊ жетіскен орта есептеледі,

сонымен қатар үлкен көлемдегі мәліметтерді үлкен қашықтықтарға жеткізіп беретін еӊ бір болашағы зор (перспективалы) орта болып табылады.
 

Қазіргі кезде оптикалық талшықтар мәліметтерді жеткізіп беретін еӊ жетіскен орта есептеледі, сонымен қатар үлкен көлемдегі мәліметтерді үлкен

Слайд 3Талшықтық-оптикалық кабель  —  мәліметтерді  жарық  көмегімен жылдам әрі сапалы тарататын кабель.

Талшықты-оптикалық кабельді жасауда сәулежолдар пайдаланылады.
Бұл сәулежолдардың әрқайсысының бірнеше қабат қаптармен қоршалуы олардың механикалық және  оптикалық  сипаттамасын жақсарта түседі. Мұндай қаптамалары бар сәулежолдарды оптикалық талшық деп атайды. Сәулежолдың диаметрі 50—125 мкм, ал қаптамасымен қосқанда 0,5 мм және одан үлкен оптикалық талшықтар тобы оптикалық кабельді құрайды. Оның ішіндегі талшықтар жуандау келген пластмасса түтіктерге салынады және беріктендіргіш болат және пластмасса шыбықтар қолданылады. Кабельдің ішкі бөлігін су өткізбейтін зат немесе пластмасса талшықтардың шоқтарымен толтырады. Оптикалық талшықты кабель ағытпасына бекіту өте маңызды. Қауіпсіздік үшін талшықтың ұшын желіммен, эпоксидті смоламен, т. б. саңылаусыз бітейді. Оптикалық кабельдің иілу радиусы оның маңызды ерекшелігіне жатады.

Талшықтық-оптикалық кабель  —  мәліметтерді  жарық  көмегімен жылдам әрі сапалы тарататын кабель. Талшықты-оптикалық кабельді жасауда сәулежолдар пайдаланылады.Бұл сәулежолдардың

Слайд 4Оптикалық талшықтыӊ құрылысы
Оптикалық-талшықты кабельдер кварцтан жасалған өзекшеден, шағылдырғыш жабыннан және кабельді

сыртқы әсерлерден және ылғалдан қорғайтын қабаттан тұрады.
Талшықты-оптикалық кабельдердің екі түрлі типі бар:
- көпмодалы немесе мультимодалы, арзан, бірақ сапасы төмен кабель;
- бірмодалы кабель, қымбат, бірақ сипаттамасы жақсы.

Оптикалық талшықтыӊ құрылысы Оптикалық-талшықты кабельдер кварцтан жасалған өзекшеден, шағылдырғыш жабыннан және кабельді сыртқы әсерлерден және ылғалдан қорғайтын

Слайд 6Бірмодалы кабельде практикалық түрде барлық сәулелер бір жолмен өтеді, нәтижесінде қабылдағышқа

бір уақытта жетеді және сигналдардың пішіні зақымдалмайды. Бірмодалы кабельдің орталық талшықтың диаметрі 8-10 мкм және жарық толқынының ұзындығымен салыстыруға келеді (1300 мкм толқын ұзындығымен жарықты береді).
Көпмодалы кабельде жарық сәулелерінің траекториясы көрінетін шашырау бар нәтижесінде кабельдің қабылдау соңында сигнал пішіні зақымдалады. Орталык талшықтың диаметрі 50  және 62,5 мкм, ол тасымалдаудың толқын ұзындығынан үлкен болады. Ішкі жамылғының диаметрі – 125 мкм (бұл кейде 50/125 және 62,5/125 деп белгіленеді). Тасымалдау үшін бірмодалы кабельмен салыстырғанда қабылдағыш-тараткыштар қызмет ету мерзімін арттыратын және бағасын арзандататын кәдімгі (лазерлі емес) жарық диод қолданылады. Көпмодалы кабельдегі жарық толқынының ұзындығы 850 нм немесе 1310 нм-ге тең. Кабельдің рұқсат етілген ұзындығы - 2-10 км. Қазіргі кезде көпмодалы кабель арзан және қолайлы болғандықтан, талшықты-оптикалық кабельдердің негізгі түрі болып табылады.

Бірмодалы кабельде практикалық түрде барлық сәулелер бір жолмен өтеді, нәтижесінде қабылдағышқа бір уақытта жетеді және сигналдардың пішіні

Слайд 8Оптикалық талшықты кабельдің артықшылықтары: негізін кремний екі қышқылы құрайтын кварцтан жасалған талшық

мысқа қарағанда арзан материал, сондықтан кең таралған.
Дүние жүзінде әрдайым мыс қоры азайып отырады, ал бағалар жоғарылауда. Байланыс техникасында мыстың бірнеше килограмын кабельдің бірдей өткізгіштік қабілеті жақсы тазартылған 1 г әйнекпен алмастыруға болады;  оптикалық талшықтың диаметрі жуықтап 100 мкм-ге тең, яғни өте ықшам және жеңіл, сондықтан оларды авиацияда, құрал жасауда, кабельдік техникада қолдануға қолайлы;  оптикалық талшықтың негізгі қасиеті – ұзаққа шыдамдылығы.
Талшықтың өмір сүру уақыты, яғни белгілі бір мезгілге оларға өздерінің қасиеттерін сақтау 25 жылдан асады, оптикалық-талшықты кабельді бір рет салуға мүмкіндік береді және қажетінше, тез әсер ететін қабылдағыш пен тасылмалдағышқа ауыстыру жолымен арнаның өткізгіш қабілетін арттырады.
Оптикалық талшықты кабельдің артықшылықтары: негізін кремний екі қышқылы құрайтын кварцтан жасалған талшық мысқа қарағанда арзан материал, сондықтан

Слайд 9Оптикалық-талшықты кабельдердің кемшіліктері: байланыс желілерін жасауда электрлік сигналды жарыққа және жарықты

электрлік сигналға айналдыратын сенімді белсенді элементтерді керек етеді.
Сонымен қатар қосып сөндіруде көп ресурсты оптикалық коннекторлар (қосқыш) қажет; оптикалық талшықты өңдеу үшін прецизиондық, қымбат технологиялық жабдықтар керектігі тағы бір кемшілікке жатады; оптикалық кабельдердің ақаулануынан болатын шығындар мысты кабельдердікінен көп. Кіші радиуспен иілуге талшық шыдамай тез үзіледі, сондықтан шыны талшық қорғаныс қабатпен қамтамасыз етеді.

Оптикалық-талшықты кабельдердің кемшіліктері: байланыс желілерін жасауда электрлік сигналды жарыққа және жарықты электрлік сигналға айналдыратын сенімді белсенді элементтерді

Слайд 10Еліміздегі оптикалық талшық өндірісі
Қарағанды облысындағы Саран қаласындағы телекоммуникация және электротехника бұйымдарын

шығаратын отандық кәсіпорын іске қосылды.
Онда еліміздің мұнай-газ саласына қажетті оптикалық талшықты кабель түрлері шығарылады.

Еліміздегі оптикалық талшық өндірісіҚарағанды облысындағы Саран қаласындағы телекоммуникация және электротехника бұйымдарын шығаратын отандық кәсіпорын іске қосылды. Онда еліміздің

Слайд 11Сарандағы оптикалық талшықты кабель шығаратын «Kazcentrelectroprovod» елімізде баламасы жоқ өндіріс орнының

бірі. Бүгінде бұнда 1000-ға жуық телекоммуникациялық және электротехникалық өнімдер дайындалады.
Ғаламтор желісіне екінші тыныс бітірген оптикалық талшықты кабель бұған дейін Қазақстанға тек шет мемлекеттерден тасымалданатын. Кәсіпорын соны өндіріп жатыр.
Пайдалану мерзімі ұзақ және байланыс қызметін  жеделдететін бұндай өнімге сұраныс та аса жоғары.
Кәсіпорын технологтары оптикалық талшықты кабельдің 10-ға жуық жаңа түрін ойлап тапқан. Енді өртке төзімді, жанбайтын кабельдер шығармақ. Ондай кабельдер мұнай-газ саласында үлкен сұранысқа ие.
Қазір мұнда 6 цех, 30 желі тұрақты жұмыс істеп тұр. Оларда 850 адам еңбек етеді. Тәулігіне 100 шақырым оптикалық талшықты кабель шығарылады, телебайланыс жәшіктері де дайындалады. Соның барлығы алыс және жақын шетелдерге жіберіліп тұрады. Жылдық тауар айналымы шамамен 5 миллиард теңгені құрайды.
Кәсіпорын шикізаттың жартысын Қытай мен Ресейден жеткізсе, қалғанын отандық зауыттардан сатып алады. Ал дайын өнім негізінен ұлттық компанияларға саудаланады, артылғаны экспортқа шығарылады.

Сарандағы оптикалық талшықты кабель шығаратын «Kazcentrelectroprovod» елімізде баламасы жоқ өндіріс орнының бірі. Бүгінде бұнда 1000-ға жуық телекоммуникациялық

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть