Слайд 1НАЙЗАҒАЙ-табиғаттың таңғажайып құбылысы
Дайындаған: Болсамбаева Жасмин
Жетекшісі: Нурсадыкова Гаухар Тынышбаевна
Алматы қаласы,
№26 ЖББ мектеп
Слайд 2Жобаның мақсаты
Найзағайдың табиғатын және пайда болу себептерін
физиканың теориясы мен заңдылықтары
арқылы біле
және түсіне отырып,
одан қорғанудың қауіпсіздік ережелерін дайындау.
Слайд 31.Найзағай жайындағы ғылыми мәліметтерді жинақтау және түсіну
2.Алған білімді жүйелеу
3.Найзағайдың түрлерін анықтау
4.Электрлік
разрядты зертханалық жағдайда алу үшін эксперимент жасау
5. Мәліметтерді қорытындылау
6.Найзағай жайындағы жинақтаған білімді сыныптастарыммен бөлісу
7.Найзағайдан қорғанудың жадынамасын немесе қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін әзірлеу.
Жобаның міндеттері:
Слайд 4Найзағай туралы түсінік
Найзағай — бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын
ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс.
Слайд 5 Найзағайдың түрлері
1. Сызықтық (линейная молния бұлт- жер)
2. Горизонтальды (горизонтальная молния)
3.
Таспалы (ленточная молния)
4. Бисерлі ( бисерная,пунктирная молния)
5.Шарлы (шаровая молния)
6.Спрайт (спрайтовая молния)
7.Эльфтер (эльфовая молния)
8.Қасиетті эльма оты (огни святого эльма)
9.Вулканды (вулканическая молния)
10. Айналмалы (круговая молния)
Слайд 6Жалпы мәліметтер
Табиғатта найзағайдың сызықтық түрі жиі кездеседі. Найзағай пайда болу үшін
бұлттың шағын көлемінде ұшқындық разрядтың басталуына жеткілікті электр заряды түзіліп, ал оның қалған едәуір бөлігінде басталған разрядты әрі қарай демейтіндей, орташа кернеулігі 0,1 – 0,2 Мв/м электр өрісі болуы керек.
Слайд 7Эксперименттік бөлім
Электрофорлық машина көмегімен найзағайды
зертханалық жағдайда бақылауға
мүмкін екенін білдім.
Осындай құбылысты Никола Тесланың
зертханасынан да көруге болады.
Біз электрофорлы машинаның
көмегімен жетекшімен
Бірге электр разрядына қарауды шештік.
Слайд 8Қызықты мәліметтер
Жыл сайын жер бетінде 44 мыңға жуық найзағай жарқылдайды, яғни
шамамен сағатына
2 мың найзағай, және әр секунд сайын Жер бетінің әр аймағындағы тұрғындар шамамен
100 найзағайды көреді.
Найзағай көбіне күннің екінші жартысында — 13 пен 24 сағат аралығында орын алады;
15 пен 18 сағат арасында ең аз жарқылдайтыны байқалған. Найзағайдың ұзақтығы шамамен бір сағат.
Алайда тропиктерде және Кавказ тауларында олар кейде 12-13 сағатқа дейін созылады.
Ең көп найзағайлы күндер – жылына 220 рет – Ява аралында (Индонезия) орын алған,
ал Бейтензорга қаласында тіпті 322 күн бойы найзағай жарқылдаған. Санта-Мария (Калифорния штаты, АҚШ)
қаласында найзағайлы ауа-райы екі жылда бір рет болғаны болмаса, өте сирек.
Ал Мысырда екі жүз жылда бір рет қана болуы мүмкін. Найзағайлар, әдетте, жазда көп болады.
Алайда климаты ылғалды және қысы жылы аймақтарда қыс айларында да найзағай болып тұрады.
Слайд 9Әлемнің тағы бір кереметі – «Кататумбо найзағайлары» Венесуэланың солтүстік-
батысында, Кататумбо өзені
бар.
Аталған өзенді бүгінде жергілікті халық «Кататумбо найзағайлары»
мекені деп атап кеткен.
Себебі жыл бойына өзен бетінде миллионға жуық найзағай ойнайды.
Әрбір жайдың өлшемі – 400 000 ампер.
Бұл жер бетіндегі ең көп найзағай түсетін жер. «Кататумбо найзағайларының»
ерекшелігі бұлт арасынан түскен
әрбір жайдың жарығы қаланың түн ішінде жап-жарық қылып,
әсем бір сәулеге бөлейді.
Тіпті әлемнің әр жерінен
саяхатшылар осы сұлулықты көру үшін келеді. Бұл найзағайлар күніне
он сағатқа жуық уақытта ойнайды.
Слайд 10 Бұл найзағайлар күніне он сағатқа жуық уақытта ойнайды.
Жергілікті Маракайбо
маягі осы
жайлардың көп түсуінен күн сайын жұмысын тоқтатқан емес.
Себебі өзенде болатын жарқылдан кемелер
адасып кетуі мүмкін. Ең алғаш «Кататумбо найзағайлары»
1595 жылы Фрэнсис Дрэйктің Маракайбо қаласына соғыс
ашып, оны алуға келген кезде тіркелген. Олар көктен түсен
жарық жайларды көріп
шошып қалған. Себебі қалаға түн
ортасында білдіртпей шабуыл жасамақ болған жоспарлары
быт-шыт болған. оған себеп «Кататумбо найзағайлары».
Көктен түсен найзағайлар тоқтаусыз екі тәулік
қаланы жарық етіп тұрғаны мәлім болды.
Слайд 11Найзағайдың адам өмірі мен қоршаған ортаға туғызатын қаупі
Найзағай жарқылы үлкен разрядты
тоқпен тең, ал оның температурасы 30000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа түседі.
Слайд 12Найзағайдан қорғану үшін жайтартқышты орнату керек
Слайд 13Найзағайдан қорғану жолдары
Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті.
Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі.
Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.
Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз. Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз.
Слайд 14Назар қойып тыңдағандарыңызға
рахмет!