Слайд 1сыныптан тыс сайыс сабақ
Қызықты
Пән мұғалімі : Исмаилова Ф.М.
Слайд 2Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың физика пәнінен алған білімін толықтырып, жетілдіру. Тақырыптарға құрылған сұрақтарға
жауап беру, сайыс, Абай өлеңдеріндегі физикалық құбылыстарды анықтап,оның ғылыми негізін түсіндіру;
Дамутышылық:оқушылардың ойлау, бақылау, зерттеу, салыстыру, құрал-жабдықтарды ұқыпты пайдалану қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету іскерліктерін, білім сапасын арттыру.
Слайд 3Барысы:
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, көрермендер! Бүгінгі біздің «Қызықты физика »
атты сыныптан тыс сайыс сабағымызға хош келдіңіздер! ! Біз бүгін 8-9 сынып оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз.8-9 сыныптан құралған «Термодинамика» және «Динамика» топтарын ду қол шапалақтап ортаға шақырамыз.
Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көресіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп, әділқазы алқаларымен таныстыру
Слайд 4Ал қазір ойын шарттарымен таныстырып өтейін.
1.Сәлемдесу. (Физика тілінде топтардың сәлемдесуі -5ұпай)
2.Жорға
кезеңі. Әр топқа 9 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
3.Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе алмасу)10ұпай
4.Физикалық құбылыстар Абай өлеңдерінде.(10ұпай
5.Құралдар(әр құралды атаса 1 ұпайдан)
6.«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»( әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан)
7.Пантомимо.(Карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсет. ( әр құбылысқа 5ұпайдан)
Слайд 5«Термодинамика» тобына арналған сұрақтар:
Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі
Тұтас алғанда
атом заряды?
Заттың сұйық күйден, газ күйіне өтуі
Атомның теріс зарядталған бөлшегі
Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе?
Атом массасының өлшем бірлігіне не алынған?
Ареометр нені өлшеуге арналған құрал?
Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады?
Термометрді кім жасады?
«Жорға » кезеңі
Слайд 6Жауаптары :
1.(кристалдану, қатаю)
2.(бейтарап)
3.(булану)
4.(электрон)
5.(найзағайды)
6.(кг)
7.(Сұйықтың тығыздығын)
8.( тамшы)
9.( Швед астрономы, физигі Цельсий)
Слайд 7 «Динамика» тобына арналған сұрақтар
1. Кернеуді өлшейтін құрал
2.Тоқ күші кернеуге тура
пропорционал, кедергіге кері пропорционал кімнің заңы
3.Ньютонның І-заңы не деп аталады
4.Тоқ күшін өлшейтін құрал
5.Материяның ажырамас қасиеті
6.Жылдамдықтың өлшем бірлігі
7.Еркін түсу үдеуі неге тең
8.Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл ....
9.Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі?
Слайд 8 (вольтметр)
(Ом заңы)
(Инерция)
(амперметр)
(қозғалыс)
(м/с)
(9,8 м/с)
(диффузия)
( деформация )
Жауаптары
Слайд 9III.Бұл фокус емес, бұл физика деп аталады.
Бұл арнайы дайындалып келген
тапсырма.Берілген заттар бойынша тәжірибе жасайды. Көрсеткен тәжірибелерін түсіндіреді.
Слайд 101-топқа
1. Суға: картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. Сонда
нені байқауға болады??
2. Тәрелке, сабын керек. Тәрелкеге су құйып, төгіп тастаймыз да, сабынды тәрелкеге қатты басып тұрамыз. Сосын сабынды көтергенде тәрелке бірге көтеріледі, неге?
3. Стакан, су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды. Неге?
2-топқа
4. А4 2 қағазы керек. Біреуін бүктемей, екіншісін бүктеп, бір уақытта жіберіп қаламыз. Не байқауға болады?
5. Пластмассалық баклашканы бір жағынан бірдей етіп 3 жерден тесеміз де тесіктерді шырпымен бітеп қоямыз да ішіне су құямыз. Шырпыларды алып тастағанда су тесіктерден әртүрлі қашықтыққа ағады. Неліктен 6. Үріліп жіпке байланған 2 шарды газетпен үйкеп - үйкеп жақындатамыз. Олар бір - біріне тебеді, неліктен?
Слайд 11«Физика қиын, ашиды миың» (пән туралы әзілдер)
Көрермендерге сұрақтар:
1.Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі қалай ажыратамыз?
2.Қияр ыстық суда әлде суық суда тез тұздала ма?
3.Үстіне құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге?
4.Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды?
5.Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік?
6.Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың
7.Қандай ыдыстарға су құйылмайды?
8.Стакандағы суды ішіп қойса, ішінде не қалады?
Слайд 12IV- кезең.Физикалық құбылыстар Абай өлеңдерінде.
Физикалық құбылыстардың Абай өлеңінде
қалай жырланатыны туралы таныстыру мақсатында оқушыларға өлеңдер жазылған қағаздар үлестіріледі,өлеңді оқып, құбылыстарды атап,физикалық мағынасын түсіндіреді.
Слайд 131.Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың маңы терең сай
Тасыған
өзен гүрілдеп деген шумағын алайық.
Түнде айдың жарқырауы, яғни оның түскен сәулесінің су бетіне су толқынымен дірілдеп көрінуі.
Ауаның желсіз тынық күйде тұруы.
Өзен арнасынан тасып, су толқындары әрбір жерге соғылып дыбыс шығаруы
Слайд 14
2.“Сылдырап өңкей келісім ,
Тас бұлақтың суындай ,
Кірлеген жүрек өз ішін
Тұра
алмас әсте жуынбай”
деген өлең шумағында «тасты» егжей-тегжейін талдауға болады. Тастың физикалық қасиеті қатты , бөлшектері тығыз орналасады. «Кірлеу»процесі қалай жүзеге асады? Бұны диффузия құбылысымен тығыз байланыстырсақ болады.
Слайд 153.Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес,жүгірмес бала шулай,
Қайыршы шал мен кемпір түсі
кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш-қурай.
Бұл өлеңде өмір мен табиғат шындығы жаңаша идеялық–көркемдік тұрғыда берілген көшпенді елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісін тамаша суреттей білген. Күзде күннің қысқарып, жылу берілулігі азаятындығы бейнеленеді.шал мен кемпір дегенде адам баласының өмір ұзақтығы ,яғни уақытты айтсақ болады.
Слайд 164.Ақ киімді денелі,ақ сақалды,
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау
түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Бұл өлең жолдарын кристалл заттар тақырыбын өткенде тамаша қолдануға болады. Қардың кристалл екендігін, күш әсерінен кристалдық тордың бұзылуынан, сықырлап дыбыс шығаратындығы айтылған.
Слайд 17V -кезең. Бүгін де физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның
меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
Қымбатты, достар! Сіздердің алдарыңызда 4 әріп
1-топқа Ѵ, F, t , m
2-топқа T, U, I, R
физикалық шамалар белгіленген. Оларды өлшейтін құралдың аттарын атаңыздар
1.Тұзу сызықты қозғалыс кезіндегі дененің жылдамдығының формуласы
2.Қысымды анықтайтын формула:
3.Заттың тығыздығын анықтайтын формула:
4.Центрге тартқыш үдеудің формуласы:
5.Ньютонның екінші заңының формуласы:
6.Жылу мөлшерінің формуласы:
7.Ток күшін анықтайтын формула:
8.Айналу периодының формуласы:
Слайд 19VII – кезең. Пантомимо – карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсету, қарсылас
топ оның қандай құбылыс екенін көрсетеді.
Мұғалім:Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой.
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой,
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап, алдыңнан қалмайды екен тіріде ол.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас, космос кораблі, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр, бәрінің бағынары физика ғой
Сондықтан табиғаттың сырын терең
Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем!