Презентация, доклад на тему Жаз мезгілі серуен картотекасы

Жаз мезгілін бақылау

Слайд 1Серуен картотекасы

Серуен картотекасы

Слайд 2 Жаз мезгілін
бақылау

Жаз  мезгілін   бақылау

Слайд 3

№ 1 кешен
Бақылау: Ауа- райын бақылау
Мақсаты: Ауа -райына жүйелі түрде қадағалау жасау; маусымның сипатты белгісіне көңіл аударып және біріктіру; барлық жан жануарлардың белсенді өміріне, өсімдіктердің өсуіне және жарығына, жылудың төгілуіне байланысты орнату.

Маусым -жаз басы, алмалар гүлдеп болады, күннің төгілуі,ылғалдар -өсімдіктің толқынды өсуімен, құрт- құмырсқалардың, құстардың келуімен байланысты; 22-маусым ең ұзақ күн, ең қысқа түн екенін атап өткен жөн.
Еңбек іс-әрекеті
Құмның үстіне құм себу және суару
Еңбекке қатысу , еңбекке баулу; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету.

Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты»
Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа, ептілікке баулу
Ойын барысы: « Осы кезде ұшты-ұшты ,қазан ұшты, ұшты-ұшты , қабан ұшты»,- дейді. Осы кезде ұшпайтын нәресеге қолын көтерген кісі айыпты болып есептеледі. Ұшатын және ұшпайтын нәрселер жұртты жаңылту мақсатында әдейі арба- қарға,үйрек-бүйрек, кептер- кепсер, көже- шөже, іркіт- бүркіт болып айтылады. Есек ұшты, есік ұшты, етік ұшты, бесік ұшты деп ұзақ айтылып келіп, шөмеле ұшты, бөдене ұшты деп жаңылыстыруға болады.

Балалардың құмдағы дербес ойындары

Слайд 4

№ 2 кешен
Бақылау: Күнді бақылау
Мақсаты: Күннің көзі жылу мен жарықтың негізгі көзі болатынын ұғындыру; күннің қозғалысымен шығуын қадағалауды жалғастыру, күннің ұзаруымен жылынуын белгілеу күн ұзын, күннің көзі ұзақ тұрады, жоғары көтерілсе ыстық болып, онан сайын ысиды. Күнің төгілуі ,ылғалдар -өсімдіктің толқынды өсуімен, құрт- құмырсқалардың, құстардың пайда болуымен байланысты орната білу.
Еңбек іс-әрекеті
Құмның үстіне құм себу және суару
Еңбекке қатысу , еңбекке баулу; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету.

Қимылды ойын:. «Қуыспақ» Мақсаты: балалардың көңл-күйін көтеру. Ойынның барысы: ойын 2-3 баламен ойналады. Тәрбиеші топтағы ойыншықты қолданады. Ол ойыншықтың олармен ойнағысы келетінін айтады. Тәрбиеші балаларға сендерді қазір қуыршақ немесе қонжық қуады, сендер тығылыңдар деп айтады. Балалар тығылады. Ойыншық болса тауып алып балаларды құшақтап Міне менің досымды таптым деп өз сезімін білдіреді.

Балалардың құмдағы дербес ойындары

Слайд 5

№ 3 кешен
Бақылау:Көшедегі машиналарды бақылау.
Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау. Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.
Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін құрыс сақтап жүруге үйрету.
Тақпақ: Үлкенмін ғой мендағы,
Ойыншықты жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.

Қимылды ойын: “Дәл тигізеді”
.Мақсаты: Балаларды берілген нысанаға дұрыс көздеуді үйрету, дәлдік, мергендік қасиеттерін бойына қалыптастыру.
Барысы: Балалар 3-4 топқа бөлініп тұрады. Алаңның бір шетінен сызық сызылады, одан 3м қашықтықта 3-4 топ бірдей нысана немесе екі тіреу арасынан созып байланған жіпке 3-4 шығыршық ілінеді. Әр топтан бір баладан шығып, сызыққа келіп тұрып, нысананы көздеп, құм салынған дорбашаны нысанаға тигізуге тырысып лақтырады. Құм салынған дорбашаны нысанаға тигізген балаға ұпай саналады.
Еңбек іс-әрекеті
Құмның үстіне құм себу және суару
Еңбекке қатысу , еңбекке баулу; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету.
Балалардың құмдағы дербес ойындары

Слайд 6

№ 4 кешен
Бақылау: Топырақты бақылау.
Мақсаты: Алаңқайдың қай жерлері тез кебетіні жөнінде балаларға түсінік беру; Құмды жер ме,әлде сазды жер ме. Сазды жерлерге су көп сіңеді, сондықтан көпке дейін кеппейді. Құмды жер суды өткізеді, сондықтан тез кебеді. Қай жерде өскін тез өседі.
Ұя жасап тақтайдан
Талға апарып байладым
Жыл құсының шаттанған
Күттім қашан сайрауын

Еңбек: «Майда қиыршық тастарды жинау»
Мақсаты:Ойын алаңындағы тастарды жинау, балаларды тазалыққа дағдыландыру.

Қимылды ойын: «Қуыспақ» Мақсаты: балалардың көңл-күйін көтеру. Ойынның барысы: ойын 2-3 баламен ойналады. Тәрбиеші топтағы ойыншықты қолданады. Ол ойыншықтың олармен ойнағысы келетінін айтады. Тәрбиеші балаларға сендерді қазір қуыршақ немесе қонжық қуады, сендер тығылыңдар деп айтады. Балалар тығылады. Ойыншық болса тауып алып балаларды құшақтап Міне менің досымды таптым деп өз сезімін білдіреді.
Балалардың құмдағы дербес ойындары

Слайд 7

№ 5 кешен
Бақылау: Желді бақылау.
Мақсаты: Балаларға желдің қай бағытта соғып тұрғанын,және желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел. Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру.
Тақпақ: Жел улейді у-у-у.
Құйын келіп билейді зу-зу-зу
Қатты-қатты жел соқты гу-гу-гу,
Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.

Еңбек: «Тас жинау»
Мақсаты:Ойын алаңындағы тастарды жинау, балаларды тазалыққа дағдыландыру.

Қимылды ойын: “Кегли”
Мақсаты: Балаларды мергендікке, ептілікке, белгілі бір бағытты көздей білуге үйрету. Шарты: Балалар екі қатарға бөлініп тұрады, тізілген кеглиларды қолдарындағы доппен көздеп құлату керек. Әрбір бала өзінің неше кегли құлатқанын есінде сақтап отырады. Допты оң қолымен, сол қолымен домалатуға болады.

Балалардың құммен дербес ойындары.



Слайд 8

№ 6 кешен
Бақылау: Аспанды бақылау
Мақсаты: Балаларға аспанның әсемдігін көруге үйрету; қадағалау барысында бұлтты ажырата білу, аспан бұлтты, бұлтсыз екенін айту керек. Табиғатта судың ауыспалы айналымы жөнінде түсініктемені толықтыру және бекіту; ең бастысы желдің бұлтты қалай қалыптастыратыны жөнінде түсініктеме беру. Бұлттың қозғалысы және өзгерісі жөнінде бақылағанда қадағалауды дамыту. Ашық аспанда бұлтты байқау жеңілірек, оның баяу қозғалатынын, бірте- бірте көбейіп, өзінің түрін өзгертетінін,мақтаға ұқсайтын массаға айналатынын, немесе, керісінше,азайып және еритінін атап өтуге болады.Табиғаттың әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу.
Жұмбақ:
Көзі жасты – жылауық, келе жатыр бір алып.
Жабырқаса, жылайды, жадыраса құлайды.
(Бұлт)
Еңбек әс-әрекеті
Атыз арасындағы шөптерді отау және жинау
Атыз маңайындағы жолдарды өз бетінше тәртіпке келтіру, тазалықты сақтау.

Балалардың дербес ойындары

Слайд 9

№ 7 кешен
Бақылау : Шөп-шалаңды өсімдіктерді бақылау
Мақсаты: Балаларды алаңда өсетін шөп-шалаңды өсімдіктермен таныстыру; өсімдіктің дамуы мен өсуі жайлы көріністерді қалыптастыру; өсімдіктің жеке құрылымымен таныстыру (тамыр, жапырақ, гүл), олардың әр өсімдікте әр түрлі екендігін түсіндіру: шөп-шалаңды өсімдіктер гүлдейді.
Мақал-мәтел:
1.Сусыз жердің шөбі аясыз.
Ұлсыз ердің малы аясыз.
2.Тікеннен гүл,
Заһардан бал.

Еңбек әс-әрекеті
Атыз арасындағы шөптерді отау және жинау
Атыз маңайындағы жолдарды өз бетінше тәртіпке келтіру, тазалықты сақтау.
Қимылды ойын: “Допты қағып ал”
Мақсаты: Балалардың денсаулыққа, ойынға деген құштарлықтарын дамыту, балалардың дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру, ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.

Балалардың дербес ойындары

Слайд 10

№ 8 кешен
Бақылау: Термометр көмегімен ауа
температурасын бақылау.
Мақсаты: Балалардың термометрді қолданып ауа температурасын өлшеу ептілігін бекіту,сынап бағанасы қызыл сызықтан жоғары болған кезде жылы екенін білдіретініне назар аудару. Қаншалықты бағана жоғары болса,сонша жылы болады; цифрлар неше градус жылы болып тұрғанын анықтауға көмектеседі; әрбір сызық бір градусты білдіреді.Даладағы және топтағы ауа температурасын өлшеу.Жазда далаға қарағанда топтағы температура төмен деген қорытынды жасау.Балалардың қызығушылығын,ақылды белсенділігін ояту.

Еңбек іс-әрекеті
Құмның үстіне құм себу және суару
Еңбекке қатысу , еңбекке баулу; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету.

Балалардың құммен дербес ойындары

Слайд 11

№ 9 кешен
Бақылау:  Бұтаны бақылау (жұпаргүл, балмұрын, долана, шие). Оларды салыстыру.
Мақсаты: Балалардың бұта жайлы білімдерін бекіту және жетілдіру. Олардың жапырақтары, түстері, жемістері арқылы атауға үйрету. Салыстыру кезінде жұпаргүлдің жемісі болмайды, ал долана мен балмұрынның жемістері денсаулыққа пайдалы.

Еңбек әс-әрекеті
Атыз арасындағы шөптерді отау және жинау
Атыз маңайындағы жолдарды өз бетінше тәртіпке келтіру, тазалықты сақтау.

Қимылды ойын: “Үйшіксіз қоян”
Мақсаты:  Балаларды ептілікке, жылдамдыққа баулу, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. 
Ойын шарты: Балалар екі екеуден қол ұстасып үйшік болады. Бір бала ортасында қоян болады. Бір бала түлкі, қалған балалар қоян болады. Белгі берілген кезде қояндар қашып үйшігіне кіреді. Үйшігі жоқ қоян ұсталып, айыбын өтейді. Ойын қайтадан басталады.

Балалардың құмдағы дербес ойындары

Слайд 12

№ 10 кешен
Бақылау: Желді бақылау
Мақсаты: Ауа қозғалысы жөнінде бастапқы түсініктемені нығайту;желдің қалай құрылуы жөніндегі мәліметтерді толықтыру: жер қызады,жерден ауа қызады, одан әрі жоғарлайды, ал суық ауа оның орнын басады, содан соң жел тұрады. Желдің нашар, күшті жақтарын ажырата білуге үйрету; қандай белгілері бойынша желдің күштілігін анықтау қажет екенін түсіндіре білу; ағаш қозғалса күшті жел, шөп тербелсе әлсіз жел. Жазғы желді қысқы желмен салыстыра білуге үйрету. Табиғатқа қызығушылықты, қадағалауды дамыту.
Қимылды ойын: “Кегли”
Мақсаты: Балаларды мергендікке, ептілікке, белгілі бір бағытты көздей білуге үйрету. Шарты: Балалар екі қатарға бөлініп тұрады, тізілген кеглиларды қолдарындағы доппен көздеп құлату керек. Әрбір бала өзінің неше кегли құлатқанын есінде сақтап отырады. Допты оң қолымен, сол қолымен домалатуға болады.

Еңбек іс-әрекеті
Құмның үстіне құм себу және суару
Еңбекке қатысу , еңбекке баулу; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету.

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть