Слайд 1Тайынша қаласындағы
№5 орта мектебінің
2 «А» сынып оқушылары
Сүйікті пәндері -
дүниетану
Кеңес Аңсар
Бегалимова Адэма
Слайд 2Тақырыбы: «Жусан өсімдігінің ерекшеліктері»
Слайд 3 Жобаның мақсаты:
Жусан өсімдігінің ерекшеліктерін зерттей отырып,
оның пайдасын насихаттау.
Слайд 4
Өсімдіктердің 375000 жуық түрлері болады.
Өсімдіктер (Plantae) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі
екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар
Слайд 5 Жусан –күрделігүлділер
тұқымдасы
Слайд 6
Жусан өсімдігінің шығу тарихы
Латындар бұл шөпті артемизия деп
атайды. Шөптесін өсімдіктердің дәрілік қасиетін ашқан Артемид құдайдың құрметіне осылай деп атаған. Жалпы ата-бабаларымыз «жусан» деген сөзді естіген кезде жандары ерекше жадырап, туған жерге деген ерекше сағыныш сезімге бөленеді.
Слайд 7 Жусанның түрлері
Қара жусан
Ақ жусан
Суық жусан
Слайд 9 Дәрмене
Биіктігі 18
– 30 см. Өзіне тән аңқыған өткір иісі бар. Улы өсімдік.
Тамыры ағаштанып кеткен, өзекті, қара-қоңыр түсті.
Жапырақтары кезек орналасқан, сызықты жиеленген. Гүлдеу кезіне қарай көбі түсіп қалады.
Гүлдері майда, 2-3 мм, қос жынысты. Гүлшоғыры - себетше.
Слайд 10Жусан өсімдігінің маңызды ерекшеліктері
Жусанның көптеген түрлерінің маңызын халқымыз ерте кездерден
бастап-ақ біліп, дәрі-дәрмек, мал азығы ретінде пайдаланып келген.
«Жусансыз жерді от деме, көжесіз елді тоқ деме»,- деген халық нақылы соның бұлтартпас айғағы деп атап айтуға болады.
Халық ұғымында «қара от» - «жусанды жер» деген мағынаны білдіріп, ондай жер түйе мен қой үшін өте пайдалы өңір деп есептелінсе, «боз от» - бетегелі, қауданды, қияқты, бидайық өскен жерлерге айтылады.
«Изен, жусан болмаса шөпте береке болмайды, ауыз бірлік болмаса, көпте береке болмайды» деген Ескелді би бабамыздың даналық сөздері осының айғағы іспеттес.
Слайд 11
Қара жусан (Artemіsіa fragrans) – күрделігүлділер тұқымдасы, жусан туысына жататын көп
жылдық өсімдік. Қазақстанда Каспий маңының құмдарында, Мұғалжар, Торғай, Ұлытау, Зайсан, Балқаш – Алакөл ойысында өседі. БИІКТІГІ 25 – 30 (45) см. Сабақтары көп бұтақты, түкті. Жапырағы ұсақ, олар екі рет қанатша тілімденген. Гүлдері қос жынысты. Күлтесі сары түсті. Маусым – қыркүйекте гүлдейді. Қара жусанның құрамында шырышты және шайырлы заттар, каротин, С витамині, эфир майы мен аздаған алкалоидтар бар.
Шырғалжын-жапырағы мен сабағын жеуге болады,құм тоқтату үшін пайдаланады.
Улы жусан-Таврий жусаны оны мал жемейді
Қолдан өсірілетін жусан –Тамыр жусан
Кәдімгі жусан- суыққа шыдамды, ылғалды жерді ұнатпайды
Слайд 14 Қорытынды
Еліміздің түрлі аймақтарында жусанға байланысты
қойылған жер атаулары да көптеп кездеседі. Мысалы, «Жусандала» табиғи қорықтық белдемі, «Жусанды» Қызылқұм мен Сырдария аралығындағы жазық даланың атауы, «Жусандала» Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы көне қамал атауы және т.б. атап айтуға болады.
Слайд 15Үлкендердің арасындағы жүргізілген «Жусанның пайдасын білесіз бе» деген сауалдың көрсеткіші: