қараушылар да керісінше, жақтаушылар да көп. Әсіресе, ата –аналар. Олар мұғалімдердің сабақты үйіп беретінін, салдарынан ұл-қыздарының ауыртпалықты көтере алмайтынын айтып шағынуда. Алайда Білім министрлігі ұсынысқа үзілді-кесілді қарсы шықты. Өйткені, үй тапсырмасын орындаудың уақыты тиісті нормада тайға таңба басқандай жазылған.
Мектеп оқушысына үй тапсырмасының беру бермеудің соңы қып-қызыл дауға ұласты. Бұл ұсынысты көтеріп жүргендерді Білім министрлігі жақтырып отырған жоқ. Тіпті соған бола, бұрыннан бар талапты өзгертпейтінін шегелеп айтты. Өйткені мұғалімнің оқушыларға үй тапсырмасын беруі тиісті ережеде жазылған екен.
-Үй тапсырмасы берілгенде әр жас ерекшелігіне қарай беріледі. Мысалға 1 мен 2 сыныптарда үйде орындалатын тапсырма 1 сағаттан аспауы керек. 3 пен 4 сыныптарда 2 сағаттан, солай- солай. Ал, жоғарғы сыныптарда 4 сағаттан аспауы керек. Жалпы, үйге берілетін тапсырмалардың көлемі сыныпта орындалатын тапсырмадан аспауы керек.
Алайда бұл тек санитарлық нормада көрсетілген болып шықты. Сондықтан Ұлттық экономика министрлігіне қарасты санитар-дәрігерлер үй тапсырмасын мүлдем алып тастау бастамасына қырын қарап отырған әріптестерін түсінбей дал.
-Балалардың үй тапсырмасына жұмсайтын ауыртпалықтары бірде- бір заңда көрсетілмеген. Көрсетілгені - тек олардың сабаққа қанша уақыттарын бөлулері тиіс, осы жағы ғана құжатпен бекітілген.
Осылайша, қос министрлік бір-бірімен түсініспей жатқанда, екі ортада қарапайым оқушылар зардап шегіп отыр. 30 жыл ұстаз болған Раутай Төрегелдіқызы мұғалімдердің үй тапсырмасын үйіп беретініне өкпелі. Айтуынша, немерелері мектептен миы ашып онсызда шаршап келеді. Сондықтан үйден сабақ орындауды алып тастауды талап етіп отыр.
Раутай Толықбаеваны тәуелсіз сарапшылар да қос қолдап қолдайды. Бар күш-қуатын мектепке жұмсап келген баланы ата-ана үйінде қинап сабақ оқыта алмайды деген пікірде. Алайда, білім министрлігі айтқанынан қайтпақ емес. Тіпті, үй тапсырмасын қайта қарамақ. Сөйтіп оқушылардың шығармашылығын дамытып, танымын кеңейтетін оңай сабақтардың берілуін енгізбек.
Осы сауалға қатысты елімізде басталған айтыс-тартыс тоқтамай тұр. Бұл бастамаға қырын қараушылар да керісінше, жақтаушылар да көп. Әсіресе, ата –аналар. Олар мұғалімдердің сабақты үйіп беретінін, салдарынан ұл-қыздарының ауыртпалықты көтере алмайтынын айтып шағынуда. Алайда Білім министрлігі ұсынысқа үзілді-кесілді қарсы шықты. Өйткені, үй тапсырмасын орындаудың уақыты тиісті нормада тайға таңба басқандай жазылған.
Мектеп оқушысына үй тапсырмасының беру бермеудің соңы қып-қызыл дауға ұласты. Бұл ұсынысты көтеріп жүргендерді Білім министрлігі жақтырып отырған жоқ. Тіпті соған бола, бұрыннан бар талапты өзгертпейтінін шегелеп айтты. Өйткені мұғалімнің оқушыларға үй тапсырмасын беруі тиісті ережеде жазылған екен.
-Үй тапсырмасы берілгенде әр жас ерекшелігіне қарай беріледі. Мысалға 1 мен 2 сыныптарда үйде орындалатын тапсырма 1 сағаттан аспауы керек. 3 пен 4 сыныптарда 2 сағаттан, солай- солай. Ал, жоғарғы сыныптарда 4 сағаттан аспауы керек. Жалпы, үйге берілетін тапсырмалардың көлемі сыныпта орындалатын тапсырмадан аспауы керек.
Алайда бұл тек санитарлық нормада көрсетілген болып шықты. Сондықтан Ұлттық экономика министрлігіне қарасты санитар-дәрігерлер үй тапсырмасын мүлдем алып тастау бастамасына қырын қарап отырған әріптестерін түсінбей дал.
-Балалардың үй тапсырмасына жұмсайтын ауыртпалықтары бірде- бір заңда көрсетілмеген. Көрсетілгені - тек олардың сабаққа қанша уақыттарын бөлулері тиіс, осы жағы ғана құжатпен бекітілген.
Осылайша, қос министрлік бір-бірімен түсініспей жатқанда, екі ортада қарапайым оқушылар зардап шегіп отыр. 30 жыл ұстаз болған Раутай Төрегелдіқызы мұғалімдердің үй тапсырмасын үйіп беретініне өкпелі. Айтуынша, немерелері мектептен миы ашып онсызда шаршап келеді. Сондықтан үйден сабақ орындауды алып тастауды талап етіп отыр.
Раутай Толықбаеваны тәуелсіз сарапшылар да қос қолдап қолдайды. Бар күш-қуатын мектепке жұмсап келген баланы ата-ана үйінде қинап сабақ оқыта алмайды деген пікірде. Алайда, білім министрлігі айтқанынан қайтпақ емес. Тіпті, үй тапсырмасын қайта қарамақ. Сөйтіп оқушылардың шығармашылығын дамытып, танымын кеңейтетін оңай сабақтардың берілуін енгізбек.
Үй тапсырмасы туралы Білім министрі не дейді?