Слайд 2 Мақсаты:
Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, қажеттілігін түсіндіру. Дұрыс тамақтанып, тазалық ережелерін
сақтап,зиянды әдеттермен күресуге баулу. Салауатты өмір салтына қалыптастыру.
Слайд 3Адамның денсаулығы- қоғамның байлығы.
Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың хал- ахуалы жақсы, денсаулығы
мықты болу керек.
Слайд 4
Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі.
Т.Карлейль
Сау дене, азат ақыл,
адал көңіл
Үшеуімен бақытты болады өмір
Халық мақалы
Слайд 5Денсаулықты күтемін десеңдер- қолдарыңды жоғары көтеріңдер
Тазалықты сақтаймын десеңдер- бес саусақтарыңды алға
созыңдар
Күн тәртібін орындаймын десеңдер- орындарыңнан секіріңдер
Салауатты өмір салтын сақтаймын десеңдер—үш рет қол соғыңдар
Психологиялық дайындық
Слайд 6
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында
“Денсаулық-зор байлық” деп аталады. «Денсаулық-зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр.
- Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
-Денсаулық.
Әрине адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың- салауатты өмір салтын сақтау. «Денсаулық» деген сөздің әрбір әрпінің өзі мағыналы. Ендеше әрбір әрпіне тоқталамыз.
Слайд 7
Д - дәрігер
Е – еңбек
Н – нашақорлық
С – су, спорт
А –
ас, тағам, тамақ
У – уақыт
Л – лас
Ы –ықшам
Қ – коршаған орта
Слайд 81 әріп-Д-әрпіне қандай сөздер келеді?
-Дәрігер. Дәрігер- адам жанын сақтайтын ақ халатты
абзал жандар.
Адам жанының арашашысы,ақ халатты абзал жан дәрігерлердің еңбе
гі зор. Олар күш-жігерін адам денсаулығын сақтап қалуға жұмсап, күні
түні аянбай еңбек етуде.
Мінеки, осы мектебіміздің дәрігері Света апайымызға сөз берейік.
Көрініс: “Қоянның емделуі”
2 әріп- Е- еңбек. Адам денсаулығын нығайту үшін, күш-жігері мол болуы
үшін еңбек етуі керек. Адам еңбегімен қадірлі. Ал, балалар сіздердің
еңбектеріңіз талмай, жалқаулыққа салынбай, шаршамай оқу, еңбектену.
Сурет бойынша әңгімелеу, еңбек туралы мақал- мәтелдердер құрастыру.
Слайд 9Денсаулық – зор байлық
Шынықсаң –шымыр боларсың.
Денсаулықтың қадірін,
Ауырғанда білерсің.
Тәні саудың-жаны
сау
Денің сау болса, жарлымын деме,
Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.
Демі бардың – емі бар.
Ауруын жасырған өледі.
“Жалғасын тап” ойыны
Слайд 10
3 әріп-Н- нашақорлық. Адам өміріне зиян келтіретін арақ, темекі, зиянды
заттар. Бұл
әдеттерден аулақ болған жөн.
4 әріп- С- су, спорт. Адамның дені сау болу үшін су аса қажет. Су-табиғат
байлығы, сумен жуынамыз, шөлдегенде ішеміз. Адамның денсаулығы мықты
болу үшін спортпен айналысу қажет. Спортпен шұғылданған бала-қайратты,
төзімді,икемді, ісі нәтижелі болады.
Оқушы: Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған
Сол саған пайдалы іс
Сауық пен кинодан
Оқушы:Шынықсаң шымыр боларсың
Сауығып айдай толасың
Спортты серік ете біл,
Салауатты сен боласың
Слайд 11
Келесі әріп А- ас, тағам, тамақ. “Ас-адамның арқауы”деп бекер айтпаған.
Ас адамның
денсаулығына күш-қуат береді.
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт
тағамдарының әрқайсысының орны бөлек.
Слайд 12Тамақтанудың да белгілі тәртіптері бар.
-Мезгілсіз ішкен асты адам дұрыс сіңіре алмайды.
-Күн
сайын белгілі бір мезгілде тамақтану керек. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.
-Әр тамақты жегенде асықпай ұсақтап шайнау керек.
-Адам ағзасына қажетті минералдар мен дәрумендері бар тағаммен тамақтану қажет. Жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. «Дәрумендер»-грек сөзі – «өмірді жалғастырушы» деген ұғымды береді. Медицинада дәрумендердің 30-ға жуық түрі белгілі.
Слайд 13Келесі әріп У- Уақыт. Уақытты тиімді пайдалану денсаулыққа көп әсерін
тигізеді. Күн
тәртібін сақтау керек.
Слайд 14Л- лас. Денсаулықты ең бірінші бүлдіретін нәрсе-ластық, салақтық.
Тамақтануға қатысты тазалық ережелерін
есте сақтаймыз.
Тамақ ішер алдында қолды сабындап жуу керек.
Жеміс-жидектерді жуып жеу керек.
Ы-ықшам киінудің де, денсаулыққа тигізер пайдасы көп екен. Қалың киім
кисек, терлеп салқын тигіземіз. Адам өзіне сай, лайықты, жеңіл киіну керек.
Слайд 15Соңғы әріп Қ- қоршаған орта. Біздің айналамыздағы дүние- күн,жер,
ауа, бұлт, су,
өсімді, жануарлар - қоршаған орта , табиғат деп аталады.
Қоршаған ортаны таза күтіп, қорғауға міндеттіміз.
Слайд 16Сонымен қорытындылай келе жалпы денім сау болсын десең...
Денім сау болсын десең...
Дұрыс
тамақтану
Спортпен, дене шынықтыру
мен шұғылдану
Тазалық, гигиена сақтау керек
Еңбекпен шұғылдану, айналысу
Күн тәртібін сақтау
Таза ауада жүру
Адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі
Слайд 17“Заты мен аты “ойыны
Жемістердің бәрі бар,
Бау – бақшадан танып ал.
Ол үшін
не керегін,
Берем әр зат дерегін...
Слайд 18
Біреуін қағу керек...
Қағатының - ?
Біреуін шағу керек...
Шағатының - ?
Біреуін жару керек...
Жаратының
-?
Біреуін ору керек....
Оратының -?
Біреуін қазу керек...
Қазатының -?
Біреуін үзу керек...
Үзетінің -?
Біреуін қуыру керек...
Қуыратының не-?
Слайд 19НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ.
Сабақ аяқталды.
Назарларыңызға рахмет!