Слайд 1Cабақта қолданылатын стратегиялар
Слайд 2Таза тақта.
Оқушылар өткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар немесе ережелер жазып тақтаны
толтырады, содан кейін әр сұраққа жауап беріп, өшіріп отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады.
Слайд 3Ыстық орындық
Тақтаның алдына орындық қойылады. Ол ыстық орындық. Оған өз еркімен
немесе мұғалімнің шақыруымен бір оқушы отырады. Қалған оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қояды. Кей жағдайда ыстық орындыққа мұғалім де отыруға болады.
Слайд 4Қар кесегі
Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады. Екінші оқушы оның
айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі оқушының айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Сөйтіп жалғаса береді.
Слайд 5Миға шабуыл
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар тез жауап беруі керек.
Оңай сұрақтардан бастап қиындатуға болады.
Сұрақтар қобдишасы
Ортаға сұрақтар жазылған қобдиша қойылады. Оқушылар кезектесіп бір сұрақты алады да жауап береді. Кей жағдайда оқушылар сұрақтар құрастырып қобдишаға салып, сосын оған жауап бергізуге де болады.
Слайд 6Құндылықтар спектрі
Өтілген материалдар бойынша сөздер, түсініктер, суреттер және т.б. Оқушыларға беріп
оны құндылығы жағынан орналастыруды сұраңыз. Оқушы түсінігін тыңдаңыз
Слайд 7Әңгімелесетін әріптестер (жұппен жұмыс)
Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе
бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:
жаңа оқылған 3 факті туралы;
оларға жеңіл болып көрінгендер туралы
оларға қиын болып көрінгендер туралы
алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
Слайд 8БББ
Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет(кесте) салады
Олар нені біледі;
Олар нені білгісі келеді;
Олар нені білді.
Іnsert стратегиясы
Слайд 9Бір сөйлеммен түйіндеу
Оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.
Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін.
Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады, т.б.
Слайд 10Тұжырымдамалық карта
Бүгінгі өтіліп жатқан тақырып бойынша тұжырымдамалық карта жасау (постер) тапсырылады.
Карта тақырыпты ашатындай болуы керек. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график т.б. салуға не дайын материалды жапсыруға болады. Тұжырымдамалық карта бергенде оқушыға оның қалай бағаланатыны жайлы критерийлер беріледі не айтылады. Соңында әр топтың жұмысы сол критерий бойынша бағаланады.
Слайд 11555
Мұнда оқушылар топ ішінде өткен тақырып бойынша түйінді идеяларды жазады.
Мұндағы бірінші 5-топ саны, екіншісі 5- идеялар саны, үшіншісі 5 уақыт. Сондықтан топ санына байланысты 434 деп (т.б.) өзгертуге болады, яғни 4 топ 4 минут ішінде 3 тақырыптың түйінін жазу керек деген сияқты.
Слайд 12Джигсо стратегиясы
Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім
оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.
Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдың тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.
Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған оқушылардың барлығы Сарапшы топ деп аталатын жаңа топ құрылып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін олар бірлесіп жұмыс істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады.
Оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады. Материалдар таратылады да, бастапқы топтарға ақтық тапсырма беріледі. Ол ұжымдық қорытынды шығару немесе жеке тапсырма болуы мүмкін. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топта болған кезде алған мәліметтерін ескере отырып, бастапқы топтың бірлескен «ақылына» сүйенуін қамтамасыз ету
Слайд 13Өкіл
Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады
да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.
Слайд 14Тікелей радиоэфир (РАФТ)
Радио жүргізушісі талқыланатын тақырыпты таңдайды. Студия қонақтарына (төрт оқушыға)
рөлдік карточка беріліп, олар сол карточкадағы рөлдерін ойнайды. Тыңдаушылар аудиториясы (сыныптағы оқушылар) баға береді, сұрақ қою үшін «қоңырау шалады», ескертпелер жасайды және т.б.
Слайд 15Стикердегі диалог
Бұл әдісті қолданудың әртүрлі жолдары бар. Айталық: қабырғаға немесе тақтаға
пікірлер немесе сұрақтар жазылған бірнеше түрлі-түсті қағаз ілінеді, болмаса оларды үстелдің үстіне қоюға болады. Оқушылар оларды оқып, стикерлерге өз ойларын жазып қалдырады. Екінші жолы: 3/4/5 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды. Оқушылар стикерлерде өз пікірлерін /эмоцияларын білдіре алады.
Слайд 16Ақылдың алты қалпағы
Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді.
Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған) де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бұл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді.
Слайд 17Сурет бойынша әңгіме
Топтарға тақырыпқа сай суреттер беріледі. Сол суреттерге қарап оқушылар
әңгіме құрастыру керек. Онда сурет қай уақытта түсірілген, нені бейнелейді, қай жерде, осы суретке қарап сол уақыт туралы не айтуға болады? Деген сияқты сұрақтар төңірегінде әңгімелеуге болады және оны өтіп жатқан тақырыппен байланысты өрбітуге де болады.
Слайд 18Жұппен оқып, жұппен мазмұндау
Сынып оқушылары жұппен (А, Б оқушы) отырады. Берілетін
мәтін 2-ге бөлінген. 1-ші бөлімін А, 2-ші бөлімін Б оқушы оқиды. Сосын бір-біріне оқығандарын айтады. Екеуі бірігіп мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Сынып болып сол сұрақтарға жауап береді.
Топпен де орындауға болады. Топта 4 оқушы болса, екеуден бірігіп мәтіннің 1 бөлігін оқиды. Қалған екеуі мәтіннің келесі бөлігін оқып, бір-біріне баяндайды.
Слайд 19Стикер
Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес
түрде мынадай сұрақтарға жауап бере алады:
мен нені үйрендім?
Маған не қиын болып көрінді?
Не күрделі болды?
Мен енді нені үйренгім келеді?
Слайд 20Дөңгелек стол
Топқа 1 парақ беріледі. Топ оқушысының бірі сол параққа
осы тақырып бойынша 1 сөйлем жазады. Екіншісі оның жазған ойын әрі қарай жалғастырып, екінші сөйлемді жазады. Соңында тақырып жайлы мәтін шығады. Бір оқушы мәтінді оқиды, сынып болып талдайды.
Слайд 215 жол өлең
1 жол – зат есім
2 жол – 2 сын
есім
3 жол – 3 етістік
4 жол – 4 сөзден тұратын сөйлем (сөйлем ойды білдіру керек)
5 жол – алғашқы сөздің синонимі
Слайд 22БЛУМ таксономиясы
Өлше, бағала, рейтинг жаса, салыстыр, қайта қарастыр. Таңдап ал, орнына
қой т.б.
Жоспарла, ұсын, қондыр, жинақта, теріп ал, құрастыр, ұйымдастыр, дайында т.б.
Бөліп көрсет, эксперимент жаса, тест жаса, салыстыр, қарама-қарсы қой, сына, диаграмма жаса, категорияға бөл және т.б.
Қолдан, пайдалан, ойнап көрсет, практикада қолдан, суретін сал, бейнеле және т.б.
Аудар, суретте, түсіндір, баянда, орнына қой, әңгімеле т.б.
Анықта, қайтала, белгіле, атап шық, еске түсір, астын сыз т.б.
Слайд 23Кубизм
1 жақ – талдаңыз
2 жақ – салыстырыңыз
3 жақ – зерттеңіз
4
жақ – суреттеңіз
5 жақ – ойларыңызды байланыстырыңыз
6 жақ – келісіңіз не қарсы шығыңыз
1
Слайд 24Аяқталмаған сөйлем
Мұғалім оқушыларға тақырыпқа қатысты аяқталмаған сөйлем ұсынады. Оқушылар топпен не
жеке (жұппен) бірлесе сөйлемді өз ойларымен аяқтайды. Мұны әр түрлі тақырыпта сергіту сәті ретінде де алуға болады.
Слайд 25Тізбектер
Оқушылар тізбектеле тұрады. Мұғалім не бір оқушы тақырыпқа қатысты бір
сөз айтады. Келесі тұрған оқушы оны жалғастырады, яғни тақырыпқа қатысты сөз айтады. Осылайша жалғаса береді. Кезегінде айта алмаған оқушы шығып кетеді.
2 түрі: Қол ұстасып тұрған оқушының бірі тақырып бойынша бір сөз айтады(не сұрақ қояды), екінші оқушы оның мағынасын түсіндіреді (не екенін айтады), келесісі сұрақ , сосын жауап деп жалғаса береді.
Слайд 26Бастағы қалпақ
Оқушылар дөңгелене тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын
келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол сабақ туралы өз ойын ортаға салады.
Слайд 271 минуттағы ой
Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады не бір сөз айтады. Оқушылар
осы сөзді естігенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Сосын сол сөзді не үшін жазды түсіндіреді. Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып беруі керек
Слайд 28Жұмыс столы
Оқушылар топқа бөлініп отырады. Әр топ өтілген тақырып бойынша сұрақтар
құрастырып, басқа топтардың жұмыс столына жапсырады. Топ мүшелері қойылған сұрақтардың жауабын бірлесе іздеп табады. Барлық топ қойылған сұрақтарға жауаптарын түсіндіреді. Егер тақырыптан қалып қойған маңызды жерлері болса, мұғалім өзі сұрақ дайындауына болады.
Слайд 29Дана үкі
Топпен отырған оқушыларға тақырып бойынша тапсырмалар беріледі. Оқушылар тапсырмаларды орындайды
және ортаға шығып түсіндіреді. Әр топқа әр- түрлі тапсырма беруге болады.
Слайд 30 Бумеранг
Әр топ мүшелері тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын келесі топқа
береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қалған бөлімдері болса, мұғалім өзі сұрақ қоюына болады, әр топқа.
Слайд 31Жасырын сөз
Оқушылар тақырып бойынша сөз жасырады. Оны сипаттайды, сол сипаттама арқылы
басқа оқушылар жасырынған сөзді табады. Сипаттауда айтатын сөздерге шектеу қою арқылы немесе қимыл арқылы көрсетуді ұсынуға болады. Мысалы жасырылған сөзді 3 сөз арқылы сипатта деген сияқты.
Слайд 32Түйінді сөздер
Мұғалім жаңа тақырыптың ішінен түйінді сөздерді әр топқа бөліп
береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын, мағынасын ашып, басқа топтарға түсіндіреді.