Сабақтың тақырыбы: Қосудың ауыстырымдылық қасиеті
Оқу мақсаты: 1.1.2.6 Қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсіну жəне қолдану
Бағалау критерийлері:
-қосындының мәнін табады;
-қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданады;
-қосудың ауыстырымдылық қасиетіне сүйене
отырып, есептеудің тиімді тәсілін пайдаланады.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Натурал сандарды қосады және қосудың ауыстырымдылық қасиетін біледі.
Көпшілік оқушылар: Қосудың ауыстырымдылық қасиетіне мысал құрастырады.
Кейбір оқушылар: Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану арқылы оның тиімділігін дәлелдейді.
Сабақтың мақсатына толықтырулар енгізу, қалыптастырушы бағалауды түрлендіру туралы тренерім мен әріптестерім тарапынан ұсыныс айтылды. Ұсынысты басшылыққа алып, ҚБ-ды түрлендіріп, сабақтың мақсатын нақтыладым.
Тренер және әріптестермен кері байланыс
Ықшамсабақтың ықпалы
Ықшамсабақтан қалыптастырушы бағалауды түрлендіруді, сабақты жүйелі, тиімді жоспарлауды үйрендім.
Болашақта нені басшылыққа аламын?
Сабақ жоспарлауда тиімді, қолжетімді әдістерді саралау;
Қолжетімді бағалау ұйымдастырып, дескрипторларды нақты етіп құру.
Назарларыңызға рахмет!
МАҚСАТЫ
Оқушыларға жұптасып жұмыс жасата отырып, қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен қосындының мәнін өзгермейтіндігі туралы тұжырым жасату.
ТАПСЫРМА
Жұптағы әр оқушыға “сиқырлы сандықшадан” бірнеше фишканы алып санауды және қосынды құрастыруды тапсырамын. Жұптағы оқушыларға фишкаларымен ауысып, дәл сондай жұмысты орындауды тапсырамын. Оқушылардан не байқағанын сұраймын.
СҰРАҚ
Қай кезде есептеу тиімді?
“Үлкен санға кішіні қосқанда ма, әлде кіші санға үлкенді қосқанда ма?”
Неліктен?
(Ж)
МАҚСАТЫ
Тәжірибелік жұмысты орындау алдыңғы тапсырмада алған білімдерін бекітуге бағытталған. Бұл ақпараттың осындай тәсілмен берілу мақсаты әртүрлі деңгейде оқушыларға жаңа тақырыпты қабылдауға көмектесу болып табылады.
ТАПСЫРМА
“Қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосындының мәні өзгермейді” деген заңдылықты үш түрде: заттардың суреті, оларға сәйкес сандық өрнектер және сандық сәуледегі үлгісі арқылы көрсет.
СҰРАҚ
Қай мысалды шығару оңай: 2 + 8 немесе 8 + 2?
Неге?
(Ө)
МАҚСАТЫ
“Қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен, қосындының мәні өзгермейді” заңдылығына сүйене отырып, оқушылар қажетті қосындының мәнін тауып жаза алады және тиімді әдіспен есептеу дағдысын бекітеді.
ТАПСЫРМА
Әр топтан 1 оқушыдан шығып, допты тобына әкеледі. Доптың кері жағындағы қосындыға ауыстырымдылық қасиетін қолданып, қосындының мәнін тиімді әдіспен есептеп жазу. Орындап болған соң допты қақпаға салып тобына қайтып келеді. Ойынды келесі оқушы жалғастырады.
СҰРАҚ
Қай қосудың нәтижесі артық: 5+3 немесе 3+5? Неге?
(Т)
Орындап көр
3+6=9 6+?=9
МАҚСАТЫ
Бұл тапсырма қоршаған ортадағы нысандарды ауыстырымдылық заңын қолданып қосуға болатынын көруге бағытталған.
ТАПСЫРМА
Орындау барысында конструкциядағы лего бөлшектерінің екі түсіне аудар. Лего бөлшектерінің саны екі конструкцияда тең болатындай, екінші конструкциядағы лего бөлшектері санын басқа түстегі лего бөлшектерімен толықтыр.
СҰРАҚ
Сенің мектебіңде немесе сыныбыңда қандай заттарға қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдануға болады? Дәлелдеп айт.
(Т)
МАҚСАТЫ
Осы тақырып бойынша бүгінгі алған білімін тексеру, түсінбеген тұстарын анықтау.
ТАПСЫРМА
Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып, 4 мысал құрастыр және жазу.
(Ө)
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть