Слайд 1Қош бол сүйікті, Әліппем!
20.12.2014 жыл
Слайд 2мақсаты:
1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
2.
Оқушылардың іс-әрекеттері арқылыикемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
3. Оқуға, білімге деген құштарлықтарын арттыру, ұстазы мен ата-аналарының өздеріне сіңірген еңбегіне құрметпен қарау.
Слайд 3“
Құрметті
ата-аналар балаларыңыздың
білім шыңына
басқан алғашқы қадамдары құтты
болсын!
Слайд 4 Әріптерді таныған
Өңкей білгір балдырған
Өсті
білім ойларың
Құтты болсын тойларың.
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Тойға келген қуанып,
Қонақтар, сізге
Мың сәлем!
Слайд 5І-Бөлім
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Білім қоржыныңда
не бар?
Слайд 6
- Әліппенің ең бірінші бетінен кімді
көрдіңдер?
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты
Бақытты сен ұлансың,
Әр күнің күліп ататын.
Елбасы Нұрсұлтан атаның,
Алдың сен ақ батасын.
Слайд 7Әріптер сөйлейді:
Даулетбек
А – дегенің ардақты жан –ата, апа, аналар,
Бәріне оның құрметпен
қараңдар!
Дана
Ә - А-дан кейін кезекпенен келемін,
Әдеппенен иіліп сәлем беремін.
Қ.Мирас
Б – дегенің болады екен Білім,
Білімменен игересің ілім.
Перизат
Г – дегенің бақшада жайқалған Гүл,
Балалықтың бағында жайна да күл.
Мадияр
Д – дегенің Дәптер болады, іші жазуға толады.
Нұрбек
Ж – дегенің Жазу және Жаттығу,
Жазған кезде жарамайды аптығу.
Ж.Мирас
З – дегенің Көкке самғар зымыран,
Мініп алып ғарышқа мен қыдырам.
Назерке
Е – дегенің Ерлік және Еңбек,
Қиындықты еңбек қана жеңбек.
Слайд 8Ләйлә
И – дегенің Ибалылық, Икемділік,
Тәртіпке кеп жатырмыз икемделіп.
Д.Ерасыл
К – дегенің болады
екен көмек,
Жөні оның әрқашан да бөлек.
Жанатбек
Қ – дегенің туған халқың – Қазағың,
Ортаймасын, асқа толсын қазаның!
Е.Ерасыл
Л – дегенің әдемі сөз – Лайық,
Ұстаздарға ұнайтын іс қылайық.
Аяжан
М – дегенің алға қойған Мақсат,
Жетсең ғана аласың жақсы ат.
Әлібек
Н – дегенің ас атасы Нан,
Болады екен нан болса ғана ән.
Томирис
О – дегенің ойын емес, Ой болсын,
Ойға сәйкес өсетұғұн бой болсын.
Хорлан
Т – дегенің болады екен Талап,
Ізде оны жүрегіңмен қалап.
Айзере
Ұ – дегенің болады екен Ұғымталдық,
Әліппеден барлығын ұғып қалдық.
Бибол
Ш – дегенің Шадыман-Шаттық,
Мектептен біз бәрін таптық.
Слайд 9ІI-Бөлім
Әліппеге мың алғыс!
Білім қоржыныңда не бар?
Слайд 10
Біз қазақ баласы дәріптеген
Қоштасамыз сүйікті Әліппемен
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Әр
түрлі әріптермен
Құрметті Әліппе! Балалар сізге жылы лебіздерін арнайды.
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны Әліппе. (Қ. Мирас)
Бар әріпті үйреткен,
Міне, менің Әліппем.
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен. (Жанатбек)
Слайд 11Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы. (Дәулетбек)
Әліппе деген алтын
жол,
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа. (Дана)
Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдап алтыннан,
Әліппе білім бесігі. (Томирис)
Қолыма алып Әліппе,
Үңілдім тұңғыш әріпке.
«Тіл ашар» боп Әліппем,
Жол тұсауын кестің сен. (Назерке)
Барлық бала таң қалып,
Әліппені ашады.
Сөз құраған әр әріп,
Білім нұрын шашады. (Е.Ерасыл)
Слайд 12ІII-Бөлім
Енді қолға ана тілін аламыз,
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Ал балалар сүйікті Әліппемізбен қоштасар сәт те келіп жетті. Әліппеге шексіз алғысымызды айтамыз. Ұлтуар апай мен Айнұр апайдың дайындық тобындағы бүлдіршіндеріне Әліппені құрметпен табыстаймыз. Әріптерді әлі танымаған балаларға Әліппе асығып отыр екен.
Әліппем, менің Әліппем,
Өмірді көрем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп-көп рахмет!
Слайд 14Ана тілі
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің Ана тіліңмін.
Байытам жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.
Слайд 15Құлшыманова Кулмхан Шарипахынқызы
Слайд 16 Осыдан төрт ай бұрын ата-аналарының жетегінде, жанарлары
жәудіреп, тұлымшақтары желбіреп, мектеп табалдырығынан жүрексіне аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Ең алғашқы қоңырау үнімен алдыларынан шығып қарсы алып, алғаш рет қалам ұстатып, әріп үйреттім. Баламдай бауырыма басып, білім мен тәрбиенің нұрын септім. Енді міне білім шыңының алғашқы баспалдағы әліппе кітабын аяқтап отыр.Білім шыңына жетіңдер, қанаттарың талмасын. Тәуелсіз елімізде бейбітшілік туы тұғырдан түспесін, жақындарың әрдайым жандарыңнан табылсын! Бүгінгі қуанышымыз құтты болсын!
Слайд 17
Келесі қуанышта кездескенше аман-сау болыңыздар!