Тәрбиелік: пәндік бағдарламалардың бір-бірімен байланысы, біріктірілген бағдарламалар дүние туралы барлық ғылыми білімдерді зерделеуге, баланың болмыс құбылыстары туралы көзқарасының қалыптасуына көмектеседі.
Ұйымдастырушылық: мұғалімнің жұмысын ұйымдастырып, оған әдістемелік көмек беруі.
Жалпы орта білім жүйесінде негізгі оқу іскерліктері мен дағдыларын қалып тастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан жаңа оқу бағдарламаларына әрбір пән қалыптастыруға тиісті білім, біліктілік, дағдылар енгізілген.
Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек.
Оған қойылатын талаптар:
- қысқа, нақты, деректі материалдардың енгізілуі;
- ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы;
- балаларға түсініктілігі;
- баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп, танымға, тәжірибеге деген қызығушылықты оятып, білімге және тәжірибелік іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы;
- оқулықтың өз ғылымының, оқу бағдарламасының логикасына сәйкес келуі;
- білімнің әр саласынан хабар беруі;
- оқу материалына қосымша әдебиеттер енгізіп, өздігінен білім алуға және шығармашылыққа итермелеуі;
- оқулық мәтініндегі негізгіережелер, қорытындылардың анықтығы және нақтылығы болу керек.
- қызықтылығы, мәселелі түрде баяндалуы;
- әдеби тіл нормаларына сәйкес тігі;
- эстетикалық талаптарға сай безендірілуі;
Озат мұғалімдер оқулықпен жұмысты сабақта да, үйде де ұйымдастырады. Оқушы оқулықпен өзбетімен жұмыс істеп, оқу қабілетін дамытады, есін жетілдіреді, баяндауға, талдауға, сынауға, толықтыруға, оқылған мәтінді қосымша әдебиеттер арқылы өзгертуге үйренеді.
Оқулық құрамына негізгі бөлік мәтін енеді. Мәтіннен тыс көмекші бөліктер (Д.Д.Зуев): мәтіндер көркем, ғылыми, ресми, әңгімелеу, сипаттау, талқылау мәтіндері болып бөлінеді.
Мәтіннен тыс бөліктерге оны меңгеруге көмектесетін ақпараттар (сұрақтар мен тапсырмалар, нұсқаулар, кесте, иллюстрациялық материалдарға берілген түсініктер, иллюстрациялық материалдар), бағыт беретіндер (кіріспе, ескерту, қосымша) жатады.
Сонымен, оқу пәндерінің бағдарламалары және оқулықтары – білім мазмұнындағы маңызды элементтер. Олар оқыту процесін ұйымдастырудың да маңызды бөлігі болып табылады. Бағдарламалар мен оқулықтарда оқушыларға берілу керек білім, іскерлік, дағдылардың мөлшері белгіленген. Оларды меңгеру баланың жеке тұлғасын қалыптастырады.
1990-1995 жылдарда еліміздегі бастауыш мектептер үшін бірінші буын оқулық жазылып, 1995-1996 оқу жылдарында республика мектептерінің бастауыш сыныптары толығы мен республикалық оқулықтарға көшірілді.
І-ІV сыныптар үшін математика (Авторлары: Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, К.Ерешова, т.б.) басқада оқу құралдары жарық көрді.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть