Слайд 1Ортаңғы топ балаларына арналған қимыл қозғалыс ойындары
Слайд 2 КАРТОТЕКА № 1
Қуыршақтарға қонаққа ойыны.
Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10).
Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады. Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.
Слайд 3КАРТОТЕКА № 2
Қоңырау қайдан естіледі? ойыны
Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады.
Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр, қоңырауды табыңдар», - дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.
Слайд 4КАРТОТЕКА № 3
Жолмен (жалғыз аяқ жолмен) ойыны
Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады
да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады. Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады. Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.
Слайд 5КАРТОТЕКА № 4
Күн мен жаңбыр.
Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан
біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады.
Слайд 6КАРТОТЕКА № 5
Күн шұғыласы (сәулесі).
Тәрбиеші өзінің жанына бір топ балаларды жинап,
айнаның көмегімен күн шұғыласын қабырғаға түсіреді де:
Қабырғаға елбеңдеп,
Ойнайды сәуле құбылып.
Ымдасаң болды «кел» деп,
Жетеді демде жүгіріп.
Сәл үзіліс жасайды да: «Сәулені ұстаңдар» деген сигнал береді. Балалар қабырғаға жүгіріп, қолға тұрмай жалтаңдап тұрған күн сәулесін ұстауға тырысады.
Слайд 7КАРТОТЕКА № 6
Пойыз ойыны
Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз
боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады.
Слайд 8КАРТОТЕКА № 7
Кішкене өзен арқылы ойыны
Тәрбиеші екі сызық сызады да
(үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.
Слайд 9КАРТОТЕКА №8
Жел көбік ойыны
Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады.
Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады. Көпіре гөр көбік-шар, Көпіре гөр кеңіп шар. Осы күйі қал тұрып, Кете көрме жарылып. Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші: «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен. «Тарс етті», - дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын қайта басталады.
Слайд 10КАРТОТЕКА № 9
Допты қуып жет ойыны
Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені
көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады. Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.
Слайд 11КАРТОТЕКА № 10
Айдапсал ойыны
Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де, бірінші
топ үйдің сыртына шығып, екінші топ үйде қалады. Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады. Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды. Ойынның шарты бойынша, сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен өз есімі берілген ойыншыны табуы керек. Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, т. б. өнер көрсетеді. Келесі жолы екі топ орындарын ауыстырады.
Слайд 12КАРТОТЕКА № 11
Арынды арқан ойыны
Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір
ойыншы арқанның бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында отырады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар арқанды аяқтарының астынан секіре алмай ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша, ортада өнер көрсетеді. Немесе былай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.
Слайд 13КАРТОТЕКА № 12
Ақшамшық ойыны
Ойын жүргізуші ойыншыларды араларынан бір кісі өтетіндей
етіп дөңгелете отырғызады да, ортаға шығып, өзі екі алақанын беттестіре ұстайды. Ойыншыларға да солай істеуді тапсырады. Содан кейін алақандарының арасындағы сақинаны ойыншылардың біріне тастау үшін айнала жүргізіп, бәрәне сақина тастаудың белгісін жасайды. Алайда ол сақинаны білдірмей біреуге ғана тастайды. Сақина жасырылған адам да оны басқаларға байқатпауға тырысады. Ойын басқарушы түгел айналып шыққан соң, ортаға келіп: «ақшамшығымды бер», деп дауыстайды. Сонда сақинаны алған ойыншы орнынан атып тұруы керек. Әрбір ойыншы оң жағында отырған көршісін бағады, сақинаның онда барын берсе, орнынан тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы ойыншы тартады. Айыпкер көпшіліктіңұйғаруымен өлең айта ма, би билей ме, домбыра тарта ма – әйтеуір бір өнер көрсетіп жазасын өтеуге тиіс. Көпшіліктің ұйғаруына қарсыласуға болмайды
Слайд 14КАРТОТЕКА № 13
Аңшылар ойыны
Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Бірі –
«үйректер» шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – «аңшылар» шеңбер бойымен қатарға тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар доп лақтырып, үйректі атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшеріне дейін ойнауға болады. Ол үшін уақыт екі жаққа да тең белгіленеді. Берілген уақыт өткеннен кейін, аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептелінеді.
Слайд 15КАРТОТЕКА № 14
Көрші ойыны
Ойнаушылар екі екіден отырады да, бір ойыншы
жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу. Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» деп сұрайды. Сыңар ойыншы: «Маған Ақылбектің көршісі керек», деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын, әлде татумысың?» деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрші болады. Татумын десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады. Сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді.
Слайд 16КАРТОТЕКА № 15
Ұшты ұшты ойыны
Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру
үшін тез тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал егер кімде кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді.
Слайд 17КАРТОТЕКА № 16
«Жапалақ»
Шарты: Бөлменің бұрышында жапалақ (жүргізуші) отырады. Қалған балалар тышқан
мен шымшықтар болады. Күндіз бәрі жүгіріп жүреді. Тәрбиеші «Түнде» дегенде олар қозғалмай отыруы керек. Түнде жапалақ аң аулауға шығады. Егер кім қозғалса, соны жапалақ ұстап ұясына тасиды. Келесі жолы басқа жапалақты таңдап, ойын жалғасады.
«Маймыл мен жолбарыс»
Шарты: Бұл ойындары көбінесе сатылары бар спорт бар алаңында ойнатса өте тиімді. Біреуі жолбарыс болып, қалғандары маймыл болып банан теруге ағашқа шығады. Жолбарыс келіп маймылдарды қуалайды, ұстаса өз үңгіріне тасиды.
Слайд 18КАРТОТЕКА № 17
Тышқандар мен мысық.
Балалар-тышқандар бөлменің қабырғасын жағалай немесе алаңның жан-жағына
ұзыннан-ұзақ қойылған орындықтарда немесе скамейкаларда – індерінде отырады. Алаңның бір бұрышында мысық отыр. Оның ролін тәрбиеші атқарады.
Мысық ұйықтап қалады, тек осы кезде ғана тышқандар бөлмеде жүгіріп жүреді. Бір уақытта мысық оянады, мияулайды да тышқандарды ұстай бастайды. Тышқандар індеріне қарай қашады, орындықтардағы өз орындарына барады. (Тәрбиеші тек біреуді ұстағысы келген түр білдіреді.) Тышқандардың бәрі өз індеріне оралғаннан кейін, мысық бөлмені тағы бір аралап шығады да қайтадан өз орнына келіп, ұйықтап қалады. Ойын қайталанады.
Тәрбиеші ойынға қолға кигізілетін ойыншық мысықты пайдалана алады.
Слайд 19КАРТОТЕКА № 18
Бақалар.
Алаңның ортасында үлкен дөңгелек шеңбер сызады немесе дөңгелек форма
етіп жуан жіп тастайды. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары алаңның екінші бір жағына орналасқан орындықтарда отырады. Орындықтарда отырған балалармен бірге тәрбиеші мынадай өлең айтады:
Бақалар басы қалтаңдап,
Шоршиды жолда талтаңдап.
Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ,
Жүгіреді талтақтап.
Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады (бақаларды шошытады); бақалар шалшық суға – сызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді. Ойын қайталанған кезде, балалар рольдерімен алмасады.