Ортақ тақырып:Бізді қоршаған әлем
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы:
Б дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу)қолдану
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты , дауыссыз, жуан, жіңішке, дауыстыларды ажырату және дұрыс) дыбыстау
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті , жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады:
Дыбыс пен әріпті ажыратады. Дыбыс түрлерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Дауысты және дауыссыз, жуан, жіңішке дыбыстарды ажыратады және дұрыс дыбыстайды.
Кейбір оқушылар орындай алады: Сөздегі дыбыс түрлерін ажыратады және жиі кездесетін сөздерді түсініп оқиды және жай сөйлем құрайды
Бағалау критерийлері
1.Оқудың түрлерін түсінеді,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды.
2.Сөздегі дыбыс түрлерін ажыратады.Дұрыс дыбыстайды.
3.Жазу жолын,жоларалық кеңістікті сақтай отырып, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Топқа бөлу
«Мозайка» әдісі