« Кептер құсын қолда өсіру»
Слайд 2Мақсаты: Жалпы құстар туралы және кептер құсының түрлері мен оны қолда
өсірудің пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат алу, қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін жүктеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, табиғатты аялап ұқыпты қорғауға тәрбиелеу.
Гипотезасы: қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін жүктеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, табиғатты аялап қорғауға, оған деген қызығушылығын қалыптастыру.
Слайд 3Құстар біздің досымыз
Құстар қос мекенділерге жатады. Яғни жер
де, көк те құстың мекені болып саналады. Көк – құстың еркін мекені. Ал жерде көктегі сияқты емін - еркін сайраңдай алмайды. Себебі жерде оларға төнетін қауіп көп. Орнитология - құстардың дамуы, физиологиясын, жер бетіне таралуын зерттейтін ғылым саласы. Олар зерттеген құстарын мынадай топтарға бөлген. Мысалы, жүгіретін құстар, ұшатын құстар, ашық далалы алқаптардағы құстар, жыл құстары, қыстап шығатын құстар, сұңқар тәріздес, тырна тәріздес, жапалақ тәріздестер, торғай тәріздестер деп бөлген. Құстарды адамдар ерте заманнан – ақ дос санаған.
Слайд 4Кептер құсының түрлері
Кептерлер (Columbae ) — құстардың бір отряды. Кептерлер ірілігіне қарай:
мәстек кептер және тәжілі кептер болып екіге бөлінеді. Кептерлер отрядының 2 тұқымдасы бар, оның біріншісі — дронттар; екіншісі — кептерліктер. Оларды халық арасында – көгершін деп атайды. Кептерлер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар. Олардың танау тесіктері терілі қаппен бүркелген. Кептерлер бүкіл жер жүзіне тараған.
Слайд 5Ақ кептер – бейбітшілік құсы
Адамдар ерте заманнан құстарды
жақсылықтың нышанына балаған. Құстардың бірі әрі бірегейі, танымал әннің қаһарманы – көгершін құсы. Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады.
Слайд 7
Кептер құсын үйде өсіру
Асыранды кептер, көгершін –кептер тұқымдасына жататын қолға үйретілген құс. Мұның хат таситын,
әуестік үшін өсірілетін 150-ден аса түрі бар. Кептерлерді қолға үйрету ерте заманда, бірнеше мыңдаған жыл бұрын басталған. Кептер – жер шарында кең таралған. Кептерлердің қолға үйретілген түрін халық арасында – көгершін деп атайды.
Слайд 10Қорытынды
Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Көк
аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Көп жағдайда олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Құстар–біздің досымыз.Құстарға қамқорлық жасап, қорғау керек. Құстардың ұясын бұзуға, жұмыртқасын жаруға болмайды.Көктемде құстарға ұя жасауды ұмытпайық! Оларға жем шашып, бақылап, қамқорлық жасайық!