Слайд 1 “Жүрек жылуы”
(ата – аналармен тренинг)
0 «ә» сынып мұғалімі: Беркимбаева А.З
“Жезкент
кентінің мектеп – лицейі” КММ
Слайд 2Мақсаты:
Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөлді атқарушы – отбасы. Сондықтан ата-ананың бала
көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу.
Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.
Слайд 3Тренинг бағдарламасы:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. “Мен үшін қымбат”
2. “Бала деген
кім?”
3. “Ми шабуылы”
4. “Сіз қандай ата-анасыз?” тест тапсырмалары
5. “Сурет салайық”
6. “Жүрек жылуы” жаттығуы
7. “Түйінді сөзді мен айтамын”
III. Қорытынды
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. “Мен үшін қымбат”
2. “Бала деген кім?”
3. “Ми шабуылы”
4. “Сіз қандай ата-анасыз?” тест тапсырмалары
5. “Сурет салайық”
6. “Жүрек жылуы” жаттығуы
7. “Түйінді сөзді мен айтамын”
III. Қорытынды
Слайд 4«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз
үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.
Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»
А.С.Макаренко
Слайд 5ІІ.Негізгі бөлім
1.“Мен үшін қымбат..”
Слайд 7 Ананың
махаббаты
Жан жылуы
Мейірімді көздері
күлкісі
мейірімі
Ыстық жүрегі
Аялы алақаны
Слайд 82.“Бала деген кім?” туралы әрбір ата-ана ой қозғау айтады.
Слайд 10 Бала
Үмітіміз
Өмірімнің
жалғасы
Болашағымыз
Бауыр етіміз
Асыраушым
Көмекшім
Ақылшым
Слайд 12“Сіздер дәрігерсіздер!”. Қолыңызда
жүрек біреу. Ол жүрекке мұқтаж 4
науқас жатыр.
1.
Нәресте – 6 айлық
2. Үйі жоқ қаңғыбас
3. 60 жастағы көп балалы ана
4. Дарынды бала
Қайсысына өмір сыйлар едіңіз?
Слайд 13Ұлыңыз немесе қызыңыз мектептен
қатты қуанып келді. Пән бойынша
сайыстан жүлдеге
иеленген екен.
Сіздердің келесі әрекеттеріңіз қалай
болмақ?
Слайд 14Балаға өз жеке басыңыз арқылы
қалай үлгі – өнеге көрсетесіз?
Слайд 154. “Сіз қандай ата-анасыз?
1. Кез келген істі тастай салып балаңызбен айналыса
аласыз ба?
2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктерңізді мойындайсыз ба?
4. Өзіңіздің қателіктеріңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтке сізді мейірімді адам деп сенуге бола ма?
Слайд 168. Балаңызға өзіңіздің балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайларды айтып отырасыз ба?
9.
Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10. Балаңызға уәде берген соң, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін еркін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бере аласыз ба?
12. Басқа бала балаңызға дөрекілік көрсетіп, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Слайд 17Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 ұпай
2. Кейде ғана келісемін –
2 ұпай
3. Келіспеймін – 1 ұпай
Слайд 18Сауалнаманы бағалау:
0-16 ұпай. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала
тұлғасын дұрысқалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз;
16-30 ұпай. Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек;
30-39 ұпай. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз;
Слайд 195. “Сурет салайық”
Бала жаны гүлдену үшін не істеу керек?
Слайд 20I топ. “Менің баламның жүрегі”
бұл жүрекке не керек?
IIтоп. Өмірде сіздер
үшін не маңызды?
III топ. Бала келешекте белгілі бір
маман иесі болу үшін.
Слайд 216. “Жүрек жылуы” жаттығуы
“Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім... деген ойды
жалғастыру керек.
Слайд 227. “Түйінді сөзді мен айтамын”
“Бала көңілін қалай табуға болады?”
Слайд 23Ата – аналарға кеңес
1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары
қабақ, береке -бірлік – оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
2. Бала ата-анасының физиологиялық, психо-әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата-анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата-анамен қарым-қатынасы әсер етеді.
3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.
4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту жасаса жеткілікті.
5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.
Слайд 24Қорытынды
Ата – аналар өз сезімдерін өзгелерге көрсетуге, өз-өзін сыйлауға, баланың
көңілін табуға, еркін пікір бөлісуге үйренді және бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алды деп ойлаймын.
Ата – анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой-өлкесі,-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылып тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық дегім келеді.