ойын”Жақсы деген немене,жаман деген немене?
“жақсылық”және “жамандық” сөздерін тақтаға іліп қоямын.Әр топтан бір оқушыдан шығып,оқушыларға қарап тұрады.Интербелсенді тақтадан суреттер көрсетемін,топтағы оқушылар суреттерді сипаттайды.Шыққан оқушылар жақсылық жайлы айтса ақ текшені,жамандық жайлы айтса қара текшені көтереді,көп көтерген оқушының тобы жеңіске жетеді
“Әңгімеге негізделген жазу ” әдісі .
Әрбір оқушы өздерінің
Қандай жақсылық жасағандары игі істері туралы талқылап,шағын әңгіме құрастырады.
“Сәйкестендір” әдісі
Екі топқа тапсырмалар беріледі.
Әдепті және әдепсіз баланың іс-әрекеттерін талқылап,суреттермен сөздерді сәйкестендіреді.
“Өрмекші торы ” әдісі
Оқушылар шеңберге тұрып,жіп лақтыру арқылы мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.
“Бес саусақ ” әдісі
Сабақ соңында оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерін және сабақтан алған әсерлерін жазып шығады.