Құндылықтарға баулу:
Құрмет: оқушыларды нанды құрметтеуге және бірі – бірін құрметтеуге тәрбиелеу
Оқу мақсаттары: 1.1.2.1 – мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау
1.1.4.1– мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау
1.1.9.1 – мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
1.3.8.1 – жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Мәтінде не туралы айтылғанын анықтау.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстау.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Мәтінді түсініп, тыңдап жетекші сұрақтар арқылы талқылау.
Тілдік мақсаты:
Түйін сөздермен, сөз тіркестерімен сөздік жұмыс жүргізе алады.
Термин сөздерді үш тілде айта алады.
Нан – хлеб – brеаd
Тағам – еда – fооd
Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі, музыка.
Жетістік критерийі:
1.Мәтіннің тақырыбын (кім?/не? туралы екенін) атайды;
2. Жоларалық кеңістікті сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады;
3. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжайды.
Бөлім: 1.Тыңдалым және айтылым
Бөлімше: 1.2. Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
Күтілетін нәтиже:
Мәтінде не туралы айтылғанын анықтайды;
2) Дауысты және дауыссыз дыбыстарды біледі;
3) Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Мұнайлы ауданы №12 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Сеитова Хурлиман Мақсатқызы