Жалпы мақсаттар:Оқушылар жасыл эвглена туралы оқиды, топта жұмыс жасап, мәтінді талдайды, қорытындылайды, формативті бағалайды.
Негізгі мақсаттар:
Өзін –өзі реттеуге үйрету;
жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру;
топтық жұмысқа жұмылдыру;
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету;
өзін-өзін бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыр
Оқыту нәтижелері:
тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады; тақырыпты өз бетінше оқып, мазмұнын ұғына алады;
өз ойларын еркін жеткізе біледі; кластастарымен қарым-қатынасы қалыптасады; сындарлы сөйлей білуге ынталанады;
ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады; оқушылар өздерінің қабілеттерін дамыта алады; өзін-өзі бағалай алады, өзін-өзі реттей алады; ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып, ақпаратты таңдай алады.

