Слайд 1Сабақтың мақсаты: Бунақденелілердің алуан түрлілігі туралы білім қалыптастыру.Олардың тіршілігі туралы түсіндіру.
Табиғаттағы маңызына тоқтала отырып, жәндіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Әдісі: Жаңа сабақты хабарлау.
Түрі: Әңгіме, сұхбат, сурет бойынша түсіндіру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, көбелектер басқа да жәндіктер жинақтамасы.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру
2) Үй тапсырмасы
3) Жаңа сабақ
4) Бекіту
5) Үйге тапсырма
Слайд 2Үй тапсырмасы
Бунақденелілердің дамуын түрлерін атаңыз?
Шала түрленіп даму сатыларын атаңыз?
Толық түрленіп даму
дегеніміз не?
Бунақденелілердің ауыз мүшесінің түрлері қандай?
Бунақденелілердің дене бөліктерін атап шық?
Слайд 3Шала түрленіп даму дегеніміз не?
Слайд 4Толық түрленіп даму дегеніміз не?
Слайд 6Жаңа сабақ
Бунақденелілердің алуан түрлілігі. Табиғаттағы маңызы
Слайд 8“Табиғатпен таныс бол!”
1)Тамақ үшін басқа жәндіктерді аулап, азық ететіндер-жыртқыш жәндіктер деп
аталады сондай жәндік-дәуіт. Бұл жәндік көзге түспейтін айламен жасырынып тұрады. Бауырындағы жіңішке 4 сирағы шөпке жабысуға, жылжып жүруге қызмет етеді. Ұзын мойынды шақша басына тақау орналасқан 2 сирағымен жемтік аулайды. Сол 2 сирақтың бас жағындағы буылтығында өткір тістері бар, Ұш жағы найзадай үшкір ұзын тырнағы жемін түйреп алады да, қимылдауға мұршасын келтірмейді.
2) Кейбір омыртқасыздар сұйық заттармен қоректенеді. Олардың тұмсығы біздей өткір келеді де, мал мен аңның тығыз жүнінен де, шөптің қалың қабығынан да өте шығады. Сондай жәндіктің бірі- маса.Жан-жануарлардың қанымен, өсімдік сөлімен қоректенеді. Ұрғашысы жұмыртқалау үшін міндетті түрде қанға тоюы керек.Ал, еркегі өсімдік нәрімен де күнін көре береді.
Слайд 9Жұмбақ шешейік
Ат басты, арқар мүйізді, бөрі кеуделі, бөкен санды..
Әлемді біз билеп
тұрмыз, -деді күл-қоқыста құжынаған...
Жаманның тұқымы көп болатынын жәндік атаулы әлдеқашан мойындаған,- деді улкен гүлге қонған...
Сөз сырын аңғарса, қызық тым,
Бір сөз бар баспана болатын
К-әрпі б-мен г-болса егер,
Жәндік болады, қанды соратын
Шай қалдығында бар әріп,
Алмасқанда жаңа сөз болады
Шақса адамды қызарып
Құрсағына қан толады
Слайд 10“Көктем сәні,гүлдердің хош иісі мен реңі”
Құлпырған көк шалғын ерекше көз тартады.Жаздың
ыстық күнінде шөптер арасынан шыққан гүлдер теңбілденіп, өте ұнамды көрініс туғызады. Мұнда тізу өскен кесте жусан, қалампыр қоңыраубас байқалады. Орман шетінде нәзік жұпаргүлдің хош иісі сезіледі. Жұпар иісті ұшқаттың гүлдері түнде кішкене жұлдыздай жылтылдайды. Олардың үстінде тәтті шірмесін жинап және тозаңжды бір гүлден екінші гүлге жеткізетін көбелектер мен басқа да бунақденелілер түні бойы дамыл таппайды. Гүл иісі бунақденелілерді түнде ғана емес, күндіз де еліктіреді. Бунақденелілер гүлдің реңін алыстан көреді және олар таныс хош иісті өздерінің мұртшаларымен сезеді. Бунақденелілер тозаңдандыратын гүлдер неғұрлым көріксіз болған сайын, олардың иісі де күшті болады. Өсімдіктің көпшілігн нағыз хош иісті гүлдерді ұнататын бал аралары, түкті аралар немесе көбелектер тозаңдандырады. Осы бунақденелілердің арқасында біз інжугүлдің, аққарағанның жұпар иісінен ләззат аламыз. Бал аралары нәзік хош иісті дәл ажыратады, ал түкті аралар мен көбелектер шірік иісті мүлде сезбейді. Гүлдердің алуан түсті өрнегі бунақденелілерді еліктіру үшін ғана жасыл шалғынға таралған.Осы бунақденелілерге “қызмет етеді”. Міне,сондықтан да көптеген өсімдіктер бунақденелілерсіз, ал бунақденелілер өсімдіксіз тіршілік ете алмайды.Олар бір-біріне тәуелді: біреуінің тіршілігінің жойылуы басқасының да тіршілігін жоюы мүмкін сондықтан ойланып әрекет ететін адамдар өсімдіктерді де бунақденелілерді де қорғауы тиіс.
Слайд 11“Есіңе сақтап қал”
Бунақденелілер жануарлар әлеміндеі ең алуан түрге бай, көп таралған
жәндіктер тобы. Сондықтан бұл класс 2 класс тармағына бөлінеді: Біріншісі- туа қанатсыздар, екіншісі –қанаттылар. Туа қанатсыздар – қарапайым құрылысты оларда ешқашан қанат болмаған, жәй көзді тура дамиды. Ал қанаттылар- денесі едәуір жоғары құрылысты бунақденелілер тобы бұлардың көпшілігінде қанат болады. Алайда паразиттік тіршілікке бейімделген бунақденелілер эволюция барысында қанатын жойған. Жалпы бунақденелілердің 34 отряды бар, сондықтан ауыл шаруашылығына көбірек қатысты бунақденелілерге тоқталып даму жолдарына байланысты ерекшеліктері бойынша топтастырылған.
Слайд 12Қорытынды
Суретте бейнеленген бунақденелілерді атап шығып, біреуін әңгімеле
Слайд 13Үйге тапсырма
Тақырыпты оқып, жұмбақ, ертегі құрастырып келу, суретін салу.
Слайд 14Пайдаланылған әдебиеттер
“Биология” 6-сынып К.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлова, Қ. Жұмағұлова
“Жануартану Биология” 7-8 Қ.Қайым Б.
Мұқанов Р.Сәтімбекұлы
“Биология және салауттылық негізі” журналы №4 2006, №1 2005, №4 2007
“Жыл он екі ай” журнал №2 2003