Презентация, доклад на тему Ресми құжаттардың кейбір стильдік ерекшеліктері және оларды жазуда ескерілетін емле қағидалары

Содержание

Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын, сабырлы мінезі – бәрі

Слайд 1
Ресми құжаттардың кейбір стильдік
ерекшеліктері және оларды жазуда ескерілетін
емле қағидалары

Ресми құжаттардың кейбір стильдік ерекшеліктері және оларды жазуда ескерілетін емле қағидалары

Слайд 2Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп

тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын, сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұрады. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды тіл жоқ
(М.Жұмабаев).
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сайран даласы,

Слайд 3Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл

аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.(Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы 1997 ж.
11 шілдедегі №151-1
Қазақстан Республикасының заңы, 4-бап).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын

Слайд 4Ресми құжат – тұтас құрылым, сондықтан:
оның мазмұны қысқа әрі тұжырымды

түрде баяндалуы (жазылуы) тиіс;
тұжырымдар дәл және нақты болуға тиіс;
сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында қолданылу керек;
терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі сақталуға тиіс;
Ресми құжат – тұтас құрылым, сондықтан: оның мазмұны қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы (жазылуы) тиіс;тұжырымдар дәл және

Слайд 5 бірнеше варианттағы терминдер, мүмкіндігінше, Мемлекеттік терминология комиссиясы тарапынан бекітілген немесе

ресми тілде стандартталған, сондай-ақ жазба тілде қолданылу жиілігі жоғары (нормаға айнала бастаған) тұлғада қолданылу керек;
бірнеше варианттағы терминдер, мүмкіндігінше, Мемлекеттік терминология комиссиясы тарапынан бекітілген немесе ресми тілде стандартталған, сондай-ақ жазба тілде

Слайд 6қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер, сирек қолданыстағы сөздер, бір

қолданыстағы сөздер болып саналатын лексикалық элементтер, сондай-ақ бейнелі, образды фразеологизмдер, қарапайым лексикаға тән тұлғалар қолданылмайды.

қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген  сөздер, сирек қолданыстағы сөздер, бір қолданыстағы сөздер болып саналатын лексикалық элементтер,

Слайд 7
Ресми құжаттарды ресімдеу кезінде қазақ емлесі ережелерінің сақталуы қадағаланады, сондай-ақ төмендегідей

емле қағидаларына баса назар аударылады:
Ресми құжаттарды ресімдеу кезінде қазақ емлесі ережелерінің сақталуы қадағаланады, сондай-ақ төмендегідей емле қағидаларына баса назар аударылады:

Слайд 8Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқарудың жоғары органдарының атауларындағы барлық

сөздер бас әріппен жазылады. Мысалы:

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
Қазақстан Республикасының Парламенті
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқарудың жоғары органдарының атауларындағы барлық сөздер бас әріппен жазылады. Мысалы:Қазақстан Республикасы

Слайд 9Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Қазақстан

Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ХатшылығыҚазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасы Ұлттық БанкіҚазақстан Республикасының ҮкіметіҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

Слайд 102. Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, министрліктер департаменттерінің, басқа да

республикалық мекеме атауларының жазылу емлесін есте сақтаңыздар. Мысалы:

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комиссиясы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптау бөлімі

2. Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің,     министрліктер департаменттерінің, басқа да    республикалық мекеме

Слайд 11


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Сот әкімшілігі комитеті


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
басқару агенттігі
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау
министрлігінің Табиғатты қорғауды бақылау
комитеті

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының   Сот әкімшілігі комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы

Слайд 123. Министрлік, агенттік, комитет деген сөздер сөйлем ішінде

жеке өзі келетін болса, кіші әріппен жазылады. Мысалы:

Көрсетілген министрлік туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 ақпандағы № 358 қаулысымен беітілген.

3. Министрлік, агенттік, комитет     деген сөздер сөйлем ішінде жеке    өзі

Слайд 134. Жалпылама сипаттағы халықаралық қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің

атауындағы барлық сөздер бас әріппен жазылады. Мысалы:

Біріккен Ұлттар Ұйымы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі
Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымы
Дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесі
Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы

4. Жалпылама сипаттағы халықаралық     қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің    атауындағы барлық

Слайд 145. Жалпылама сипаты жоқ халықаралық ұйымдар мен мекемелердің

атауындағы бірінші сөз бен жалқы есімдер бас әріппен жазылады. Мысалы:

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ)
Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ)
Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамы
Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ)
Шанхай ынтымақтастық ұйымы
Ұжымдық қауіпсіздік шарты

5. Жалпылама сипаты жоқ халықаралық     ұйымдар мен мекемелердің атауындағы

Слайд 156. Сыртқы байланыстарды жүзеге асыруда
қызмет ететін дипломатиялық лауазымдар


мен ұйым атауларының бірінші сөзі бас
әріппен жазылады. Мысалы:
Бас консулдық
Сауда өкілеттігі
Сыртқы байланыстар жөніндегі өкіл

7. Қоғамдық ұйымдар мен шығармашылық
одақтар атауларының дұрыс жазылу емлесі:
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
Қазақстан Жазушылар одағы
Қазақстан журналистер одағының басқармасы
6. Сыртқы байланыстарды жүзеге асыруда   қызмет ететін дипломатиялық лауазымдар    мен ұйым атауларының

Слайд 168. Мемлекеттік мекемелер мен академиялардың, оқу орындары мен мәдениет

мекемелерінің атауында сақталатын емле үлгілері:

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театры
Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры
Мәдениет үйі, Офицерлер үйі

8. Мемлекеттік мекемелер мен академиялардың, оқу    орындары мен мәдениет мекемелерінің атауында

Слайд 179. Мәдени шара, көрме, жиын атауларындағы сан есім рим

цифрымен жазылса, одан кейінгі сөз бас әріппен жазылады. Мысалы:

IV Форум
XXVIII Олимпиадалық ойындар
Қазақстардың Түркістан қаласындағы II Дүниежүзілік құрылтайы

9. Мәдени шара, көрме, жиын    атауларындағы сан есім рим цифрымен    жазылса,

Слайд 1810. Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар бас әріппен жазылады:
"Халық

Қаһарманы " жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі
"Парасат " ордені
"Ерен еңбегі үшін " медалі
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері
Қазақстанның Халық жазушысы
10. Мемлекеттік наградалар, құрметті     атақтар бас әріппен жазылады:

Слайд 1911. Қазақстан Республикасы мемлекеттік өкімет және басқару органдары

жүйесіндегі лауазым атаулары бас әріппен жазылады:

Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

11. Қазақстан Республикасы мемлекеттік өкімет     және басқару органдары жүйесіндегі

Слайд 2012. Әскери және ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер кіші әріппен жазылады:
авиация маршалы

(бірақ: авиацияның Бас маршалы)
армия генералы
генерал-майор
профессор
академик
техника ғылымдарының докторы
Қазақстан Республикасы ҰҒА корреспондент мүшесі, доцент
12. Әскери және ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер кіші әріппен жазылады:авиация маршалы (бірақ: авиацияның Бас маршалы)армия генералыгенерал-майорпрофессоракадемиктехника ғылымдарының

Слайд 2113. Мекемелер мен ұйымдар, министрліктер мен ведомстволар жүйесіндегі

ішкі жүйелік құрылымдар, лауазым, қызмет атаулары кіші әріппен жазылады:

Қазақстан Республикасы Әділет мииистрлігі Ішкі әкімшілік департаменті ұйымдастыру-бақылау басқармасының жетекші маманы
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры
Қазақ мемлекеттік басқару академиясының кафедра меңгерушісі

13. Мекемелер мен ұйымдар, министрліктер мен     ведомстволар жүйесіндегі ішкі жүйелік

Слайд 2214. Қысқарған сөздерге қосымша жалғауда соңғы әріптің немесе

соңғы цифрдың және ішіндегі дауысты дыбыстың айтылу әуені ескеріліп, жуан не жіңішке үлгіде әрі дефис арқылы жазылады. Мысалы:

ТМД - ТМД-ның, ТМД-ға
ІІМ - ІІМ-ге, ІІМ-нің '|
АҚШ - АҚШ-тың, АҚШ-қа
ҚазМУ - ҚазМУ-дың, ҚазМУ-ға

15. Халықаралық стандарт сипатындағы аббревиатуралар "қазақшаланбайды". Мысалы:
ЮНЕСКО, ЮСАИД, НАТО; оларға қосымша дыбысталуына сәйкес жалғанады: ЮНЕСКО-ға, ЮСАИД-ке.

14. Қысқарған сөздерге қосымша жалғауда     соңғы әріптің немесе соңғы цифрдың және

Слайд 2316. Ресми құжатта күрделі атаулар шартты
түрде қысқартылып

алынуы мүмкін.
Мысалы: Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы —
Қазстатақпарат.
17. "Бүкіл", "жалпы" деген сөздермен
басталатын анықтауыштар әрқашан бірге
жазылады: бүкілодақтық, бүкілхалықтық,
жалпыодақтық, жалпыхалықтық және т.б.
18. Сөйлемдегі оқшауланған сөздер: демек,
сонымен, сөйтіп, әрине, әлбетте — үтір
арқылы жазылады; сабақтас сөйлемнің
тел мүшелері ретіндегі ал, бірақ, әсіресе,
өйткені, өйткенмен, дегенмен, әйтсе де
деген сияқты сөздерден кейін үтір
қойылмайды.
16. Ресми құжатта күрделі атаулар шартты    түрде қысқартылып алынуы мүмкін.    Мысалы:

Слайд 2419. Ресми құжаттарда қолданылатын шартты

қысқартулардың емлесі бірдей, біртектес, жалпы түрде бекітілген болуы міндетті. Қабылданған шартты қысқартулар мыналар:

қ. — қала с. — село
обл. – облыс даңғ. — даңғыл
ауд. - аудан көш. - көше
ж. - жыл т.б. — тағы басқа, тағы
басқалар
жж. - жылдар т.с.с. — тағы сол
сияқты
млрд. - миллиард млн. — миллион
т. ж. — темір жол тг — теңге

19. Ресми құжаттарда қолданылатын шартты        қысқартулардың емлесі бірдей, біртектес,

Слайд 25Орфографиялық нормалар.

1. -мен (-бен, -пен), -паз, -қор, - қой, -

нікі, -тікі, -гер, -кеш, -гөй, -хана, -тал, -
дар қосымшалары сөздің соңғы
буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай,
осы көрсетілген түрлерінде ғана
жазылады: кесемен, қасықпен,
мақтампаз, өнерпаз, әсемпаз, жеңімпаз,
пайдақор, әзілқой, саудагер, жүлдегер,
арбакеш, әзілкеш, ақылгөй, шайхана,
шеберхана, ұғымтал, сезімтал, өсімтал,
хабардар, діндар, ауылдікі, мемлекеттікі.
Орфографиялық нормалар. 1. -мен (-бен, -пен), -паз, -қор, - қой, - нікі, -тікі, -гер, -кеш, -гөй, -хана,

Слайд 262. Кейбір сездердің соңғы буындарындағы ы, і
дыбыстары сол

сөздерге белгілі бір
қосымшалар жалғанғанда, айтылуда да,
жазуда да түсіп қалады. Мысалы, орын-а —
орна /ды/, ойын-а — ойна/ды/ (бірақ ойын-ым
— ойыным, ойын-ы — ойыны), қырық-ыншы
— қырқыншы, айыр-ық-ша — айрықша.
Соңғы буындарында ы, і дыбыстары бар
сөздерді тәуелдегенде, көбінесе соңғы
буындарындағы ы, і әріптері сақталып
жазылады: киім-і — киімі, бауыр-ы —
бауыры, бақыт-ы — бақыты, ырыс-ы - ырысы,
иіс-і — иісі.
2. Кейбір сездердің соңғы буындарындағы ы, і  дыбыстары сол сөздерге белгілі бір  қосымшалар жалғанғанда, айтылуда

Слайд 27Ескерту. Мына сияқты сөздерді, яғни соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары

үнді (сонор) дыбыс пен қатаң дыбыстың ортасында келген сөздерді тәуелдегенде, қысаң дыбыстар түсіріліп жазылады: бөрік-і — бөркі, көрік-і — көркі ("ажар, "келбет" мағынасында"), халық- халқы, ерік-і — еркі, әріп-і — әрпі, т.т.
Ескерту. Мына сияқты сөздерді, яғни соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары үнді (сонор) дыбыс пен қатаң дыбыстың

Слайд 283. Орыс тілінен енген к, г дыбыстарына
аяқталған сөздерге

қазақ тілінің
қосымшалары буын үндестігіне қарай, яғни
сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың
әуеніне қарай жалғанады: фи-зик-тер, лак-
тың, га-мак-тың, по-ляк-тар, ма-як-қа, бам-
бук-тың.

Ескерту: ог, уг дыбыстарына аяқталған
сәздерге қосымша жіңішке жалғанады:
педагогке, педагогі, педагогтік, округке,
округі, округтік.
3. Орыс тілінен енген к, г дыбыстарына   аяқталған сөздерге қазақ тілінің   қосымшалары буын

Слайд 294. Орыс тілінен енген рк, рг, ск,
кт, кс,

нк, лк, нкт деген
дыбыстар тізбегіне аяқталған
сөздерге қазақ тілінің
қосымшалары жіңішке
жалғанады: паркке, Омскіге,
Омскіден, киоскіге, киоскісі,
фактіге, фактісі, танкіге,
танкілер, полкке, полктер,
полкі, пунктке, пункті.
4. Орыс тілінен енген рк, рг, ск,   кт, кс, нк, лк, нкт деген

Слайд 305. Жіңішкелік белгісіне аяқталған көп
буынды сөздерге қазақ тілі


қосымшалары буын үндестігі
бойынша жалғанады, яғни сөздің
соңғы буыны жуан болса, қосымша
жуан, соңғы буында жіңішке
дауысты дыбыс болса, қосымша да
жіңішке жалғанады: ла-герь-ге, ла-
гер-і, банде-роль-ға, фести-валь-ға.
5. Жіңішкелік белгісіне аяқталған көп   буынды сөздерге қазақ тілі   қосымшалары буын үндестігі

Слайд 31Ескерту. Жіңішке ль дыбысына аяқталатын сөздерге тәуелдік жалғаулары (яғни дауыстыдан басталатын

№ қосымшалар) сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай, тек қана жіңішке жалғанады: ди-зель-і — дизелі, дизеліміз, фестиваль-і — фестивалі (бірақ: фестивальға, фестивальдан, фестивальдық), магистрал-і — магистралі (бірақ: магистральға, магистралдық).
Соңғы екі дауыссыздың арасында жіңішкелік белгісі бар сөздерге де қазақ тілі қосымшалары буын үңдестігі бойынша жалғанады. Мысалы: вальс-қа, вальс-ты, асфальт-қа, асфалът-ы, рельс-ке, рельс-і.
Ескерту. Жіңішке ль дыбысына аяқталатын сөздерге тәуелдік жалғаулары (яғни дауыстыдан басталатын № қосымшалар) сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне

Слайд 326. Кль, брь, бль тәрізді дауыссыз
дыбыстар мен жіңішкелік

белгісіне
аяқталған сөздерге және жіңішкелік
белгісіне аяқталатын бір буынды
сөздерге қазақ тілі қосымшалары
әрдайым жіңішке жалғанады:
ансамбльге, тюльді, оське, осінің,
ткань (биология термині), тканьге,
ткані, княздік, князі, верфьке.
6. Кль, брь, бль тәрізді дауыссыз   дыбыстар мен жіңішкелік белгісіне   аяқталған сөздерге және

Слайд 33Орыс тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі л әрпінен кейін жазылатын сөздерге

қазақ тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі жазылмайды: материальный – материалдық, феодальный — феодалдық, коммунальный – коммуналдық, патриархальный — патриархалдық. Ал жұрнақтар жалғанбай-ақ түбірдің өзінде л-дан кейін жіңішкелік белгісі келетін сөздерде бұл белгі сақталады: моральный — моральдық, артельный —артельдік, акварельный - акварельді.
Орыс тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі л әрпінен кейін жазылатын сөздерге қазақ тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі

Слайд 347. Соңғы буынында ю, е, э дауысты
дыбыстар келетін

орыс тілінен
енген сөздерге қазақ тілі
қосымшалары жіңішке жалғанады:
полюс-ті, полюс-ке,; шлюз-ді,
шлюз-ге; дюйм-ге, дюйм-і; велюр-
ге, велюр-ді; парашют-ке,
парашют-тер, парашют-і; актер-
лер, актер-ге; дуэль-ге, дуэль-і;
дуэт-ке, дуэт-і.
7. Соңғы буынында ю, е, э дауысты   дыбыстар келетін орыс тілінен   енген сөздерге

Слайд 358. Нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт,

фт,
пт дыбыстарына аяқталатын орыс
тілінен енген сөздерге қазақ тілі
қосымшалары ы, і дәнекер дыбыстары
(әріптері) арқылы жалғанады: фонд-ы-
сы, фонд-ы-ны, ценз-і-ге, ценз-і-сі,
штамп-ы-ны, штамп-ы-лау, танк-і-ге,
танк-і-лер, франк-і-сі, митинг-і-ге,
митинг-і-сі, шланг-і-ге, шланг-і-сі, ромб-
ы-ға, ромб-ы-сы, объект-і-ге, объект-і-сі,
киоск-і-ге, киоск-і-лер, лифт-і-мен,
рецепт-і-нің, фармацевт-і-ге, ямб-ы-ны.
8. Нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт, фт,    пт дыбыстарына

Слайд 369. Қатар келген дауыссыз дыбыстар
тіркесінің қалған түрлеріне (нс,

рс, рт,
рш, нт, рд, рм, фр, т.б.) аяқталған
кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары
ы, і дәнекерінсіз, буын үндестігі
бойынша тікелей жалғанады: финанс-
қа, финанс-ы, аванс-ы (авансысы
емес), цемент-ке, цемент-ті, фермент-
тік, цифр-ға, цифр-ы (цифрысы);
хлороформаға, хлороформ-нан,
хлороформ-ы, фунт-қа, фунт-ы.
9. Қатар келген дауыссыз дыбыстар   тіркесінің қалған түрлеріне (нс, рс, рт,   рш, нт,

Слайд 37 10. Сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк


дыбыстарына біткен орыс тілінен
енген жалпы есімдер атау күйінде
өзгеріссіз жазылады да, оларға қазақ
тілі қосымшалары жалғанғанда соңғы
дауыссыз дыбысы түсіріліп
жазылады: кросс, кросқа, кросы,
класс, класқа, кластар, класы,
металл, металды, металы, грамм,
грамм-ға — грамға, грамм-дық —
грамдық, грамм-ы — грамы,
киловатт-қа — киловатқа, съезд-ге –
съезге, съезд-і — съезі, ведомость-қа
— ведомосқа.
10. Сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк    дыбыстарына біткен орыс

Слайд 3811. Бірдей қос дыбыстарға аяқталған жалқы
есімдерге қазақ

тілі қосымшалары
жалғанғаңда, қос әріп сақталып жазылады,
тек қосымшаның басқы дауыссыз дыбысы
түбірдегі қос дыбыспен бірдей болғанда
ғана, үш біркелкі әріп жазылмай, екеуі
жазылады: Гримм-ге — Гриммге, Гримм-ді —
Гриммді, Гримм-мен - Гриммен (Тримммен
емес), Покрасс-тың — Покрасстың, Покрасс-
қа — Покрассқа, Кирилл-ге — Кириллге,
Филипп-тің — Филипптің, Филипп-пен —
Филиппен (Филипппен емес), Кузбасс-тың —
Кузбасстың, Донбасс-қа —Донбассқа,
Порккала-Удд-тан — Порккала-Уддан,
Лакнесс-ке — Лакнесске.
11. Бірдей қос дыбыстарға аяқталған жалқы    есімдерге қазақ тілі қосымшалары    жалғанғаңда,

Слайд 3912. Цифрмен жазылған есептік,
бөлшек сан есімдерге дефис


арқылы жалғанатын
қосымшалардың жуан-жіңішкелігі
цифрмен белгіленген санның
айтылуына қарай болады: 10-ды
2-ге көбейт (онды екіге).
Оқушылардың 20-сы экскурссияға
кетті (жиырмасы). Жолдың 1/5-іне
келіп қалдық (бестен біріне).

12. Цифрмен жазылған есептік,    бөлшек сан есімдерге дефис    арқылы жалғанатын

Слайд 4013. Процентті (%), градусты (°)
белгілейтін таңбалары бар


сөздерге қосымша пайыз
(процент), градус деген
сөздердің соңғы буынының
әуенімен (процент сөзіне
жіңішке, пайыз, градус сөздеріне
жуан) жалғанады: жұмыстың
90% - ы (тоқсан пайызы) немесе
90%-ті істелді (тоқсан проценті).
Суықтық 20°-қа дейін барды
(жиырма градусқа).
13. Процентті (%), градусты (°)    белгілейтін таңбалары бар    сөздерге қосымша пайыз

Слайд 4114. см, мм, км, га сияқты қысқарған
белгілерге

жалғанатын
қосымшалар да дефис арқылы
жазылып, осы белгілер
таңбалайтын сөздердің соңғы
буынының жуан-жіңішкелігіне
қарай жалғанады: Ұзындығы 10
см-ге (он сантиметрге) жуық сызық
сызыңдар. 20 км-ден (жиырма
километрден) астам жер жүрдік.
500 га-ға жуық жер жыртылды (500
гектарға).
14. см, мм, км, га сияқты қысқарған    белгілерге жалғанатын    қосымшалар да

Слайд 4215. Ғылымның әр алуан саласына жататынкүрделі терминдердің компоненттері бөлек жазылады. Ол

күрделі атаулар бірнешетәсілмен жасалады:
1) тәуелдік жалғаулы сөзбен келеді:
көмірқышқылы, тіл білімі, оқу орны, мал
шаруашылығы;
2) етістікті тіркес болып келеді: дауыс беру,
жер аудару, шағым беру, тыйым салу;
3) анықтауышты тіркес болып келеді: өзара
әсер, жеке адам (личность), жәрдем ақша
(пособие).
15. Ғылымның әр алуан саласына жататынкүрделі терминдердің компоненттері бөлек жазылады. Ол күрделі атаулар бірнешетәсілмен жасалады: 1) тәуелдік

Слайд 4316. Еш, әр, кей, қай, әлде, бір деген

сөздер есімдіктермен, үстеулермен
тіркесіп келгенде, бірігіп жазылады:
әрбір, әркім, әрқайсы, әрдайым,
әрқашан, әрнеме, әркелкі, әрқайда,
ешкім, ешбір, ешқайда, ешқашан,
ешқандай, ештеңе, ешқайсысы,
ешқалай, кейбір, кейбіреу, қайбір,
бірдеңе, бірнеше, біраз, бірсыпыра,
біркелкі, әлдекім, әлдене, әлдеқашан,
әлдеқайда, әлдеқандай, әлдебір,
әлдеқайдан т.т.
16. Еш, әр, кей, қай, әлде, бір деген    сөздер есімдіктермен, үстеулермен

Слайд 44Ескертулер.
1. Еш, әр, кей, қай, қайсы, әлде, бір деген сөздер

зат есімдермен келгенде, бөлек жазылады: әр адам, әр уақытта, әр жұмыс, әр нәрсе, әр күні, кей адам, кей жылы, кей уақытта, қай адам, қайсы адам, қайсы жылдары, бір адам, бір күні, бір жылы, еш адам, еш нәрсе, еш уақытта, еш жұмысым жоқ.
2. Бір деген белгісіздік есімдігі мына сияқты тіркестерде бөлек жазылады: белгілі бір, бейне бір, екінші бір (екінші бір айтатын әңгіме), неше бір (неше бір түсінбесең де), не бір (не бір әдемі гүлдер бар).
Ескертулер. 	1. Еш, әр, кей, қай, қайсы, әлде, бір деген сөздер зат есімдермен келгенде, бөлек жазылады: әр

Слайд 4517. Жазып келе жатқанда жолға сыймаған
сөздер буын

жігімен тасымалданады: қа-
лалық, қала-лық (қал-алық, қалалық емес).
18. Орыс тілінен енген сездерге қазақ тілінің
қосымшалары жалғанғанда, олар буын
жігіне қарай тасымалданады: ро-лінде
(рол-інде емес), съез-дің (сьезд-ің емес).
19. Тыныс белгілері жазып келе жатқан жолда
қалдырылады.

17. Жазып келе жатқанда жолға сыймаған    сөздер буын жігімен тасымалданады: қа-   лалық,

Слайд 4621. Орыс тілінен енген сөздер де буын
жігі

бойынша тасымалданады.
Бұлардың ішінде екінші, үшінші
буындардың дауысты дыбыстардан
басталатындары кездесе береді:
про-ект, ро-ялъ, по-эма.
Екі, үш-кейде төрт-бес дыбыстардан
тұратын бір буынды (яғни ішінде бір
ғана дауысты дыбысы бар) сөздер
тасымалданбайды: төрт (төр-т
емес), жалт (жа-лт емес), пункт (пун-
кт емес), взвод (вз-вод емес).

21. Орыс тілінен енген сөздер де буын    жігі бойынша тасымалданады.    Бұлардың

Слайд 4722. Орыс тілінде дефиспен жазылатын кісі
аттары (көбінесе

фамилиялары)
қазақша жазуда дефис арқылы
таңбаланады. Бұлар, негізінен, орыс
халқы және Еуропа, Америка т.б.
халықтары өкілдерінің аты-жөндері
болып келеді: Немирович-Данченко,
Новиков-Прибой, Книппер-Чехова,
Жолио-Кюри, Дон-Жуан, Дон-Кихот.
Соңғы екі есімнен жасалған
донжуандық, донкихоттық деген жалпы
есімдер қосылып, кіші әріппен
жазылады.
22. Орыс тілінде дефиспен жазылатын кісі    аттары (көбінесе фамилиялары)    қазақша жазуда

Слайд 48Араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, әд, бен сияқты

элементтерден соң дефис қойылады, олардың өздері кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады: Абд ар-Рахнан әл-Халиси, Ибрагим әл-Муфти, Авадх бен-Солех бен-Галеб, аз-Закир Рукн ад-Дин Бейбарс, әл-Фараби, әл-Кинди.
Араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, әд, бен сияқты элементтерден соң дефис қойылады, олардың өздері

Слайд 49Ескерту. Араб халықтары аты-жөндерімен келетін ибн сөзі кіші әріппен бөлек жазылады:

Әмір ибн Кулсум, ибн Халдун, ибн Сина, Тарафа ибн әл-Абд.
Араб атауларында келетін демеуліктер де алдыңғы сөзден бөлек, ал өзінен кейінгі сөзден дефис арқылы жазылады: жамиаи-тауарих, әл-Маджмагу л-илмий ("Ғылым академиясы" деген мәндегі тіркес), Катиб әл-Хамаса (Батырлар туралы кітап).
Түркі, парсы, т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, бек, заде, оглы сияқты тұлғалар да дефис арқылы кіші әріппен жазылады: Турсун-заде, Нахас-паша, Измаил-бей, Абдулла-бек.
Түркі, монгол хандары есімдерінің соңында келетін хан сөзі дефиссіз бөлек жазылады (ал орыс жазуында бүл дефис арқылы таңбаланады): Шыңғыс хан (орысша — Чингиз-хан), Тәуке хан (орысша — Тауке-хан), Жәңгір хан (орысша — Джангир-хан).

Ескерту. Араб халықтары аты-жөндерімен келетін ибн сөзі кіші әріппен бөлек жазылады: Әмір ибн Кулсум, ибн Халдун, ибн

Слайд 5023. Шылаулар, негізінен, бөлек жазылады: Қалам да, қарындаш та үстел үстінде

жатыр. Қалам мен қарындаш үстел үстінде жатыр. Мен әрі қаламмен, әрі қарындашпен жазамын.
Бөлек жазылатын шылаулар мыналар (алфавит тәртібімен): ал, алайда, әйткенмен, әрі, әлде, басқа, бері, бұрын, бірақ, біресе, бірде, гөрі, ғана (қана), ғой, дағы (сан дағы), да (де, та, те), дегенмен, дейін, және, жуық (жүзге жуық), екеш (бала екеш бала да түсінеді), кейін, қабат, қарай, қаралы (жүз қаралы), қатар, күй, күйт, ма (ме, ба, бе, па, пе), мен (бен, пен), менен (бенен, пенен), мейлі, не болмаса, немесе, онда да, өйткені, сайын, себепті, сондықтан, сияқты (секілді, сықылды), соң, сынды, туралы, түгіл, шақты, шамалы, ше, шейін, үшін, я, я болмаса, яки.
23. Шылаулар, негізінен, бөлек жазылады: Қалам да, қарындаш та үстел үстінде жатыр. Қалам мен қарындаш үстел үстінде

Слайд 51Да (де, та, те) шылауы бірақ, әлі, тағы, сондықтан, сонда, әйтсе,

сөйтсе, және, қандай, сірә деген сөздермен жанаса қолданылғанда, олардан бөлек жазылады: бірақ та; әлі де (болса), тағы да (айтарым), сондықтан да, сонда да, әйтсе де, және де, қандай да болса, сірә да (Сірә да, бұл сөзіңіз естен кетпес. М.Әуезов).
Да (де, та, те) шылауы бірақ, әлі, тағы, сондықтан, сонда, әйтсе, сөйтсе, және, қандай, сірә деген сөздермен

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть