Презентация, доклад по казахскому литературу на тему Ахмет Байтұрсынұлы/7 класс/

Ахмет БайтұрсынұлыӨмірі.Әдебиет зерттеушісі,ғалым тілші,ақын,аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы,Торғай алабындағы Сарытүбек жерінде туған.1882-1884 жылдары өз ауылында хат танып,сауат ашады.1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі кластық орысша-қазақша училищеде оқиды.1891-1895 жылы Орынбордағы мұғалімдік мектепті бітіреді.Ауыл мектептерінде мұғалім болады.1909 жылы

Слайд 1Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы

Слайд 2Ахмет Байтұрсынұлы
Өмірі.Әдебиет зерттеушісі,ғалым тілші,
ақын,аудармашы Ахмет Байтұрсынов
қазіргі Қостанай облысы,Торғай
алабындағы Сарытүбек

жерінде туған.
1882-1884 жылдары өз ауылында хат
танып,сауат ашады.1886-1891 жылдары
Торғай қаласындағы екі кластық
орысша-қазақша училищеде оқиды.
1891-1895 жылы Орынбордағы
мұғалімдік мектепті бітіреді.Ауыл
мектептерінде мұғалім болады.1909
жылы Қарқаралының екі сыныпты
училищесінің меңгеруші болып жүріп,
өкіметке қарсы деген жаламен Семей
абақтысына жабылады.1910 жылы
түрмеден шыққан соң Орынбор
қаласына келеді,осы кезеңнен бастап
А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси,
ағартушылық,ғылыми жұмыстары
басталады.
Ахмет БайтұрсынұлыӨмірі.Әдебиет зерттеушісі,ғалым тілші,ақын,аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы,Торғай алабындағы Сарытүбек жерінде туған.1882-1884 жылдары өз ауылында хат

Слайд 3“Ахмет Байтұрсынұлының қазақша әліппе жасауы,араб
жазуына кіргізген реформасы,қазақ тілі білімінің негізгі
терминдерін

жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен
сабақтастырып,өз топырағымыздан тауып,оларға тұңғыш
анықтама бергені,дыбыс жүйесін (фонетика),сөз жүйесін
(морфология),сөйлем жүйесін (грамматика)
қалыптыстырып шығарғандағы еңбегі зор...”
Ахмет Байтұрсынұлының ақын,публицист,ғалым,
қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі...,
болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы туған халқы
үшін қалтқысыз қызмет етуге арналған.

/Р.Нұрғалиев /.

“Ахмет Байтұрсынұлының қазақша әліппе жасауы,арабжазуына кіргізген реформасы,қазақ тілі білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігіменсабақтастырып,өз топырағымыздан тауып,оларға

Слайд 4 “Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда,оқыған
азаматтарының артынан ерген

күндері аз да болса
мағыналырақ,тәуір күндерінің бірі деп саналады.
Сол оқыған азаматтарының тұңғышы,алғашқы
шыққан көсемі-Ақаң.Әркімнің қалғыған сезімін оятып,
өткен күндерін есіне түсіретін көп істің ішіндегі ірісі”.
Ақаңның майдандағы алғаш жыры шығып,әдебиет,
саясат жолына жол бастаған күндері бәріміздің де
есімізде.Кешегі күні оқушы болып,соның тәрбиесінде
жүрген күндерімізді көз алдымызға елестетеді.Ақаңның
қазақ оқушысының ойы мен пікірін тәрбиелеген
заманынан ұзаған жоқпыз.Кешегі күндерге шейін бәріміз
де жетегінде келгенбіз.Қаламынан туған өсиеті,үлгісі әлі
есімізден кеткен жоқ.

/ М.Әуезов/ .
“Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда,оқыған азаматтарының артынан ерген күндері аз да болса мағыналырақ,тәуір күндерінің

Слайд 5Еңбегі.Мысал өлеңдері.И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне
аударады,1909 жылы “Қырық мысал”деген атпен Петербургте


басылып шығады.А.Байтұрсынов аудармалары пішін жағынан ғана
емес,түпкі идеясымен,қазақ еліне таныс бейне,суреттермен
көрсету арқылы ерекшеленеді.“Аққу,шортан,һәм шаян”өлеңінде
барды мазмұнымен айтып қоймай,ақын өз жанынан тың ғибрат
қосады. “Қасқыр мен қозы”,“Қайырымды Түлкі”,“Ала қойлар”,
”Үлес”,”Қартайған Арыстан”,”Өгіз бен Бақа”,”Қайыршы мен Қыдыр”,
”Ат пен Есек” мысалдары-қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді сөз
еткен,ақыл-кеңеспен тұжырым жасалатын мысалдар.

Жігіттер,мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек,болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.

Еңбегі.Мысал өлеңдері.И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударады,1909 жылы “Қырық мысал”деген атпен Петербургте басылып шығады.А.Байтұрсынов аудармалары пішін жағынан ғана

Слайд 6Ахмет Байтұрсынов аудармаларының ерекшеліктері.
1.Сюжеті И.А.Крылов өлеңіндегідей болғанымен,қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады.
2.Ой

түйінін беруде қазақ мақал-мәтелдерін қолданады (“Адамның басы-алланың добы деген”,“Жазмыштан озмыш болмас деген сөзді”,“Болады асыл-таста,ақыл-жаста”т.б.).
3.А.Байтұрсынов мысалдары И.А.Крылов мысалдарынан көлемі жағынан да үлкен
(“Қасқыр мен тырна”орысша-19,қазақша-36 жол,
“Ағаш”орысша-31,қазақша-56 жол,“Шымшық пен көгершін”орысша-10,қазақша-32 жол).
Ахмет Байтұрсынов аудармаларының ерекшеліктері.1.Сюжеті И.А.Крылов өлеңіндегідей болғанымен,қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады.2.Ой түйінін беруде қазақ мақал-мәтелдерін қолданады (“Адамның

Слайд 7Өлеңдері. Ақын өлеңдерінің жинағы 1911 жылы
Орынборда “Маса”деген атпен жарық көрді.
А.Байтұрсынов өлеңдерінің

тақырыбы қазақ елінің
қанаудағы күйі,артта қалған жайынан басталып,оқуға,
еңбекке,бірлікке үндейді.Халықты ынтымаққа,бірлікке
бағыттайды.“Адамдық диханшысы”,”Досыма хат”,
”Жауға түскен жан сөзі”,”Анама хат“өлеңдерінде ел
қамын жеген қайраткер бейнесі жасалады.Ақын
өлеңдеріндегі елін сүйген күрескер бейнесіне төзімділік,
қайсарлық,қажыр-қайрат тән.Ақынның елдің,халықтың
көзін ашу,көкірегін ояту идеясы “Маса” жинағының,
автордың басты мұраты екендігі алғашқы өлеңде
берілген.
Өлеңдері. Ақын өлеңдерінің жинағы 1911 жылыОрынборда “Маса”деген атпен жарық көрді.А.Байтұрсынов өлеңдерінің тақырыбы қазақ елінің қанаудағы күйі,артта қалған

Слайд 8Мақалалары.А.Байтұрсынов-ақын,аудармашы,сонымен
бірге қоғам,заман ағымына,өзгерісіне өз бағасын
халық,ел мұқтажын өлшеп салмақтаған көсемсөз


шебері.1914 жылы жазылған “Қазақтың бас ақыны”
(“Қазақ”газеті)мақаласында қазақ тарихында
Абай асқан ақын жоқ дей келіп,бұл мұраның ерекше
маңызын көрсетті.Ақынның ата-тегі,өмірбаяны,өскен
ортасы туралы жазды. “Абайдың өлеңдері қазақтың
басқа ақындарының өлеңінен үздік артықтығы әр
нәрсенің бергі жағын алмай,арғы асылынан қарап
сөйлегендіктен”-деп келіп,Абайды барша қазақ білуі
керек,өнегелі, өрнекті сөздерін көпшілік тануы қажет
дейді.
Мақалалары.А.Байтұрсынов-ақын,аудармашы,сонымен бірге қоғам,заман ағымына,өзгерісіне өз бағасын халық,ел мұқтажын өлшеп салмақтаған көсемсөз шебері.1914 жылы жазылған “Қазақтың бас ақыны”(“Қазақ”газеті)мақаласында

Слайд 9Ғылыми еңбектері.Араб графикасын қазақ
емлесіне,жазу дағдасында,сөйлеу ерекшелігіне
ыңғайлап қайта өңдеген.Әліппені қазақ


танымына,ұлттық түсінігіне лайықтай жазады.
“Оқу құралы”деген атпен 1912 жылы
Орынборда басылды.“Тіл-құрал”деген атпен үш
кітаптан тұратын еңбек-қазақ тілінің фонетикалық,
грамматикалық құрылымын талдап,бір ізге келтіріп
жүйелеген тұңғыш ғылыми жұмыс.Сонымен бірге
тілдің жүйесі мен құрылымына,әдістемесіне
арналған.“Тіл жұмсар”,”Баяншы”,”Әліп-би астары”,
”Сауат ашқыш”,т.б. еңбектері бар.
Ғылыми еңбектері.Араб графикасын қазақ емлесіне,жазу дағдасында,сөйлеу ерекшелігіне ыңғайлап қайта өңдеген.Әліппені қазақ танымына,ұлттық түсінігіне лайықтай жазады. “Оқу құралы”деген

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть