Аталған ескерткішті 1876 жылы Франция АҚШ-тың тәуелсіздікДекларациясына жүз жыл толған мерейтойына арнап сыйға тартқанымен, оның салтанатты ашылу шарасы тек он жылдан кейін, яғни 1886 жылы өткен екен. Былтырғы жылы мүсінің 125 жылдық мерейтойыәлемдік деңгейде аталып өтті.
Салмағы 30 тонналық алып мүсінді Нью-Йоркке жеткізу үшін оны 350 бөлшекке бөлуге тура келген.
Көз алдыңыздағы ”Бостандық құдайы” бір қолына алау, бір қолына“JULY IV MDCCLXXVI” деген жазуы бар кітапша ұстаған. Бұл белгі АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясына қол қойылған күнді бейнелейді (1776 жыл, 4 шілде).
Мүсіннің биіктігі 50 метр шамасында болғанымен, құрылыстың жалпы ұзындығы 100 метрді құрайды. Ескерткіш толығымен жезден соғылған. Мүсіннің басындағы тәжге қазба байлықтар мен асыл тастардың және әлемді нұрландыратын көк сәулесінің нышаны ретінде 25 терезеорналастырылған. Тәждегі келесі бір жеті сәуле - жеті өзеннің және жеті құрлықтың белгісі. Сондай-ақ мүсін орнатылған іргетастың ішінде таңқаларлық мұражай бар.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть