Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра
отырып мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын
арттыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға,
өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушының
өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше
ой түюге баулу, мәтінмен жұмыс істеу, көркем
шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту,
ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке,
мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға
шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға
тәрбиелеу.






