Слайд 1
Төрт түлік малдың қасиеті мен пайдасы
Тақырыптың авторлары:
Бағыты: қазақ әдебиеті
Секциясы: Қазақ тілі және әдебиет
Жетекшісі:
Кеңесшісі:
Шемонаиха қаласы, 2012 ж
Слайд 2Мазмұны:
Дерексіздік, анотация.
Жұмыстың мақсаты
.
Болжам.
Зерттеудің міндеттері.
Зерттеудің жаңашылдығы.
Жоспар.
Алғы сөз.
Төр түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен ғасырлар бойы келе жатқан бай тәжірибесі .
Практикалық бөлім:
1.Өскемен қаласы, Шемонаиха қалаларының мұражайынан деректер жинау.
2.Өскемен қаласындағы А .С. Пушкин кітапханасынан мәлімет жинау.
3. Жылқы- қазақтың кәделі, бағалы қазынасы.
4. Шеманиха ауданы және басқа аудандағы мал шаруашылығының қыр-сырын жетік білген қарт адамдардан мәлімет жинау.
Біздің келешектегі жоспарымыз .
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымша.
Слайд 3 Тақырыптың өзектілігі
Қазақ этномәдениетін сипаттайтын өзекті
арқаудың бірі – мал шаруашылығының ішінде қазақ тілінде жылқы малына байланысты. Жылқының өсу, даму кезеңдерін жіті қадағалап, деректер жинау.
біздің халқымыздың ата кәсібімен байланысты екенің дәлелдеу және жеткізу. Кейінгі жастарымыздың қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін білу мақсатында. Рас, олардың бәрі бірдей малды бақпас, бірақ аталарымыз қадір тұтқан мұраларымыздың ерекшіліктерін жадында сақтау үшін зерттеу, танып- білу жұмыстары жүргізу.
Аннотация
Слайд 4Жұмыстың мақсаты
Мал шаруашылғына байланысты әдеби деректер жинау;
Қазақ халқымыздың төрт түлікке
байланысты қадір-тұтқан көне және мәдени ерекшеліктерімен танысу;
3) Мал өнімдерін тұрмыстық салада қолдану тәсілдері. Төрт түлікке орай ұлттық тәрбие , өнеге үлгілері жайлы танып білу.
Слайд 5Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал шаруашылығы еліміз үшін аса
маңызды шаруашылық саласын дамыту.
Болжам
Слайд 6 Зерттеудің міндеттері
Әдебиеттерді іріктеу және реттеу .
Көне әдебиеттерден мал шаруашылығының
шығу тарихы туралы мәліметтерді іздеу.
Мал шаруашылығы: төрт түлік малға қатысты еңбектерді оқу.
Мұражайдан көрген тарихи жәдігерлермен танысу. .
Шемонаиха ауданы және басқа аудандарды тұратын қарт адамдардан мал шаруашылығына байланысты тарихи деректер жинау.
Слайд 7 Зерттеудің жаңашылдығы орыс және өзге ұлт өкілдеріне, әсіресе мектеп оқушыларына
қазақ әдебиетіндегі “төрт түліктің пайдасы” туралы кеңінен мәлімет беру, зерттей жұмыстарын жүргізу арқылы жете меңгеріп алғандарын көрсету. Аталарымыздың қадір тұтқан мұраларымыздың ерекшеліктерін дәлелдеу, және оқушылардың саналарына жеткізу, жадында сақталып қалу мақсатында танып білу.
Зерттеудің жаңашылдығы
Слайд 8Жоспар:
Ғылыми жұмыстың мақсатын анықтау.
Ғылыми жұмыстың жоспарын құру.
3. Шемонаиха қаласындағы мұражайдан XIX-XX
ғасырлардағы мал шаруашылығының шығу тарихымен танысу.
Төрт түлік малдың айырықша қасиетін, ерекшелігін танып білу.
Төрт түлік малдың өнімдерін тіршілік құралы етіп, оңтайлы пайдалану шеберлігімен танысы, игеру. Шемонаиха ауданы және басқа аудандардағы қарт адамдардан мәлімет жинау.
Слайд 10Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай
тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін білген.
Слайд 11
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс- тіршілігінде төрт түлік малдың орны ерекше.
Слайд 12Мал шаруашылығының қыр-сырын жете меңгерген еңбекшіл де епті халқымыз мал өнімдерін
де тұрмыстық салада қолдана білді.
Слайд 13
Түйелі бай- киелі бай. Қойлы бай- қорлы бай. Жылқылы бай-
сылдыр бай.Сиырлы бай-сылбыр бай. Ешкілі бай- есепті бай.
Слайд 14Құлын- биенің жас төлі.
Өте әдемі келеді. Сондықтан тілімізде «құлын мүше» деген
фразеологизм қалыптасқан. Жаңа туған құлынды «құлан мүшелі құлын», «арғымақ денелі құлын», «қаз мойын» деп атаған.
Слайд 15Нар маяның жүні- жібек, сүті- бал. Нар жігіттің аймағы ел, алды
мал.
Мал балаларын төл деп атайды. Түйе төлін 12 ай, жылқы 10 ай, сиыр 9 ай, қой, ешкі 5 ай көтереді. Түйе екі жылда бір рет боталайды .
Слайд 16Малдың қадірін біліп, қасиетін бағалаған бабаларымыз адам есіміне де мал атауларын
қосуды әдетке айналдырған. Мысалы: Ботагөз, Нартай, Атанбай, Бурабай, Жылқайдар, Түйебай, Қошқарбай, Қозы, Серке, Қойшыбай, Құнанбай. Қазақ халқы балаларын ботам, құлыным, қошақаным деп еркелетіп, әлпештеуде де терең мән бар. Тіпті халық ауыз әдебиеті үлгілерінде де мал қасиетті түлік есебінде батыр, сұлуларымен қоса дәріптеліп, айтылған.
Слайд 17Міне, осы жайларды жас ұрпаққа оқытып, үйрету олардың ой-өрісінің өсуіне де,
малға деген ынта-ықласына да жақсы әсер ететіні сөзсіз.
Төрт түлікке қатысты этнографиялық қызықты атаулар да көп. Шалкиіз жырау: “Айырдан туған жампоз бар, нарға жүгін салғысыз”,-деп жырлаған.
Слайд 18 Жылқы атасы- Қамбар ата.
Сиыр атасы- Зеңгі баба. Түйе атасы- Ойсыл
қара. Қой атасы-Шопан ата. Ешкінің иесі- Сексек ата.
Мал сүтінен жасалатын тағам түрлері өте көп. Шұбат, қымыз – денсаулыққа аса пайдалы шипалы сусындар. Сиыр мен қой сүтінген айран, қатық, қаймақ, май, сүзбе, ірімшік, құрт, ежігей тағы басқа көптеген ұлттық тағамдар жасалады.Қазақ халқы бұл тағамдарды ыстық күнде қарапайым жағдайда тамақты бұзбай қалай сақтау керектігін білген.
Слайд 21Бұлқыншақ
Бұлқыншақ – сусын құюға арналған тері ыдыс. Оны жасау үшін
жылқының сан терісін шашасына дейін бітеу сойып алады да саба әзірлегендей жолдардан өткізеді. Сан жағына сопақшалау етіп тері тігеді, ол пайдаланғанда астынғы жағына келеді. Аузына ағаштан, тоздан тығын жасалады.
Бұлқыншақ ердің қасына,кереге басына ілуге, жаяудың иығына асуға ыңғайлы ыдыс.
Слайд 22Мал сүтінен жасалатын тағам түрлері өте көп. Шұбат, қымыз – денсаулыққа
аса пайдалы шипалы сусындар. Сиыр мен қой сүтінген айран, қатық, қаймақ, май, сүзбе, ірімшік, құрт, ежігей тағы басқа көптеген ұлттық тағамдар жасалады.Қазақ халқы бұл тағамдарды ыстық күнде қарапайым жағдайда тамақты бұзбай қалай сақтау керектігін білген.
Слайд 23Қазақ халқы мал терісін шаруашылықтың әр саласында қолдана білді. Жылқы терісін
илеп сәнді ер-тоқымды, ат әбзелдерін оюлап, өрнектеп өріп жасады. Теріні тулақ етіп, төсеніш жасады.
Слайд 24Қазақша ет
Қазақша ет асу үшін жылқы етін салқын су қуюға қазанға
тұтас салынады да отты басынқырап қойып бабымен қайнатылады. Бір қайнаған соң көбігі алынады да, одан әрі – ауық –ауық сапырып қойылады.Сонда көбігі тарайды. Еттің маңызы сол көбігінде болады.
Етке қамыр дайындалады. Иленген ұн шұңғыл ыдысқа салынып, аздап су құйылады да шикі жұмыртқа жарылып қамыр иленеді де, күлше қалпына келітіріліп жазып төрт бұрыштап кесіледі.
Слайд 26
Ешкінің, қойдың қылынан , түбітінен де бағалы бұйымдар тоқылады. Сәнді бөкебай,
күртеше, қолғап, шұлық ешкі түбітінен тоқылады. Бұл- әрі бағалы, әрі сәнді, әрі жылы киім.
Слайд 27Наурызыва Кәтимән.1926ж.
88 жаста
Ш.Қ.О. Күршім ауданы.
Бүкіл өмірім мал шаруашылығымен байланысты.
Мал өнімдерін қарапайым жағдайда , күннің ыстығына қарамастан бұзбай сақтаудың бірнеше тәсілін қолдандық.Әлі күнге дейін қажетімізге жарайды.
Слайд 28 Бәйге атын танитын сыншы, бапкерді халқымыз атбегі деп атаса, атты
жаратып баптауды кәсіп етушілікті атбегілік деген.XIX ғасырда Күреңбай Шоқай деген ат сыншылары болған. Сондай-ақ, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың да ақындықпен қоса сыншылық қасиетін қазақ қауымы “Аттың сыны” өлеңімен танып білді.
Слайд 29Ерте замандағы Қытай тарихшылары ғұндардың бәйге бермес жүйрік тұлпарлары болғанын жазады
Қазақтар жүйрік аттарды тұлпар, сәйгүлік, арғымақ деген. Қандай тұлпар аттар болғаны қазақтың көптеген аңыз, эпос жырларында керемет суреттеледі. Мәселен, Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, XIX ғасырдағы тұлпар аттың ардақтысы Саңырақтың Құланбестігі, Ақан серінің Құлагері.
Слайд 30Қазақ дастандарында есімдері аңызға айналған батырларға ертегі-аттар сенімді серік болған. Қобыланды
батыр-Тайбурыл, Алпамыс батыр-Байшұбар деген тұлпарды мінген.
Қанатты аттар бейнелері ежелгі дүние көшпенділерінің өнерін көрсететін ескерткіштерде де кездеседі. Олар Алтай өлкесінде табылған. Аспандағы атқа деген сенім көшпенділердің ғарыш жөніндегі ұғымынан да көрініс тапқан.
Слайд 31Жүйрік-шабатын атттар. Еуропа халықтарында желгіштер бірінші орында тұрса, қазақтар салт мінетіндердің
ішінен шабатын аттарды бағалаған. Ат-тың мұндай қасиеттерін табу- өнердің ішіндегі ең қиыны екенін зерттеуші ескертеді.
Слайд 32Жылқының тегі мен табиғи ерекшеліктеріне байланысты атаулар: сәйгүлік, тұлпар, арғымақ, пырақ,
дүлділ, жорға, жүйрік, тарпаң деген атаулар.
Қай халықтың да сөздік қоры өз шаруашылығына біршама тәуелді болатыны анық.
Слайд 33-
Жылқы шаруашылығында жиі қолданылатын сөздің бірі-үйір. Үйір- бір айғырдың қарамағындағы
құлын-тайы аралас 15-20 шақты биелер тобы. Үйір сөзіне қатысты үйірге қосылды ( өз ортасына қайта келді, қатарға қосылды) деген сөздер көп.
Слайд 34ЖЫЛҚЫ - МАЛДЫҢ ПАТШАСЫ
Құлын,құлыншақ-жылқы төлі.
Жабағы- бір жылға дейінгі төл.
Тай-екі жастағы жылқы.
Құнан-үш
жастағы жылқы.
Құнажын-үш жастағы ұрғашы жылқы
Байтал-төрт жастағы ұрғашысы.
Сойтал-төрттен асқан ұрғашысы.
Дөнен- төрт жастағы еркегі.
Бесті- бес жасар еркек жылқы.
Айғыр-аталық жылқы.
Сәурік-жас айғыр.
Бие-аналық жылқы.
Ат-ақталған еркек жылқы мініс ат.
Слайд 35ЖЫЛҚЫ МАЛЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Ағайын тату болса –ат көп,
Абысын тату болса-ас көп.
2.
Адам құлақтан азады,
Ат тұяқтан тозады.
3. Алысты жақындатар-ат,
Жақынды алыстатар-жат.
4. Аттан тай озады,
Атадан бала озады.
5. Жылқы – жаным, қымыз-қаным.
6. Ақ пейілдің аты арып, тоны тозбайды.
7. Ақылды ердің ішінде алтын ерлі ұл жатар.
Слайд 36
атқұлақ-конский щавель
атқонақ-тимофеевка лугавая
атшоқай- корень куги
сиыржонышқа-вика, горошек
түйежапырақ-лопух
түйесіңір-курчавка
текесақал-додарица
есекмия –софора,брунец
ешкімия—смолевка
ешкісабақ-миндаль бобовник
есекжонышқа-горошек
МАЛ АТАУЫНА ҚАТЫСТЫ
ШӨПТЕРР
Слайд 37Қымыз
Қымыз- халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы.Ол
тек тағам ғана емес сонымен қатар халықтың қасиетін, дәулетын, салтын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесын білдіретін ырыс белгісі. Басқа тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдіс, тәсілдері, салт-дәстүрлері, ырымдары мен кәде- жоралары көп.
Көктем туып, құлындаған бие байланып, сауылады. Биенің ашымаған сүтін саумал дейді. Оған арнайы ашытқы қосылып, екі – үш күннен кейін ашиды. Алғашқы қымызды үй иесі өзі ішпейды, дәстүр бойынша үлкендерін шақырып, ауыз тигізіп, батасын алады. Мұны “қымызмұрындық ” дейді.
Слайд 38 Бапкер деп аттың күтімін білетін адамды айтады. Қазақта жүйрік
аттың өзіндік ерекше күтімі болады. Мұны баптау деп атайды. Бапкерлікпен айналысу кез -келген адамның қолынан келе беретін іс емес. Ол үшін жылқы малының бүкіл қыр-сырын жете білу қажет.
Слайд 39Зерттеулер бойынша 250 дей жылқы түсіне қатысты атаулар бар
екен: Қамбар батырдың Қарақасқасы, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Тарғынның Бозтарланы, Ақансерінің Құлагері, Балуан Шолақтың Ақбозаты, Жәңгір ханның Ақмоншағы, Абылайдың Алшаңбозы, Райымбек батырдың Көкойнағы, Төлегеннің Бозжорғасы, Толыбайдың Шымқарасы және т.б.
Слайд 40 XIX ғасырда белгілі Күреңбай, Шоқай, Киікбай деген ат
сыншылары болған. Сондай-ақ, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың да ақындықпен қоса сыншылық қасиетін қазақ қауымы «Аттың сыны! Өлеңінен танып білді. Осылардың ішінде Күреңбай сыншының жүйрік аттың әрбір мүшесін айтқан мына сыны айырықша: «тәует бас, қамыс құлақ, қой жұтқыншақ және т.б.
Слайд 41Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи кесенесінде тай қазанды жағалай «он сан
Алаштың» ұшына он түрлі жылқы қылынан шашақтар тағылған он туы ілінгені халықтың назарын аудартады. Туладың түстері: қаракөк, шұбар, торы, күрең, құла, кері, боз, бурыл, жирен, шабдар.
Слайд 42Біздің келешектегі жоспарымыз:
1. Қазақ халқының мал шаруашылығының пайдасы мен қасиеті
туралы деректер, мол мағлұмат жинау.
2. Орыс тілінде білім алатын мектеп оқушылары арасында қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
Слайд 43Қолданылған әдебиеттер:
«Қазақтың дарқан дастарқаны» Кенжеахметұлы Сейіт. «Алматы кітап» Жамбыл көшесі-111.
«Салтынды сақта,
дәсүрінді дәріпте» Қайыржан Макин. Алматы қаласы, Абай даңғылығы, 143.
«Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» Ольга Гумирова . Шымкент қаласы. Ташкенова,44.
«Балдырған журналы» 2003. №8. 2004 №4. 2005. №2. 2006 №10 жылдардағы басылымдар.
Қазақ әдебиеті жураналы» № 3 2008 жыл
Әдебиет оқу кітаптары: 5,6,7,8,9- сыныптар оқулықтары.
Шығыс қазақстан облыстық тарихи очерктері №9965-727-56-
«Тарихи болжамдар» Өскемен қаласы. «Рудный Алтай» газеті баспаханада басылды. Ғарышкер көшесі 6/3
Кейбір мағлұматтар орталық мұражайдан алынды.
Бірнеше мағлұматтар үлкен адамдардың әңгімесі тарихи деректермен салыстырылып алынды.
Слайд 44Қосымша:
Видеотаспа
Суреттер
Оқушы дәптері