Слайд 1Батыс Қазақстан Жоғары Медициналық Колледжі
Тақырыбы:
Дәрілік заттардың негізгі топтары: жаздырып алу,
сақтау, тарату, қолдану әдістері.
Жоспары
Дәрілік заттардың негізгі топтары
Ағзаға дәрілік заттарды еңгізу жолдары, олардың артықшылықтары және жетіспеушіліктері
МҰ емдеу бөлімшелерінде дәріханадан дәрі жаздырып алу ережелері
Бөлімшедегі дәрілік заттардың сақталуына қойылатын жалпы талаптар
Қатты әсер ететін, наркотикалық және психотроптты дәрілік заттарды тіркеу және сақтау ережелері
Емдеу бөлімшесінде дәрілерді тарату ережелері.
Слайд 3Дәрілік заттардың негізгі топтары
Дәрі-дәрмекпен емдеу - емдеу процессінің басты бөлігі,ол адам
организмін жақсарту,аурудың алдын алу және ауырсынуды басу үшін қолданылады.
Слайд 4 Дәрі – дәрмекті ағзаға еңгізу жолдары
Слайд 5Энтералды енгізу жолдары
Энтералды жол деп – дәрі – дәрмекті асқазан
ішек трактісі арқылы енгізу, яғни ауыз, тіл асты, тік ішек арқылы енгізу.
Пероралды
Сублингвалдық
Ректалды
Слайд 6Пероралды енгізу жолдары
Дәріні ауыз арқылы қабылдау кең таралған.Дәріні ауыз арқылы қабылдағанда,ол
аш ішекте сіңіріліп, қан тамырлары арқылы бауырға түседі де жалпы қан айналымына қосылады.
Слайд 7Пероралды қабылдау
Тиімділігі
Бұл жолмен әртүрлі көлемдегі дәрілерді қабылдауға болады(ұнтақ,пилюла,таблетка,қайнатпа,микстура).
Жәй және ыңғайлы.
Залалсыздандыруды талап
етпейді.
Арнайы дайындалған көмекшілерді талап етпейді.
Тиімсіздігі
Дәрілік заттардың бауырға,асқазан мен ішектің шырышты қабығына кері әсер беруі.
Науқастың ессіз жағдайында не жүрегі айну кезінде дәріні қабылдай алмауы.
Ас қорыту жолында дәрінің баяу әрі толық сіңірілмеуі.
Шұғыл жағдайда дәрінің әсері жылдам керек кезінде тиімсіз.
Слайд 8Сублингвалдық енгізу
Сублингвалдық енгізу деп – дәрілік заттарды тіл асты арқылы қабылдау.
Дәріні былай қабылдағанда тіл асты шырышты қабаты арқылы тез ыдырап қанға араласып, бауырдан өтіп асқазанға әсер етпейді.
Бұл жолда өте белсенді дәрілерді аз мөлшерде (мысалы: 0,0005 г. көлемде нитроглицерин, 0,06 валидол) қабылдауға болады.
Слайд 9 Ректалды енгізу жолдары
Ректалды енгізу жолдары деп
дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізуді айтады. Ректалды жолмен сұйық (мысалы: қайнатпа, ерітінді, шырыштар), сонымен қатар қатты (ректалды суппозиторий) дәрілерді енгізеді. Ректалды жолмен дәріні науқас ауыз арқылы қабылдай алмаса (жүрек айнуы, жұтына алмауы жағдайында, ес-түссіз жағдайында, асқазанның шырышты қабығының зақымдануы кезінде және т.б) немесе жергілікті әсер ететін дәріні енгізу кезінде қолданылады.
Слайд 11Суппозиториді тік ішекке енгізу
Іс-әрекеттер алгоритмі
Науқасты сол жақ қырына жатқызып, аяқтарын бүгіп
бауырына жинатқызып жатқызу.
Қаптағыш қағазын ашып алу.
Сол қолыңызбен енгізуге дайындайсыз.
Оң қолмен жіңішке жағын енгізесіз.
Слайд 12Дәрілік заттарды сыртқы енгізу жолдары
Сыртқы енгізу-бұл кілегей қабығына және теріге,
құлаққа, көзге, дәрілік заттарды қолдану. Аталмыш дәрілік заттар тұрақты жерлерге арналған, яғни зақымдалған тері арқылы сіңіп кетеді. Компрестер, сепкіштер, майлау, жарақат үстіне арналған тағыштар, құлаққа, мұрынға, кқзге тамызғылар құю, құлақпен көзді майлау- осылардың бәрі түгел дәрілік сыртқа енгізу формалары болып табылады. Майларды терінің жұқа жерлеріне және шашты емес жерлерге ысқылау арқылы жасайды. Терінің ысқылайтын жері таза болуы керек. Тері құрғақ болғанша 30-40 минут майларды немесе сұйық заттарды айналдырып жағып шығамыз.
Слайд 14Ингаляциялық енгізу жолдары
Тиімділігі
Тыныс жолындағы патологиялық процеске тікелей әсері.
Қабынған жерге бауырда сүзілмей,
ешбір өзгермей өзінің жоғары сапасында жетуі.
Тиімсіздігі
Бронхиалдық өту жолдарының нашар өткізгіштігінен дәрілік заттың қабынған жерге дұрыс жетпеуі.
Тыныс алу жолдарының шырышты бөлігінің дәрілік заттар әсерінен қабынуы мүмкін.
Слайд 16Парентералды енгізу жолдары
Парентералды енгізу жолы дегеніміз- дәрілерді ас қорыту трактысына
соқпай енгізу жолы.
тері ішінде
тері астында
бұлшық ет ішінде
тамырға
көктамырға
қуыстарға
Сүйек ішіне
Субарахнойдалдық
кеңістікке.
Слайд 17МҰ емдеу бөлімшелерінде дәріханадан дәрі жаздырып алу ережелері
Дәрігер бқөлімшеде, науқастардытексеру барысында,
ауру тарихына немесе нұсқау қағазына осы емделушіге қажетті дәрілерді, олардың мөлшерін, енгізу санын және жолдарын жазады.
Палаталық медбике нұсқауларды іріктеп, тағайындалған дәрілерді дәптеріне көшіреді. Егу туралы деректерді, оларды орындайтын процедура мейірбекесіне береді.
Поста немесе ем жасайтын бөлмеде тағайындалған дәрілердің тізімі орыс тілінде бөлімшенің аға медбикесіне беріледі.
Белгілі формада, латын тілінде, 2 данада жазылған, бөлім меңгерушісінің қолы қойылған дәріханадан дәрілерді алуға арналған талап ету құжатын аға медбике толтырады.
Улы және есірткілік дәрілер, сонымен қатар, этил спритіне талап ету құжатын бөлек бланкіге, 3 данада латын тілінде жазады. Осы талап ету құжаттарына ЕАМ-нің бас дәрігері немесе оның емдеу жөніндегі орынбасарының мөрі басылып, қолы қойылады.
Аса тапшы және қымбат дәрілерге арналған талап ету құжаттарынада, емделушінің аты-жөнін, ауру тарихының нөмірін, диагнозын көрсетеді,
Аға медбике дәріханада дәрі-дәрмектерді аларда олардың тапсырысқа сәйкестігін тексеріп отырады. Дәріханада жасалған дәрілік формаларда бір түсті этикеткалар болуы керек: сыртқы қолдануға арналған дәрілер – сары түсті, ішкі қолдануға арналған дәрілер – ақ түсті, парентералды жолмен енгізілген дәрі – көк түсті. Этикеткаларда дәрілердің анық атаулары, концентрациялары, мөлшері, даярлау мерзімі және осы дәрілік фораларда фармацевтің қолы болуы керек.
Слайд 18Бөлімшедегі дәрілік заттардың сақталуына қойылатын жалпы талаптар
Мейірбике бөлмесінде дәрі-дәрмектер сақтауға арналған
кілтпен жабылатын шкафтар болуы керек.
Дәрілік заттар шкаф ішіндегі сөрелерде дәрілер топтарға бөлініп орналасады (антибиотиктер, диуретиктер, ).
Шкафтың төменгі сөрелерінде тұңбалар, спиртті сығындылар (натрий хлориді , глюкоза және т.б.) орналасады.
Шкафтың артқы бөлігінде үлкенірек дәрілер, алдына кіші ыдыс пен қорапшадағы дәрілер орналасады.
Бүлінетін дәрілерді күннің сәулесі түспейтін жерлерде сақтайды (оларды әдейі қоңыр флаконда шығарды).
Иісі анқыған дәрілерді (иодофарм, мезол) басқа дәрілерге иісі тарамау үшін бөлек қораптарда сақтайды.
Тез бұзылатын препараттар (тұңбалар, қайнатпалар, микстуралар) мен майлар, вакциналар, сары су, ректалдық балауыздарды тоңазытқышта сақтайды.
Дәріханада даярланған металдық қақпақпен жабылған флакондағы залалсыз ерітінділердің сақтау мерзімі – 10 тәулік, ал қағазбен оралғандар – 3 тәулік, тұңбалар, қайнатпалар, микстуралардың сақтау мерзімі – 3 тәуліктен аспауы қажет. Сол уақыт ішінде пайдаланбаса да, жарамсыздық белгілері болмаса да оларды төгіп тастау керек.
Слайд 19Дәрілерді сақтауға арналған процедура кабинетіндегі шкафтар, тоңазытқыш және сейф.
Слайд 20Қатты әсер ететін, наркотикалық және психотроптты дәрілік заттарды тіркеу және сақтау
ережелері
Есірткілік препараттар – бас дәрігердің қолы мен мөрі басылған, латын тілінде жазылған, бөлек талап ету құжаты бар дәріханадан алынады.
Есірткілік дәрілер есігінің ішкі бетінде “А” (улы дәрілер) және “В” (әсері күшті дәрілер) тізіміне кіретін дәрілер атаулары, тәуліктік дозалары сейфте сақталады.
Сейф кілті аға медбикеде немесе тәжірибелі медбикеде болады.
Емделушіге есірткілік дәрілерді дәрігердің нұсқауы бойынша және оның қатысуымен енгізеді.
Есірткілерді енгізу туралы сейфте сақталатын есірткілік заттарды есептеу журналында және науқастың ауру тарихына жазу қажет.
Есірткілерден босаған ампулаларды тастамайды, оларды жинап, қолданылмаған ампулалармен бірге қояды. Сонында бос ампулалар аға медбикеге тапсырылады.
Слайд 21“А” және “В” тізіміне кіретін препараттарды сақтауға арналған сейфтер.
Слайд 22ЕСІРТКІЛЕРДІ АУРУ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАЗУ ҮЛГІСІ
9.00. Ауырсынуды басу мақсатымен 1% промедолдан
1мл бұлшық етке егілді.
Медбике: Иванова И.А.
Дәрігер: Романова П.А.
Слайд 23“А” тізіміне кіретін (улы дәрілер) кейбір дәрілік заттар
атропин
кокаин
дикаин
морфин
омнопон
промедол
прозерин
стрихнин
строфантин
резирпин
“В” тізіміне кіретін (әсері күшті) кейбір дәрілік заттар
никотин
анальгин
адреналин
люминал
новокаин
папаверин
пнсулин
эуфилин
пенициллин
нитроглицерин
Слайд 24Емдеу бөлімшесінде дәрілерді тарату ережелері
Емделушілерге дәрілерді тарату алдында жылжымалы үстел үстіне
дәрілер бар ыдыстарды (қатты және сұйық), пипеткалар (әрбір флаконға бөлек), мензуркалар, су құйылған графин, қайшылар, белгілеу қағаздарын қойыңыз.
Дәрігердің нұсқауына сәйкес дәріні емделушілердің төсектерінің алдына таратыңыз.
Емделушіге дәріні бере отырып, оны осы дәрінің ерекшеліктері туралы ескертіңіз: ащы дәм, жаман иіс, қабылдаған соң зәр иісі, нәжіс түсінің өзгеруі.
Емделуші дәріні Сіздің көзіңізше қабылдауы керек:
- медбике емделушінің дәріні қабылдауын бақылайды.
- медбике белгіленен дәрі туралы емделуші сұрақтарына жауап бере алады.
Дәрілерді тамақтану алдында 15 – 30 минут бұрын береді.“Ашқарынға” белгіленген дәрілер емделушілерге таңғы астан 20 - 60 минут бұрын береді. Ұйықтататын дәрілер ұйқыдан 30 минут бұрын беріледі. Нитроглицерин, валидол емделуші тумбасында үнемі болады.