Презентация, доклад на тему Шоқан Уәлиханов казахской литературе

Содержание

Хан билігі жойылып, «Сібір қырғыздары жөніндегі Жарғы» қабылданғаннан кейін Уәли ханның мұрагерлікке қалдырған жерлері балаларына бөлініп берілді. Оның қара шаңырағы Қызылағаш үлкен баласы Ғұбайдоллаға және оның ұрпақтарына көшіп, ал Сырымбет Уәлидің кіші әйелі Айғанымның балаларының еншісіне

Слайд 1
Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады. Оның бабасы, Орта

жүздің ханы Абылай алғашқылардың бірі болып Ресейдің қол астына кіріп, өмірінің соңына дейін Ресеймен сауда және саяси байланыс жасап отырды. Абылайдың үлкен баласы, Орта жүздің соңғы ханы Уәли бұл байланысты одан әрі дамыта түсті. Шоқан Уәлиханов фамилиясына туған атасы Уәли есімін алады.
ХIХ ғасырдың екінші жартысында Г. Н. Потанин жазып алған Уәлихановтардың отбасына қатысты әңгімеде былай делінеді: «Уәли ханның екі қыстауы болған, бірі - Көкшетаудың шығыс жағындағы хан көлінде, екіншісі - Сырымбетте. Абылайдың бәйбішесі Сайманнан өрген ұрпақтар қазір де сонда (яғни, Бурабай жағасында) тұрады. Айғанымның (Уәли ханның кіші әйелі) балалары Сырымбетте».
Уәли хан мен оның ұрпақтарына мұрасы ретінде тиген Бас орда Бурабай көлінің жаға-сында орналасқан және ол түрліше (Орда, Хан көлі, Ханның Қызылағашы т. с. с.) атпен белгілі болатын.


Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады. Оның бабасы, Орта жүздің ханы Абылай алғашқылардың бірі болып

Слайд 2Хан билігі жойылып, «Сібір қырғыздары жөніндегі Жарғы» қабылданғаннан кейін Уәли ханның

мұрагерлікке қалдырған жерлері балаларына бөлініп берілді. Оның қара шаңырағы Қызылағаш үлкен баласы Ғұбайдоллаға және оның ұрпақтарына көшіп, ал Сырымбет Уәлидің кіші әйелі Айғанымның балаларының еншісіне тиді.
Шоқанның әкесі, Абылай ханның немересі Шыңғыс Уәлиев 1811 жылы Қызылағашта (басқа деректер бойынша Сырымбетте) туған. Уәли қайтыс болғанда Шыңғыс жеті жаста еді. Шыңғыс жас кезінен бастап орыстармен тығыз қарым-қатынас жасады, Омбы әскери училищесін тамамдады, патша әкімшілігіне жақын қазақ ақсүйектерінің бірі болды. Әке мұрасына Уәлидің үлкен баласы Ғұбайдолла ие болу керек еді, алайда саяси себептерге байланысты ол өзінің бұл құқығына ие бола алмады. Сөйтіп отбасына Уәли ханның жесірі, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным (1783-1853 жж.) бас болады.
Айғаным ақылды, көреген, өзінің заманына сай білімді болған әйел. Ол шығыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментімен және Петербордағы Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. Айғаным жергілікті халықтың арасында өте зор беделге ие болды. Мұрағат мәліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді. «Сібір қырғыздары жөніндегі Жарғы» қабылданғаннан кейін, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы қандай да маңызды оқиғалар оның қатысуынсыз өткен емес.
Хан билігі жойылып, «Сібір қырғыздары жөніндегі Жарғы» қабылданғаннан кейін Уәли ханның мұрагерлікке қалдырған жерлері балаларына бөлініп берілді.

Слайд 3
Айғаным қазақтар мен орыстардың арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюына ұмтылып отырды. Ол

Қазақ даласында геодезиялық зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген орыс ғалымдары мен инженерлеріне көмек көрсетті. «Уәли ханның орысқа бағынуын, - деп жазды П. П. Семенов Тянь-Шаньский, - Айғанымның өзге туыстары, Уәли ханның алғашқы әйелінен туған балалары мен інілері мойындағысы келмегенде, тек Шоқанның әжесі, Уәли ханның жесірі Айғаным ғана өзінің балаларымен бірге Ресейге адал болып қалды. Александр I Уәли ханның жесіріне үлкен ілтипат көрсетіп, Қырғыз даласында оған арнап үй салдыруға әмір еткен. Шоқан Уәлиханов сол үйде туған».
Айғаным орысша білім алудың маңызын жақсы түсінді. 1827 жылы ол өзінің баласы Шыңғысты - Шоқанның әкесін Сібірдің шептік казактарының әскери училищесіне оқуға берді. Училище жалпы білім беру бағытында еді және ол орта білім беретін, оның жанында білікті аудармашы мамандар мен топографтарды даярлайтын шығыс тілдерінің арнаулы сыныбы болды. Жеті жылдық білім алғаннан кейін Шыңғыс училищеден жеткілікті дәрежеде сауатты, ғылым, әдебиет пен өнер мәселелерінен хабардар адам болып, сондай-ақ тарих пен географиядан, өз елінің статистикасынан терең мағлұмат алып шықты. Шыңғыс орыс тілін жақсы білетін алғашқы қазақтардың бірі болды.

Айғаным қазақтар мен орыстардың арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюына ұмтылып отырды. Ол Қазақ даласында геодезиялық зерттеу жұмыстарымен айналысып

Слайд 4
Әскери училищені бітіргеннен кейін Шыңғыс 23 жасында сол кезде жаңа құрылған

Аманқарағай округіне аға сұлтан болып тағайындалады да, оған майор, кейіннен полковник шені беріледі. Әскери училищені бітірген жылы (1834 ж.) Шыңғыс Аманқарағайға келгеннен кейін дәстүр бойынша жастайынан атастырып қойған қалыңдығы Зейнеп Шормановаға үйленеді.
Обаған, Құндызды, Терісбұтақ өзендері мен Құсмұрын көлін жағалай қоныстанған атығай, қарауыл, керей, қыпшақ және уақ руларынан тұратын көптеген қазақ ауылдары  аға сұлтанның қарамағында болды. Бұл рулардың отырған жерлерін, қыстаулары мен жайлауларын жас Шоқан жазғы демалысқа келіп жүрген кездерінде (1850-1852 жылдары) өзінің суреттері мен сызбаларында бейнелеген.
1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Құсмұрынға көшірілді де, осыған байланысты ол Құсмұрын округі деп аталды. Бұл кезде барлық тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстар және гарнизонға арналған жатақ үймен бірге Құсмұ-рын бекінісін салу да аяқталды. Уәлихановтың отбасы осы бекініске келіп қоныстанды. Құсмұрын көлінен алыс емес жерде орманның саясында Уәлихановтар «Күнтимес» деп атаған келісті жаздық орда салынды. Шоқанның картасында ол «біздің үй» деп жазылған. Онда Шыңғыс өзінің барлық орыс достарын жинады, онда онымен ғалымдар, журналистер және көптеген инженерлер әңгіме-дүкен құрды.

Әскери училищені бітіргеннен кейін Шыңғыс 23 жасында сол кезде жаңа құрылған Аманқарағай округіне аға сұлтан болып тағайындалады

Слайд 5
Шыңғыс Құсмұрында жиырма жыл тұрды. Бұл жерде ол үлкен отбасына айналды.

Оның жеті ұлы мен бес қызы болды, осылардың ішінде тек Сақыпкерей (Қозыке) мен Әпия және ең кішілері Нұрмұхаммед (Көкіш) қана Сырымбетте туды, үлкен балалардың бәрі Аманқарағай мен Құсмұрында туды. Құсмұрын Шыңғыстың екінші отанына айналды.
1853 жылы Батыс Сібір генерал-губерна-торының ұсынысы бойынша патша үкіметі Құс-мұрын округтік приказын тарату және «оның құрамындағы бес болысты Көкшетау округіне қосу» туралы өкім шығарды. Ол бұйрықта: «Таратылған Құсмұрын приказының орнына Атбасар станицасы орналасқан жерден Атбасар округтік приказы деп аталатын жаңа округтік приказ ашылсын» делінген.
Сөйтіп Құсмұрынның орнына Есіл өзенінің бойындағы - Ақмола приказының солтүстік-батыс жағындағы Атбасар елді мекені жаңа әкімшілік орталығына айналды. Шыңғыс отбасымен бірге 1853 жылдың маусым айында көп жыл тұрып, бауыр басып қалған Обаған өзенінің жағасынан көшіп, Сырымбетке, анасының мекеніне қайтып оралды. Шоқан Уәлиханов балалық шағының көбін сол арада өткізді.

Шыңғыс Құсмұрында жиырма жыл тұрды. Бұл жерде ол үлкен отбасына айналды. Оның жеті ұлы мен бес қызы

Слайд 6
Уәлихановтардың ата-бабаларынан келе жатқан мекені мен үй-ішілік жағдайы 1865-1867 жылдары Дала

комиссиясының мүшесі ретінде Қазақстанды зерттеу жұмыстарына қатысқан Бас штабтың офицері А. К. Гейнстің жазбаларында толық сипатталған: «Шыңғыстың қыстауы бұл арадан он шақырымдай жерде. Оның мекенін қалың қарағайлы әсем екі тау қоршап тұрды; тастақты бір қырқадан асып, ылдиға қарай түскенімізде біздегі орташа помещиктердің дәстүрінде салынған бірнеше үй мен олардың ортасында тұрған мешітті көзіміз шалды. Шыңғыс пен әйелі екеуі тұратын үйдің жиһазы помещиктер үйінің жиһазына ұқсайды. Залда он екі пьесаға дейін ойнайтын орган; аралық қабырғада айналар; хрусталь салпыншақты қола үлкен шырағдан; сондай бра; жұқа, бірақ кең аграмантпен тігілген шағын жібек перделер. Қонақ бөлмесінде гарднер немесе корнилов вазаларының орнына қытай вазалары қойылған; стол үстінде шам, диван және т. б. Еденге ташкент және парсы кілемдері төселген, жиһаздарға жолбарыс, барыс, аю терілері жабылған. Жалпы әсер сүйсінерлік».
Уәлихановтардың ата-бабаларынан келе жатқан мекені мен үй-ішілік жағдайы 1865-1867 жылдары Дала комиссиясының мүшесі ретінде Қазақстанды зерттеу жұмыстарына

Слайд 7
Шыңғыс Сырымбетте қыста ғана тұрып, жазды жайлауда өткізген. Жазғы демалысқа келген

кездерінде кейде Шоқан мен Г. Н. Потанин де Шыңғыспен бірге көшіп жүрген. XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Шыңғыстың жаз жайлауы Сырымбеттен алыс, Есіл өзенінің жоғарғы жағында, қазіргі Атбасар даласында болған. Г. Н. Потаниннің суреттеуі бойынша Шыңғыстың белгілі жайлаулары - Құлаайғыр, Қалмақкөл, Салқынкөл және Тоқты. Кейіннен көшіп-қону аумағы тарылып, Шыңғыс жаз мезгілін Сырымбетке жақын, Қазан ауданындағы Саумалкөл (Айыртау), Күйгенкөл, Ақжар мекендерінде өткізген. XIX ғасырдың аяғына қарай Уәлихановтардың отбасы жайлауға көшуді доғарып, Сырымбет төңірегінде өмір сүрген.
Шыңғыс туралы көптеген мұрағаттық және әдеби деректерде мәліметтер сақталған, оларда ол сол дәуірдегі қазақ қоғамы тұрмысының, әдеп-ғұрыптарынын, экономикасы мен саяси өмірінің білгірі ретінде сипатталады. Шыңғыс өз заманының мәдениетті және білімді адамы болған, ғылым мен әдебиетті, өнерді бағалай білген.
Шыңғыс Сырымбетте қыста ғана тұрып, жазды жайлауда өткізген. Жазғы демалысқа келген кездерінде кейде Шоқан мен Г. Н.

Слайд 8Шыңғыс туралы көптеген мұрағаттық және әдеби деректерде мәліметтер

сақталған, оларда ол сол дәуірдегі қазақ қоғамы тұрмысының, әдеп- ғұрыптарынын, экономикасы мен саяси өмірінің білгірі ретінде сипатталады. Шыңғыс өз заманының мәдениетті және білімді адамы болған, ғылым мен әдебиетті, өнерді бағалай білген. Шыңғыс Солтүстік Қазақстанға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге келген ғалымдарға жан-жақты көмектесті. Ғылыми мекемелер мен жекелеген ғалымдар одан Қазақстан жөнінде жаңа мәліметтер алу үшін өтініш жасап отырған. Ондай кездерде Шыңғыс өзінің білгенін және қолындағы бай материалдарды әрдайым зор ықыласпен бөлісіп отырған.Ол қазақтардың адаты жөнінде жазып жүрген С. Сотниковке, И. И. Ибрагимов пен А. К. Гейнске, А. К. Крохалевке және басқа да зерттеушілерге өзінің заңға қатысты және статистикалық мәліметтерімен жиі көмектесіп тұрды. Ғылыми мекемелер мен жекелеген ғалымдардың өтініші бойынша қазақ фольклоры мен этнографиясы жайлы материалдарды жинап, оларды М. В. Ладыженскийге, Н. Ф. Костылецкийге, Г. Н. Потанинге, Қазан университетінің жанындағы антропология және этнография қоғамына табыс етті. Шоқанның ұстазы Н. Ф. Костылецкий 1852 жылы профессор И. Н. Березинге жолдаған хаттарының бірінде: «Сізді бұл тізім Орта жүздің соңғы ханы, Уәлидің баласы,

Құсмұрын приказының аға сұлтаны Шыңғыс қайтыс болған таныстарымның біріне табыс еткен «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» халық поэмасының мазмұнымен таныстырғым келеді».

Шыңғыс туралы көптеген мұрағаттық және әдеби деректерде мәліметтер

Слайд 9
Шыңғысты Шоқанның әкесі және орыс ғылымы

мен ағарту ісінің Қазақ даласындағы жақтаушысы ретінде, Мәскеу мен Петерборда, әсіресе Географиялық және Антропологиялық қоғамдарда жақсы білген. Бұл қоғамдарға ол қазақтардың өмірінен алынған сирек кездесетін этнографиялық жәдігерлер жинаған. Орта Азия Ресейге қосылғаннан кейін, Мәскеуде ұйымдастырылған өнеркәсіп көрмесіне ол көп деректер берді. Оның этнографиялық коллекция үшін профессор В. В. Григорьевтің өтініші бойынша жинаған жекелеген заттары бүгінде Петербордың, Мәскеу мен Гамбургтің музейлерінде сақтаулы тұр.
Шыңғысты Шоқанның әкесі және орыс      ғылымы мен ағарту ісінің Қазақ даласындағы жақтаушысы

Слайд 10
Шыңғыстың жаңашылдыққа ұмтылысы, әсіре-се отставкаға шыққаннан кейін айқын көріне түс-ті. Бұл

«Сібір сепаратистері» саяси процесінен кейін болған оқиғаларда белгілі бір көрініс тапты. 1865 жылы Шыңғысқа «Сібір патриоттарына» деген үндеудің Омбының кадет корпусына таралуына тікелей қатысы бар деген сылтаумен және Уәлихановтардың достары - Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев, Ф. Н. Усов және басқалар тұтқындалуына байланысты саяси айып тағылды. Омбы мұрағатында «Сұлтан полковник Шыңғыс Уәлихановтың үкіметке қарсы қылмыстық ойлары туралы» деген атпен іс сақталған.
Шыңғыс Уәлихановтың Шоқаннан басқа орысша оқып, білім алған тағы да бірнеше дарынды баласы болды. Шоқанның бауырларының арасында ең қабілеттісі жастай дүниеден өткен Сақыпкерей (Қозыке) еді. Өнерді бағалай білген Шоқан Уәлиханов ауылға келген кездерінде дарынды ақын, әрі композитор інісі оны әндерімен риза қылып, қуантып жүрген. Қозыке халық композиторы Ақан серімен достық қарым-қатынаста болған, онымен бірге романтикалық сарында бірқатар ән-әуен шығарған. Ол шығарған әндердің ішінде кең таралғандары - «Ай көкек», «Топай көк», «Сырымбет» және «Көкенің аманаты». Соңғы ән сүйікті ағасы Шоқан Уәлихановқа арналған.
Шыңғыстың жаңашылдыққа ұмтылысы, әсіре-се отставкаға шыққаннан кейін айқын көріне түс-ті. Бұл «Сібір сепаратистері» саяси процесінен кейін болған

Слайд 11
Шоқанның тағы бір бауыры Мақы (Мақажан) Уәлиханов (1844-1923 жж.) суретші болған.

Ол Петербордағы мылқаулар мектебінде білім алып, кейін түрлі ғылыми мекемелер мен кітапханаларда суретші болып қызмет істейді. Шоқан бауырының дарынына назар аударып, Мақыға Көркемөнер академиясының шеберханасына орналасуға көмек көрсетеді. Ол сол жерде сурет салу өнерімен шұғылданады. Мақы Петерборда 11 жыл тұрған. Туған елге қайтып оралғаннан соң қоғамдық жұмыстармен айналысып, қылқаламын қолына сирек алады. Шоқан Уәлиханов арқылы Мақы Петербор мен Омбыдағы көптеген ғалымдармен, қоғам қайраткерлерімен танысады. Мақыны өте жақсы білген Г. Н. Потанин былай деп жазады: «Көкшетаудан шығып, Уәлихановтардың ауылын іздеп келе жатып мен қазіргі көзі тірі ағайынды төртеуінің бірімен өте ашық байланыста болуым керек болса, ол әрине Мақы болар еді деп ойладым». Г. Н. Потаниннің айтуы бойынша, Мақы Шоқан арқылы қабылдаған орыс халқы мен мәдениетіне деген керемет құштарлығын сақтап қалған.
Шоқанның тағы бір бауыры Мақы (Мақажан) Уәлиханов (1844-1923 жж.) суретші болған. Ол Петербордағы мылқаулар мектебінде білім алып,

Слайд 12
Шыңғыстың өзге ұлдарының ішінен Махмұт Уәлихановты (1848-1918 жылдары) атап өткен жөн.

Ол Шоқанның күшті ықпалында болып, бала кезінен орыс және батыс-еуропа классиктерін оқуға құмартты.Махмұт та ағалары сияқты жас кезінен орыс ғалымдарымен, жазушыларымен және инженерлерімен араласты. Олармен достық қарым-қатынасын өмірінің аяғына дейін үзген емес. Оған Географиялық қоғамның Батыс Сібір бөлімшесінен ғалымдар жиі келіп тұрды, кейде Петербордан да келетін. Ол 1908 жылы Н. Павлова арқылы Петербордың қоғамдық кітапханасына (қазіргі М. Е. Салтыков Щедрин атындағы мемлекеттік қоғамдық кітапхана) Ф. М. Достоевскийдің Шоқанға 1856 жылы Семейде жазған хатын беріп жіберді.Болашақ ғалым және ағартушы Шоқан Уәлихановтың туып-өскен отбасы, міне, осындай еді.
Шыңғыстың өзге ұлдарының ішінен Махмұт Уәлихановты (1848-1918 жылдары) атап өткен жөн. Ол Шоқанның күшті ықпалында болып, бала

Слайд 13
Шоқан Уәлиханов (толық есімі - Мұхаммед-Ханафия, ал Шоқан - анасының еркелетіп

қойған аты) 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған. Бұл деректің растығын КСРО Сыртқы істер министрлігінің мұрағатындағы Шоқан Уәлихановтың қызметі жөніндегі формулярлық тізім дәлелдейді.Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін ата-бабаларының мекені болған Сырымбетте өткізді. Бұл тарихи аңыздарға бай Солтүстік Қазақстандағы көркем жерлер Шоқанның балалық шағын және жасөспірім кезінде салған суреттерінде бейнеленген. Әлі тіптен жас Шоқан қазақ халық эпостарын алғаш Құсмұрында жазып алған.Уәлихановтардың естеліктеріне қарағанда, Шоқан өте ширақ, әрі ақылды бала болған. Оның балалық шағы далада, өзінің ерлікке толы өткені жайлы көптеген аңыздарды сақтаған халықтың арасында өтті. Алғыр бала жастайынан тарихи аңыздарға құлақ қойып, халық арасынан шыққан адамдармен араласуға, ән-жыр және қарапайым адамдардың әңгімелерін тыңдауға құштар болды. Шоқанның рухани байлығының басты белгілері бала кезінде-ақ біліне басталды. Ол ерте есейіп, үлкендерше ойлайтын болды.

Шоқан Уәлиханов (толық есімі - Мұхаммед-Ханафия, ал Шоқан - анасының еркелетіп қойған аты) 1835 жылдың қараша айында

Слайд 14
Бала Шоқанның рухани жағынан өсуіне әжесі Айғаным үлкен

әсер етті. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға әжесі білім мен халық даналығының сарқылмас көзі болды. Ол Шоқанға қазақтың ежелгі аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп әңгімелеп, күні кеше өзі қатысқан тарихи оқиғаларды еске алып отырды. Халықтың озық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңірген әжесінің жарқын бейнесін Шоқан өмірінің соңына дейін ұмытпай есте сақтады.Шоқан әуелі Құсмұрындағы жеке қазақ мектебінде оқыды. Мұнда ол арабша хат танып, қарындашпен сурет салуды үйренді. Әдетте бұл мектепте қыпшақ және шағатай тілдеріндегі ортағасырлық әдеби мұраларды оқумен, ауызекі араб және парсы сөздерін білумен жаттығып, шығыс ақындарының өлеңдерін жатқа оқумен айналысатын.
Бала Шоқанның рухани жағынан өсуіне әжесі    Айғаным үлкен әсер етті. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға

Слайд 15
Дәстүр бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін үйрену, яғни «жеті жұрттың

тілін білу» міндет болатын. Бұл дәстүр ол кезде әлі сақталып тұрды, сондықтан Шоқан, мұрағат материалдарынан аңғарылғандай, шығыс тілдерімен айналысып, әуелі араб жазуын, кейіннен ұйғыр жазуын да жақсы меңгерді.
Шоқанның бала кезінде құмартқан өнерінің бірі сурет салу еді. Бұл өнерді ол Құсмұрын бекінісіндегі Уәлихановтардың үйінде ұзақ уақыт тұрған орыстың суретші-топогрофтары мен геодезистерінен үйренді. Оның үстіне Уәлихановтардың ауылында жиі қонақ болып жүрген орыс ғалымдары, инженерлер мен білімді офицерлер қабілетті баланы өнер мен әдебиетке құштарландыра түсті.
Жас Шоқанға сұңқармен аң аулау үлкен ләззат сыйлады. Шоқан далада ұзақ жүретін. Оны шексіз де шетсіз кең дала, жасыл орман, өзен алқабының тоғайлары мен биік жартастар өзіне тартты, ол туған елінің сұлу табиғатынан ләззат алатын. Осындай саяхаттар Шоқанды туған өлкесімен етене етті. Бала кезінде-ақ ол Ақмола мен Баянауыл жерлерін аралап, Баянауыл тауының маңындағы нағашыларына жиі қонақ боп жүрді. Бұл сапарларынан алған әсерлер көпке дейін Ш. Уәлихановтың есінен кетпеді. Кадет корпусының тәрбиеленушісі бола жүріп ол досы Г. Н. Потанинге сол жерлер жайлы естеліктерді әңгімелеп беретін.
Дәстүр бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін үйрену, яғни «жеті жұрттың тілін білу» міндет болатын. Бұл дәстүр

Слайд 16
Шоқан Уәлиханов ерте жастан қазақтың халық поэзиясына қатты құмартып,

оның классикалық үлгілерін жазып алып, ата-анасына оқып беріп жүрді. Бала кездің өзінде-ақ ол «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» және «Еркөкше» халық поэмаларының түрлі үлгілерін жазып алып, кейін оларды ұстазы Н. Ф. Костылецкийге табыс етті.
Оның отбасында жиі қонақ болатын қазақ әншілері мен жыршылары Шоқанның халық поэзиясына деген қызығушылығын оятуға көп әсер етті.
Шоқан шығыстың басқа да халықтарының поэзиясымен шұғылданды. Ауылда жүрген кезінің өзінде ол шығыс әдебиеті классиктерінің өлеңдерін оқудан бас көтерген емес. Шоқан өзі жазғандай, шығыс поэзиясына деген сүйіспеншілігін өмір бойы сақтап қалды. «Шоқан ақынжанды және шығыстық кейіптегі адам еді, - деп жазды Шоқанның жақын достарының бірі, белгілі публицист Н. М. Ядринцев, - оған араб өлеңдері қатты ұнайтын және ол ұстазы Костылецкиймен бірге сол өлеңдермен масаттанып отыратын».
Шоқанның ғылымға қызығушылығын қалыптастыруда, жоғарыда айтқанымыздай, әкесінің алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауым өкілдерімен байланыста болуы көп әсер етті. Шыңғыстың ауылында академик А. И. Шренк, Сібір қазақтарының облыстық басқармасында қызмет істеген декабристер С. М. Семенов, В. И. Штейнгель, Н. В. Басаргин, Қазан университетінің студенттері С. Сотников, Н. Ф. Костылецкий, Т. Сейфуллин сияқты көптеген жоғары білімді адамдар болды.

Шоқан Уәлиханов ерте жастан қазақтың халық поэзиясына қатты құмартып,

Слайд 17
Қазақстанды зерттеп жүрген орыс ғалымдары үшін түрлі материалдар жинап, оларды дайындауға

Шыңғыс кейде баласын да қатыстырып отырды.
Шыңғысқа қазақтың халық поэзиясы мен ертегілерінің, аңыз-әңгі-мелерінің нұсқаларын жинау жөнінде декабрист В. И. Штейнгельдің сол уақытта Шекаралық комиссияның бастығы полковник М. В. Ла-дыженскийдің атынан жазған хаты бүгінге дейін жеткен.
Шыңғыс М. В. Ладыженскийдің өтінішін орындай отырып, үйіне үздік ақындар мен жыршыларды талай рет шақырып, Шоқанның көмегімен қазақтың әндері мен аңыздарын жаздырып алып, оларды одан соң Омбыға жіберіп отырған.

Қазақстанды зерттеп жүрген орыс ғалымдары үшін түрлі материалдар жинап, оларды дайындауға Шыңғыс кейде баласын да қатыстырып отырды.Шыңғысқа

Слайд 18
Шоқанның білмекке құштарлығы барған сайын күшейе түсті. Ол үлкен қалада оқуды

армандайды. Шыңғыс баласын жақсы білім алатын оқу орнына бергісі келеді.
1847 жылдың күзінде әкесі 12 жасар Шоқанды Омбыға оқуға әкелді. Шыңғыстың орыс достары оған баласын Сібірдің сол кездегі ең жақсы оқу орны деп саналған Сібір кадет корпусына оқуға түсіруге көмектесті.
Үлкен қала, байтақ өлкенің орталығы ауылдан жаңа келген қабілетті балаға күшті әсер етеді. Шоқан үлкен сүйіспеншілікпен Омбының көріністерін қарындашпен сала бастады. «Орыстың қаласы баланы таңқалдырып, ол қарындашпен қала көріністерінің бірін салды», - деп еске алады Г. Н. Потанин.
Шоқанның білмекке құштарлығы барған сайын күшейе түсті. Ол үлкен қалада оқуды армандайды. Шыңғыс баласын жақсы білім алатын

Слайд 19
Шоқанның кадет корпусындағы оқу жылдары - бұл николаев реакциясының жылдары және

сонымен қатар феодалдық-басыбайлық құрылысқа қарсы қоғамдық-саяси күрестің күшейген жылдары. Ресей бұл кезде зор тарихи оқиғалардың қарсаңында тұрған болатын. Патшалық құрылысқа қарсы азаттық күрестің жаңғырығы, петрашевскийшілдер жайлы хабарлар самодержавиеге қарсы күреске шақырған В. Г. Белин-скийдің Н. В. Гогольге жазған хаты елдің шалғай аймақтарына да жетіп жатқанды.
Шоқанның кадет корпусындағы оқу жылдары - бұл николаев реакциясының жылдары және сонымен қатар феодалдық-басыбайлық құрылысқа қарсы қоғамдық-саяси

Слайд 20
Белинский мен Герценнің алдыңғы қатарлы революциялық- демократиялық идеялары бү-кіл Ресейге

белгілі болды, орыс қоғамының маңдайалды өкілдерінің ақыл-ойына өзгерістер енгізді, азаттық қозғалысының дамуына барынша ықпалын тигізді. В. Г. Белинский мен А. И. Герценнің идеялары Сібір мен қияндағы Қазақстанға, сол кезде Шоқан Уәлиханов оқып жүрген Сібір кадет корпусына да жетеді.
Сібір кадет корпусы 1845 жылы Сібір шептік казактарының әскери училищесі негізінде құрылып, сол кездегі ең жақсы оқу орын-дарының бірі деп саналды. Декабрист И. За-валишиннің берген бағасы бойынша ол «оқу-ағарту мен патриотизмнің ордасы болды». Н. Г. Чернышевскийдің досы, корпуста дәріс берген В. П. Лободовский Сібір кадет корпусын «әскери және жалпы білім берудің алғашқы ордасы» деген еді. Бұл оқу орнының мәдени маңызын дәл бағалау өте қиын. Аса көрнекті қоғам және әскери қайраткерлер, ғалымдар мен публицистер осында тәрбиеленіп шықты. Олардың кейбірі өздерінің географиялық және ғылыми жаңалықтарымен әйгілі болды. Сібірді жетік білетін, кейіннен ағартушы ғалым, Сібірдегі тұңғыш жекеменшік баспа органы «Амур» газетін шығарушы әрі редактор болған В. И. Вагин осы корпуста оқыды. Ол өзінің корпустағы оқуы жайлы қызықты естеліктер қалдырды.

Белинский мен Герценнің алдыңғы қатарлы революциялық-  демократиялық идеялары бү-кіл Ресейге белгілі болды, орыс қоғамының маңдайалды өкілдерінің

Слайд 21
Омбы кадет корпусында кейіннен аса көрнек-ті саяхатшы және Сібір, Қазақстан, Моңғолия

мен Орталық Азияны зерттеуші Г. Н. Пота-нин оқыды. Сібір кадет корпусымен XIX ғасырдағы алдыңғы қатарлы орыс қоғамдық ойшылдарының көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстан мен Сібір халықтарын зерттеуші, публицист Н. М. Ядринцевтің есімі де байланысты. Сібір кадет корпусының аса көрнекті түлектерінің қатарына Шоқан Уәлиханов пен Г. Н. Потаниннің досы, кейіннен атақты ғалым-статист және публицист болған Н. Ф. Анненский де жатады. Корпустағы оқу оның көптеген шәкірттеріне, соның ішінде Шоқан Уәлихановқа үлкен игі ықпал етті.

Омбы кадет корпусында кейіннен аса көрнек-ті саяхатшы және Сібір, Қазақстан, Моңғолия мен Орталық Азияны зерттеуші Г. Н.

Слайд 22

Кадет корпусы жан-жақты және терең жалпы білім беретін оқу орны болды.

Корпустың оқу бағдарламасында әскери пәндермен бірге жалпы география, Ресей географиясы, жалпы тарих пен Ресей тарихы, орыс және батыс еуропа әдебиеті, философия негіздері, ботаника, зоология, физика, математика, геодезия, архитектураның басты негізіндегі құрылыс өнері және жаратылыс тарихының жалпы түсініктері, сонымен қатар сызу мен сурет сабағы, каллиграфия жүргізіліп, орыс, француз және неміс тілдері оқытылды. Оған қоса корпуста шығыс тілдерінің арнайы сыныбы да бар еді. Бұл сыныпта түрік, моңғол, араб, парсы тілдері оқытылды.
Кадет корпусы жан-жақты және терең жалпы білім беретін оқу орны болды. Корпустың оқу бағдарламасында әскери пәндермен бірге

Слайд 23
Кадет корпусы сегізжылдық оқу орны еді. Онда екі даярлау сыныбы, бес

негізгі және алтыншы - арнаулы сынып болды. Соңғы сыныпта әскери ғылымдар (тактика, артиллерия, далалық фортификация) және ауылшаруашылық ғылымының негіздері оқытылды. Даярлау сыныптарында шәкірттер орыс тілі мен арифметика және сурет сабақтарын оқыды. Негізгі сыныптарда шет тілдері, оған қоса шығыс тілдері: қазақ, татар, шағатай тілдері де оқып-үйретілді. Бұл тілдерді үйрету сабақтары мәтін оқу, сөз жаттау, өлеңдер мен аңыз-ертегілерді мәнерлеп оқуға жаттықтыру тәсілдерінен тұрды. Оқу бағдарламасын аяқтағанда шәкірттер бұл тілдерді тәуір игеріп, еркін сөйлеп, түсінісе алатын.
Тарих, география және әдебиеттен бағдарлама көп нәрсені қамтыды. Бастауыш сыныптардан-ақ кадеттер ежелгі заман тарихын, Еуропа географиясын өтті. Төртінші және бесінші сыныптарда әдебиет теориясы, орыс және батыс еуропа әдебиеттерінің тарихы, Ресей империясының тарихы мен географиясы оқытылды. Географияға пән ретінде энтография мен антропология, адамзат нәсілдерін зерттеу, тілдерді топтастыру, туыстас тілдерді басты топтарға бөлу, халықтарды діни түсініктеріне және өмір салтына қарай бөлу енгізілді.

Кадет корпусы сегізжылдық оқу орны еді. Онда екі даярлау сыныбы, бес негізгі және алтыншы - арнаулы сынып

Слайд 24
Азия елдерін (Қытай, Үндістан, Ауғанстан, Иран) зерттеуге үлкен маңыз берілді. Мұнда

Азия халықтары, олардың шығу тарихы, діндері, тұрмыс-салты; Қытай империясы, оның жері, құрылымы мен басқарылуы; Қытай билігіндегі және оның қанаты астындағы жерлер, Тұранның географиялық және саяси тұрғыдан бөлінуі; Бұқара, Қоқан, Хиуа мен Құндыз хандықтары; Шығыс Үндістан мен Арабия мемлекеттері қаралды.
Ресей империясының географиясы жөніндегі оқу бағдарламасы да кең көлемді болды. Ол экономикалық география, статистика бағдарында оқып үйретілді және Ресейдің өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы мәселелерін қамтыды.
Қазақстан географиясына зор көңіл бөлінді, алайда, оның табиғи байлықтарын зерттеп, игеру мақсатында емес, әскери-стратегиялық тұрғыда қаралды. Онда «Қырғыз даласының шекаралары, жері, жер сипаты, өзендер мен көлдер; судың ерекшеліктері, қатынас жолдары, керуендер жүретін тау жолдары; шүйгін алқаптар, ауа райы және табиғи байлық мәселелері оқытылды. Қырғыздардың саны, тегі, тілі мен діні, бодандықтың басталуы, хандық өкімет билігінің жойылу кезеңі, Бөкей ордасының пайда болуы; сол кездегі ордалардың саны және географиялық орналасуы; Бөкей, Орынбор, Сібір қырғыздарын басқару және соңғыларының ішкі құрылымы; Ресейдің Ұлы жүзді қарауына алуы; Қырғыз даласындағы бекініс орындары және тамаша станицалар.
Қолданбалы ғылымдар саласынан сызба геометрия, топографиялық сызу және сәулет өнері мейлінше кеңінен сөз болды. Соңғысы Орынбордағы Неплюев кадет корпусының азаматтық сәулет өнері бағдарламасы бойынша оқытылды. Оқу бағдарламасы сәулет өнері және оны құрайтын элементтер жайлы кіріспе дәрістерді қамтыды.
Азия елдерін (Қытай, Үндістан, Ауғанстан, Иран) зерттеуге үлкен маңыз берілді. Мұнда Азия халықтары, олардың шығу тарихы, діндері,

Слайд 25
Шәкірттер дәрістер тыңдаумен қатар, құ-рылыстарда тәжірибеден өтуге, салынып жат-қан үй-жайлардың жоспарларын

белгілеумен, іргетастарды түзетумен айналысуға тиіс бол-ды.
Омбы кадет корпусында оқылған осы көлемді курстардан көрініп тұрғандай, ол әдеттегі орта білім оқу орындарынан көш ілгері тұрды. Ол шын мәнінде ғылым ордасы болды. Оның оқу бағдарламасына тек арнаулы жоғары оқу орындарында ғана оқылатын пәндер (сәулет өнері, сызба геометрия, топографиялық сызу және басқалар) енгізілді. Корпус Ресейдің шет аймақтары зәру болып отырған жоғары білікті және жан-жақты білімді адамдар даярлауды жүзеге асырды.
Бағдарламадағы оқу пәндеріне қосымша ретінде ән, гимнастика, жүзу, би, семсерлесу және шабандоздық өнері енгізілді. Сыныптан тыс уақытта кадеттер әскери тактикамен айналысуға тиіс болды. Жазғы лагерь маусымында олар түрлі ұрыс тәсілдерін, топографиялық суретке түсіруді, саперлік және әскери-лабораториялық жұмыстарды, атысуды үйренді.
Шәкірттер дәрістер тыңдаумен қатар, құ-рылыстарда тәжірибеден өтуге, салынып жат-қан үй-жайлардың жоспарларын белгілеумен, іргетастарды түзетумен айналысуға тиіс бол-ды.Омбы

Слайд 26
Сол кездегі әскери оқу орындарының басқарушысы генерал-адъютант Я. И. Ростов-цевтің (1803-1860

жж.)  бұйрық хаты бойынша 1851 жылдан бастап қазақ тәрбиеленушілерге корпуста кейбір пәндерді (саяси және жаңа тарих) оқыту шектелді, олар әскери ғылымдар оқытылатын арнаулы сыныпқа көшпей, корпусты бір жыл ерте бітіретін. Я. И. Ростовцев қазақ балаларын «астаналық корпустардан жалпы төртінші сынып курсын бітіргеннен кейін офицер болып шығатын» таулықтардың жағдайымен теңестіруді ұсынды.
Осыдан соң корпустың оқу бағдарламасының жаңа жобасы жасалды.
Омбы кадет корпусы тәжірибелі педагог, жан-жақты білімді, сыныптар инспекторы, кейіннен Мәскеу кадет корпусының басшысы болған И. В. Ждан-Пушкин іріктеп алған аса білікті оқытушылар құрамымен ерекшеленді. Оқытушылар мен профессорлар арасында университеттік білім алған қабілетті педагогтар көп болды.

Сол кездегі әскери оқу орындарының басқарушысы генерал-адъютант Я. И. Ростов-цевтің (1803-1860 жж.)  бұйрық хаты бойынша 1851 жылдан

Слайд 27
Шоқан кадет корпусына келгенде орыс тілін жақсы білмейтін, бірақ сирек кездесетін

қабілетінің арқасында осы қиыншылықты тез жеңіп шықты. «Шоқан тез дамыды, - деп еске алады оның мектептес досы Г. Н. Потанин, - орыс жолдастарын басып озып, оған көп адам назар аударды, оның қабілеттілігі сондай, тіпті оқуға түспестен бұрын сурет сала бастаған еді».
Арада екі-үш жыл өткеннен кейін-ақ Шоқан «тек өз сыныбының алды болып қоймай, өзінің зеректігімен екі жыл жоғары сынып оқушыларын да басып озды».
Екінші курстан бастап Шоқан мен оның ұс-таздары арасында етене жақындық және достық қатынас орнады.
Шоқан кадет корпусына келгенде орыс тілін жақсы білмейтін, бірақ сирек кездесетін қабілетінің арқасында осы қиыншылықты тез жеңіп

Слайд 28
Шоқанның дамуына Қазан университетінің шығыс факультетін аяқтаған және корпуста орыс әдебиетінен

сабақ беретін әдебиетші және шығыстанушы Н. Ф. Костылецский (1818-1867 жж.); өркениеттер тарихынан сабақ беретін, жер аударылған ғалым П. В. Гонсевский; жас кезінде Н. Г. Чернышевскиймен дос болған және оның идеяларын жақтаушы әдебиетші П. В. Лободовский көп ықпал етті. В. Г. Белинский мен А. И. Герценнің революция-демократиялық идеяларымен тәрбиеленген демократ орыс зиялылары еді.
Мұрағаттарда Н. Ф. Костылецский мен Шоқан Уәлихановтың сол кездегі атақты шығыстанушылардың бірі И. Н. Березинмен болған ғылыми және әдеби байланыстардың ертеден басталғанын көрсететін эпистолярлық және қолжазба материалдар сақталған. Омбыда Н. Ф. Костылецскийдің қолында қазақ халық поэзиясының көптеп жиналған қолжазбалары, соның ішінде Обаған өлкесінде Ш. Уәлиханов қағаз бетіне түсіртіп, кейін Шоқан өзі табыс еткен белгілі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бірнеше үлгісі бұл әдеби байланысты жандандыра түсті. Қазақ халық әдебиетінің қазынасын ғылыми ортада жылдамырақ жария ету үшін Н. Ф. Костылецский бұл көп материалды Петерборға, профессор И. Н. Березинге жіберді, содан бері олар ғалымның мұрағатында сақтаулы.
Шоқанның дамуына Қазан университетінің шығыс факультетін аяқтаған және корпуста орыс әдебиетінен сабақ беретін әдебиетші және шығыстанушы Н.

Слайд 29
Н. Ф. Костылецкий жас Шоқанның ең жақсы ұстазы болды. Олар біраз

жыл бойы зор сүйіспеншілікпен қазақтың халық эпосын зерттеумен шұғылданды, олардың осы саладағы бірлескен жұмысы жемісті болды. Олар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасының ежелгі анағұрлым толық нұсқасын орыс тіліне аударып шықты.
1852 жылы Н. Ф. Костылецкий арқылы Шоқан мен И. Н. Березиннің арасында достық байланыс орнады. И. Н. Березинге хан жарлықтарында кездесетін кейбір терминдерді талдап түсіндіру үшін көмек қажет болды. Бірақ Н. Ф. Костылецкий И. Н. Березинге: «Тоқтамыстың жарлығындағы» талдауға мүлдем келмейтін кейбір сөздер жөнінде бар ықыласыммен көмектесейін-ақ десем де сіздің қасіретіңізді жеңілдетуге шарасыз болып отырмын» деп жауап қайтарып, оған бұл мәселе туралы Шоқан Уәлихановпен байланысуды ұсынды.
Н. Ф. Костылецкий жас Шоқанның ең жақсы ұстазы болды. Олар біраз жыл бойы зор сүйіспеншілікпен қазақтың халық

Слайд 30
И. Н. Березин мен Шоқан Уәлихановтың арасындағы хат арқылы байланыс осылай

басталған еді. Ш. Уәлихановтың И. Н. Березинге жазған жауап хаты бүгінге дейін жетіп отыр. Бұл хатында Шоқан И. Н. Березиннің барлық сұрақтарына толық жауап береді. Шоқан: «Тоқтамыстың жарлығындағы» бүгінде татар тілінде қолданылмайтын кейбір сөздердің мағынасын қырғыз тілінен іздестіру жөніндегі сіздің ұсынысыңызды өзімнің бұрынғы ұстазым Н. Ф. Костылецкийден естігеннен кейін мен қазақ қарияларынан сұрастыра жүріп, біздің тілімізден бірсыпыра сөздер таптым, оларды сізге жіберуге асық боп отырмын», - деп жазды.
И. Н. Березин мен Шоқан Уәлихановтың арасындағы хат арқылы байланыс осылай басталған еді. Ш. Уәлихановтың И. Н.

Слайд 31
Г. Н. Потанин көрсеткендей, Шоқанның тез дамуына оның жеке басының ересен

дарындылығы мен сол кездегі кадет корпусында қазақ халқының жалғыз өкілі ретінде оған ерекше назар аударылуы себеп болды. Шоқанға тек корпустың оқытушылары емес, сонымен қатар Омбы зиялыларының кейбір көрнекті өкілдері де зейін қойды. Әдетте мерекелерде оны Уәлихановтардың отбасымен достық қатынастағы адамдардың бірі үйіне қонаққа шақырушы еді. Алғашқы оқу жылдарында Шоқан шығыстанушы Сотниковтың отбасында болып, кейін сурет пәнінің оқытушысы Померанцевтің үйіне барып тұрды. Корпустағы соңғы жылдарда ол білімді офицер К. К. Гутковскийдің отбасында жиі қонақ болды. Осы байланыстардың арқасында Шоқанның кемелденуі таныстық шеңбері әдетте кадет корпусынан әрі аспайтын құрбы-құрдастарына қарағанда тез болды. «Оның кемелденуіне, - деп жазды Г. Н. Потанин, - және оның жалпы тағдырында Гутковскийдің және оның туысы Капустиндер отбасының маңызы зор болды...».

Г. Н. Потанин көрсеткендей, Шоқанның тез дамуына оның жеке басының ересен дарындылығы мен сол кездегі кадет корпусында

Слайд 32
Н. Ф. Костылецкийден кейін Уәлихановтың ой-өрісінің кеңеюіне ықпал жасаған педагог, тарих

пәнінің оқытушысы, ғылыми қызметке дайындалып жүрген аса білімді адам - Гонсевский еді. Ол корпуста қоғамдық қозғалыстар тарихы жөнінде дәріс оқыды және «оның дәрістері, - дейді Г. Н. Потанин, - біздер үшін өте маңызды болды».
Корпустың осындай маңдайалды оқыту-шылары, өз заманының алдыңғы қатарлы адамдары жас Шоқанды білімге, ғылымға талпындырып, оның демократиялық көзқарастарының қалыптасуына көмектесіп, зорлық-зомбылық пен бүлінушілікке қарсы өшпенділікті тәрбиеледі.

Н. Ф. Костылецкийден кейін Уәлихановтың ой-өрісінің кеңеюіне ықпал жасаған педагог, тарих пәнінің оқытушысы, ғылыми қызметке дайындалып жүрген

Слайд 33
Жас Шоқан буржуазиялық қоғам шынайы көрсетілген философиялық трактаттар мен әлеуметтік романдарды

тереңдей зерттеді. В. Г. Белинский мен А. И. Герценнің әшкерелеуші мақалалары, Н. В. Гогольдің ащы мысқылы Шоқанға әсер ететін және ол қоғамдық кеселдермен, өмірдегі әдепсіздікпен бетпе-бет келгенде әрдайым жоғарыдағылардың еңбектеріне назар аударатын. Шоқан философиялық танымын көбінесе В. Г. Белинский, А. И. Герцен, кейінірек Н. Г. Чернышевский мен Н. А. Добролюбов секілді ұлы орыс ойшылдарының шығармалары арқылы жетілдіріп отырды.
Уәлиханов Т. Карлейльдің әлеуметтік-философиялық трактаттарымен зейін қоя танысты. Кейде Шоқан өз мақалалары мен жазбаларында соларға сілтеме жасады.
Шоқанға А. С. Пушкин мен М. Ю. Лермонтовтың поэзиясы зор әсер етті. Олардың көптеген өлеңдерін ол жатқа білді. Шоқан батыс еуропа жазушыларынан Ж.Ж. Руссоның, Ч. Диккенстің, У. Теккерейдің еңбектерін үлкен зейінмен оқыды.
Жас Шоқан буржуазиялық қоғам шынайы көрсетілген философиялық трактаттар мен әлеуметтік романдарды тереңдей зерттеді. В. Г. Белинский мен

Слайд 34
Алайда, Шоқанға өзін қызықтырған кітаптарды тауып алудың сәті түсе бермеді. Корпус

басшылығы кадеттегілерге прогресшіл бағыттағы әдебиетті, әсіресе В. Г. Белинский, А. И. Герцен және батыс еуропа материалистерінің философиялық еңбектерін оқуға тыйым салды. Сөйткенмен де Шоқан корпуста оқып жүрген кезінде тыйым салынған әдебиеттің көбін оқи алды.

Алайда, Шоқанға өзін қызықтырған кітаптарды тауып алудың сәті түсе бермеді. Корпус басшылығы кадеттегілерге прогресшіл бағыттағы әдебиетті, әсіресе

Слайд 35
Жазғы демалыс кездерінде Шоқан Уәлиханов ауылы - Сырымбетке баратын. Бұл сапарлары

оған үлкен ләззат алумен қатар туған халқының өмірімен етене танысып, халық аузынан өлең-жырлар, аңыз-ертегілер жазып алып, тұрмыс-тіршілік көріністерін суретке салып бейнелеуге мүмкіндік беретін.

Жазғы демалыс кездерінде Шоқан Уәлиханов ауылы - Сырымбетке баратын. Бұл сапарлары оған үлкен ләззат алумен қатар туған

Слайд 36
Зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ халық өмірін бейнелеудің

тамаша бір құралы болды. Ол ауылда, туыстары мен достарының арасында жүріп, Сырымбеттің, жаз жайлау мен мекен-қоныстардың суреттерін салумен шұғылданды. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан «корпустан елге, отпускіге барғанда язмыш суреттер», яғни «корпустан елге, демалысқа барған кезде салған суреттер» деп атады.
Бұрынғысынша, демалыс кезінде Шоқанның қызықтайтыны құс салу болды. Алайда Шоқан сұңқармен саят құруға енді басқаша көзбен қарады. Аңшылық ол үшін тек көңіл аулайтын спорт түрі емес, сонымен қатар зерттеу нысаны да болды.
Зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болды. Ол ауылда,

Слайд 37
Туған елі мен Шығыс елдерін зерттеуге деген қызығушылық Шоқанның бойында кадет

корпусында оқып жүрген кезде-ақ пайда болды. Ол осы бастан «белгісіз Азияның» даласына үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді арман етті. «Корпус оқытушылары Шоқан - болашақ зерттеуші, ғалым деп қарап жүрген кезде, ол небәрі 14-15 жаста болатын», - дейді Г. Н. Потанин. Шоқан Омбыда табыла қоюы қиын сирек басылымға жататын тарихи-географиялық әдебиетті құныға оқыды.
Туған елі мен Шығыс елдерін зерттеуге деген қызығушылық Шоқанның бойында кадет корпусында оқып жүрген кезде-ақ пайда болды.

Слайд 38
«Мен үшін басшылардың Шоқанға бас кітапханадан кітап алуға рұқсат еткені, үлкен

қуаныш болды. Шоқан кітап қоймасынан Палластың сапарнамасы мен Рычковтың күнделік жазбаларын әкелгенде бұл біздің дамуымыздың бір кезеңі болды. Қалың кітаптар, олардың пішімі, көне баспа, көне сөздер мен ескірген қағаз исі - қандай ғажап, әдеттен тыс, көне заман поэзиясына толы еді. Біз Палластың кітабын, әсіресе, оның біз үшін қымбат жерлерді суреттеген беттерін қызыға оқыдық» - деп жазады Г.Н. Потанин.

«Мен үшін басшылардың Шоқанға бас кітапханадан кітап алуға рұқсат еткені, үлкен қуаныш болды. Шоқан кітап қоймасынан Палластың

Слайд 39
С. Ф. Дуров, П. П. Семенов Тянь-Шаньский, Г. Н. Потанин, Н.

М. Ядринцев Ш. Уәлихановтың білім-дарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті саласындағы білімпаздығын жоғары бағалады.Шоқан Уәлихановтың ағартушылық идеялары мен демократиялық көзқарастары кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ қалыптаса бастады. Шоқан корпустан жан-жақты терең білім алып, замандастарынан өресі анағұрлым биік адам болып шықты. «Шоқан нағыз плебейлік ортаға түсті... Плебейлік ортада өмір сүру Шоқанның демократиялық идеяларының қалыптасуына, сірә, әсер етпей тұра алмаған болуы керек», - деп жазады Г.Н. Потанин.1853 жылы 18 жасында Шоқан кадет корпусын бітіріп, «армиялық атты әскердің» корнеті болып шықты.

С. Ф. Дуров, П. П. Семенов Тянь-Шаньский, Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев Ш. Уәлихановтың білім-дарлығын, әсіресе,

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть