Презентация, доклад на тему Презентацию на тему Әбіш Кекілбаевтың Аңыздың ақыры шығармасынан талданған диалектизмдер.

Содержание

ДиалектологияҚай тілдің болмасын құрамында дәстүрлі норма болып қалыптасқан, жалпыхалықтық деңгейде қолданылатын, баршаға ұғынықты әдеби сөздермен қатар түрлі өңірде түрліше айтылып, өзгешеленіп тұратын сөздер мен сөз тіркестері көптеп ұшырасады. Мұндай сөз қолданыс жергілікті ерекшеліктер (диалектизмдер) деп аталады.

Слайд 1Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасынан талданған диалектизмдер.

Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасынан талданған диалектизмдер.

Слайд 2Диалектология
Қай тілдің болмасын құрамында дәстүрлі норма болып қалыптасқан, жалпыхалықтық деңгейде қолданылатын,

баршаға ұғынықты әдеби сөздермен қатар түрлі өңірде түрліше айтылып, өзгешеленіп тұратын сөздер мен сөз тіркестері көптеп ұшырасады. Мұндай сөз қолданыс жергілікті ерекшеліктер (диалектизмдер) деп аталады. Оны тіл білімінің арнаулы саласы-диалектология дыбыстық, мағыналық тұрғыдан жан-жақты зерттейді.
ДиалектологияҚай тілдің болмасын құрамында дәстүрлі норма болып қалыптасқан, жалпыхалықтық деңгейде қолданылатын, баршаға ұғынықты әдеби сөздермен қатар түрлі

Слайд 3Тіл білімінің диалектілер мен говорларды зерттейтін саласы- диалектология (диалектос-сөйлеу,говор, логос-ілім деген

грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті-жергілікті тілдердің ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тінліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді. Диалектілік говорлар деп- халықтық я ұлттық тілдің өзіндік ерекшіліктері бар жергілікті тармақтарын, бөліктерін айтамыз. Осы жалпы тілге тән ортақ белгілерден өзгеше ерекшеліктерді қамтиды.

Тіл білімінің диалектілер мен говорларды зерттейтін саласы- диалектология (диалектос-сөйлеу,говор, логос-ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның

Слайд 4Қазақ диалектологиясы қазақ тіл білімінде кейін қалыптасқан салалардың бірі болғандқтан, оның

кейбір мәселелері тіл мамандары арасында көпке шейін пікір таласын туғызып келді. Солардың бірі – қазақ тілінде диалектілер бар ма, жоқ па деген мәселе. Қазақ тілі ежелден диалектісіз тіл немесе ондағы диалектілер 15ғасырда біртұтас халық тілі құрылған кезде жоғалып кетті деген пікірлер екі негізге сүйеніп айтылған еді.
Қазақ диалектологиясы қазақ тіл білімінде кейін қалыптасқан салалардың бірі болғандқтан, оның кейбір мәселелері тіл мамандары арасында көпке

Слайд 5Бірінші, революциядан бұрынғы кейбір түркологтардың (В.Радлов, П.Мелиоранский, А.Позднеев) қазақ тілі диалектісіз

деген пікірде болғандығы; екінші мал шаруашылығымен байланысты қазақтардың көшпелі өмір сүретіндігі. Бірақ осы екі пікірдің қай-қайсысы да қазақ тілі диалектісіз тіл деуге дәлел бола алмайды. Қазақ диалектологиясының тарихында 1937 жылдан 1950 жылдың орта тұсына дейінгі зерттеу жұмыстарының ерекше орны бар. Өйткені бұл жылдарда қазақ тілі білімінің бір саласы ретінде диалектология ғылымының негізі қаланды.
Бірінші, революциядан бұрынғы кейбір түркологтардың (В.Радлов, П.Мелиоранский, А.Позднеев) қазақ тілі диалектісіз деген пікірде болғандығы; екінші мал шаруашылығымен

Слайд 6Профессор: С.Аманжолов
ғылыми мұрасында қазақ тілінің диалектологиясы туралы еңбектері басты орын алады.

Оның 1959 жылы шыққан «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» атты күрделі еңбегі автордың диалектология мен тіл тарихы саласында көп жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесі еді.
Профессор: С.Аманжоловғылыми мұрасында қазақ тілінің диалектологиясы туралы еңбектері басты орын алады. Оның 1959 жылы шыққан «Вопросы диалектологии

Слайд 7С. Аманжолов қазақ тілінде үш диалектіні атап көрсетті:
Оңтүстік диалектісі - Алматы,

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын және Талдықорған мен Қызылорданың кейбір оңтүстік аудандарын қамтиды.

Батыс диалектісі – Батыс Қазақстан, Гурьев, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарын және Қызылорданың солтүстік аудандарын, Қостанайдың кейбір батыс аудандарын қамтиды.

Солтүстік-шығыс диалектісі – Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарын және Қостанай мен Талдықорған облыстарының кейбір аудандарын қамтиды.

С. Аманжолов қазақ тілінде үш диалектіні атап көрсетті:Оңтүстік диалектісі - Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын және Талдықорған

Слайд 8Қазақ диалектологиясы үшін көп еңбек сіңірген ғалымның бірі- филология ғылымының кандидаты

Ж.Досқараев.

Оның әсіресе халық тіліндегі мол байлықты-диалектілік ерекшеліктер мен кәсіби сөздерді жинаудағы еңбегі ерекше атап өтуді керек етеді. Қазақстанның көптеген аудандарынан материал жинады. Әсіресе оңтүстік өлкедегі халық тілі ерекшелігін жете зерттеп, оның жүйелі құбылыс екенін ғылыми дәлелдеп берді. Диалектілік ерекшеліктерді жинауға тікелей қатысумен бірге Ж. Досқараев бұл іске үнемі басшылық етіп, бірнеше жылдар бойы Қазақ ССР Ғылым академиясында Тіл білімінің диалектология бөлімін басқарды.

Қазақ диалектологиясы үшін көп еңбек сіңірген ғалымның бірі- филология ғылымының кандидаты Ж.Досқараев. Оның әсіресе халық тіліндегі мол

Слайд 9
Оның 1955 жылы шыққан «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» (лексика) деген еңбегі

тек қазақ тіл білімінде емес, түркология ғылымының диалектология саласында жасалған тұңғыш диалектологиялық сөздіктердің бірі болып табылады. Ж. Досқараев қазақ тілінде екі үлкен говорлар тобы бар деп көрсетеді.
Оның 1955 жылы шыққан «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» (лексика) деген еңбегі тек қазақ тіл білімінде емес, түркология

Слайд 10Оңтүстік-шығыс говорлар тобы. Бұған Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы огблыстары сондай-ақ Талдықорған

облысының оңтүстік – батыс аудандарындағы және Қызылорданың оңтүстік- шығыс аудандарындағы халық тілін жатқызса,

Солтүстік-батыс говорлар тобына Бұған Батыс Қазақстан, Гурьев, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Целиноград, Павлодар, Солтүстік Қазақстан огблыстары мен Қызылорда огблысының батыс аудандарындағы және Семей облысының солтүстік-батыс аудандарындағы халық тілін жатқызған.

Оңтүстік-шығыс говорлар тобы. Бұған Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы огблыстары сондай-ақ Талдықорған облысының оңтүстік – батыс аудандарындағы және

Слайд 11Н.Сауранбаев
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелеріне көңіл бөлген ғалымның бірі –Н.Сауранбаев

өз еңбектерінде тіл тарихына байланыстыра отырып, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің пайда болуы, жалпы сипаты жайында бірсыпыра пікір айтты. Ол пікірлер мыныған тіреледі. Қазақ тіліндегі қазіргі диалектілік ерекшеліктер ХV ғасырдан кейін, яғни қазақтың біртұтас халық тілі қалыптаса бастаған кезде пайда болған.
Н.СауранбаевҚазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелеріне көңіл бөлген ғалымның бірі –Н.Сауранбаев өз еңбектерінде тіл тарихына байланыстыра отырып,

Слайд 12Диалектілер мен говорлардың сипаты және өзара қатынасы тіл дамуы тарихының барлық

кезеңдерінде бір қалыпты болуы мүмкін емес. Қоғамдық-эканомикалық жағдайларға және басқа халықтармен қарым-қатынас сипатына байланысты тілдегі диаклектілік белгілер өзгеріске ұшырап отырады. Проф. Н.Т.Сауранбаев қазақ тіліндегі диалектілерді фонетикалық өзгешелікке –ш орнына ч, д орнына л айтылуына қарап екі үлкен топқа бөледі: а) Қазақстанның солтүстігі мен батыс облыстарындағы ш, д диалектілер тобы;
ә) Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ч, л диалектілер тобы.
Диалектілер мен говорлардың сипаты және өзара қатынасы тіл дамуы тарихының барлық кезеңдерінде бір қалыпты болуы мүмкін емес.

Слайд 13Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді говорлық сипатта деп қарап, оның екі

түрін көрсетеді: ауыспалы говор және жергілікті говор.
Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді говорлық сипатта деп қарап, оның екі түрін көрсетеді: ауыспалы говор және жергілікті

Слайд 14Ауыспалы говор. Оған «басқа тілден жергілікті халықтың бір бөлегіне ауысып, басқалараныа

тарамаған тір ерекшелігін» жатқызады. Мәселен, оңтүстікте өзбек, қырғыз тілдерінен, батыста татар, башқұрт тілдерінен, шығыста алтай, қытай тілдерінен сөз ауысып отырған. Осыдан барып сол тілдерден сөз ауысқан жерлерде ауыспалы говор пайда болған деп түсіндіреді. Мысал ретінде өзбектен енген пахта(мақта), кәттә (үлкен), қырғыздан енген тайған (тазы) сөздері келтірілген.

Ауыспалы говор деп, басқа тілден жергілікті халықтың бір бөлігіне ауысып, басқаларына тарамаған тіл ерекшелігін айтамыз. Ауыспалы говордың пайда болуына қазақ халқының қонысының жағдайы мүмкіндік туғызған. Қазақ халқы өзіне көрші халықтармен араласудың нәтижесінде, сол аймақтарда тұратын тұрғындардың тілінен өзіне сөз ауысып алып отырған. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік жағы өзбек және қырғыз халықтарымен шектеседі, сондықтан қазақ, өзбек және қырғыз халықтарының арасында контакт болғандығы еш күмәнсіз.

Ауыспалы говор. Оған «басқа тілден жергілікті халықтың бір бөлегіне ауысып, басқалараныа тарамаған тір ерекшелігін» жатқызады. Мәселен, оңтүстікте

Слайд 15Ш. Сарыбаев “Тіл білімінің мәселелері” атты еңбегінде үш аймақтың тіл ерекшеліктерін

зерттеген болатын.

-Көкшетау облысы Щучинск, Еңбекшілер аудандарында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір лексикалық ерекшеліктер

-Семей облысы Мақаншы ауданында тұратын қазақтардың тіліндегі кейбір ерекшеліктер

-Батыс Қазақстан тұрғындарының тіл ерекшеліктер




Ш. Сарыбаев “Тіл білімінің мәселелері” атты еңбегінде үш аймақтың тіл ерекшеліктерін зерттеген болатын. -Көкшетау облысы Щучинск, Еңбекшілер

Слайд 16Жүсіпова Бибихадша «Түркістан тұрғындары тілінің ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясында жергілікті тұрғындардың

тіл өзгешеліктерін зерттеген.

Мүмкіндігінше Жетісу өңіріне тән сөздер қазақ тілінің басқа аймағынан жиналған материалдармен салыстырылып, оның өзіндік өзгешеліктерін анықтаған. Олар мыналар:
1.Үй жай, қора-қопсы, бау-шарбаққа байланысты сөздер:
2. Киім-кешек,көрпе-жастыққа байланысты сөздер қатарына
3. Ыдыс-аяқ атауларына байланысты сөздер.
4. Тағам атауларына байланысты сөздер қатары көптеп кездеседі.

Жүсіпова Бибихадша «Түркістан тұрғындары тілінің ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясында жергілікті тұрғындардың тіл өзгешеліктерін зерттеген.Мүмкіндігінше Жетісу өңіріне тән

Слайд 17негізгі мақсаты– қазақ тілі ұлттық лексикасының құрамдас бөлігі диалектілік лексикасының шығу,

даму жолдарын көрсете, сол кезеңдердің этнолингвистикалық жағдайын барлай отырып, оның тарихи-әлеуметтік қабатын саралау; диалектикалық семантиканы этнолингвистикалық тұрғыда сараптау және қазақ этносы табиғатын бейнелейтін этнодиалектизмдер арқылы материалдық және рухани мәдениет сипатын ашу.

Атабаева Мереке Сатылғанқызы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның «Қазақ тіліндегі диалектілік лексиканың этнолингвистикалық негізі» атты авторефератының

негізгі мақсаты– қазақ тілі ұлттық лексикасының құрамдас бөлігі диалектілік лексикасының шығу, даму жолдарын көрсете, сол кезеңдердің этнолингвистикалық

Слайд 18Қара үй атауы Түрікменстанның Ашхабад, Ташауыз, Теджен аудандарында, Шиеліде, Қостанайдың Жанкелдин

аудандарында кездеседі. Өзбекше – қора үй, түрікменше – гара өй киіз үй дегенді білдіреді. Сырдария бойының елі «киіз үй» деудің орнына, қазірге дейін «қара үй» дейді.

Жорған/жуырқан – көрпе мағынасында қазақ диалектісінің үлкен аймағын қамтиды. сен өз жорғаңды жамылып жат (Қост., Об., Түрікмен., Таш.). Қонақ балаға жуырқанның қалыңын бер (Алм.ШҚ.).

Қара үй атауы Түрікменстанның Ашхабад, Ташауыз, Теджен аудандарында, Шиеліде, Қостанайдың Жанкелдин аудандарында кездеседі. Өзбекше – қора үй,

Слайд 19

Мұхамбетов Жомарт Ибатоллаұлы өз еңбегінде «Көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәні» атты

авторефератында негізгі мақсаты етіп:«көркем мәтіндердің негізінде Батыс Қазақстан өңіріне тән жергілікті ерекшеліктердің этномәдени сипатына кешенді түрде талдау жасау» екенін көрсетеді.


Көркем мәтіндердегі жергілікті сипаттағы лексикалық ерекшеліктерді өз ішінен бірнеше топқа жіктеген.
Мұхамбетов Жомарт Ибатоллаұлы өз еңбегінде «Көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәні» атты авторефератында негізгі мақсаты етіп:«көркем мәтіндердің негізінде

Слайд 20Нақты лексикалық ерекшеліктер – әдеби тілде баламасы, синонимі бар сөздер;
Семантикалық

ерекшеліктер – белгілі бір тұрғындардың тілінде жалпыхалықтық қолданыстан бөлек мағынасы бар сөздер;
Этнографиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймаққа ғана тән, басқа жерлерде қолданылмайтын немесе олардан түбегейлі ерекшеленетін заттар мен құбылыстардың аттары. Мұндай этнографизмдердің жалпыхалықтық тілде баламасы болмайтындықтан, оларды сипаттама түрінде ғана беруге болады;
Фразеологиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймаққа ғана тән, сол жерде ғана түсінікті болатын тұрақты сөз тіркестері.
Нақты лексикалық ерекшеліктер – әдеби тілде баламасы, синонимі бар сөздер; Семантикалық ерекшеліктер – белгілі бір тұрғындардың тілінде

Слайд 21ДИАЛЕКТОЛОГИЯ ЖАЙЛЫ
ЗЕРТТЕУ ХРОНОЛОГИЯСЫ


ДИАЛЕКТОЛОГИЯ ЖАЙЛЫ ЗЕРТТЕУ ХРОНОЛОГИЯСЫ

Слайд 221946 ж. Оңтүстік диалектісінің кейбір мәселелері (Ж. Досқараев) еңбегі
1948 ж. Қазақ

диалектологиясының негізгі проблемалары (С. Аманжолов) доктр.,диссерт.
1954 ж. Арал говоры (Ғ.Қалиев) еңбегі
1960 ж. Маңғыстау говоры (С.Омарбеков) мақала
1963 ж. Шу говоры (О.Нақысбеков)
1964 ж. Қостанай облысындағы қазақтардың тілі (Ә.Байжолов)
1965 ж. Түркменстандағы қазақтардың тілі (Ә.Нұрмағамбетов)

1946 ж. Оңтүстік диалектісінің кейбір мәселелері (Ж. Досқараев) еңбегі1948 ж. Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары (С. Аманжолов) доктр.,диссерт.1954

Слайд 231965 ж. Қарақалпақ АССР-дегі қазақтардың тілі (Н.Жүнісов)
1966 ж. Орда қазақтарының тіл

ерекшелігі (Ә.Бөрібаев)
1967 ж. Өзбек ССР-нің Тамды ауданындағы қазақтар тілі (Т.Айдаров)
1968 ж. Қызылорда говоры (Ш.Бектұров)
1969 ж. Қарақалпақстанның оңтүстігіндегі қазақтардың тіл ерекшеліктері (Б.Бекетов)
1975 ж. Еділ бойындағы қазақтардың тіліндегі ерекшеліктер (А.Тасымов)

1965 ж. Қарақалпақ АССР-дегі қазақтардың тілі (Н.Жүнісов)1966 ж. Орда қазақтарының тіл ерекшелігі (Ә.Бөрібаев) 1967 ж. Өзбек ССР-нің

Слайд 241992 ж. Батыс Сібір қазақтарының тіліндегі ерекшеліктер (Қ.Құрманалиева) мақала
1998 ж. Ауған,

иран қазақтары тіліндегі жергілікті ерекшеліктер (Б.Өтебеков) мақала
1999 ж. Қазақ сөйленістеріндегі туыстық атаулар (Л.Жолдасбек)
2002 ж. Монғолиядағы қазақ диаспорасының тіліндегі фонетикалық ареал құбылыстарды салыстыралы зерттеу (А.Үдербаев) мақала
2002 ж. Қытай қазақтары тілінің тұрақты тіркестеріндегі жергілікті ерекшеліктер (С.Мұстафаұлы)

1992 ж. Батыс Сібір қазақтарының тіліндегі ерекшеліктер (Қ.Құрманалиева) мақала1998 ж. Ауған, иран қазақтары тіліндегі жергілікті ерекшеліктер (Б.Өтебеков)

Слайд 252003 ж. Түркістан тұрғындары тілінің жергілікті ерекшеліктері (Б.Жүнсіпова) мақала
2006 ж. Қазақ

тіліндегі диалектілік лексикологияның этнолингвистикалық негізі (М.Атабаева)
2007 ж. Көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәні (Ж. Мұхамбетов) доктр,.диссерт.
2008 ж. Сыр өңірі тіліндегі жергілікті қолданыстар (А.З.Есенбай) доктр,.диссерт.
2009 ж. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы жергілікті атаулардың лингвомәдени сипаты (Қ.Е.Есенова) доктр,.диссерт.
2003 ж. Түркістан тұрғындары тілінің жергілікті ерекшеліктері (Б.Жүнсіпова) мақала2006 ж. Қазақ тіліндегі диалектілік лексикологияның этнолингвистикалық негізі (М.Атабаева)

Слайд 26
Ә.КЕКІЛБАЕВТЫҢ «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ»
ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ
ДИАЛЕКТ СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ


Ә.КЕКІЛБАЕВТЫҢ «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ДИАЛЕКТ СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Слайд 271. Сары ала күйменің ішінде сусылдақ құмаққа шашасын қаптырып, малтыға жорғалап

келе жатқан көп аттың тұншыға жапа-тармағай дүсірін тыңдай-тыңдай мезі боп кетіп, тұсындағы селдір пердені ысырып сыртқа қарады-ақ –көзіне ылғи сол түседі. (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 142бет)
ҚҰМАҚ (Алм.,Жам.)нанның бетіне себетін қара қоңыр дән. Тандырға жабатын наныңа құмақ сеп.
ҚҰМАҚ 1. (Ақт.,Ойыл.) құмды жер. Машина құмаққа келгенде жүре алмай тоқтайды да қалады. 2.(Гур.,Маңғ.)бос құм,қалың құм. Құмақта жаяу жүру қиын.(Диалектологиялық сөздік. 472 бет)
Құмақ-бос құм. «Бос топырақ құмақта жаяу жүру қиын» Бұл сөз шығыста да бар. Орталық Қазақстанда құмақ- жылқының қу тезегі. (Ғ.Мұсбаев. «Тіл білімінің мәселелері» 553 бет)
2. МАЛТЫ (Гур.,Есб) үнсіз, тыныш отыру. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. 473 бет)
Жазушы өз шығармасында әдеби тілмен қатар диалектілік сөздерді де кеңінен қолданған. Шығарма тілін әсерлендіре түсу үшін «үнсіз, тыныш жорғалап келе жатыр» дегеннің орнына «малтыға жорғалап келе жатыр» деп қолданады.

1. Сары ала күйменің ішінде сусылдақ құмаққа шашасын қаптырып, малтыға жорғалап келе жатқан көп аттың тұншыға жапа-тармағай

Слайд 283.Бес күн бойы қарсы алдынан тандырдың деміндей шарпыған қызыл жел ұрған

да тұрған. (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 142бет)
ТАНДЫР. (Орал,Орда) Қарынға салып,жерге көміп, үстіне от жағып пісірген ет. (Диалектологиялық сөздік. 621 бет)
Көрсетілген мысалдағы тандыр сөзі Орал, Орда аумағында қарынға салып, жерге көміп, үстіне от жағып пісірген ет мағынасында қолданылса, бұл сөйлемде диалект әрі теңеу сөз ретінде қолданыс тапқан.
4.Әумесер жел-бұл мініп келе жатқан сары күймені де жер бетінен жұлып ап,төбесінде бедірейіп жатып алған сұп-сұр кеңістіктің әлдебір тұңғиығына жітіріп жібергісі келгендей, екілене жұлқылайды. (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 142бет)
ӘУМӘСІР. (Сем.,ШҚ.) әумесер,есерсоқ. Олардың өзі әумәсір болған ба?
(Сем.,Шұб.) әугіп адам, әуекей, әуескі, әуміш, әулекей. (Диалектологиялық сөздік. 130 бет)
Берілген мысалдағы диалект әумәсір, есерсоқ, әуекей, әулекей сөздерімен мағыналас болып келеді.
Әумесер сөзі жел сөзінің мағынасын ұштап, эпитет ретінде де қолданылып тұр.




3.Бес күн бойы қарсы алдынан тандырдың деміндей шарпыған қызыл жел ұрған да тұрған. (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры»

Слайд 295.Астынан әлдекім алып дәулердің сүйегін қазып алғандай, шағылдардың бүйірлері опырайып-опырайып көрінеді.

(Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 143 бет)
ШАҒЫЛ. 1 ( Маңғ., Түрікм. Ашх., Таш.) желмен сусып жататын өркеш-өркеш өсімдігі жоқ жалаңаш қүм төбелер.
ШАҒЫЛ. 2 (Шығ. Қаз., ) жарықшақ тастар, тау бетіндегі ұсақ тастар, қорым тастар. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 724 бет)
Сөйлемде шағыл сөзі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында айтылатын жарықшақ тас, тау бетіндегі ұсақ, қорым тастар мағынасында қолданылып тұр.
6.Оларды омақастарған тек бұның аяу білмес алмас қылышы ғана ма?
(Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 144 бет)
ОМАҚАС. 1 (Көкш.,Омбы) бірлесу, татуласу
ОМАҚАС. 2 (Қост.,Торғ.) жер бөлгенде шекарасына үйген топырақ. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 536 бет)
Омақас сөзі бірдей дыбысталғанымен Көкшетау, Қызылту, Ресей Федераиясы, Омбы аймақтарында басқаша мағынада айтылса, ал Қостанай, Торғай територриясында басқа мәнге ие болады. Берілген сөйлемдегі омақас сөзі бірлесу, татуласу мағынасында қолданылып тұр.


5.Астынан әлдекім алып дәулердің сүйегін қазып алғандай, шағылдардың бүйірлері опырайып-опырайып көрінеді. (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 143 бет)ШАҒЫЛ.

Слайд 307.Өйтсең болды, күйеуінің көзіне шөп салмай жүре алмайтын жады қатынның қойынынан

өрген бөтен еркектей мына опасыз дүниенің тағы бір пұшпағынан өзіңнен гөрі мықтырақ басқа біреудің сыпаң етіп шыға келуі оп-оңай. (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 146 бет)
ЖАДЫ 1. (Шығ.Қаз.)қан ауры
ЖАДЫ 2. (Жамб.:Тал.,Сар.,Шымк.)Жазы қом. Түйеге жүк арту үшін екі жақ етегі дөңгелене келген, ішіне қамыс қоға не сол сияқты шөп-шалам салып, өркеш тұстарын ішкі жағынан ашық қалдыра киізден не алашадан тігілген арнай әбзел.
ЖАДЫ 3.(ҚХР) Қанағатсыз, тойымсыз. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 223 бет)
Жады сөзі қолданылу аймақтарына қарай үш түрлі мағынада қолданылады. Жоғарыда көрсетілген сөйлемде қанағатсыз, тойымсыз деген сөздердің орнына қолданылған. Автор тіліндегі диалектілер көбінесе эпитет болып келеді.
8.Олардың аузындағы лақапты естіп, сені көрмегендер де таңғалады. (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 16 бет)
ЛАҚАП. (Қараб.) атақ,қазмет.
ЛАҚАП. (Маңғ.,ШҚ.) мақал-мәтел (Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 492 бет)
Шығарма тіліне көрік бере түсу үшін жазушы Әбіш Кекілбаев бірнеше диалект сөздерді қолданған. Солардың бірі лақап сөзі. Әдеби тілдегі атақ, даңқ, қызмет сөздерінің баламасы болып келеді.

7.Өйтсең болды, күйеуінің көзіне шөп салмай жүре алмайтын жады қатынның қойынынан өрген бөтен еркектей мына опасыз дүниенің

Слайд 31
9.Тек қажып қалма... Тоқмейілсіп қалма... (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 146 бет)
ТОҚМЕЙІЛ

-(Гур.,Маң.)Шаршау, қажу (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 688 бет)
Егерде аталған сөйлемдегі тоқмейілсіп қалма сөзін шаршап қалма сөзімен ауыстырар болсақ, шығармаға ешқандай өң, көрік бермес еді. Автор тілінде бұл секілді сөздер кеңінен қолданыс тапқан деуге болады.
10.Қапыңды Құдай таппаса, адам таппасын... (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 146 бет)
ҚАПЫ 1. (Түрікм.:Таш., Көнеүр., Тедж.; Қарақ.; Қ.орда.,Арал) есік
ҚАПЫ 2. (Гур., Маң.) таудың арасындағы ояң жер
ҚАПЫ 3. (Сем.,Абай) мін, кемшілік (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 386 бет)
Қапы сөзі белгілі бір аймақтарға байланысты үш түрлі мағынада жұмсалады. Олар: Есік, таудың арасындағы ояң жер және мін, кемшілік. Ал бұл сөйлемде Семей облысы Абай ауданында қолданылатын мін, кемшілік мағынасында қолданылған.

9.Тек қажып қалма... Тоқмейілсіп қалма... (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 146 бет)ТОҚМЕЙІЛ -(Гур.,Маң.)Шаршау, қажу (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі

Слайд 32
11.Кенет,әмірші алдындағы ақ шағылдың үстіне шаншылып шыға келген бір жіңішке сырықты

көзі шалды. (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 148 бет)
СЫРЫҚ 1.(Қ.орда.,Арал,Қарм.:Гур.;Маң.,Шевч.;Алм.;Талд) бақан.
СЫРЫҚ 2.(Қ.орда:Қарм., Сыр)жер өлшеуші. (Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 609 бет)
Жазушы тілі шаруашылыққа байланысты диалект сөздерге бай. Соның бірі сырық сөзі. Қызылорда, Арал, Қармақшы, Атырау, Маңғыстау, Алматы, Талдықорған аймақтарында бақан сөзінің орнына қолданылады.
12. Ұлы шағылдар таусылып, майса құмақтар басталды. (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 148 бет)
МАЙСА. (Өзб.,Ташк.) маңызы өндірілген тарыны кептіріп түйгеннен кейінгі ұн. (Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 499 бет)
Бұл сөйлемде майса сөзі өндірілген, ұсатылған сияқты сөздердің орнына қолданылған.


11.Кенет,әмірші алдындағы ақ шағылдың үстіне шаншылып шыға келген бір жіңішке сырықты көзі шалды. (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры»

Слайд 3313.Көп ұзамай қатқыл жолығатын сыңай танылды. (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 148

бет)
ҚАТҚЫЛ. (Орал,Орда) халсіз, ауыр. (Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 433 бет)
Қатқыл сөзі Орал, Орда аймақтарында халсіз, ауыр сияқты сөздердің орнына қолданылса, жоғарыдағы сөйлемде де сол мағынада жұмсалған.
14. Бұлар жүзген, сексеуіл, шағыл ұйлыға өскен ойдым-ойдым түлейлерді орағытып, құмақ жалдарға көтерілді. (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 148 бет)
ТҮЛЕЙ. (Түрікм.:Красн.,Ашх.,Таш.,Мары;Жамб., Шу) ылғи сексеуіл өскен қалың жер. (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі 684 бет)
15.Ол бұлаққа беттегенде төңіректегі сақшылар мен сарай қызметкерлері де көзге көрінбей жымып береді. (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 151 бет)
ЖЫМУ. 1 (Түрікм.: Красн., Небид.,Ашх., Таш.) қашу, жасырыну.
ЖЫМУ. 2 (Алм.,Жам.) жымырату, жымиту (Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 306 бет)



13.Көп ұзамай қатқыл жолығатын сыңай танылды. (Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 148 бет)ҚАТҚЫЛ. (Орал,Орда) халсіз, ауыр. (Қазақ тілінің

Слайд 34Назарларыңызға
рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть