Презентация, доклад “Өзін-өзі тану” рухани- адамгершілік білім беру Бағдарламасы Құндылықтар практикасы

Содержание

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары №1: Тақырып : Әдептен озбайық Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер:әдептілік,ізеттілік,қайырымдылық, сыпайылықМақсаты:-оқушыларды үйлесімді қарым-қатынас мәдениетіне үйрету,олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту,дұрыс әрекет құндылығының мәнін

Слайд 1Жылыой ауданы Құлсары қаласы
№16.Д.Жазықбаев орта мектебі
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Киреева Гүлбаршын Қадырқызы


“Өзін-өзі тану” рухани- адамгершілік білім беру Бағдарламасы
Құндылықтар практикасы

Жылыой ауданы Құлсары қаласы№16.Д.Жазықбаев орта мектебіӨзін-өзі тану пәнінің мұғаліміКиреева Гүлбаршын Қадырқызы “Өзін-өзі тану” рухани- адамгершілік білім беру

Слайд 2«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары №1
:

Тақырып : Әдептен озбайық
Құндылық : Дұрыс әрекет
Қасиеттер:әдептілік,ізеттілік,қайырымдылық, сыпайылық
Мақсаты:-оқушыларды үйлесімді қарым-қатынас мәдениетіне үйрету,олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- оқушылардың әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;
- оқушылардың адамгершілік,қайырымдылық қасиеттерін дамыту;
- оқушыларды ізетті,ілтипатты,сыпайы болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
5-Т ережесін, 5-құндылықты еске түсіру
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
Үй тапсырмасын тексеру «Тістелген алма» мәтінін талдау
• Жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар ?
• Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?
• Жігіт пен бақ иесінің қызының қандай ортақ қасиеттері бар?
• Жігіттің алманың иесін іздеп кешірім сұрауын қай құндылыққа жатқызамыз?
• Қиянат жасамау құндылығын мәтіннің қай жерінен көруге болады?
• Бақ иесінің жігітті кешіріп өз қызын беруін қай құндылыққа жатқызамыз?
• Бақ иесінің жігітті кешіруінен қандай құндылық көрініс табады?
• Жігіттің әдептілігінен қандай құндылықты көріп тұрмыз? Талдау
Дәйексөз
Әдептілік белгісі –
Иіліп сәлем бергені.
Адамдықтың белгісі –
Көп артынан ергені.
Халық мақалы
Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат)
Үш ұл
1.Екі баланың анасы өз ұлын мақтады, үшінші баланың анасы мақтаған жоқ, неліктен?
2.Екі баланың іс-әрекеті әдептілікке жата ма?
3.Үшінші баланың іс-әрекеті ше?
4.Қартқа үшінші баланың іс-әрекеті неліктен ұнады?
5.Осы мәтіннен қандай рухани – адамгершілік құндылықтарды көрдіңіздер?
Мұғалім сыйы: бейнежазба көрсету
1. Бейнежазбадағы баланың іс-әрекеті туралы не айтар едіңіз?
2. Бала әдептілікке жат қандай қылықтар жасады?
3. Осы бейнежазбадан қандай құндылықтарды көруге болады?
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
1-топ Сурет арқылы эссе жазу
2-топ Тақырыпқа сай өлең шығару
3-топ Тақырыпқа сай сахналау, жағдаят талдау
Топпен ән айту
Бақыттымын, құрбылар
Үй тапсырмасы
1.Әдеп туралы мақал-мәтел жазып келу.
2.Адамға тән жақсы қасиеттердің тізбегін жаса.
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу музыка қосылады
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, барлық ізгілікті қасиеттер мен іс - әрекеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары №1:       Тақырып : Әдептен озбайық Құндылық :

Слайд 3Махамбет Есет: Маған бүгінгі сабақ қатты ұнады.Әдептілік-мәдениеттіліктің ,адамгершіліктің белгісі екенін ұқтық.Сабақтан

әдептілікті, ізетті, ілтипатты, сыпайы болуды үйрену арқылы үлкен әсер алдым.
Қанат Эленора: Біз кішкентайымыздан әдептілік туралы білеміз.Алайда, осы сабақтың арқасында одан да жақынырақ тани түстік. Үлкенге-ізет, кішіге -құрмет көрсету керектігін түсіндік.
Қойшығали Бекарыс: Бұл сабақтан көптеген тәлім-тәрбие алдым, адамдармен жақсы қарым қатынаста болу,әдеп, әдеп сақтау туралы түсінігім кеңейді деген ойдамын.

Оқушы пікірі

Махамбет Есет: Маған бүгінгі сабақ қатты ұнады.Әдептілік-мәдениеттіліктің ,адамгершіліктің белгісі екенін ұқтық.Сабақтан әдептілікті, ізетті, ілтипатты, сыпайы болуды үйрену

Слайд 4Рефлексивті есеп
Мен бүгін 21.11.15 күні «Әдептен озбайық!» тақырыбында ашық сабақ

өткіздім.
Сабаққа мектептің оқу - ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Б.Жолтурева «Өзін-өзі тану» пән бірлестігінің жетекшісі Г. Бектілеуова, мектеп психологы М.Хаманова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Құбашева, Э.Жайымова қатынасты.
Сабақ барысында өзін-өзі тану пәнінің барлық әдіс-тәсілдемелерін қолдана отырып, яғни 5 «Т» ережесін сақтай отырып, 5 құндылықты еске түсіріп «Нұрға бөлену» әдістемесін баяу музыкамен өткіздім.Балалардың өзін қалай сезінгендіктері жөнінде әсерлерімен бөлістім, өз сезімдерін өте жақсы білдірді. Мерейлім атты оқушы: «Мен тыныштық сәтінде ерекше сезімде болдым. Нұр менің өне бойыма тарап, аяқтарыма да сәуле шашып, өзімді шапшаң, еркін жүре алатындай сезімді бастан кешірдім» деген пікірін білдірді.
Адамның өсіп жетілуіне негіз болатын жалпыдамзаттық құндылықтардың орны мен маңыздылығын түсіндіре отырып жаңа сабағымды бастадым. Үй тапсырмасы «Тістелген алма» мәтіні. Мәтін бойынша балаларға сұрақтар қойылып, жақсы жауаптар алынды. Мысалы, « Жігіттің әдептілігінен қандай құндылықты көріп тұрмыз?» деген сұраққа балалар әдеп сақтау адамгершіліктің белгісі екендігін, жігіттің бойынан әдептілікті, кішіпейілділікті, инабаттылық қасиеттерін көргенін және дұрыс әрекет құндылығына жатады деген жауаптары мені таңқалдырды.
Жаңа сабақты «Әдептілік белгісі-
Иіліп сәлем бергені-
Адамдықтың белгісі-
Көп артынан ергені – деген халық мақалының оқушылар мағынасын түсіндірді.Осы мақал бойынша оқушылар жақсы баланың әдептілігі, сәлем бергенінен көрінеді, ал, адамдығы көппен бірге ере білген адамды айтар едім, бұл дұрыс әрекет құндылығына жатады деген жақсы пікірлерін білдірді. Бұдан әрі сабақ тақырыбын нақтылау мақсатында
«Үш ұл» әңгімесі берілді.Оқушыларға мәтін мазмұны таныстырылып , талдау сұрақтары қойылды. Оқушылар әңгімедегі рухани адамгершілік құндылықтарды анықтады. Өздері де үшінші ұл секілді тәрбиелі, риясыз сүйіспеншілікке бөленіп өскенді қалайтындықтарын жеткізді. Бұл сұрақтар дұрыс әрекет құндылығының адам өміріндегі мәні мен қажеттілігін түсіндіру мақсатында берілген сұрақтарға талдау жасау кезінде, екі баланың іс-әрекеті әдепсіздікке жататыны, үшінші баланың әрекеті - әдептілік деп саналып, дұрыс әрекет құндылығына жататынын оқушылар ашып айта білді.Оқушылар бейнебаян тамашалаған кезде ерекше сезімде болды.Себебі, бейнебаян бойынша берілген сұрақтарға ерекше ықыласпен жауап қайтарды.Оқушылар рухани адамгершілік құндылықты бойына сіңіріп өскен ұл-қыз ғана көптің мақтанышына айналатындығын ұқты.
Шығармашылық жұмыста оқушылар топпен жұмыс жасау кезінде 3 топқа бөлініп жұмыс жасады. 3 топқа бөлек – бөлек тапсырма берілді. 1- топ сурет арқылы эссе жазу,2-топқа тақырыпқа сай өлең шығару,3-топқа сахналау, жағдаят талдау тапсырмасы берілді. Оқушылардың аз уақыт ішінде ынтамақтастықпен эссе жазып, өлең шығаруы, сахналық қойылымды дайындап көрсетуін тақырыпты жете түсінгені деп білемін.
Сабақтағы ерекшеліктер әсер еттіме, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып,топтық қорғау кезінде тың пікірлерін білдіріп, өз жұмыстарын өте жақсы қорғады. Топпен ән айтуда Ш. Қалдаяқовтың «Бақыттымын, құрбылар » әнін балалар көңілді орындады.
Бұл сабағым биылғы оқу жылында курста көптеген тәжірбиелер жинағанымның себебі болар, сабағым өте тартымды өтті деген ойда болдым.
Қорытындылай келе, әдептілік – мәдениеттіліктің, адамгершіліктің белгісі екенін оқушы бойына сіңіре отырып, болашақта жалпыадамзаттық құндылықтарды бойларына дарытамын деген сенімдемін.
Жалпы сабақ жоспар бойынша жүзеге асып, көңілімнен шықты және сабаққа қатысқан мұғалімдерде жақсы әсер алды деп пайымдадым.
 
Рефлексивті есеп Мен бүгін 21.11.15 күні «Әдептен озбайық!» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.Сабаққа мектептің оқу - ісі жөніндегі

Слайд 6 
Тақырып : №2 сабақ Бауырмалдық пен кеңпейілділік
Құндылық :сүйіспеншілік
Қасиеттер:кеңпейілдлік, бауырмалдық, мейірімділік, қамқорлық
Мақсаты:оқушыларға

кеңпейілділік, бауырмалдық сияқты адамгершілік қасиеттер туралы түсінік беріп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- оқушыларға кеңпейілділік, бауырмалдық ұғымдары туралы түсінік беру;
- Оқушылардың айналасындағыларға түсіністікпен қарап, олардың қамқорлық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
- оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа ,бауырмалдылыққа тәрбиелеу. Ресурстары:
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
5-Тережесін,5-құндылықты еске түсіру
Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
Үй тапсырмасын тексеру
1. Әдеп сақтау, әдептілік дегеніміз не?
2.Әдептілік туралы мақал-мәтел жазып келу.
3.Адамға тән жақсы қасиеттердің тізбегін жаса Талдау
Дәйексөз
"Адамзаттың бәрін сүй, бауырым» Абай
Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат)
«Тату ағайындылар»
1. Ағайынды екі жігіттің бойынан қандай қасиеттерді көре аламыз?
2. Екі ағайынды жігіттің іс-әрекетін қай құндылыққа жатқызамыз?
3. Ағайынды жігіттердің бауырмалдығын мәтіннің қай жерінен көруге болады?
4. Ағайынды жігіттердің орнында болсаң, не істер едіңдер?
5. Бауырмалдық, кеңпейілділік дегенді қалай түсінесіңдер?
6. Кеңпейілділік, бауырмалдық қасиеттерінен қандай ұқсастық байқайсыңдар?
Мұғалім сыйы:
«Кеңпейілділік- кісілік белгісі» бейне жазба көрсету
1.Бейнежазбадан қандай қасиеттер көрінеді?
2.Көлік иелерінің бір-біріне жол беруін,кішілердің үлкенге ізет көрсетуін қай құндылыққа жатқызамыз?
3.Көлік иесінің велосипетші адамды қамқорлауынан қандай құндылықты, қасиеттерді көре аламыз?
4.Өздеріңнің бауырмалдық, кеңпейілділік танытқан кездерің болды ма?
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
1-топ Тақырып бойынша сурет салу,қорғау
2-топБауырмалдық,кеңпейілділікке өлең шығару
3-топӨзіңнің бауырмалдық пен кеңпейілділік танытқан кездеріңді есіңе түсіріп, сахналау
Топпен ән айту
Мейірімді болайықшы бауырлар
Үй тапсырмасы
1.«Кең болсаң-кем болмайсың» тақырыбына эссе жазу
2. «Бір атаның балалары» әңгімесін оқып, талдау
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу музыка қосылады
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, барлық ізгілікті қасиеттер мен іс - әрекеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
 Тақырып : №2 сабақ Бауырмалдық пен кеңпейілділікҚұндылық :сүйіспеншілікҚасиеттер:кеңпейілдлік, бауырмалдық, мейірімділік, қамқорлықМақсаты:оқушыларға кеңпейілділік, бауырмалдық сияқты адамгершілік қасиеттер туралы

Слайд 7Жанас Гүлнәсіп: Бүгінгі сабақтан бауырмалдық пен кеңпейілділік жөнінде көптеген мағлұматтар алдым.

Бауырмалдық пен кеңпейілділік адамдарды татулыққа, бірлікке,ынтымаққа жетелейтінін түсіндім.

Құрманғазы Жандарбек: Сабақ өте тамаша болды. Адамдардың бір-бірін жақсы көруі,мейірімділігі, жанашырлығы,қамқорлығы бауырмалдық екенін, кеңпейілділік адам бойындағы ізгі қасиет екенін осы сабақ арқылы ұқтым.
.
Қаршыға Зейнеп:
Сабақтан алған әсерім көп болды. Бауырмалдық пен кеңпейілділік білдіре алатын адам жан-жағына нұр шашып жүретініне көзім жетті.

Оқушы пікірі

Жанас Гүлнәсіп: Бүгінгі сабақтан бауырмалдық пен кеңпейілділік жөнінде көптеген мағлұматтар алдым. Бауырмалдық пен кеңпейілділік адамдарды татулыққа, бірлікке,ынтымаққа

Слайд 8

Рефлексивті есеп 
Мен бүгін 30.11.15 күні «Бауырмалдық пен кеңпейілділік» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.
Сабаққа мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Л.Ақтәжиева, математика пәнінің мұғалімдері З.Есқалиева,М.Хамзина, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.Жайымова және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ж. Төкеш қатынасты.
Сабақ барысында өзін-өзі тану пәнінің барлық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, яғни 5 «Т»,5-құндылық еске түсірілді. Сабақ баяу музыка үнімен «Нұрға бөлену» әдісімен басталды. Оқушылардан өздерін қалай сезінгендіктері жөнінде сұрадым,балалар өз әсерлерімен бөлісті.Үй тапсырмасы бойынша әдептілік туралы мақал-мәтел және адамға тән жақсы қасиеттер тізбегін жазып келу тапсырылған болатын. Мақал-мәтелдер бойынша сұрақтар қойылып,жауаптар алынды.Оқушылар жазған мақал-мәтелдерінің мағынасын ашып, қандай құндылықтар мен қасиеттерге жататындығын сұраққа жауап беру арқылы жеткізді.Сынып оқушылары адам бойындағы асыл қасиеттер адамгершілік әдептілік белгісі сәлемдесуден басталатындығын,үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор болып жүру керектігі туралы ойларын ортаға салды.
Оқыту үдерісіне жалпыадамзаттық құндылықтар енгізу тұлғаның ізгі қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызатындығы және адамды рухани өсуге жетелей отырып тұлғаның кемелденуге деген таланты оның ізгіліктерінің көбейгендігін көрсетіп дәлелдеген яғни,осысүйіспеншілік құндылығын терең түсіну мақсатында Абай Құнанбаевтың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген дәйексөзі берілді.Дәйексөзді балаларға қайталатып оқытып, өз жауаптарын тыңдай отырып талқыладық.Алдымен адам өзін сүйе алады, адамның сүю сезімі оны жақындарын, туыстарын, айналасындағы адамдарды, елін, жерін сүюге, бүкіл адамзат баласын бауырындай сүюі риясыз сүйіспеншілікке ұласатындығын оқушылар өз пікірлері арқылы білдірді.Оқушыларға «Тату ағайындылар »әңгімесі беріліп сұрақ-жауап арқылы талданды.Сынып оқушылары әңгімедегі «Ағайынды жігіттердің орнында болсаң ,не істер едіңдер?» деген сауалға, оқушылардың берген жауабы: «Біздер де екі ағайынды жігіт секілді бауырмал ,кеңпейіл болып өзгелерге де риясыз сүйіспеншілігімді білдірер едім». Оқушылардың өз ойын жеткізіп пікір айтуы мені ерекше әсерге бөледі.Кішіпейілділік- кісілік белгісі атты бейнежазбадағы адамдардың әрбір іс-әрекетіне талдау жасап, сүйіспеншілік құндылығының мәнін аша білді.
Менің ойымша: тұлғаның рухани өміріндегі және кемелденуіндегі өзгерістер адамгершілік қасиеттердің әр алуан бай әлемін құрайтын құндылықтар жүйесінде жүзеге асады деп білемін.
Шығармашылық топтық жұмыста балалар әрекеті жоғары құлшыныспен барлығы бірігіп, жарысып, ұйымдасқан түрде орындады, сурет салу, өлең құрастыру, сахналық көрініс топ басшысының қорғауымен жүзеге асты. Бұл жағдайда материал іріктеу кезінде материалдың танымдығы емес, ең алдымен оның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпалы басты назарға алынды деп айтсам болады. Әр топ оқушылары өздеріне міндеттелген жұмысын тиянақты орындады.1-топ көп ұлтты Қазақстанның кең пейілділігін, бауырмалдылығын бейнелесе, 2-топ тақырыпқа сай өлең құрастырды, 3-топ ұлы отан соғысы жылдарында панасыз қалған баланың қазақ отбасында тәрбиеленуін сахналады. Сынып оқушылары бір - бірін риясыз сүйіспеншілікке бөлей отырып «Мейірімді болайықшы бауырлар!» әнін ерекше шабытпен орындады.
Сабақтың қорытындылай келе, адамдарға бауырмалдық пен кеңпейілділік қасиеттерін түсіндіре отырып, қарым –қатынас жасау арқылы адам жанымен сезінетін сүйіспеншілік құндылығының мәні ашылды.
Балаларға сүйіспеншілік құндылығы адамдардың бір – біріне деген риясыз, таза сезімі және өмірге тірек болатын жасампаз қуат екенін түсіндіріп өттім.
Жалпы сабақ жоспар бойынша жүзеге асып, көңілімнен шықты және сабаққа қатысқан мұғалімдер де жақсы әсер алды деген ойдамын.
Әрбір білім алушыны жалпы адамзаттық бес құндылықтың мән-мағынасын терең түсініп, өз жүректеріне бекітіп, өзгелерге риясыз сүйіспеншілік көрсете отырып, шапағат нұрын шаша алады деп толықтай сенемін.


Слайд 10«Өзін өзі тану»пәнімен интеграцияланған математика сабағының жоспары
Мұғалім: Хамзина Мөлдір Тақырып:

Рационал сандар
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер:адамгершілік,білімділік,бірлік,жауапкершілік.
Мақсаты:Рационал сандар тарауы бойынша оқушылардың алған білімдерін тереңдету,жүйелеу,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-Оқушылардың рационал сандар туралы түсініктерін тереңдету.
-Оқушылардың адамгершілік,білімділік қасиеттерін дамыту.
-оқушыларды жауапкершілікке,бірлікке тәрбиелеу. Ресурастар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
5-Т ережесін, 5-құндылықты еске түсіру
Абай Құнанбаевтың “Ғылым таппай мақтанба» өлеңін құрастыру арқылы топқа бөлу.
Тыныштық сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Үй тапсырмасын тексеру.
"Қайталау оқу анасы"Сәйкестендіру тесті
Дәйексөз
"Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл Абай
Ішкі интеграция
Оқиғаларды әңгімелеу “Егіншілік
-Балалар ,осы мәтінде қандай құндылық көрініс табады?
-Үш ағайынды жігіттің бойынын қандай рухани адамгершілік қасиеттерді көрдіңдер?
Ендеше балалар, бізде №412 есепті орындау арқылы, дәнді дақылдардың өсіп-өнуіне қолайлы температураны қос теңсіздік түрінде жазайық.
Шығармашылық әрекет.Топтық жұмыс
"Өнер алды –бірлік,ырыс алды -тірлік"(Абайдың 6-ншы кара сөз)
№407,№408
1-топ:(1,2,3) 2-топ:(1,2,3) 3-топ:(1,2,3)
"Білім,ғылымды көбейтуге екі қару бар:бірі –ойласу,пікір алысу,екіншісі-есте сақтау және қорғау"(Абайдың 32-нші қара сөзі)
Жұптық жұмыс №410,413
Сергіту сәті
"Орысша оқу керек,ғылымда ,өнерде бәріде орыста тұр.Сен орыс тілін білсең,көкірек көзің ашылады"(Абайдың 25-нші қара сөз)
"Жұбын тап " ойыны
Топпен ән айту «Сегіз аяқ» Сөз і:Абай Құнанбаев
Үй тапсырмасы
Өз бетімен тест жұмыстарын құрастыру
Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.
Бүгінгі сабақтан алған ісерлеріңізді,барлық ізгілікті қасиеттер мен іс-әрекеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
(Тыныштық....бар жерде,тыныштық....бүкіл әлемде)
 
 

«Өзін өзі тану»пәнімен интеграцияланған математика сабағының жоспары Мұғалім: Хамзина Мөлдір Тақырып: Рационал сандарҚұндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер:адамгершілік,білімділік,бірлік,жауапкершілік.Мақсаты:Рационал сандар

Слайд 11Рүстем Дилназ: Маған интеграцияланған сабақ қатты ұнады.Себебі сабақ өте қызықты болды.Бәріміз

ән айтып, әңгіме талдап сабақтың басынан аяғына дейін нұрға бөлендік. Барлық сабақ осылай өтсе қиын пәндерден еш қиналмаймыз деп ойлаймын
Дастан Қарақат: маған математика мен өзін өзітану пәндері иньеграцияланған сабақ қатты ұнады. Бұрын бізге бұндай сабақ болған емес. Математика пәні бұрын қиындық келтіреді. Ал өзін – өзітану пәнімен интеграцияланған кезде сабақ көңілді, еш қиындықсыз өтті. Алға қарайда осындай сабақтар өтіп отырса дейміз

Оқушы пікірі

Рүстем Дилназ: Маған интеграцияланған сабақ қатты ұнады.Себебі сабақ өте қызықты болды.Бәріміз ән айтып, әңгіме талдап сабақтың басынан

Слайд 12 «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған математика сабағының рефлексивті есебі.
Бүгін 27.11.2015ж

«Рационал сандар» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған математика сабағынан ашық сабақ өткізілді.
Сабаққа мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Л.Ақтажиева, математика пәні бірлестігінің жетекшісіТ.Дүйсеналиев пен мүшелері және өзін-өзі тану пәні бірлестігінің жетекшісі Г.Қапизова қатынасты.
Сабақ барысында өзін-өзі тану пәнінің барлық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, 5 «Т»,5 -құндылық еске түсірілді.Абайдың «Ғылым таппай мақтанба » өлеңі арқылы топқа бөлінді.Сабақ тыныштық сәтімен басталды. «Тыныс алуға зейін қою» жай музыкамен өткізіліп, балалардың өзін қалай сезінгендігі жөнінде сұралды. Балалар өз беттерінше жауап берді.
Үй тапсырмасы сәйкестендіру тестісі арқылы тексерілді.
«Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл» деген Абайдың дәйексөзінсабақта қолданып, оның мағынасын, қандай құндылыққа жататындығын оқушылар айтып берді.
Сабақта жалпыадамзаттық құндылықтарды пайдалану арқылы «Егіншілік» тақырыбындағы мәтін оқылып, ондағы жалпыадамзаттық құндылықтарды оқушылар өз ойларымен жеткізе білді.Осы ойларын практикамен ұштастыру мақсатында №412 есепті орындау арқылы дәнді-дақылдардың өсіп-өнуіне қолайлы температураны қос теңсіздікпен жаза білді.
Шығармашылық жұмыс кезінде Абайдың 6-шы қара сөзін : «Өнер алды –бірлік, ырыс алды- тірлік» пайдалана отырып, оқушыларға бірлесе жұмыс жасаудың тиімділігін ұғындыру арқылы топқа бөлді .№ 407,408 есептерді тақтаға орындатып, шыққан нәтижелері оң санға тең болғанда Абайдың «Ғылым таппай мақтанба » өлеңіндегі бес асыл іске (талап, еңбек,терең ой, қанағат, рақым) баласа, нәтижелері теріс санға тең болғанда өлеңдегі бес дұшпанға (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ) теңеді.
Абайдың 32-ші қара сөзінде былай делінген : «Білім,ғылымды көбейтуге екі қару бар: бірі-ойласу, пікір алысу, екіншісі есте сақтау және қорғау» дей отырып, оқушыларға жұппен жұмыс жасаудың тиімділігін жеткізді. Оқушыларды адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді пайдалана отырып жұпқа бөлді.№410,413 есептерді шығару барысында өз жұбымен ой бөлісіп, пікір алыса отырып,тапсырмаларын қорғап шықты.
Топпен Абайдың «Сегізаяқ» өлеңін орындатты. Үй тапсырмасы беріліп, оқушылар бағаланды. Бұл сабақта оқушылар мұғалім берген білімді меңгерді. Сабақ мақсатына жетті.
Менің түйгенім:
-математика пәнін өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастырудың тиімді екендігіне көзім жетті.
-пән мұғалімдерінің арасындағы байланыс нығайды.
-оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты.
Сабақ жалпыадамзаттық құндылықтарды бала бойына сіңіру, түсіндіру арқылы жүзеге асты деп ойладым. Оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақпен байланыстыра түсіндіру, балалардың қызығушылығын оятты.
Сабаққа қатысқан мұғалімнің пікірі:
З.Есқалиева: (математика пәнінің мұғалімі)
Сабақ жақсы жоспарланған. Тыныштық сәтімен басталған сабақ оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сабаққа ынтасын арттырды. Математика пәнінен жаңаша өткізілген сабақты көрдік. Өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастырылған сабақтың жақсы жетістіктерінің куәсі болдық. Күнделікті сабақтағыдай емес оқушылардың қызығушылығы жоғары деңгейде болды. Қиындық келтіретін пәнді игеру оқушылар үшін жеңіл әрі қызықты болды. Бұл сабаққа қатысу арқылы ішкі және сыртқы интеграцияның мағынасын ұғындым. Сабақта өзін- өзі тану пәнінің әдіс -
тәсілдерін ұтымды қолдана отырып ,оқушы бойына рухани адамгершілік құндылықтарды сіңіре білді. Мұғалім Абайдың қара сөздері мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін математика пәнімен шебер байланыстыра білді. Математика пәнін өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастыру тиімді екеніне көзім жетті. Алдағы уақытта осындай сабақтарды көбірек өткізсек , жақсы нәтижелерге жетеміз деп есептеймін.
Сөзімді қорытындылай келе,өзін-өзі тану пәнін барлық пәндермен ықпалдастыра отырып,осы әдістің тиімділігін әріптестеріме түсіндіру ді алдағы мақсатым деп есептеймін.
«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған математика сабағының рефлексивті есебі. Бүгін 27.11.2015ж «Рационал сандар» тақырыбында  «Өзін-өзі тану»

Слайд 14Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: Қазіргі білім кеңістігін рухани адамгершілік тұрғысынан

ізгілендіру
Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырудағы қазіргі білім беруді ізгілендірудің мәнін ашу.
Міндеттері:
1.Рухани –адамгершілік құндылықтардың адам игілігі үшін маңызын ашу;
2. Мұғалімнің бойындағы рухани адамгершілік құндылықтарды дамытуға бағыт беру;
3. Рухани адамгершілік құндылықтарды білім мазмұнына енгізу.
Жоспар:
1. Рухани адамгершілік білім беру-басты құндылық
2. Рухани –адамгершілік білім берудегі мұғалімнің ролі.
3. Жалпыадамзаттық құндылықтарды мектептің біртұтас педагогикалық үдерісіне интеграциялау.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi.
1) Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Баяу музыка
Рухани-адамгершілік білім беру – бұл білім мазмұнына оқушылардың жоғары рухани-адамгершілік болмысын ашуға және толық адам болып қалаптасуына ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы арқылы оларды белсенді оқу-танымдық әрекетке ынталандыруды және оны ұйымдастыруды, сол сияқты ойы, сөзі және ісі бір жерден шығатын кемел мінезді адам тәрбиелеуді мақсат ететін педагогикалық үдеріс.
Мұғалімнің ролі. Қазіргі таңда мұғалім тұлғасының қайта өзгеруі барлық әдістемелер мен бағдарламалардан маңыздарақ екені дәлелдеуді қажет етпейді. Бұл жайында әйгілі қазақ ұстазы Ы.Алтынсарин өте жақсы айтқан: «Мұғалім – білім берудегі ең маңызды адам. Ең озық педагогикалық оқу құралдары, үкімет қаулылары, өте қатал инспекторлық бақылау маңызы жағынан мұғалім дәрежесімен теңесе алмайды. Сондықтан, мен үшін мұғалім әлемдегі барлық асыл заттардан қымбат».
Рухани-адамгершілік білім беруді мектептегі біртұтас педагогикалық үрдістермен интеграциялау. Мектептегі рухани-адамгершілік білім берудің маңызды шарты болып, білім берулің мазмұнын мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту негізінде рухани адамгершілік білім беру мен оқытуды интеграциялау, сонымен қатар білім берудің рухани-адамгершілік құрамдасын анықтау болып табылады. Интеграция кешенді түрде жүзеге асырылуы керек, сондықтан да «интеграция» ұғымы біріктірілген сағаттардың арифметикалық қосындысы емес екендігі өзінен-өзі түсінікті, ол рухани-адамгершілік пен интеллектуалды дамудың бірігуі, оның жаңа белгілерге, жоғары сападағы жаңа сипатқа ие болуы назар аударатын мәселе. Мұндағы ең маңыздысы мектепте қоғамға, мемлекетке, адамзатқа, қызмет етудің жоғары рухымен, парыз, абырой, әділдік идеяларымен сусындаған ахуал құру.
Бейнекөрсетілім «Звездочка на земле» фильмін көрсету
І.Шығармашылық іс – әрекет, топтық жұмыс
3 топ әр пәннен интеграциялау жоспарын құру.
1. Өзін – өзі тану пәнін басқа пәндермен интеграциялау жоспарын құру.
ІІ.Дәйексөздің мағынасын ашу.
1-топ. Мектепті емес, мұғалімнің рухани дүниесін реформалау керек. Ш.А.Амонашивили.
2- топ. Қандай ұрыс-керіс, жанжал, қарсылық болмасын барлығын сүйіспеншілікпен жеңіңдер. Махатма Ганди.
3- топ. «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып біл!», «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» Сократ Топпен ән айту. «Ұстазым»
Үй тапсырмасы
«Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін!» эссе жазу.
Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі семинардан алған әсерлеріңізді, барлық ізгілікті қасиеттер мен іс - әрекеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: Қазіргі білім кеңістігін рухани адамгершілік тұрғысынан ізгілендіруМақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырудағы қазіргі білім

Слайд 15Мұғалім пікірі:
Құбашева Айгүл: Семинардан алған әсерім ұшан теңіз. Семинардың тақырыбы

«Қазіргі білім кеңістігі рухани адамгершілік тұрғысынан ізгілендіру»деп алынғанынан –ақ көп нәрсе аңғаруға болады. Қазіргі мұғалім бойына ең қажетті дүние рухани адамгершілік құндылық деп ойлаймын.Семинардан нұрланып шықтым. Жан дүнием тыныштыққа бөленді.

Жанғалиева А : Өзін-өзі тану пәнімен кіріктірілген сабақтар туралы мұғалім жақсы баяндады.Әр сабақта рухани адамгершілік 5 құндылықты ескеру керектігі айтылды. «Звездочка на земле » видеоролигін тамашалай отырып, әр сәби жүрегіне жол табу оңай емес екенін тағы бір түсінгендей болдық. Кіріктірілген сабақты жоспарлау бөлімінде тобымызбен қазақ әдебиетінен М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін жоспарладық. Мұғалім семинарда тыныштық сәті арқылы аз ғана тыныштықта көбірек ойлануымызға мүмкіндік берді деп ойлаймын.Балаға сабақта ең алдымен тәрбиенің басты қағидаларын сіңіруіміз керек. Мұғалім семинары сәтті өтті.

Мұғалім пікірі:Құбашева  Айгүл: Семинардан алған әсерім ұшан теңіз. Семинардың тақырыбы «Қазіргі білім кеңістігі рухани адамгершілік тұрғысынан

Слайд 18*
Ата-аналар жиналысының тақырыбы:Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы
Мақсаты:
Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын

арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыра отырып, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу.
Міндеттері:
1.Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігін түсіндіру.
2. Мектепте ата-ананың оқу-тәрбие саласындағы рөлін арттыру.
3.Отбасында бір-біріне деген мейірімділікке,бірлікке, риясыз сүйіспеншілікке баулу.
Жоспар:
1.Отбасы –шағын мемлекет
2.Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі
3.Отбасы тәрбиесі-жалпыадамзаттық құндылақтар негізі
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Баяу музыка
Жоспар:
1.Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала – ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Осыған орай бүкіл ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс-жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
2.Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.
3. Жалпыадамзаттық құндылықтар.
Ақиқат
Сүйіспеншілік
Дұрыс әрекет
Ішкі тыныштық
Қиянат жасамау
Дәйексөз
Біздің баламыз ол біздің қарттық шағымыз. Дұрыс тәрбие ол біздің бақытты қарттығымыз. Қате тәрбие ол біздің болашақ қайғымыз,көз жасымыз, ол біздің басқа адамдар алдындағы кінәміз, мемлекет алдындағы кінәміз.
А.С.Макаренко
Оқиғаларды әңгімелеу.
І. Өсиет әңгіме.
(қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?)
Түйін:
Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыруы мүмкін емес.
ІІ. Біздің балалар (видеоролик)
Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?
Ата- ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз? - Кішкен болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Мақал-сөз атасы(отбасы жөнінде мақал-мәтел айту)
«Бала біздің болашағымыз» тақырыбына сурет салу, қорғау
Жағдаят шешу
І – топ. Сізге мектептегі мұғалімдерден сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата – аналардан да «біздің баланы ұрады» деген сөз естуге тура келді делік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? ІІ – топ. Кейбір ата – аналардың баласының әрбір істеген іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс – әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? ІІІ – топ. Балаңыз мектепте бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
Топпен ән айту.
Сен маған сүюді үйреттің.
Үй тапсырмасы.
«Менің отбасым» эссе жазу
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу музыка қосылады
Бүгінгі семинардан алған әсерлеріңізді, барлық ізгілікті қасиеттер мен іс - әрекеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
*Ата-аналар жиналысының тақырыбы:Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасыМақсаты:Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері -

Слайд 19Ата-ана пікірі:
Жүсіпова Айжан: Бүгін ата-аналарға арналған семинар сабаққа қатыстым.Тәрбиенің тал бесігі-

отбасы дегендей, барлық тәрбие отбасынан басталады. Әр адамның өзін-өзі тануы үшін семинарда сүйіспеншілік, дұрыс әрекет жасау, қиянат жасамау, ақиқат айту, жан тыныштығы құндылықтарына жақсы түсінік берілді. Ата-ананың бала тәрбиесі бағытындағы байланысы жөнінен тереңірек мағлұмат алдық. Бала тәрбиесі жөнінен білгенімізден білмегеніміз
көп, өте керекті пән екен. Балаларды адамгершілікке, үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсетуге, ақиқатпен сөйлеуге, ата-ананы ұстазды сыйлауға, өзін-өзі сыйлауға үйретеді. Семинар өте жақсы дәрежеде өтті.
Утешқалиева Зәмзәгүл: Бұл пән оқушыларды достыққа, сүйіспеншілікке, қиянат жасамауға үйретеді. Осы 5 құндылықты бойына сіңіріп өскен бала, тәрбиелі, адамгершілігі мол болып өсетініне сенімім мол. «Өзін-өзі тану пәні» оқушылар үшін керек пән деп есептеймін.
Ата-ана пікірі:Жүсіпова Айжан: Бүгін ата-аналарға арналған семинар сабаққа қатыстым.Тәрбиенің тал бесігі- отбасы дегендей, барлық тәрбие отбасынан басталады.

Слайд 20Ата-анаға арналған әдістемелік семинардың рефлексивті есебі
 
Тасшағыл орта мектебінің 6ә сынып ата-аналарына

«Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбында семинар өткіздім. Мақсатым: бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін түсіндіру. Семинарға қатысушы ата-аналарға семинар жоспарын таныстырып, тыныштық сәтімен бастадым. Бес құндылықтың бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратындығын ұғындырдым.
Ақиқат – бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы: барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, бірыңғай мән. Ол уақытқа: өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес.
Дұрыс әрекет – бұл борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез-қылық.
Сүйіспеншілік – бұл таза, риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат.
Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты.
Қиянат жасамау – ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды бала бойына дарыту – мұның өзі білім алу болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды: ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамауды түсінгісі келгендерді, күнделікті өмірде қолданатын және шынайылықпен, ынта- жігерімен таратын кез-келген адамды шынайы білімді адам деп айтуға болады.
А.С.Макаренконың дәйексөзі талданып, ата-аналар өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мұнан әрі «өсиет әңгіме» мазмұнымен таныстырдым. Әңгімені талдай отырып, ата-ананың аялы алақаны күн сәулесімен тең екендігін түсініп, бұл іс-әрекетті әрдайым бала тәрбиесінде қолданып отырамыз деген ой түйді. «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім жобасының авторы С.А.Назарбаеваның; «Ғасырлар тоғысында біз ойда жоқта тәрбиенің басты мақсаты – бала компьютер тетіктерін басып, ағылшынша былдырлап сөйлей білсе жеткілікті деп шештік. Міне ол дап-дайын – жаңа формация адамы! Ал сол баланың мейірімділік пен зұлымдықтың айырмашылығын ажырата алмайтынын, жақынының ауыртпалығын бөліспейтіні бізді ойландырмайды да... Мен балалардың жастайынан сауытты және бақытты болу өнерін меңгергенін, өмір даналығын бойына сіңіріп, адамзатқа риясыз қызмет ету арқылы бақытқа бөленуді үйреніп өскенін қалаймын. Өздерінің кім екенін, не үшін өмір сүретінін, неге ұмтылатынын терең түсінуі керек. Әр адамның өзін-өзі тануы қажет». Осы пікірді барлық ата-аналардың бала тәрбиесінде басшылыққа алуын сұрадым. Мұнан әрі ата-аналарға топтық жұмыстар берілді. Мақал-мәтел айтып, «Бала біздің болашағымыз» тақырыбында сурет салды. ІІІ топ ата-аналарына жағдаят шешу тапсырмасы берілді. Ата-аналар өз пікірлерін ашық білдірді. Ата-аналар: «Бала бастапқы тәрбиені отбасынан алады». Сондықтан әр ата-ана балаларына өздері іс-әрекетімен, адами қасиеттерімен үлгі болуы керек» деген тұжырым жасады. Топпен ән айту бөлімінде: «Сен маған сүюді үйреттің" әнін нақышына келтіре орындады. Әр ата-ана әнді айта отырып, ән сөзіндегі асыл құндылықтардың маңыздылығын түсінді. Мұнан әрі ата-аналарға үй тапсырмасы ретінде өз отбасы туралы эссе жазу беріліп, соңғы тыныштық сәтімен семинар аяқталды. Әр ата-ана берілген тапсырмаларды орындай отырып өздері бала жанының бағбаны екендігін ұқты. Балаларды риясыз сүйіспеншілік арқылы жанын нұрға бөлей алатындықтарын түсінді. Қазақтыңұлы ойшылы әрі ағартушысы Шәкәрім: «Бізше, адам өмірін түзеуге барлық адамдар тату тұруға, негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуы керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ...
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.
Ал, арлы ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілідікті, мақтануды білмейді және істемейді.
Омы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бір-бірімен тату тұруында сөз жоқ». Осы пікірді бала тәрбиесінде басшылыққа алу ата-аналарға тапсырылды. Осылайша бала өміріне жарқын жол сілтеп, болашағын баянды етеміз деген қорытынды жасады. Ата-ана А.Көптілеуова: «Өзін-өзі тану пәнінен баланың ой-өрісі кеңейіп, адамгершілік рухани құндылықтарды түсініп, дұрыс әрекеттерге бағыт алады деп есептеймін»- деген пікірін білдірді. Айтылған пікірлерге қарай отырып, жоспарлы семинардың мақсаты орындалды деген ой түйдім. Алайда бүгінгідей семинарға ата-аналардың аз келуі көңілге кірбің ұялатты. Осыдан-ақ кейбір ата-аналардың жұмысбастылығы кесірінен бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбейтіндігі көрінді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін алтын діңгек екендігін, риясыз сүйіспеншіліктің бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратындығын жете түсіндіру менің алдағы мақсатым деп есептеймін. Бала жанын нұрға бөлей алатын ата-аналар қатарын көбейту жолында жоспарлы жұмысымды жүйелі жүргіземін.
 
Ата-анаға арналған әдістемелік семинардың рефлексивті есебі Тасшағыл орта мектебінің 6ә сынып ата-аналарына «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы»

Слайд 22Тақырып: Рухани адамгершілік - ізгілік нұры
Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны: Қызылқоға

ауданы,Тасшағыл селосы, аз қамтылған отбасы
Таумұрынов Нұрболаттың жанұясы
Мақсаты: Адам бойындағы ізгі қасиеттердің мәнін ұғындыру, жалпыадамзаттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіру.
Міндеттері:
1. Оқушыларға «қайырымдылық» ұғымының маңызын ұғындыру арқылы ізгілік туралы түсініктерін кеңейту.
2. Оқушыларды қайырылымдылық іс-әрекеттер жасауға баули отырып, мейірімділік, жылы жүректілікке, риясыз сүйіспеншілік қасиеттеріне үйрету.
3. Оқушыларды өзгеге қайырылымдылық жасай білуге, ізгілікке тәрбиелеу.
Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)
 
1.Әлеуметтік аз қамтылған отбасын анықтау, мұқтаждығын нақтылап, қамқорлық көрсету.
Көп балалы, аз қамтылған жанұяға жататын Таумұрынов Нұрболаттың үйіне барып, қайырымдылық жасау ұйғарылды. Отбасының әлеуметтік жағдайын зерделеп, балаға қажетті киімінің өлшемін білу.
 
2. Оқушылар мен ата-аналарды іс-шараның мақсатымен таныстыру.
Оқушылар мен ата-аналар осы кездесудің мақсатымен таныстырылды. Оқушыға және ата-анаға риясыз сүйіспеншілік білдіру, қамқорлық және қайырымдылық қызмет ету парызымыз екені түсіндірілді.
 
3. Жүргізілетін іс-шараның жоспарын жасақтау.
Іс-шараны қалай өткізу қадамдары ойластырылып, жоспар құрылды.
Әлеуметтік топтағы жанұяға барып оларға алынған қажеттіліктерді табыстау,қол ұшын беру.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі оқушының аяқ киімінің тозуына байланысты, жаңалап беруді шешті.
Тренинг. «Ризашылық». Ән: «Жан жылуы»
Іс-шараны өткізудің жоспары
 
Әлеуметтік аз қамтылған отбасын зерделеу.
2. Оқушы мен ата-анамен кездесіп, қажеттілігін анықтау.
3. Демеушіге сөз беру. (киім: полувер, аяқ киім)
4. Ата-ана мен оқушының пікірі.
5. Қорытылындау. (Әлеуметтік педагогтың пікірі)

Тақырып: Рухани адамгершілік - ізгілік нұрыОқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны: Қызылқоға ауданы,Тасшағыл селосы, аз қамтылған отбасы Таумұрынов

Слайд 23Жобаға қатысушылардың пікірлері
Қабдолова Орынша:өзін-өзі тану пәні мұғалімі өткізген «Рухани
адамгершілік –ізгілік

нұры » тақырыбындағы қайырымдылық шара-
сының куәсі болдым.Баланы қуанта білу де ізгілікті іс. Таумұрыновтар
отбасы үлкен ризашылық білдіріп жатыр.Біз бір-бірімізді бағалай,
қадірлей білуге осылай қадам бассақ көп нәрсеге қол жеткіземіз.
Гүлмаржан өзінің ізгі ой- қиялын нақты жүзеге асыра алатын жылы
жүректі жан. Өзінің ісін көрсете біледі. Алғысымды білдіремін.
Ата-ана: Жасыратын несі бар, ауылда жұмыс жоқ, округ бойынша аз қамтылған отбасылар қатарына жатамыз. Қандай жұмыс болса да таңдап отырғаным жоқ. Мектепте оқитын 4 балам бар,киім ,тамақ дегендей...Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Гүлмаржан Нәдірқызының Қайсарыма аяқ киім мен полувер әкеліп бергені,оның өзіне құйып қойғандай болуы көңіліме қуаныш ұялатып отыр.Балаларым шүкір сабақтан қалмайды, сабақтары да жаман емес. Бүгін мектептің әлеуметтік педагогы Орынша апайды ерітіп келіп,менің жай күйімді біліп, материалдық демеу болғанына рахметтен басқа айтарым жоқ.Алла разы болсын.

Жобаға қатысушылардың пікірлеріҚабдолова Орынша:өзін-өзі тану пәні мұғалімі өткізген «Рухани адамгершілік –ізгілік нұры » тақырыбындағы қайырымдылық шара-сының куәсі

Слайд 24Оқудан тыс іс-әрекеттердің рефлексивті есебі
 
Қызылқоға ауданы,Тасшағыл ауылы, Қ.Досығалиев көшесінде тұратын әлеуметтік

аз қамтылған көп балалы отбасы Таумұрынов Нұрболаттың үйіне барып, демеушілік, отбасына қамқорлық, көмек қолын беріп, тренинг өткіздік. Мектебіміздің әлеуметтік педагогы О.Қабдоловамен ақылдаса отырып, өзімнің демеушілігіммен Сегізбай Қайсарға аяқ киім және жейде қамқорлық көрсету мақсатында алып бардым.
Бұл үйге келген мезгілімізде ата-анасы білгенмен, балалар білмейтін болғандықтан тосылып қалды. Үй жұпынылау болғанымен, үйдің айналасы, іші тиянақты жиналған, әр зат өз орнында, таза, ұқыптылық байқалады. Мен бұл үйдің қабылдауына, пікір алмасуына, қарым-қатынасқа күдікпен келген едім. Бірақ үй иелері өте жайдары қарсы алды. Әңгімені мектептің әлеуметтік педагогы Орынша апай бастады. Біздің мектебімізде 32 отбасы әлеуметтік аз қамтылған отбасы қатарына жатады. Осы отбасылардың ішінен Қайсардың аяқ киімінің тозып жүргенін байқап, аяқ киім алып беруге ұйғарым жасадық. Осыған қамқорлық, қолдау көрсетуді өз жапкершілігіне алған өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Г.Нәдірқызының бастамасымен келіп жатырмыз. Балалардың тәртібі, сабаққа қатысы, тазалығы жөнінен өнегелі екенін айтып өз пікірін білдірді.
Өзім бұл кездесу үшін көп дайындалдым, қалай бастаймын, айтқан сөздеріме келісе ме, бізді қабылдай ма, олар қандай көңіл-күйде болады, тіл табыса аламын ба деген көп оймен келдім. Курстан алған әсерлерімді пайдаланып, бүкіл жалпыадамзаттық құндылықтарды өз бойыма сіңіріп, жаңа білімді жинап, рухани жаңарып, тазаланып, ойым өзгеріп келген. Яғни ол кісіні бұрыннан сырттай танитындықтан көтеріңкі көңіл-күймен, ашық-жарқын барайын деп шештім.
Бізді Нұрболат есік алдынан қарсы алды. Қонақжайлылық танытып, үйге кіруімізді өтінді. Біз кіргенде балалар тосылып қалды, келу себебімізді түсіндірдік. Үй иесі: Екеуінің де жұмыссыз, көп балалы екенін, балаларының барлығы оқушы екенін, жетіспейтін заттарының көп екенін, бірақ, барды қанағат тұтатынын айтты. Қайсарды орнынан тұрғызып, әкелген сый-сыяпатымды үстіне кигіздім. Баланың қуанышында шек болған жоқ. Содан кейін анасы Сәндігүл сөзден кішкене тосылып барып, шексіз ризашылығын білдірді. Балалардың көніл-күйі, соның ішінде Қайсардың көңіл-күйі өте жоғары болып, өзінің жүрекжарды қуанышын білдірді. Балалар апарған тәттілерімнен дәм татып мәз болды. Осындай көңіл-күйде «Жан жылуы» әнін тыңдап, жанұя мүшелері ризашылық сезімін, жүрек жылуын білдірді. Адамгершілік салт-дәстүр және әдет-ғұрып, қазақылықтан шектелмей бауырсақ пен ақтан дәм татқызды.
Ізгілік адамның өзіне және өзгелерге жасаған жақсы, игі істері. Ізгілікке тән мейірімділік, сүйіспеншілік, сыйластық, қайырымдылық сияқты қасиеттер адамды тек жақсылыққа жеткізетінін бәріміз білеміз. Сол себепті  бойымыздағы басты құндылықты жоғалтпай, тек дұрыс іс - әрекет жасап, сүйіспеншілік пен ақиқат жолында, адамгершілік пен ізгілік арқасында ішкі тыныштығымызды нығайтуымыз керек.
Қорытындылай келе, рухани адамгершілік – бұл жанның түпкі тереңінде болып жатқан ішкі құбылыс. Кез-келген адамның жан-дүниесі тек сүйіспеншілікке ғана құшақ жаяды.
Адам бойына бірінші керек қасиет - адамгершілік деп білемін. Себебі онда сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік, махаббат, жақсы ойлау сынды іс әрекеттердің тізбегі жатыр. Адамгершілігі мол деп – арам пиғылдан ада азаматтарды айтар едім. Жақсы адам жан - жағына нұр шашып қана қоймай жетімдерге жұбаныш, әлсіздерге демеу болады. Дүниедегі жағымды нәрселердің бәрі – адамгершілік ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат - мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенім білдіреді деп ойлаймын.
Оқудан тыс іс-әрекеттердің рефлексивті есебі Қызылқоға ауданы,Тасшағыл ауылы, Қ.Досығалиев көшесінде тұратын әлеуметтік аз қамтылған көп балалы отбасы Таумұрынов

Слайд 25Өзгеге үлгі болсын деп...

Өзгеге үлгі болсын деп...

Слайд 26Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелік деңгейі
Бастауыш сынып І кезең

Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелік деңгейіБастауыш сынып І кезең

Слайд 27Адамгершілік түсініктерді анықтау
Бастауыш сынып І кезең

Адамгершілік түсініктерді анықтауБастауыш сынып І кезең

Слайд 28Бастауыш сынып оқушыларына арналған сауалнама
Бастауыш сынып І кезең

Бастауыш сынып оқушыларына арналған сауалнамаБастауыш сынып І кезең

Слайд 29Ар-ұждан дегеніміз не?
Бастауыш сынып І кезең

Ар-ұждан дегеніміз не?Бастауыш сынып І кезең

Слайд 30Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелік деңгейі
Бастауыш сынып ІІ кезең

Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелік деңгейіБастауыш сынып ІІ кезең

Слайд 31Адамгершілік түсініктерді анықтау
Бастауыш сынып ІІ кезең

Адамгершілік түсініктерді анықтауБастауыш сынып ІІ кезең

Слайд 32Бастауыш сынып оқушыларына арналған сауалнама
Бастауыш сынып ІІ кезең

Бастауыш сынып оқушыларына арналған сауалнамаБастауыш сынып ІІ кезең

Слайд 33Ар-ұждан дегеніміз не?
Бастауыш сынып ІІ кезең

Ар-ұждан дегеніміз не?Бастауыш сынып ІІ кезең

Слайд 34
Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелік деңгейінің диаграммасы
І кезең және ІІ кезең

Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелік деңгейінің диаграммасыІ кезең және ІІ кезең

Слайд 35Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелік деңгейі
Орта буын І кезең

Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелік деңгейіОрта буын І кезең

Слайд 36Тәрбиелік деңгейін анықтау әдістемесі
(Н.П.Капустин, М.И.Шилова)
Орта буын І кезең

Тәрбиелік деңгейін анықтау әдістемесі(Н.П.Капустин, М.И.Шилова)Орта буын І кезең

Слайд 37Мінез-құлықтың адамгершілік нормаларына қатынас
Орта буын І кезең

Мінез-құлықтың адамгершілік нормаларына қатынасОрта буын І кезең

Слайд 38Орта буын оқушыларына арналған сауалнама
(Мұқажанова Р.А., Омарова Г.А.)
Орта буын І кезең

Орта буын оқушыларына арналған сауалнама(Мұқажанова Р.А., Омарова Г.А.)Орта буын І кезең

Слайд 39Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелік деңгейі
ІІ кезең

Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелік деңгейіІІ кезең

Слайд 40Тәрбиелік деңгейін анықтау әдістемесі
(Н.П.Капустин, М.И.Шилова)
Орта буын ІІ кезең

Тәрбиелік деңгейін анықтау әдістемесі(Н.П.Капустин, М.И.Шилова)Орта буын ІІ кезең

Слайд 41Мінез-құлықтың адамгершілік нормаларына қатынас
Орта буын ІІ кезең

Мінез-құлықтың адамгершілік нормаларына қатынасОрта буын ІІ кезең

Слайд 42Орта буын оқушыларына арналған сауалнама
(Мұқажанова Р.А., Омарова Г.А.)
Орта буын ІІ кезең

Орта буын оқушыларына арналған сауалнама(Мұқажанова Р.А., Омарова Г.А.)Орта буын ІІ кезең

Слайд 43
Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелік деңгейінің диаграммасы
І кезең және ІІ кезең

Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелік деңгейінің диаграммасыІ кезең және ІІ кезең

Слайд 44
Жалпы қорытынды
Әрбір тұлға өзінше бір әлем. Әр адам өз

әлемін адамдық құндылықтармен сусындатса, жаны нұрға бөленіп, ерекше бір сезімді басынан өткереді. Ішкі жан-дүниесі рухани құндылықтарға толы, өзіндік танымы кең, санасы нұрлы адам, өзгеге ізгіліктің рухани қуатын сыйлай алады.
Әр шәкіртімнің жүрек-сырын ұға отырып, ақиқатқа жету жолында дұрыс әрекеттің адал жолын сілтей алдым деп есептеймін. Әрине, мен пікірді өз іс-тәжірибеме сүйеніп айтып отырмын. Әрбір жүрегі нұрлы жан өз ұстанымының берік болатындығын ақыл-ойы кемелдігінің арқасында шыңды бағындыра алатындығын сезінді.Әр тәрбиелеушінің жүрек түкпіріне үңіле отырып, менің де ішкі әлемім нұрланып, өмірлік бағытым айқындала түскендей. Себебі, «өзін-өзі тану» пәні арқылы әрбір оқушы бойында мейірім мен адамгершілік, әділдік, адалдық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттер мен құндылықтарды дамытуға болатынын ұқтым. Әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шексіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, туған жерін, отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелей алатыныма курс барысында көзім жетті.
Мен жүргізген жұмысымды саралай келе төмендегідей ой түйдім. Жан дүниесі кемел де, кемеңгер ұрпақ тәрбиелеу, өмірлік шамшырағын жағу менің алдағы мақсатым. Бұл зор мақсатты абыроймен орындау менің қолымнан келеді. Себебі бұл курс арқылы мен ішкі жан дүнием тазарып, нұрға толған риясыз сүйіспеншілік иесі екенімді сездім.

Жалпы қорытынды  Әрбір тұлға өзінше бір әлем. Әр адам өз әлемін адамдық құндылықтармен сусындатса, жаны нұрға

Слайд 45Практикалық жұмыс өткізу үдерісі кезінде өз бойымда орын алған өзгерістер

Практикалық жұмыс өткізу үдерісі кезінде өз бойымда орын алған өзгерістер

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть